Ндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста

Тұтыну теориясында тұтынушының тепе-теңдігі анықталатындай (соған сәйкес) өндіріс теориясында да өндірушінің тепе-теңдігі анықталады. Өндірушінің тепе-теңдігі (оптимум)болып тұрған қорлардың (ресурстардың) барында өндірістің ең көп көлеміне жеткенде қамтамасыз етіледі. Мысалды қарайық. Бір кәсіпкердің тауар өндірісінде пайдаланатын факторлардың шекті өнімдері (біз бұрынғыдай 2 факторлы моделін, үлгісін қараймыз) өнімнің 120 бірлігін және 140 бірлігін құрайды. Факторлар құндары – 10 доллар және 20 доллар.

Орташа өлшемді шекті өнімдерді табамыз:

МР11 = 120/10 = 12; МР22 = 140/20 = 7

Бұдан бірінші факторды пайдалануының тиімділігі көрініп тұр, өйткені оның қайтарымы екіншіден көптеу. Егер кәсіпкер екінші фактордың бір бірлігінен бас тартса, ол 20 долларды сақтап қалып (ұтып алып), бірінші фактордың 2 бірлігін сатып алады. Сонымен, бұл жағдайда оның ұтысы 120·2 = 240 өнім бірлігін, ал шығындар – 140·1 = 140 бірлігін құрайды, демек, таза ұтыс = 240 – 140 = 100 өнімнің бірлігі. Әрі қарай, кәсіпкер пайдаланатын факторларды қайта үлестіреді. Факторлардың шекті өнімдері теңескенге дейін бұндай қайта үлестіру жалғаса береді:

МР11 = МР22 = ... = МРnn

Сонымен, біз пайданы көбейтудің (шығындарды азайтудың) алтын ережесін тауып аламыз: тиімді кәсіпкер факторлардың оңтайлы қиыстыруына тырысады өндірістің әр факторына жұмсалған ең соңғы доллар (немесе басқа ақша бірлігі) бірдей шекті өнім береді, ал өндіріс факторы әкелетін кіріс пен оның бағасы арасындағы айырма ең жоғары (көп). Егер барлық факторлардың шекті өнімдері бірдей болса, оларды үлестірудің мағынасы жоқ, себебі, олардың біреуі де басқаларынан көп кіріс әкелмейді. Факторларды пайдалануы мен олардың бағасы араларындағы табыс айырмасы – осы фактордан алатын кәсіпкердің таза пайдасы. Жай сөзбен айтқанда, қосымша қызметкерді алудың маңызы бар, егер ол әкелетін табыс (оның шекті өнімі) жалақысынан (бағасынан) асса.

Осы ереженің тұтыну теориясындағы Госсеннің екінші ережесімен сәйкестігі мәлім. Кобба-Дугластың 2 факторлы моделі (үлгісі) үшін өндіруші тепе-теңдігі мына жағдайда болуы мүмкін:

МРL / W = MPK /I, мұнда W – жалақы (өндіріс факторы ретіндегі еңбек бағасы); І – пайыз(өндіріс факторы ретіндегі капитал бағасы). Еңбекке жұмсалған соңғы ақша бірлігі капиталға жұмсалған соңғы ақша бірлігі сияқты өндіріс көлемінің сондай өсуіне әкелгенде, өндіруші тепе-теңдігіне жетеді. Өндіріс факторларының әр түрлерін көрсетіп, бірдей жиынтық шығындарды беретін түзу сызық изокоста деп аталады (isocost). Изокостаның теңдеуін өндірушінің бюджеттік шектеу теңдеуінен алуға болады:

С = WL + IK, = > K = C/I – (W/I) · L;

L = C/W – (I/W) · K

Егер факторлар бағаларырын өзгерілмейтін деп санасақ, С1, С2, С3 шығындардың әр деңгейлері үшін изокоста графиктерін салуға болады:

K


 

 

C3

C2

C1

L

59 сурет.Шығындардың әр деңгейлерінің изокосталары

 

Осы изокосталардың әр қайсысы шығындардың бір деңгейін қамтамасыз ететін факторлардың барлық мүмкін түрлерін көрсетеді. Изокоста неғұрлым жоғары болса, шығындардың соғұрлым жоғары деңгейін көрсетеді. Изокостаның еңкіштігі «алу» белгісі бар факторлар бағаларының ара қатысына тең:

– РL / PK = W/I

Сонымен, егер өндіруші еңбек бірлігін капиталмен алмастырса, шығындардың бұрыңғы деңгейін сақтап қалу үшін ол PK баға бойынша капиталдың РL/PK бірліктерін сатып алуға тиісті. Егер факторлардың бағасы өзгерсе, изокостаның еңкіштігі де өзгереді:

Ал екі факторлардың бағалары өзгерсе, изокостаның еңкіштігі олардың баға қатыстарынан тәуелді болады.

Изокванта графигіне изокоста графигін салсақ, олардың қиылысу нүктесінде өндіруші тепе-теңдігінің моделін (үлгісін) аламыз (60 сурет). Өндірушінің тепе-теңдік нүктесі бір мезгілде өндіріс шығындарын азайту нүктесі де болады.

 
 


K

 

Е

KE

 

 

 

LE L

60 сурет.Өндірушінің тепе-теңдігі

 

Өндірістің әр көлемінің шығындарын азайтатын өндіріс факторларының түрін анықтап, өндірістің әр көлемі үшін өндірушінің тепе-теңдік нүктелерін қосып, фирманың даму траекториясы қисық сызығын алуға болады. Ол – фирманың өсу сызығы – изоклиналь (61 сурет). Оның салынуы тұтыну теориясындағы «табыс – тұтыну» қисық сызығының салынуымен сәйкес.

K

 

 

L

61 сурет.Фирманың даму траекториясы

 

Фирманың даму траекториясы қисық сызығының әр түрлерін айыруға болады:

1.Даму траекториясы, ол капитал сыйымды технологияларға көшуін сипаттайды да тәжірибеде ең кең таралған болып саналады (62-а сурет)

2.Сызықтық даму траекториясы, ол факторлардың тұрақты ара қатысымен сипатталады.

3.Төмендейтін даму траекториясы, ол еңбектің көп санын (көп еңбекті) қолдануымен сипатталады (62-в сурет).

K K K

 

 

а) L б) L в) L

62 сурет.Даму траекториялардың түрлері



ROOT"]."/cgi-bin/footer.php"; ?>