Азақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар

Деохлор» құралы салмағы 3,4 гр қамтитын дәрілер түрінде келеді, оның құрамында 1,5 г (44,2%) белсенді хлорлы дихлоризоциануралық қышқылының қызметтік заты - натрий тұзы бар. Оның бактерияға қарсы, вирулицидтік және фунгицидтік қасиеті белгілі. Асқазанға енгізілгендегі қалыпты-қауіпті заттардың 3 классына жатқызылады. Белсенді хлоры 0,1% немесе одан да жоғары шоғырлануы жағдайында тыныс алу ағзалары мен көздің зақымдануын туғызады.

Бактериялық туындау себебі бар инфекциялар кезінде (өкпе құрт ауруы мен аурухана ішілік инфекцияларды туындатушылар), вирусты инфекциялар кезінде (ЖИТС, парентеральды жұғу механизмді гепатиттер), түрлі салалы ЕАМ-дегі қышыма қотыр туындау себебі бар инфекциялар кезінде (күнделікті және жаппай жинастыру жүргізу үшін), балалар мекемелеріндегі инфекциялық ошақтар кезінде (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) бөлмедегі жиһаз, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар, төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекиялау үшін қолданылады. Ауруларды алдын-алу мақсатында 0,015% ерітінді пайдаланылады (1 дәріні 10 литр суға ерітеміз).

ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралының белсенді заты - дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы. Ол салмағы 3,35 гр-дық хлорлы иісті ақ дәрілер түрінде шығарылады. Бұл дезинфекциялық құралдың микробқа қарсы әсері бактерияларға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса айтқанда), вирустарға (полиомиелит, энтеровирус инфекциялары, Коксаки, ЕСНО, энтеральды және парентеральды гепатиттер, ЖИТС инфекциясы, тұмау, «H5N1 құс тұмауы», ЖРВИ, герпетикалық, аденовирустық және т.б. инфекциялар), Кандида текті қышыма қотыр, дерматофиттерге бағытталады.

«ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралынкоррозияға тұрақты металлдар, әйнек, пластмасса, резеңке; бөлмедегі бедерлер (еден, қабырға, есіктер және т.б.), қатқыл жиһаз; санитарлық транспорт; санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар (ванна, шұңғылша және т.б), резеңке төсеніштер; төсек жабдықтар; асханалық және лабораториялық ыдыс-аяқтар (сонымен қатар бір реттік қолданылатын), ыдыс жуу құралдары (шөтке, ерш және т.б.), ойыншықтар (жұмсақтарынан басқа), науқастарды күту құралдары; жинастыру материалдары, медициналық қоқыстар (қолданылған сүлгілер, байлап-таңу материалдары және т.б.).

«Вапусан» дезинфекциялық құралының құрамында альдегид, хлор мен фенол жоқ. Белсенді заттары – төртік аммонийлік қосындылар қоспасы мен этанол 1 л пластик бөтелкелеріне құйылып шығарылады. Жақсы жуып-шаюшы, тазалаушы әсерге ие. Жіті токсикалық қасиеті жағынан қатерлігі төмен қосындылардың 4-ші класына жатады. Өңдеу жұмыстары бөлмеде адамдардың болуымен жүре алады.

ЕАМ-дегі бөлмелердің бедерін, жиһаз, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын алдын-алу, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирусық (ЖИТС пен гепатитті қоса алғанда) инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады. Дезинфекцияны сүрту және суармалау тәсілімен жүзеге асырады, сүрту үшін заттың 100 мл/м2 ерітіндісіне салса, суармалау үшін 250 мл-іне салып қояды.

«ДП-Алтай» дезинфекциялық құралы белсенді заты ретінде трихлорициануралық қышқылын қамтиды. Салмағы 5 гр-дық хлорлы иісі бар дәрі қалпында шығарылады. Оның микробқа қарсы әсері жүреді: грамм оң және грамм теріс бактерияларға (өкпе құрты микобактериясын қосқанда), вирустарға (энтеровирустық инфекциялардың қоздырғыштары – полиомиелит, Коксаки, ЕСНО; энтеральды және парентеральды гепатиттер, ВИЧ-инфекциясы, тұмау, «құс» тұмауы H5NI, герпетикалық, цитомегаловирустық, аденовирустық инфекциялар), қышыма қотыр.

