КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛ

1. Тәуекел мәні және функциялары

2. Кәсіпкерліктегі тәуекел түрлері

3. Айналым тәуекелінің жоғалтулары және кәсіпкерлік қызметтегі олардың себептері

4. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді азайту және сақтандару әдісттері

1. Адамдар әртүрлі қызмет ауқымында барлық уақытта тәуекелмен кездеседі. Кәсіпкерлік қызмет – бұл инновациялық тәуекелдік қызмет. Кәсіпкер жаңа технология, жаңа техника, еңбекті ұйымдастырудың, өндірістің, инновациялық маркетингтің, менеджметтің жаңа әдістерін қолдана отырып, шығын алуға ресурстардың бір бөлігін немесе толығымен жоғалтуға тәуекелге барады.

Тәуекел – бұл мүмкін қауіптілік.

Экономикалық теорияда тәуекел дегеніміз кәсіпорынның белгілі өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстың бір бөлігін жоғалту ықтималдығы.

Кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады.

Кәсіпкерлік тәуекелдің мәнін қарастыру кәсіпкерлік қызметте тәуекел орындайтын функцияларды анықтаумен басталады:

1. Инновациялық

2. реттеуші

3. қоғаушы

4. аналитикалық

Кәсіпкерлік тәуекелдің инновациялық функциясын кәсіпкер алдында тұрған мәселелерді дәстүрлі емес шешуді іздестіруді ынталандырумен орындайды.

Реттеуші функция қарама қайшы сипатта болады және екі түрлі нысанында шығады: конструкциялық және бүлдіргіш.

Тәуекелдің қорғаныш функциясы егер кәсіпкер үшін тәуекел табиғи жағдай болса, сәтсіздіктерге шыдам да қалыпты болу тиістігінен көрінеді.

Аналитикалық функциясы шешімдердің мүмкін нұсқаларының ішінен біреуін таңдау қажеттілігінде тәуекелдің болуын білуімен байланысты.

 

2. Кәсіпкерлік тәуекелді жіктеу күрделілігі олардың көп түрлігінде. Тәуекелді жіктеу әртүрлі белгілері бойынша жүзеге асады: пайда болу себебі, атқарымдық түрі бойынша және кәсіпкерлік сала бойынша, сақтандыру мүмкіндігі. жіберілетін деңгейі бойынша және т.б.

Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі: Кәсіпкерлік қызмет белгілері бойынша: өндірістік тәуекел өнім тауар өндіруге және қызмет көрсетуге, кез келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асыруға байланысты; коммерциялық тәуекел өндірген немесе сатып алған тауарларды және қызмет көрсетуді өткізу процесінде туады; қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктермен және басқа қаржы институттарыен қатынас сферасында пайда болады; заңдық – заң актілерінің төмен сапасымен және заңдағы күтпеген өзгерістермен байланысты; инвестициялық тәуекел – техникалық экономикалық негіздемені сапасыз жасаумен, жобаның құнының күтпеген өсуімен, қоршаған орнһтаны қорғау туралы заңның күшеюіне байланысты; сақтандыру т. – сақтандыру қорын қалыптастурымен, қорды басқарумен байланысты. Аумағы бойынша: жергілікті, салалық, елдік. Пайда болу табиғаты бойынша: субъективті және объективті. Туу сферасы бойынша: ішкі, сыртқы. Мүмкіндігі бойынша: сақтандырылатын, сақтандырылмайтын.

 

3. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелден болған жоғалтулар материалдық, еңбектік, қаржылық, уақыт жоғалтулары, жоғалтулардың арнайы түрлеріне бөлінеді.

Материалдық түрі жобада қарастырылмаған қосымша шығындардың немесе үйлер, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, энергия түріндегі материалдық объектілердің тікелей жоғалтулардан көрінеді. Еңбектік жоғалтулар кездейсоқ болжанбаған жағдайлардан болған жұмыс уақытының жоғалтулары. Қаржы жоғалтулары тікелей ақшалай зиян нәтижесінде пайда болады. Уақыт шығындары кәсіпкерлік қызмет процесі ойдағыдай ақырын, кешігіп жүргенде орын алады. Жоғалтулардың арнайы түрлері адамдардың денсаулығына және өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне зиян келтіру және басқа қолайсыз әлеуметтік және моральдық-психологиялық зардаптары бар жағдайлар әсерінен көрінеді.

 

4. Тәуекелді азайтудың негізгі әдістері:

қосымша жұмыс күші, нарық туралы ақпараты, жеткілікті қаржы құралдары бар кәсіпорындар қатарынан әріптестер іздеу;

қосалқы мәселелерді жоба алдында мұқият пысықтау;

тәуекелді жобаның қатысушылары, оны орындаушылары арасында болу;

тәуекелді сақтандыру.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру. Сақтандыру – бұл қолайсыз жағдайлар, бақытсыз оқиға әсерінен зиянның, жоғалтудың орнын толтыру үшін арналған кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың ақшалай қаржылары есебінен арнайы резервтік қор құру. Сақтандыру жағдайы болғанда, сақтанушыға зиян тигенде, сақтандырушы шарт жағдайларына сәйкес сақтандыру өтеуін төлейді. Сақтандырушы мынадай сақтандыру қызметінің түрлерін жүзеге асырады: мүлікті сақтандыру, үй жануарларын, коммерциялық операцияларды, азаматтарды сақтандыру. Сақтандыру жүйесі қарапайым түсінікті және өте тиімді болуы тиіс.