Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері мен әдістері.

Әдістемелік жұмыс-педагогикалық кадрлардың олардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіби әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жекедара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесін басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен өз еңбегінің сапасы мен нәтижесі негізінде тәрбиелеудің маңызды амал-тәсілі болып табылады. Әдістемелік жұмыс мұғалімнің білім беру тәжірибесіндегі оқушылардың танымдық, ойлау әрекетін белсендіретін, терең білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелі әдістерді шығармашылық түрде меңгеру.

Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің шарты. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітіруімен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қаитиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін дамытуды және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануға ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес олар бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының арнаулы факультативтерінде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Мұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек болып табылады.

Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіруге деген сұранысына жауап бере алады. Ал, әдістемелік жұмыста жеке ерекшеліктерді ескеріп жүргізу, бірқатар субъективті, объективті алғышарттарға байланысты. Ең бастысы мұғалімнің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдірудегі өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжірибесі ескерілуі тиіс. Мектептің әдістемелік қызметінің озық тәжірибелері мен дәстүрлерін сақтау мен дамытудың да маңызы зор.

Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздің директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал, мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады:

- мектептік педұжымның педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату;

- педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;

- мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру;

- жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру;

- оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту;

- жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материалдармен танысуды ұйымдастыру-жас мұғалімдерге, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге;

- педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге;

- педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т.б;

- мұғалімдердің кеңес беру;

- жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.

Мұғалімнің әдістемелік жұмыстарының мазмұнын кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып айқындау қажет. Олар:

- мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы;

- әдістемелік, тәрбиешілік, зерттеушілік, кәсіптік-адамгершілік, басқара білу мәдениеті.

Әдістемелік жұмыстың мазмұны кәсіптік-педагогикалық мәдениеттің әрбір бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы тиіс. Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің қалыптасуына ұласады.

Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері: пәндік әдістемелік бірлестіктер, мектептегі бірыңғай әдістемелік күн, проблемалық семинарлар мен практикумдар, жас мұғалім мектебі, озат тәжірибе мектебі, мұғалімдермен дербес жұмыс жүргізу, ашық және үлгілі сабақтар өткізу, ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқу, рөлдік, іскерлік және ұйымдық-қайраткерлік ойындар, педагогикалық жағдайды талдау және модельдеу, мұғалімдердің шығармашылық есебі, педагогикалық консилиум және т.б.

СОӨЖ-ның тақырыбы:

1. Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты қандай?

2. Үш біліктілік категориясын атаңыз және оларды қандай комиссия тағайындайды?