Сандық немесе электронды термометр

Электронды термометр - қалам түріндегі пішінде, арнайы кіріктірмелі сезімтал тетігі бар, өлшеу нәтижесі сан түрінде шыны құрылғысынан көрінетін пластикалық қондырғы. Олар қосымша қызметтерімен ерекшелінеді: соңғы өлшеген нәтижені есінде сақтау, өлшеу уақыты және нәтижесі туралы дыбыстық сигнал беру, гигиеналық қолдану үшін ауыстыратын ұштықтарының болуы, корпусы су өткізбейді және т.б. Электронды термометрлермен ауыз арқылы, тік ішекте және қолтық астында температураны өлшейді (сурет 44).

 
 
irecommend.ru

 


Сурет 44

Электронды термометр

Артықшылығы:

· Қолдануда қауіпсіздігі: бұл қызуөлшегіште сынап болмағандықтан, сындыру мүмкін емес.

· Температураны өлшеу нәтижесін оқу оңай.

· Температураны өлшеууақыты өте қысқа, барлығы 30–60 секунд. Температураны қолтық астында өлшеу уақыты 1,5–3 минут ұзарады.

· Белгілі бір уақыттан кейін өзінен-өзі өшеді.

· Жарығы бар термометрлерді қараңғы кезде де қолдануға болады.

· Барлық кәзіргі үлгілерінде соңғы өлшеу тарихын сақтайтын есте сақтау қызметі бар (1-ден 25-ке дейін ).

· «Цельсий-Фаренгейт» өлшеу ауыстыру шкаласы бар.

· Өте көп әртүрлі үлгіде, әртүрлі пішінде және ашық түсте немесе емізік түрінде болады, икемді жарақаттамайтын ұштықтары болады.

Жетімсіздігі:

· Көптеген үлгілерді, әсіресе арзан тұрмыстық үлгілерін жууға, залалсыздандыруға болмайды.

· Кезеңді түрде батарейін ауыстырып отыру керек.

· Сынапты термометрлермен салыстырғанда электронды термометрлердің бағасы қымбат тұрады.

Инфрақызыл термометр

Бұл термометр түрлері жақында пайда болса да, халық арсында тез арада сұранысқа ие болды. Инфрақызыл термометр жұмысының принциптері: аса сезімтал өлшейтін элемент адам денесінен бөлінетін инфрақызыл сәуле мәліметтерін түсіріп, біз үйренген температуралық диапазонда сұйық-кристалды құрылғыда көрсетеді. Кейбір термометрлерде экранға жарық түсіру қарастырылған, ол түнгі уақытта алынған мәліметтерді қарауға көмектеседі (сурет 45).

 
 
goodideaz.ru

 

 


Сурет 45.

Инфрақызыл термометр

Артықшылығы:

· Электронды термометрлердің барлық негізгі қызметтері бар (өлшеуді есте сақтау, дыбыс сигналдары, өзі өшу және т.б.).

· Температураны өте тез өлшейді (барлығы 5–30 секунд).

· Ауыстыратын ұштықтар дезинфекция және гигиена сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді.

· Тері бетіне тимейтін үлгісі жылап жатқан балалардың және ұйықтап жатқан науқастың да температураларын өлшеуге мүмкіндік береді.

Жетімсіздігі:

· Өлшеу жағдайына байланысты үлкен қателіктер болуы мүмкін, ал арзан үлгілерінде өлшеу дәлдігі 0,3–0,5 градустан асуы мүмкін.

· Температураны дененің тек белгілі бір аймағында ғана өлшеу керек (маңдай, құлақ, самай).

· Ортаңғы құлақтың қабынуы кезінде, құлақ үлгілері дұрыс нәтиже бермейді.

· Айқайлаған немесе жылаған балаларда өлшеу нәтижесі дұрыс болмауы мүмкін.

· Кезеңді түрде тексеруді қажет етеді.

· Термометрмен абайлап жұмыс істемесе, құлақтың дабыл жарғағын зақымдаған жағдайлары болғандығы мәлім.

· Қымбат тұрады.

Терможолақтар

Терможолақтар – бұл дене температурасының әсерінен, өзінің түсін өзгертетін қабілетке ие кристалдары бар термосезімтал қабықша (сур. 46).

 
 


Сурет 46.

Терможолақтар

 

Терможолақтарды әртүрлі қолданады. Оларда белгілері болады: «жоғары температура» немесе «көтерілмеген температура». Олар температураны дұрыс көрсететін қызуөлшегішпен өлшеу керек, не керек еместігі туралы сигнал береді.

