Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

91. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат, оның ішінде ағымдағы бақылау жұмыстарына және тоқсандық қайталауға 16 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат бөлінген, оның ішінде ағымдағы бақылау жұмыстарына және тоқсандық қайталауға 6 сағат.

92. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:

93. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 40/ 32 сағат, «Алакөлде болдың ба?» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Етістік. Негізгі және кӨмекші етістіктер. Лексика: мекен етеді, емдік қасиет, ағынсыз көл, тері, буын, жүйке, ауру түрлері, ем, дәлелдеу, ластанбау, бейімделу, нығайтатын болған, су қоймасы, құрлық, тұйық көл, байланысы үзілген, түзілген, бекіре, шектеседі, апат аймағы, бұрғылау, тасымалдау кезінде;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: отбасы сыйластығы туралы қысқа 1-2 минуттық әңгімелерді тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа байланысты әңгімелер, мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы;

жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу: диалог-сұхбат, сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б; Отбасы сыйластығына қатысты достарымен полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстандағы отбасы мүшелерінің сыйластығы мәселелері; тақырыпқа байланысты әңгімелесу.

94. «Отбасындағы әдеп (сыйластық)» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Болымды және болымсыз етістіктер. Лексика: пана тұту, кісі ақысын жемеу, ұрлыққа жоламау, санаға сіңіру, арды аттамау, сыншы, парыз, ұрсу/ ұрыспау, сөйлесу деймін,сырласу, рұқсат сұрау (алу), бақытты сезіну, ақылдасу, жоспарлау;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: отбасы сыйластығы туралы қысқа 1-2 минуттық әңгімелерді тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа байланысты әңгімелер, мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы;

жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу: диалог-сұхбат, сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б; Отбасы сыйластығына қатысты достарымен полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстандағы отбасы мүшелерінің сыйластығы мәселелері; тақырыпқа байланысты әңгімелесу.

95. «Біздің әулеттің дәстүрлері» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Сабақты және салт етістіктер. Лексика: сүйінші, көрімдік, байғазы, жезде/жеңге, әулет, ерулікке шақыру, кішіге ізет, көрші, қоныс;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы қысқа 1-2 минуттық әңгімелерді тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа байланысты әңгімелер, мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы;

жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу: диалог-сұхбат, сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б; қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қатысты достарымен полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырыпқа байланысты әңгімелесу.

96. «Отбасы құндылықтары» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Етістер. Өздік етіс.Лексика: жасына қарай, төрден орын беру, қартаясыз, дауыс көтеру, қарсы сөз айтпау, кішіпейіл бол, әдепті болу, адамгершілік борыш, иіліп сәлем беру;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: Отбасы құндылықтары туралы қысқа 1-2 минуттық әңгімелерді тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа байланысты әңгімелер, мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы;

жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу: диалог-сұхбат, сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б; отбасы құндылықтарына қатысты достарымен полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырыпқа байланысты әңгімелесу.

97. «Мен армандайтын үй» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Өзгелік етіс. Ортақ етіс. Лексика: тау етегінде, жекежай салқын самал, кеңесемін, перде, көгал, қақпа, аршалар, қоршау, аспалы шам, мүсіндер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты қысқа 1-2 минуттық әңгімелерді тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа байланысты әңгімелер, мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы;

жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу: диалог-сұхбат, сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б; тақырыпқа қатысты достарымен полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырыпқа байланысты әңгімелесу.

98. «Дәмханадан тамақ ішемін» –5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Ырықсыз етіс. Лексика: сұйық тағам, Біріншіге не бар? Екіншіге не аламыз?

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап түсіну. Оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: асханада ішкен тамағы туралы баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тамақтану әдебі туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: өзге ұлт өкілдерінің тамақ мәзірі, дағдысы туралы әңгімелесу.

99. «Сауықтыру орындарында» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Есімше. Лексика: алдын-ала жазылу, келісім бойынша, ақылы\тегін, жеңілдік, төлем жүйесі, қызмет түрлері, бұлшық;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: денсаулыққа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап түсіну. Оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: сауықтыру орындары туралы баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Сауықтыру орындары туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сауықтыру орындары туралы әңгімелесу.

