Леуметтік жұмыстың моральдық нормалары мен құндылықтары

Жоспар

І.Кіріспе.

1.1 Әлеуметтік жұмыстың моральдық нормалары мен құндылықтары.

ІІ.Негізгі бөлім.

2.1 Әлеуметтік жұмыстың моральдық нормалары мен құндылықтары

2.2 Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар

 

ІІІ.Қортынды.

Пайданылған әдебиеттер

леуметтік жұмыстың моральдық нормалары мен құндылықтары

Мораль (латыншасы маралис, қазақшасы-әдет-ғұрып) – әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын (ізгіліктілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып тағы басқа) бейнелейтін қоғамдық сананның бір түрі. Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмірсүру ережелерінің, адамдардың мінез құлықтары нормаларының жиынтығы. Моральдің сипаты экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі бір топтың, әлеуметтік, топтың, халықтың мүдделері байқалады. Ал қоғамда әр түрлі көз қарас болағандықтан, мүдделер де қарама-қайшы болады, әр түрлі моральдар қатар өмір сүреді. Әлеуметтік жұмыс - бұл басқа мамандықтармен салыстырғанда моральдық принциптерді жүзеге асыру күрделі жүргізілетін кәсіби қызметтің бір түрі. Себебі,әлеуметтік жұмыстағы кәсіби ықпал етудің басты объектісі адам болып табылады. Кейбір жағдайларда клиенттің тағдыры әлеуметтік қызметке тәуелді болуы мүмкін, сондықтан да әлеуметтік қызметкердің кәсібилігіне қойылатын моральдық талаптар да жоғары. Кәсібилік – тек жалпы мәдени және кәсіби білім мен тәжірибені меңгеру ғана емес, сонымен бірге моральдық тұрғыда өз іс-әрекетін бағалай білу қабілеті арқылы түсіндіреді. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби сапасын дамытуда оның моральды бейнесі, басқа адамдармен қарым-қатынастағы жеке тартымдылығы, психологиялық мінез ерекшелігі маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-адамгершілік мәселелері оның барлық іс-әрекетінде орын алуы мүмкін. Сондықтан да, әлеуметтік қызметкердің адамгершілік мәселелерін шешу мен олардың алдын алу мақсатында, оның бойында кәсіби-этиклық негізін қалыптастыру қажет.Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде әлеуметтік қызметкер мамандардың өзін-өзі ұстау нормалары мен принциптерінің қалыптасу дағдысына құрылған, құндылықтар ерекшеліктерін қамтиды. Келешекте мамандандырылған қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс әр түрлі жағдайларды, қарама-қайшылықтарды қамтиды.

«Этика» ұғымының бірнеше мағынасы бар. Атап айтатын болсақ, күнделікті өмірде этиканың мәні адамдардың мінез-құлықтары мен өмірлік принциптерінің жиынтығы деп түсіндіріледі. Бұл термин ежелгі грек сөзі «ethos» - бастапқы мағынасы біріккен баспана болса, кейіннен ол ойлау бейнесі, адамгершілік, дәстүр деген секілді мағыналары пайда бола бастады. Аристотель бұл ұғымның мәнін әділдік, батылдық, мейірімділік, шынайылық және т.б. да рухани сапалар арқылы түсіндірді. Этикалық іс-әрекетті қарастыратын ғылымды Аристотель этика деп атады. Ендігі кезекте этика ұғымын әлеуметтік жұмыспен байланыстырып қарастырсақ. Әлеуметтік жұмыстың этикасы моральды нормаларға негізделеді (лат. Norma – ереже, үлгі; моральды қарым-қатынастардың элементі және моральды сананың формасы ретінде анықталатын адамгершілік талаптарының қарапайым формаларының бірі). Моральды нормалар әлеуметтік жұмыстың негізін құрайтындықтан кәсіби құндылықтар да қоғам арқылы қабылданады. Мораль ұғымы адамдық ойдың дамуы барысында әртүрлі талдауға ие болды.

Мораль бақытқа жету мен рахат сезіміне бөленудің, парызды өтеудің жолы ретінде түсіндіріледі. Мораль құқықпен, саясатпен, экономикамен және т.б. салыстырғанда адам өмірінің кез келген саласына кіріп кете алатындықтан да оның мәнін нақты ажыратып көрсету қиынға соғады. Сондықтан да, жоғарыда аталған моральдың түсіндірмелері оның мәнін толығымен анықтамаса да, белгілі бір ерекшеліктерін сипаттайды. Мораль адамның қоғамдағы іс-әрекеттерін ретке келтірудің нормативті әдістерінің бірі болып табылады. Мораль қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы адамның мінез-құлқы мен санасын ретке келтіре алады.

Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикасы оның нормалары мен принциптері нормативті-құқықтық базалардың талаптарына немесе әлеуметтік жұмыстағы технологиялық үрдістеріне қызмет етеді. Әлеуметтік жұмыстың этикасы мамандар мен олардың ұйымдарының қоғам және мамандықтың, клиенттің және олардың топтарының қызығушылықтарына қызмет етуді талап етеді. Әлеуметтік жұмыста әрбір әлеуметтік қызметкердің өзінің кәсіби қызметіне артқан жауапкершілігінің этикалық критериилерін анықтау қажеттілігі туралы мәселеге басты назар аударуымыз қажет. Ол моральды принциптер мен нормаларды қабылдауда бір бағыт қалыптастыруда, мағынасын нақтылауға, құндылықтар мен идеалдардың ортақ жүйесін құрастыруды талап етеді. Сонымен, әлеуметтік жұмыс этикасының зерттеу объектісі мамандардың кәсіби моральы болып табылады, ал пәні – жұмыс процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің этикалық қарым-қатынастары, этикалық санасы және этикалық іс-әрекеттері. Әлеуметтік қызметкердің этикалық мақсаты әлеуметтік тұрғыдан қабылданған жоспар мен кәсіби қызметтің мән-мағыналарын қамтамасыз ету және қолдау мен кәсіби топтың және олардың бірлестіктерінің жеке нормативті регламентациясы, әлеуметтік саладағы мамандардың сәйкес этикалық саналарын қалыптастыру болып табылады. Әлеуметтік жұмыс этикасының басты категорияларына маманның кәсіби этикалық қарым-қатынастары, этикалық санасы, этикалық іс-әрекеттері және кәсіби парызы жатады.