Терможолақтар жол жүргенде қажет болады, сондықтан демалуға немесе сапарға шыққандатерможолақтарды өзімен бірге алу керек.

Артықшылығы:

· Жолға шыққанда қолдануға ыңғайлы, көп орын алмайды, салмағы да жоқ.

· Температураны тез өлшейді (барлығы 5–30 секунд).

Жетімсіздігі:

· Көп қателеседі

· Өлшеуге көп факторлар әсер етеді: жарық, терлеу, тері бетіне тиіп тұру тығыздығы және т.б.

Адамға температураны анықтау үшін, термометрдің қандай түрін қолданса аса маңызы жоқ. Бастысы – бір кезең ішінде температураны әртүрлі қызуөлшегішпен өлшемеу қажет, өйткені көрсеткіштері біршама өзгеруі мүмкін және адамның денсаулық жағдайының жалпы көрінісін дұрыс көрсетпеуі мүмкін.

Қолтық астында дене температурасын өлшеу әдістері (аксилярлы өлшеу)

Шараға дайындау:

1. Термометрдің істейтініне көз жеткізіңіз

2. Шкаладағы көрсеткіш 35°С аспайтынына көз жеткізіңіз (қажет жағдайда термометрді сілкілеп түсіріңіз).

3. Қолтық асты терісі құрғақтығын тексеріңіз (қажет жағдайда таза майлықпен сүрту).

Шараның орындалуы:

1. Қолтық астын қарау

2. Сынапты резервуар науқастың қолтық астының ортасында тұратындай етіп, термометрді қою қажет (теріге толығымен тиіп тұруы керек).

3. Науқасқа қолын кеуде қуысына басуын сұрау керек.

4. Термометрді қолтық астынан 10 минуттан кейін алып, көрсеткішін қарау керек.

5. Дене температурасын өлшегеннен кейін алынған мәліметтерді температуралық қағазға тіркеу керек.

6. Термометрді дезинфицирленген ерітіндісі құйылған ыдысқа салу қажет.

Ауыз қуысында температураны өлшеу әдістері (оральды өлшеу)

Шараның орындалуы:

1.Температураны өлшер алдында 5 минуттай босаңсу қажет.

2.Термометрдің ұштығын тілдің түбіріне жақын жерге астына қояды (тіл асты қатпары).

3.Термометрия жүргізгенде, суық ауа түспеу мақсатында ауыз жабық болуы керек.

4.Ауыз қуысында дене температурасын сынапты термометрмен өлшеу уақыты –3 минуттан аспау керек.

5.Ауыз қуысында дене температурасын өлшегенде қалыпты деңгей:36,8-37,30 С

Таяу арада ішкен ыстық немесе суық сусындар, темекі шегу температураны өзгертуі мүмкін. Бұл әдісті 4-5 жасқа дейінгі балаларға, ауыз қуысының аурулары бар науқастарға, психикалық ауруларға қолдануға болмайды.

Тік ішекте температураны өлшеу әдістері (ректальды өлшеу)

Тік ішекте дене температурасын өлшегенде дұрыс нәтиже алынады, өйткені тік ішек-тұрақты температурасы бар анальды қысқышпен жабылған қуыс. Онымен қоса тік ішектегі температура ішкі мүшелердің температурасына сай келеді.

Ректальды өлшеуге көрсеткіш: 4-5 жасқа дейінгі балалар, ағзаның жалпы тоңазуы, қолтық асты терісінің зақымдалуы және қабыну процестері, науқастың айқын әлсіреуі.

Қарама-қарсы көрсеткіштер: іш өту, іш қату, көтеу және тік ішектің басқа аурулары.

Шараның орындалуы:

1.Термометрдің ұштығын вазелинмен майлау.

2.Науқасқа бір қырымен жатуын өтіну, кішкентай балаларды ішімен жатқызады.

3.Термометрді абайлап тік ішекке 3-5 см тереңдікке енгізу. Термометрді бірден кіргізуге, тік ішекте қатты бекітуге, дене температурасын өлшегенде қозғалуға болмайды.

4. Науқасқа термометр айналасын жамбасымен қысып ұстауын, жамбасында жатқан саусақтарымен термометрді ұстап тұруын өтіну.

5. Тік ішекте дене температурасын сынапты термометрмен өлшеу уақыты 2–3 минуттан аспау керек.

6. Тік ішекте дене температурасын өлшегенде қалыпты деңгей:37,3-37,70 С. Тік ішекте қолтық астына қарағанда қалыпты температура 0,5-1 0 С –қа жоғары екенін есте сақтау керек.