Медициналық қолданыстағы құралдарды, бөлмедегі бедерлерді(еден, қабырға, есіктер және т.б.), қатқыл жиһаз, санитарлық транспорт, санитарлық-таехникалық құрал-жабдықтар (ванна, шұңғылша және т.б.), төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, күтім және жеке бас гигиена құралдары, жуып-тазалау құралдары, медициналық қалдықтарды өңдеп-тазалауға арналады.

Дюльбак ДТБЛ» дезинфекциялық құралының құрамында 4,5% диде-цилдиметиламмоний хлориді, 6% беткейлі-белсенді заттар, 6% сілтілі тұздары бар иіссіз, қою көгілдір түстес, сұйық концентраты. Бактеридцидті (туберкулоцидті), вирулицидті (парентеральды вирустық гепатиттер мен ВИЧ-инфекция қоздырғышына қарасты), фунгицидті (Кандида және дерматофит тектес қышыма қотырға қарасты), жуып-шаюшы қасиетке ие.

ЕАМ-дегі алдын-алу, күнделікті, қорытынды дезинфекциялау кезінде бөлме бедері, жиһаз, медициналық қолданыстағы бұйымдар, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарды өңдеуде қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыры (кандидоз, дерматофития), вирустық (гепатит пен ЖИТС) инфекция ошағында дезинфекция жүргізгенде де пайдаланылады. Өңдеу жұмысын ерітіндімен сүрту, суармалау және толыққанды ерітіндіге енгізу арқылы жүргізеді. Ерітіндіні орта есеппен 2-ден 50 мл шамасында сумен араластырып дайындау көзделген.

Санивап» дезинфекциялық құралы - салмағы 3,5 (±0,3) гр ақ түсті дөңгелек пішінді дәрі. Белсенді заты – дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы -73,0% және қызметтік құрамдас бөліктер: адипинді қышқыл, натрий гидрокарбонаты. Белсенді хлор массасы (1 дана дәріні суда еріткенде) 1,5±0,15 г. Микробқа қарсы әсері бактерияға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса алғанда), вирусқа, қышыма қотырға жүреді.

ЕАМ-дегі бөлмелердің бедерін, қатқыл жиһаз, құрал-аппараттардың бедерін, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын алдын-алу, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирусық инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады.

«Акватабс» дезинфекциялық құралы – дезинфекциялаушы хлорлы дәрілер; белсенді заты – дихлоризациануралық қыщқылдың натрий тұзы мен толықтырғыштар (натрий бикарбонаты, адипинді қышқыл мен натрий сульфаты). Бұл құралдың бактерицидті, вирулицидті және фунгицидті әсері бар.

Ас суы, жүзу бассейндеріндегі суды, беткейлерді, су сақтаушы ыдыстарды, қосалқы бөлмелердің бедерін, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды, жинастыру құралдары, жеміс-жидектерді зарарсыздандыруға қолданылады. Түрлі заттарды дезинфекциялау үшін белсенді хлоры 0,0025-тен 0,2%-ға дейінгі дәрілерді ерітіп қолданамыз.

Медифокс»дезинфекциялық құралы – инсектоакарицидті зат. Дезинсекциялау тәжірибесінде қолдануға бағытталған: бас және шат биттерін жою мақсатында, іш-киім педикулезімен, ұшпайтын синантропты көпаяқтылармен, сорғыш тарақандармен, төсек-жабдық қандаламен, сірке, қышыма кенелермен күрес пен ЕАМ-дегі қышыма мен педикулез ошағын зарарсыздандыру үшін қоланылады. Құралдың қолдану нормасы - 0,5%-ды сұйық эмульсияның 50 мл-ін кез-келген бедерге пайдаланамыз.

Жоғарыда аталған құралдар жақсы дезинфекциялық әсерге ие және қолданыста өте ыңғайлы болып табылады. Дегенімен, уақыт есебімен сыналған хлорлы әк пен хлораминді де қолдануымызға болады.