Зақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік

Екі факторлар ауыспалы болатын ұзақ мерзімді кезеңде оңтайландыру қиынға түседі. Оны мысалда көрейік. Еңбек те, капитал да ауыспалы факторлар болып табылса, фирманың еңбекке деген сұранысын анықтайық. 84 суреттегі А нүктесі жалақының ең алғашқы ставкасына (мөлшеріне) сәйкес. Жалақы мөлшерінің төмендеуінде де еңбекке деген сұраныс өседі (капиталдың шамасы сол күйінде қалса да, өйткені еңбектің шекті кірістілігі жалақы мөлшерінен жоғары болады). Еңбектің ары қарай арзандай беруінен өнім бірлігінің, өндірістің шекті шығындары да төмендейді, бұл өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі. Осы ахуалда фирманың ең дұрыс шешімі – өндірістік қуаттарын кеңейту үшін капиталға инвестицияларды өсіру. Бұл MRPL қисық сызығын оңға қарай ауыстырады, сонымен бірге еңбекке деген сұраныс қисық сызықтары да ауысады, яғни сұраныс өседі. Сондықтан, еңбекке деген фирма сұранысы С нүктесіне түседі.

 
 


Жалақы MRPL2

 

А С

В DL

MRPL1

Жұмыс уақыты

84 сурет. Ұзақ мерзімді кезендегі еңбекке деген сұраныстың қисық сызығы

Ұзақ мерзімді кезеңде, екі фактор ауыспалы болып тұрғанда, еңбекке деген DL сұранысының қисық сызығы MRPL1 және MRPL2 қисық сызықтарынан икемдірек, себебі фирма капиталды еңбекпен ауыстыра алады. Соңында өндіріс факторларына деген салалық сұраныстың қисық сызығын сызайық. Оны жеке фирмалар сұранысының қисық сызықтарын қосу жолымен алуға болады. Жалақы мөлшері төмендеді дейік. Саланың барлық фирмалары үшін оның төмендеуіне байланысты 2 нұсқа мүмкін:

1. Жалақы мөлшерінің төмендеуінде тауар бағасы да төмендейді, егер барлық салада жалақы мөлшері төмендесе, саланың барлық фирмалары өндіріс көлемін кеңейтеді – D1 сұраныс қисық сызығы 85 сурет;

2. Бір фирма шеңберіндегі жалақы мөлшерінің төмендеуінде салада өндірілетін тауар бағасы өзгермейді – D2 сұраныс қисық сызығы 85 сурет.

 
 


 

10 D2

D1

 

L0 L1 L2

85 сурет. Еңбекке деген салалық сұраныстың қисық сызығы

15 долларға тең жалақы мөлшерінде, саладағы еңбекке деген сұраныс = L0. Жалақының 10 долларға дейін төмендеуі саладағы сұранысты L1 дейін өсіреді. Алайда, егер өнімге деген баға тұрақты болса, сұраныс одан сайын L2 дейін көбееді. Факторлар нарығында фирма пайдасын жоғарылататын ережені анықтау үшін, шығындарға теңей отырып, өндіріс факторларының бағасын пайдалану жеткіліксіз (қазірге дейін біз факторды сатып алуға кететін шығындар – ол фактордың бағасы, яғни жалақы немесе пайыз дедік). Енді орташа және шекті шығындарға сәйкес жаңа категорияларда қажеттілік туады (фирманың пайдасын жоғарылатуы кез келген нарықты МС пен АС шараларымен байланысты екені есімізде). Факторлардың бәсекелес нарығында тұрақты баға бойынша фирма факторлардың қанша санын сатып алам десе де алады, яғни ұсыныс қисық сызығы мүлде икемді (83 суреттегідей). Фирмада нарық билігі жоқ болғандықтан, ол бағаға ешқандай әсер ете алмайды. Фирма ұсынысының қисық сызығы факторлар санына қандай баға төлеуге тиісті екендігін көрсетеді. Сондықтан бұл өндіріс факторларын сатып алуға фирманың орташа шығындар қисық сызығы екен, ол ARC (average resource costs) деп белгіленеді. Сонымен бірге өндіріс факторларын сатып алуға фирманың шекті шығындары (ресурстарға шекті шығындар) болады – сатып алатын фактордың әр қосымша бірлігіне фирма шығындары, олар MRC (marginal resource costs) деп белгіленеді. Өндіріс факторларына шекті шығындар қисық сызығы дайын өнім нарығында шекті шығындар қисық сызығымен беттеседі. Ресурстардың бәсекелес нарығында шекті және орташа шығындар қисық сызығы сәйкес келеді. Сондықтан, 83 суреттегі графикте ұсыныс қисық сызығын осылай белгілеуге болады:

