ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына негiзделедi және осы Заң мен қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтiн, нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

1 Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Заңның және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң алдында артықшылығы бар және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, олар тiкелей қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

2 Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейдi. 2004.23.12 N 20-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді.

Еңбек қорғау дегеніміз – заңдар, қоғамдық, экономикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және ұйымдастыру шараларынан тұратын жұмыс істеу процесінде қауіпсіздікті, денсаулықты сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған жүйе. Ауыл шаруашылығында еңбек ететін адамдар үшін осы жүйе қолданады. Шаруашылықта еңбекті қорғау жүйесі бойынша жоспарлы түрде тұрақты техника қауіпсіздігінде нұсқауы жүргізіліп тұрады. Оны мамандар мен техника қауіпсіздігі инженері жүргізеді. Қауіпсіздік техникасы дегеніміз – ұйымдастыру және техникалық жабдықтардың көмегімен жұмысшыға өндірістің қауіпті-зиянды әсерін болдырмау шараларының жиынтығы.

Өндіріс жағдайында жұмысшының жарақат алуына өндірістің физикалық, химиялық, биологиялық, зиянды факторлары әсер етеді, тағы бір ескере кететін жағдай өндіріс қауіпсіздігі оның ұйымдастыруылына, технологиясына, механизмдердің іске сәйкестігін және жұмысты орындаудың ерекшеліктеріне байланысты. Өндіріс жарақатының алдын алу өте күрделі де жауапты жұмыс және мамандардан ұқыптылықты, білімділікті қажет етеді.

Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі. Біздің өндірістік тәжірибе Шығыс Қазақстан обылысы, Семей қаласында орналасқан « Агробиостанция » өтті. Осы барыста біз бұл агробиостанцияда барлық қызметкерлердің өз жұмыстарын ойдағыдай атқаратынына толық көз жеткіздік.Еңбекті қорғау дегеніміз қандай да бір мемлекет қызмет көрсететін еңбек жұмысшыларды техника қауіпсіздігін таныстырады. Яғни машина техникалардың қауіпсіздігін анықтап барып жұмыс істейді. Егістік аймақта әртүрлі техникалардан, зиянкестерден және химиялық заттардан сақ болу керек. Жұмысшыларды арнайы жұмыс киімдерімен қамтаматсыз ету, тұқымдарды транспорттап тасымалдау кезіндегі сақтық, техниканың адамға тигізетін зиянды әсерлерін қадағалау қатаң есепте алыну керек. Жұмыс істейтін жердің немесе тұқымдар сақталған орындардың санитарлық тазалығын ескеру қажет. Тұқымдар сақталған орынның іші жарық, кең, арнайы желдеткіштермен қамтамасыз етілуі керек. Осы ережелерді сақтай отырып, жұмысқа алынған адам қауіпсіздік ережесіне қол қою керек.Біз өткен « Агробиостанцияда » осы ережелер өте қатаң сақталған және біз тәжірибеден өтер алдында осындай техника қауіпсіздік ережесіне қол қойдық.

Өсімдік шаруашылығында сақтық шаралары жөніндегі белгіленген арнаулы тәртіп бар. Осы салада жұмыс істейтін жұмысшылар белгіленген тәртіпті бұлжытпай орындауы тиіс. Сонымен қоса, жұмысшылардың денсаулығын сақтау және малдармен жұмыс істеу қауіпсіз болу үшін өсімдіктерді өсіру жұмыстары кезіндеорындалатын кез –келген шаралар техникамен істеледі осыны мамандарға ескерту қажет.

Шаруашылық басшылары жұмысшыларына арнайы және санитарлы жұмыс киімдерімен, аяқ киімдерімен және жеке басқауіпсіздігін сақтау құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті.

Ауру тудыратын зиянкестермен, қауіпті өсімдіктермен жұмыс істеуге 18 жасқа толмаған және екі қабат немесе емшекте баласы бар аналар жіберілмейді.

Жұмысшыларға арналған ғимарат ішінде жұмыс киім, аяқ киім тұратын шкаф, қол жуатын ыдыс, таза жылы су, сабын, орамал және алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек пен жара дәкесі бар аптечка болуы керек.

Дегенмен, өсімдік зиянкестерімен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Өсімдік аурулармен және қауіпті өсімдіктермен жұмыс істеу арнайы адамдарды бекітіп, оларға жұмыс істеу ережелерін үйрету керек. Әрбір жұмысқа қабылданған адам алдымен сол саланың, жетекші маманы мен және техника қауіпсіздігін оқуын тіркеу кітабына жазылып, қолын қойғызады. Шаруашылықтың басшысы тоқсанына бір рет жыл аяғында бас мамандар кәсіподақ комитеті қауіпсіздігі инженері және қоғамдық инспекторлар бас қосқан отырыста еңбекті қорғау ережелерінің орындалуын қарайды.

Өсімдік шаруашылығында істеленетін көптеген жұмыстар қауіпті жағдайлармен сипатталады. Бұндағы қызметкелер жалпы қауіпсіздік ережесін білу керек және оны қатаң сақтау керек.

Еңбек қорғаудың өзіндік мақсаты – жарақаттану мен жұмысшылардың ауруларын төмендету, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін жұмысшылардың денсаулығының сау әрі қауіпсіз еңбегін қамтамасыз ету болып табылады.

 

ОРЫТЫНДЫ

Қорыта айта кететін болсақ, шаруашылықтың негізгі өндірістік бағыты – дәнді дақылдар егу. Қазіргі таңда бұл шаруашылыққа тиесілі жер көлемі 142 га құрап отыр. Соның үшінде 90 га жерді күнбағыс егістігі алып жатыр. Соңғы жылы күнбағыстан 10 ц өнім алынды. Шаруашылық өнім мөлшерін көбейту үшін органикалық және минералды тыңайтқыштапр қолданады. Келесі жылы егіс көлемін 200 гектарға жеткізу көзделіп отыр.

Ұсыныстар:

Шаруашылықтың жер көлемін ұлғайту.

Арамшөптерге қарсы агротехникалық шаралардан басқа , тиімдірек гербицидтер сатып алып , қолдану.

Тәлімі жер болғандықтан ауруларға, зиянкестерге төзімді жоғарғы сападағы тұқымдарды көбірек сатып салу.