SDH желісінің құрамы

SDH желісі кез келген басқа желі сияқты жиынтығы шектелген жеке функционалды модульдерден құралады: мультиплексорлар, коммутаторлар, концентраторлар, регенераторлар және терминалды жабдықтар. Бұл жиын желі шешетін негізгі функционалды міндеттерімен анықталады:

1. SDH желісінде транспортталу үшін жарамды агрегатты блокқа қол жеткізетін арналар арқылы кіріс ағындарын жинау – қол жеткізу желісінің терминалды мультиплексорлары шешетін мультиплекстеудің міндеті;

2. Кіріс/шығыс ағындарының енгізу/шығару мүмкіндігі болатын агрегатты блоктарды желі бойынша транспорттау – енгізу/шығару мультиплексорлары шешетін транспорттау енгізу/шығару мультиплексорлары шешетін транспорттаудың міндеті, басқаша АDМ – желідегі ақпараттық ағынды логикалық түрде басқарады, ал физикалық түрде осы желіде транспортты арнаны түзетін физикалық ортадағы ағынды басқарады;

3. Таратқыш торапқа бірнеше бір типті ағындарды біріктіру концентраторлар шешетін концентрация міндеті;

 

4. Үлкен қашықтықтарға берілетін сигналдың формасы мен амплитудасын қалыпқа келтіріп (регенерация), оның өшулігін компенсациялау үшін LAN-дағы қайталағыштарға ұқсас құрылғылар, яғни регенераторлардың көмегімен шешілетін регенерация қолданылады;

5. Қолданушының желісі мен SDH желінің байланысуы – шеткі жабдықтың көмегімен шешіледі, мысалы әртүрлі орайластырушы құрылғылар, соның ішінде интерфейстер конверторы, жылдамдықтарының конверторы және т.б.

6. Желінің бөлінген тараптарында жүзеге асырылатын виртуалды контейнерлерді маршрутизация еұлбасына сәйкес бір сегменттен басқаға аса жүктеу цифрлық коммутаторлардың немесе ДХС крос-коммутаторлардың көмегімен шешілетін коммутацияның міндеті болып табылады.

 

 

1.1сурет. SDH- тың Принципиалдық схемасы

 

І бөлім

Трассаны таңдап алу

Трассаны таңдап алу араларына желі орнатылатын пунктілерінің орналасуына қарай анықталады. Трассаны таңдауда төменгі талаптарды ескеру керек:

1. Трассаның ең қысқа жолын таңдау керек.

2. Желіні құруды күрделендіретін, сонымен қатар қымбатқа түсетін бөгеулері аз болу керек.

3. Механиканы максималды түрде қолдана алу керек.

Кабель байланысының трассасының басқа құрылысқа дейінгі минималдық рұқсат етілген арақашықтығы мынадай болу керек:

ЛЭП тіректерінен және темір жол контакт желілерінен 10 м қашықтықта болу керек (топырақтың меншікті кедергісіне байланысты). Меншікті кедергісі: 100 Ом*м-ге дейін болса, онда арақашықтығы 8,3 м болу керек; 500 Ом*м-ге дейін болса, онда 10 м болу керек; 1000 Ом*м-ге дейін болса, онда 11 м болу керек.

Газ құбырларынан және жылу құбырынан 1 м қашықтықта, су құбырынан 1,5-1 м арақашықтықта болу керек. Ал телефон канализация блоктарынан 0,25 м қашықтықта болу керек.

Трассаны таңдау 2 этаптан жүргізіледі:

1. Картаграфикалық материалдар жиналады, трасса өтетін аймақтың табиғи жағдайы тексеріледі. Темір жолдардың, труба құбырларының, басқа да инженерлік құрылыстардың бар немесе жоқтығы анықталады.

2. Күшейту пункттерінің орналасу орындары анықталады. Жоба бойынша трасса өтетін жер асты металдық қондырғылар болса, сол мекемелермен келісіледі.

 

Курстық жобалау бойынша маған Қызылорда және Кентау трассасы берілді. Қызылорда мен Кентау арақашықтығы 329,9 км.

 

Қызылорда облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-территориялық бірлік.

Облыс 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Жер аумағы 226 мың км² (Қазақстан жерінің 8,3% -ы). Тұрғыны 689,7 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 3 адамнан келеді. (2010).

Облыс орталығы - Қызылорда қаласы (алдында Перовск және Ақмешіт деп аталатын). Қала тұрғындары - 212 мың адам. Қазылорда қаласы Алаш Автономиялық округінің астанасы болды, 1929 жылы астана мәртебесі Алматы қаласына ауысты,[3].

1997 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен қаланың аты Кзыл-Ордадан Кызылордаға, ал Кзыл-Орда облысынан Кызылорда облысы болып өзгертілді.

Қызылорда облысы - Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысы, Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен оның ішінде шығыс және оңтүстік–шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде – Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбемен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шекараласады. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 4 - орында.

Климаты

Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39 0С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48 0С құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай - қаңтардағы орташа температура - 35 -360 С градусты құрайды.

Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420 С градусқа дейін жетеді.

 

Кентау

Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысында құрылды. Қаланың бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекеннің атауы Мырғалымсай болатын. Мырғалымсай деген кен орны да бар.Кентау қаласын құрудағы мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Кентау облыс орталы болып саналатын Шымкент қаласынан 260 шақырым жерде орналасқан. Түркістан қаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды. Кентау Қаратаудың етегінде орналасқан қала болып саналады. Кентау қаласы “Қаратау тәжі (корона)” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие.Қазіргі кезде Кентау қаласында 4 ауылдық округ, 7 елді мекен (поселка) бар. Қала халқының саны (ауылдық округтермен қоса) 61860 адамды құрайды. Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар 65,7%, өзбектер 25,2%, орыстар 5,4%, басқа ұлттар 3,7%. Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек, гректер, немістер, корейлер, шешендер де көшіп келді. Олар, негізінен, қуғынға ұшырағандардың туыстары мен арттарында қалған үрім-бұтақтары болатын.

Климаты

Климаты тым континентальді және кұрғақ,жазы ыстық әрі құрғақ болса,қысы жылы,қысқа әрі қар өте аз түседі,кейде жылымық болып,жаңбыр жауатын кездер де болып тұрады.Қаңтардағы орталық температура солтүстікте -11 0С-тан оңтүстіктен -2 0С дейін.