100. «Кинотеатрға барамыз» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Есімшенің септелуі. Лексика: орын таңдау, телефонмен анықтау, алдыңғы/соңғы қатарлар, іріктеу, түсірілім, қару-жарақ, сауыт-сайман, ат әбзелдері, найза, садақ, сапасы жоғары, киногерлермен кездесу, бас кейіпкер рөлінде, атақты фильм, қол шапалақтау, жұлдыздар;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап түсіну. Оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: кинотеатр туралы баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу, пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырып туралы туралы әңгімелесу.

101. Оқу-еңбек аясы – 35/28 сағат, «Уақытты жоспарлап үйренейік» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Есімшенің тәуелденуі. Жекеше және көпше түрі. Лексика: үнемдеу, ырысы, үлгере алмау, дағдылану, ұйқыны қандыру, оқу залы, бос уақыт, құлаққап, үй шаруасы, тиімді қолдану;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут ) тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: мектепте не істегенін, әдетте не істейтінін айту;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің жұмыс күні туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: білім алуға қатысты қазақ халқының мақал -мәтелдері.

102. «Қазақстан халқы ассамблеясы» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Есімшенің жіктелуі. Лексика: кеңдігі, дарқандығы, қасіретті, қуғындалу, жер аударылып келген, ұжымдастыру, ашаршылық, саяси-қуғын сүргін, жан азабы, босқын болып, арып-ашу, жатсынбау, баурына тарту, ажалдан алып қалу, бір үзім (нан), бөліп беру, паналату, ұлтаралық келісім, құрылды, өзара түсіністікте, ұйытқы болу;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут) тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: Қазақстан халқы ассамблеясы туралы айту;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырып туралы туралы әңгімелесу.

103. «Сыныбымызбен театрға барамыз» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Көсемше. Лексика: сомдайды, еңбек сіңірген, театр тарландары, қолтаңба;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут) тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: тақырып туралы айту;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырып туралы туралы әңгімелесу.

104. «Домбыра үйірмесіне жазылдым» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Тұйық етістік. Лексика: икемділік, тиек, екі ішекті, жетіген, саз сырнай, шаңқобыз, дауылпаз, қобыз, әлемді мойындату, дәріптеу;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут) тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: тақырып туралы айту;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырып туралы туралы әңгімелесу.

105. «Теледидар арқылы әлемді көремін» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Етістіктің шақтары. Өткен шақ. Лексика: тікелей эфир, рухани құндылықтар, көрермен талғамы, саяхаттау, бөлісу;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут ) тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: Теледидар арналары, олардың бағдарламалары туралы айту;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырып туралы туралы әңгімелесу.

106. «Дәл бүгіннен бастап...» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Осы шақ. Нақ осы шақ. Лексика: қарым-қатынас этикеті, қолға аламын, өз ортасы, сөзінде тұру, тіл табысу, қасиет, қабілет, иемдену, нәтиже, өмір тәжірибесі, жар, бедел, пікір алмасу, қоғамдық құбылыс;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут) тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: тақырып туралы айту;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырып туралы туралы әңгімелесу.

107. «Қауіпсіздік ережелерін сақта» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Ауыспалы осы шақ. Лексика: алғашқы көмек, өшіру, жер сілкінісі, дабыл қағу, зілзала, оқу-жаттығулары, сабырлылық сақтау;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут) тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: қауіпсіздік ережелері туралы айту;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тақырып туралы туралы әңгімелесу.

108. Әлеуметтік-мәдени ая – 45/ 36 сағат, «Қазақстан қалаларын аралағым келеді» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Келер шақ, болжалды келер шақ. Лексика: ірі қалалар, өндірістік қалалар, халық саны, құрамы, орналасқан жері,тас көмір, облыс орталығы, көрікті жерлері, тарихи ғимараттар, сәулетті ескерткіштер, тыныш\шулы, Шығыс моншасы, жер асты қаласы, ашық мұражайлар;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап, түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: монологтік сөйлеу: қалалар туралы әңгіме айту, баяндау;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан қалалары туралы достарымен полилог-ойкөкпар. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: басқа ұлт өкілдерімен Қазақстан қалалары туралы әңгімелесу.

