Имараттар мен уймереттерде қолданылатын құрылыс материалдардың бірнеше топқа бөлінуі .

 

ҚР 2.02-05-2002 СНмЕ сәйкес құрылыс материалдары жанбайтын (Ж) және жанатын (ЖН) болып бөлінеді.

Жанғыш материалдары 4 топқа бөлінеді:

- Ж1 (әлсіз жанатын);

- Ж2 (қатты жанатын);

- Ж3 (қалыпты жанатын);

- Ж4 (өте қатты жанатын).

Жанғыштығын және жанғыштығы бойынша құрылыстық материалдардың топтарын МЕСТ 30244 бойынша бекітіледі.

Жанбайтын құрылыстық материалдарының басқа өрт қауіптіліік көрсеткіштері анықталмайды және нормаланбайды.

Жанғыш құрылыстық материалдарның тұтанғыштығы бойынша үш топқа бөлінеді:

- Т1 (қиын тұтаннатын);

- Т2 (өте қатты тұтанатын);

- Т3 (жеңіл тұтанатын).

Құрылыс материалдарының топтарының тұтанғыштығы бойынша МЕСТ 30402 бекітеді.

Жанғыш құрылыс материалдарының беті бойынша жалынның таралуы бойынша төрт топқа бөлінеді:

- ЖТ1 (таралмайтын);

- ЖТ2 (әлсіз таралатын);

- ЖТ3 (тез таралатын);

- ЖТ4 (өте тез таралатын).

Құрылыс материалдарының топтарының таралуы бойынша, төбе мен еденнің қабаттарының беттері үшін, сонымен бірге көлемдік қаптамалар үшін МЕСТ 30444 бойынша бекітеді.

Жанғыш құрылыс материалдары түтіндегіштік қабілеті бойынша үш топқа бөлінеді:

- Т1 (түтіндегіштік қасиеті аз);

- Т2 (түтіндегіштік қасиеті жоғары);

- Т3 (түтіндегіштік қасиеті өте жоғары).

Жанғыш құрылыс материалдары өнімдері жанғандағы улылығы бойынша төрт топқа бөлінеді:

- У1 (қауіптілігі аз);

- У2 (қауіпті);

- У3 (өте қауіпті);

- У4 (төтенше қауіпті).

Өрт тұрақтылығының минимальды шегі мен өртке қарсы шектеудің типтері немесе олардың элементтерін 4 –кесте бойынша қабылдау керек .

Құрылыстық конструкциялародың өрт тұрақтылық шегі бір немесе тізбектей бірнеше, берілген конструкция үшін нормаланатын уақыт бойынша (сағатта) шекті қалпының белгілері:

-өзінің қабілеттілігін жоғалту;

-бүтіндігін жоғалту;

-жылу оқшаулағыштың қабылетін жоғалту.

Құрылыстық конструкциялардың өрт тұрақтылық шегі және олардың шартты белгісі МЕСТ 30247 бойынша бекітіледі.

Демек терезенің өрт тұрақтылық шегі бүтіндігін жоғалту уақыты бойынша ғана бекітіледі.

Құрылыстық конструкцияларды өрттің таралуына сынау әдісі ҚР 2.02-05-2002 СНмЕ сәйкес орындалуы керек.

Өрт қауіпсіздігі бойынша құрылыстық конструкциялары төрт класқа бөлінеді:

- КО (өртке қауіпсіз);

- К1 (аз қауіпті);

- К2 (қауіпті);

- К3 (өртке қауіпті).

Кесте – Өрт тұрақтылығының минимальды шегі

Өртке қарсы шектеулер Өртке қарсы шектеулердің типтері мен олардың элементтері Өртке қарсы шектеулердің минимальды өрт тұрақтылық шегі немесе олардың элементтері, сағ
Өртке қарсы қабырғалар 2,5 0,75
Өртке қарсы дуалдар 0,75 0,25
Өртке қарсы қорғандар 2,5 0,75
     
Өртке қарсы есіктер мен терезелер 1,2 0,6 0,25
Өртке қарсы қақапалар, люктер, клапандар 1,2 0,6
Тамбурлар-шлюздер тамбурлар-шлюздер элементтері: өртке қарсы қоршаулар өртке қарсы қорғандар өртке қарсы есіктер         0,75 0,75 0,6
Өртке қарсы аймақтар Өртке қарсы аймақтардың элементтері: Аймақтың ішіндегі өртке қарсы қоршаулардың өрт қималарының ғимаратындағы алшақтағы аймақтағы өртке қарсы қабырғалар Бағаналар өртке қарсы қоршаулар қоршау элементтері сыртқы қабырғалар   - - -   - 0,75 0,25 2,5 0,75 0,75 0,75

Құрылыс материалдарының топтарының өнімдерінің жану улылығы бойынша МЕСТ 2.1.044 бойынша бекітеді.

Құрылыстық конструкциялар өрт тұрақтылығы мен өрт қауіптілігі бойынша сипатталады.

Өрт тұрақтылық көрсеткіштеріне өрт тұрақтылық шегі жатады, конструкцияның өрт қауіпсіздік классы сипаттайды.

Құрылыстық конструкциялародың өрт тұрақтылық шегі бір немесе тізбектей бірнеше, берілген конструкция үшін нормаланатын уақыт бойынша (сағатта) шекті қалпының белгілері:

-өзінің қабілеттілігін жоғалту;

-бүтіндігін жоғалту;

-жылу оқшаулағыштың қабылетін жоғалту.

Құрылыстық конструкциялардың өрт тұрақтылық шегі және олардың шартты белгісі МЕСТ 30247 бойынша бекітіледі. Демек терезенің өрт тұрақтылық шегі бүтіндігін жоғалту уақыты бойынша ғана бекітіледі.

Құрылыстық конструкцияларды өрттің таралуына сынау әдісі ҚР 2.02-05-2002 СНмЕ сәйкес орындалуы керек.

Өрт қауіпсіздігі бойынша құрылыстық конструкциялары төрт класқа бөлінеді:

- КО (өртке қауіпсіз);

- К1 (аз қауіпті);

- К2 (қауіпті);

- К3 (өртке қауіпті).