ЕАМ жұмысын ұйымдастыру

БМСК жүйесінің жұмыс принципі

Біріншілік медициналық-санитарлық көмек медициналық көмектің ең қол жетімді, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан тиімді түрі, денсаулық сақтау жүйесінің негізі болып табылады. Себебі, науқастардың 80% емді біріншілік медициналық-санитарлық көмек шарттары бойынша бастайды және аяқтайды. Адамдар, отбасы, қоғамның денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесімен біріншілік деңгейдегі байланысы.

Біріншілік медициналық-санитарлық көмек – медициналық қызмет түрінің барынша қолжетімді, әлеуметтік, экономикалық қолайлы түрі болып табылады. Себебі, науқастанған адамдардың 80% -ы дерттеріне шипаны осы БМСК жағдайында табады. Адам, отбасы, қоғамның ұлттық денсаулық сақтау жүйесімен қатынасудың бірінші деңгейі – медициналық көмекті тұрғылықты мекен-жайына барынша жақындатуға мүмкіндік береді. БМСК – аз қаржыландыруды талап етіп, халық денсаулығының ең жоғарғы көрсеткіштерін береді.

БМСК амбулаторлық-емханалық, жедел және күттіруге келмейтін жәрдем, босануға, алдын-алу, диагностикалық, емдік және реабилитациялық іс-шаралар жиынтығын келтіреді.

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесін реформалау жиегінде әрбір учаскіге емдік және алдын-алу іс-шаралардың орындалуына жауап беретін 1 учаскелік дәрігер, 2 мейірбике мен 1 акушер бекітіледі.

ТМККК жиегінде амбулаторлық-емханалық көмектің жұмыс тәртібі 08.00-ден 20.00-ге дейін сырғымалы кесте бойынша барлық мамандардың, кезекші дәрігерлердің демалыс пен мереке күндері қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді. БМСК дәрігерінің қабылдау уақыты күніне 5 сағаттан кем болмауы керек. Дәрігерлермен немесе орта медперсоналмен қоңырауларға қызмет көрсету жұмысын учаскелік қызмет бөлімінің (жалпы дәрігерлік) меңгерушісі қадағалайды, ол жоқта учаскелік (жалпы тәжірибелі дәрігер) бақылауды қолына алады. Қабылдау БМСК ұйымы жұмысының аяқталуына 2 сағат қалғанға дейін бітеді (18.00-ге дейін).

Үйге шақырып емдеу жүргізудің көрсеткіштері:

1) БМСК мекемесіне өзі бара алмайтын, ауруы асқынған жағдайда:

· дене теппературасы 38 градус С-дан жоғары көтерілген кезде;

· артериальді қысымның жоғарылауы кезіндегі өзін-өзі сезінудің бұзылыстырының болуы;

· сұйық нәжістің жиілеуі;

· қозғалудың шектелуіне әкеп соғатын омыртқадағы және аяқ буыдарының қатты ауырсынуы;

· бас айналуы, жүректің айнуы құсу;

2) науқастар емханаға өз бетімен келе алмайтын жағдайлар - бұл (онкологиялық аурулардың ауыр түрдегі ағымдары, мүгедектіктің (І - II топтары), сал болуы, аяқ-қолдың парездері) созылмалы ауырсыну жағдайлары;

3) қоршаған ортаға қауіп-қатер төндіретін, шұғыл инфекциялық аурулары бар науқастар;

4) тасымалдауға жарамайтын науқастар;

5) жедел медициналық көмек көрсету станцияларынан, БМСК ұйымының жұмыс уақыты кезінде, берілген жағдайларға белсенді түрде бару.

БМСК ұйымының медициналық қызметкері науқасты белсенді түрде үйлеріне барып қарауы, сонымен қатар әрбір үй және пәтер тұрғындарын қарау жүзеге асады:

1) шұғыл ауру, асқынған созылмалы аурулардың жағдайларын бақылап, аурудың ағысы мен зертеу немесе/және емдеудің дер кезінде өтуі мақсатымен;

2) белгілі бір тұрғындар тобының (аяғы ауырлар, жаңа туылған нәрестелер) патронаждары немесе инфекциялық аурумен ауырған науқастар мен инфекциялық ауруға күдікті науқастар.

Жанұялық дәрігердің мамандық спецификасы бірнеше өлшемдермен белгіленеді:

· берілетін медициналық көмектің интегрирленгендігі – жанұялық дәрігердің мамандығы өзіне бірнеше көмек түрін жатқызады (диагностикалық, емдік, реабилитациялық, алдын-алу, санитарлық-ағарту, медико-әлеуметтік, кеңестік және ұйымдастырушылық);

· жанұяны денсаулықтың бірлігі деп бағдарлау (жанұялық дәрігер жанұяға тиген барлық медициналық ықпалды шешеді),

· мамандандырылған қызметтің алдын-алу бағытының басымдылығы,

· тұрақты негіздегі әр жастағы науқастар контингентіне медициналық көмек көрсету,

· «дәрігер-науқас» желісі қарым-қатынасының көп аспекті мінез-құлығы, манмандықтың әлеуметтік маңызы,

· жанұялық дәрігердің әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырылушылық жоспарларындағы жоғары тиімділігі.