SL = MRC = ARC

MRP қисық сызығы MRC = ARC қисық сызығынан жоғары жатқанша, фирма факторлардың көп санына ие болып, пайдасын жоғарылатады, себебі MRP>MRC (шекті кіріс шекті шығындардан асады). Оған сәйкес, MRP<MRC болғанда, факторларды пайдаланудан алынған пайда шығындардан төмен болады. Енді біз факторлар нарығында пайданы жоғарылату ережесін аламыз: MRC = MRP. Бәсекелес нарық үшін:

MRP = W.

Өндіріс факторларына сұраныс қисық сызығын салуының (сызуының) барлық жақтарын қарастырып (еңбек мысалында), факторлар нарығындағы тепе-теңдік үлгісін салуға кірісеміз. Біз пайдаланған маржиналистік амал (тәсіл) өндіріс факторларына сұраныс талдауымен бірге факторлардың ұсынысын талдауында да қолданады. Осы фактор алатын сыйақы оның пайдалануының орнын толтырғанша, фактор ұсынысы бар болады. Осылай фактор ұсынысы мен сұранысы араларындағы тепе-теңдікке жетіп, олардың реттеуіші баға болып табылады. Ол факторлардың ең нәтижелі қолдануын қамтамасыз етіп, ең өндірісті салаларда пайдаланудың кепілі болып келеді. 86-а суретте бәсекелес еңбек нарығындағы тепе-теңдік көрсетілген (дайын өнімнің бәсекелес нарығында): тепе-теңдік жалақы WE құрайды, ал еңбектің тепе-теңдік ұсынысы (жалдаған жұмысшылар саны) LE .

жалақы жалақы

SL

vM SL

wE

wM P•MPL

DL=MRPL DL=MRPL

LE. жұмыскерлер LM жұмыскер-

саны лер саны

 

а) өнімнің бәсекелес нарығы б) өнімнің монополя-

лық нарығы

86 сурет. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік

 

Бәсекелес нарығындағы өндіріс факторларына сұраныстың қисық сызығы фирма өндіріс процесінде (үдерісінде) пайданы қосымша пайдаланудан алынған пайданы көрсетеді. Сонымен, еңбек нарығында, нарық тепе-теңдік нүктесінде еңбектің шекті табыстылығы оның шекті шығындарына тең, яғни MRP1/W = MRPK/i. Капитал нарығында да осылай. Егер екі нарық (дайын өнім нарығы және факторлар нарығы) нағыз бәсекелес болса, өндіріс факторлары нәтижелі пайдаланады, себебі валдық табыс пен валдық (жалпы) шығындар араларындағы айырма көбееді (өседі). Егер дайын өнім нарығы монополиялық болып (86-б суреті), MRPL = MPL·P шарты сақталмаса, еңбектің шекті өніміне көбейтілген дайын өнімнің бағасын көрсететін қисық сызық сұраныс қисық сызығынан жоғары орналасады. Тепе-теңдік бұл нарықта жалақы = WM нүктесінде орын алады. (MPL·P) – тұтынушылар қосымша еңбек шығындарынан алатын шама, ал VM нүктесі қоғам үшін шекті пайданы білдіреді. Бұл пайданың себебі: монополист – фирма өндіріс факторларын көбірек сатып алып, соның арқасында өнім шығаруын көбейтіп, таза пайдасын өсіреді.