Кесте – Ағаш түріне байланысты өңдеудің технологиялық режимі

Ағаш Үдірістің ұзақтығы, сағат Қысым, атм
Ольха, бук, қайың, осина 2-6 8-10
Қарғай , кедр 8-12 10-12
Шетен 10-12 12-15
Емен 15-20 75-16

 

Құрғақ тұздардың салмағы 66 кг/м3-тен аз болмауы керек, ол тұздың ерітіндісін 400 кг/м3жуық жұтуды қамтамасыз етеді.

Құрғақ тұздардың есептеу келесі формуламен жүргізіледі:

А= КС/100 (кг/м3),

Мұндағы А –құрғақ тұздар саны кг/м: ағаштар;

К –сіңдіру ерітіндісімен жұтылған ағаштың саны, кг/м3;

С- сіңдіру ерітіндісіндегі антипиренаның концентрациясы, салмақта. %.
Сіңдірілген ағаштардың өрт қорғаныстығы МЕСТ –ке сәйкес күйдіру арқылы, өрттік сынақ жүргізіліп бақыланады. Сынақтың нәтижесі сіңдірілген ағаштың партиясына сәйкес құжатқа негізіледі.

Өрт қорғанысты ағашты жабық құрғақ ғимараттарда сақтау керек, ал тасмалдау кезінде атмосфералық жауын шашын әсерінен қорғау керек.

Ағаштарды ыстық – суық ваннада сіңдіру. «Ыстық суық ванна бойынша ағашты антипиреналармен сіңдіру» 3 –суретте келтірілген екі ваннада жүргізіледі.

Ыстық антипиренаның ерітіндісіндегі ағаштағы тесіктерді (ауаға) мен су булары ауаға кетеді. Ағашты тесіктерде суыту кезінде сұйылады, ол оған көп мөлшердегі ерітіндіні енгізуге мүмкіндік береді.

Сіңдіру кезінде ағашты ыстық ерітіндісімен суық ваннаға салады: кейбір жағдайларда, ағашы бар ыстық ваннаның температурасын, қоршаған орта температурасына дейін өзгертеді.

Антипирен ерітіндісі құрамына диаммоний фосфаты және 30:70 қатнастағы аммоний сульфаты кіреді.

Ұсынылған ерітіндіде 1,5 % фторлы натрий бар. Дайын ерітіндінің меншікті салмағы 1,1820 0С температурада.

Ваннада сіңдіру келесідей кезекпен орындалады. Сіңдірілетін ағаш бөлшектер, пакеттерге, жеке қатармен астарларға қойылады (астарлардың қалыңдығы10-16 мм, сіңдірілетін материалдың ұзындығы 1,5 м болғанда), материалдың ұзындығы аз болса, арнайы жәшіктер мен контейнерлерге салады.

Ағаштың ылғалдылығы бірдей және біртекті болуы керек. Әртүрлі қалыңдықтағы детальдарды ағаш күлімен немесе қабығының қалдықтарымен тиеуге рұқсат етілмейді. Бөлшектер салынған контейнерлер мен пакеттер биіктігі 1/3 –тен көп емес, температурасы 90 0С ыстық антипирен ерітіндісімен толтырылған ваннаға түсіріледі, содан кейін ағаштарды ерітінді жауып тұру үшін 10-15 см – ден аз емес қалқуға қарсы қондырғылармен бекітіледі.

Ваннадағы ерітіндінің температурасы булық жылан түтік көмегімен ұсталылып тұрады. Антипиренаның концентрациясы мен температурасы 2-3 рет бақыланады.

Сіңдірілетін материалдар 24 сағатқа ваннаға түсіріледі, содан кейін тура солндай уақытта, дәл сондай құрамдағы антипиренамен концентарция суық ваннаға салынады, ерітіндінің температурасы 18 0С.

Бөлшектерді ұстап тұру уақытын контейнермен пакеттен түсіргеннен кейін ваннада антипирен ерітіндісінің берілген температурасын бекіткеннен бастап санайды. Ваннадағы жұмысшы ерітіндіні қыздыру уақыты, берілген температураға дейін ескерілмейді. Ванннаны бөгде қоспалардан және тұнбалардан тазалайды (опилка, қабық, жоңқа) және ыстық сумен жуады. Әртүрлі құрамды антипирен ерітінділерін ауыстыру кезінде ваннаны шайқау қажет.

Кесілген материалдардың сіңдірілген партиясы журналда тіркеледі, мұнда ерітіндінің нақты тығыздығы, оның температурасы мен сіңдіру ұзақтығы жазылады.

Сіңдірілген өнімдерден құрылысқа қолданардың алдында, жанғыштық тобын анықтауға, оларды сынау үшін үлгілер алу қажет, содан кейін сіңдірілген материалдар партиясы белгіленеді. Бұл әдістің жетіспеушілігі сол, қосымша өңдеудің қажеттігі, себебі ағаштың қажетті бетін өңдеу үшін өртке қарсы бояуларды, мысалы ПХВО –ны қолдану керек.

Ағаштың үстіңгі бетімен сіңдіру. Үстіңгі бетімен аралас әсердегі сіңдірме алу үшін (өрт қорғанысты және шіруге қарсы) әрбір 97 кг- ға дайын өнімге 3 кг фторлы натраны қосады.

60 0С-ға дейінгі қыздырылған дайындалған ерітіндіні ағаш конструкцияларға бояғыш пультпен немесе 12 сағаттан аз емес уақытта екі реттік аралық кептірмесімен бояу жаққышпен енгізеді.

Өңделген конструкцияға байланысты сіңдірілген құрамның шығыны 600 до 900 г/м2-шегінде болуы керек. Конструкцияны сіңдіргеннен кейін, механикалық өңдеуге жіберуге, қозғауға болмайды, ол өртке қарсы қабатын алып тастайды. Егер, өңделген конструкцияны сіңдіргіш ерітіндімен қайтадан өңдеу керек.

Сіңдірудің сапасы өрттен қорғалған ағаштардың жеке орындарында үстіңгі қабатынан қабығын (1мм- ден көп емес қалыңдықта) алу арқылы тексеріледі: қабықты тұтатқан кезде ол жанбауы және бықсымауы керек.

Ағашты үстінен сіңдіру кезінде, оған жуық шамамен 25 кг/ м3-қа дейінгі құрғақ антипиренді енгізуге болады.