109. «Қазақстан балалар жазушылары» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Мақсатты келер шақ. Лексика: жинақ, жариялау, талдау, өзгертеді, ұйқас;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым:монологтік сөйлеу: жазушының өмірбаяны туралы баяндау;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан балалар жазушылары мен олардың шығармалары туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас: қазақ және орыс балалар жазушылары туралы пікірлесу.

110. «Мен білетін табысты адамдар» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Етістіктің шақтарын қайталау. Лексика: жолы болу, табыс көзі, үздіксіз ізденіс, жомарт, ізгілік, жанашыр, қолдау көрсету;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну;

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым:монологтік сөйлеу: жазушының өмірбаяны туралы баяндау;

жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Еліміздегі табысты адамдар және олардың қол жеткізген жетістіктері туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас: қазақ және орыс балалар жазушылары туралы пікірлесу.

111. «Шарын» шатқалына бардың ба?» – 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Етістіктің райлары. Бұйрық рай. Лексика: жолдамамен, құз жартастарға, шатқал, көне болады, шығарма, қашалған, дәуір;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну (ұзақтығы 1-2 минут);

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: өз ауылы /қаласы/облысының экологиясы туралы баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан экологиясы туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: табиғат туралы әр ұлт өкілдерінің мақал-мәтелдері.

112. «121 –өнім» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Шартты рай, жіктелуі, жасалу жолдары. Лексика: кен орны, зерттеле бастау, игеруге атсалысуда, жанар жағармай, сұйық отындар, минералды қоспалар, тұрмысқа қажет;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну (ұзақтығы 1-2 минут);

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: Мұнай және оның өнімдері туралы баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Мұнай және оның өнімдері туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: мұнай қндіруші елдер туралы түрлі мәтіндер.

113. «Көшпелі көрме ЕХРО» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім:: Қалау рай. Тәуелденуі, жіктелуі. Лексика: әлемдік нарық, бәсекелестіке, көшпелі көрме, пайдасы, ұтқырлық, капитал;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну (ұзақтығы 1-2 минут);

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: тақырыпқа қатысты өз ойларын туралы баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу, достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: халықаралық қатынас туралы мәтіндер.

114. «Киімді тазалауға өткіздім» - 5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Үстеу. Мезгіл үстеу. Лексика: тауар құлақшасы, кептіру, құрғақ тазалау, дымқыл-жылы өңдеу, сығу, жүн, мақта, тоқыма, былғары, дақты кетіру, түсі оңу, түбіртек;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну (ұзақтығы 1-2 минут);

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: киім тазалау туралы баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Киім тазалау туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: киім, оны күту туралы мәтіндер.

115. «Ұлттық спорт ойындары» -5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: Мекен үстеу. Лексика: көкпар, жанкүйер, марапат, бапкер, тақ/жұп, шыдамдылық, ұлттық ойындар: жамбы ату, теңге ілу, алтыбақан; қойларын жусату, сопақша, қазан, құрлық, қойшы, біріншілік;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну (ұзақтығы 1-2 минут); оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: Ұлттық спорт ойындары туралы баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Мұнай және оның өнімдері туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әр ұлт өкілдерінің ұлттық ойындары туралы деректер.

116. «Гарри және оның достары» -5/4 сағат:

1) тілдік бөлім: сын-қимыл үстеуі. Лексика: бастан кешкен оқиға, қорқынышты сәттер;

2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну (ұзақтығы 1-2 минут);

оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;

айтылым: Гарри және оның достары туралы баяндау;

жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;

тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Гарри және оның достары туралы достарымен пікірлесу;

3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: кітап туралы әр ұлт өкілдерінің мақал-мәтелдері.