Клиникалық жағдай эталондарының жауаптары

Бал-лдар Жауап эталоны
Шағымдар жинау Шағымдар жүйелі және кезектілікпен жиналды. Негізгі және қосымша сұрақтармен шағымдар нақтыланды.
Анамнез жинау Анамнез жүйелі және кезектілікпен жиналды
Эпидемиологиялық анамнезді жинау Эпидемиологиялық анамнезді инкубациялық кезеңнің максимальды ұзақтығын ескере отырып толық жинады.
Физикалық зерттеу – жалпы қарап тексеру Физикалық зерттеуде жалпы интоксикация белгілері анықталды. Науқастың жағдайының ауырлығы бағаланды.
Құрсақ қуысы ағзаларын физикалық тексеру (беткей пальпация) Іштегі физикалық өзгерістер – кіндік және мықын аймағын пальпациялағанда ауру сезімі. Дәрігер оң қолының алақанын науқастың ішіне қойып 2, 3, 4 және 5 саусақтарының ұштарымен ішті жеңіл басады, бұл алдыңғы құрсақ қабырғасының кернеуін сезуге мүмкіндік береді. Жоғарыда суреттелген тәсілмен пальпация сол мықын аймағынан басталады. Сосын қолды оң мықын аймағына орналастырып пальпацияны қайталау барысында алдыңғы құрсақ бұлшық еттерінің керілу дәрежесін салыстырмалы түрде анықтау керек. Әрі қарай қолды жоғары қарай жылжытып (3-4см) құрсақтың сол және оң жақтарының симметриялы аймақтарында пальпация жүргізіледі. Сонымен алдыңғы құрсақтың барлық жерін, эпигастр аймағымен, сол және оң қабырға астын қоса пальпацияланады. Сосын іштің тік бұлшық еттерінің ажырау дәрежесі мен вентральді сызық пен кіндік сақинасының жарықтары анықталады. Ол үшін жартылай бүгілген оң қол саусақтарын вентральді сызық бойымен семсер тәрізді өсіндінің астыңғы тұсына орналастырып науқастың басын көтеруін сұрау керек.
Құрсақ қуысы ағзаларын физикалық тексеру (соқыр ішек пальпациясы) пальпациялаудың 1 кезеңі: дәрігер оң қолыныңжартылай бүгілген саусақтарын оң мықын аймағына кіндікпен оң мықын сүйек қыры арақашықтығының 1/3 бөлігіне орналастырады. пальпациялаудың 2 кезеңі: науқас тынысты алғанда кіндікке қарай тері қатпарын жиыру керек. пальпациялаудың 3 кезеңі: тынысты шығарғанда құрсақ бұлшық еттерінің босаңсығанын пайдаланып саусақ ұштары мүмкіндігінше құрсаққа терең артқы қабырғасына дейін енгізіледі. пальпациялаудың 4 кезеңі: тыныс шығару соңында оң spina iliaca anterior superior бағытына сырғымалы қозғалыс жасалғанда соқыр ішек туралы пальпаторлы мәлімет білінеді
Болжама диагнозды негіздеу Сальмонеллез, гастроинтестинальды формасы, гастроэнтериттік вариант, орташа ауыр ағымы. Сальмонеллез критериилерін айтты: - аурудың жедел басталуы - айқын интоксикация мен қызба - гастроэнтерит белгілері - эпидемиологиялық фактор - науқасты объективті қарау - нәжіс сипаты
Зерттеу жоспарын тағайындау 1. ЖҚА,ЖЗА 2. Биохимиялыққан анализі: зәр қышқылы, креатинин, АЛТ, АСТ, глюкоза, қышқыл-сілтілік жағдай (ҚСЖ), су-электролит балансы. 3. ЭКГ. 4. Ф 30 нәжісті зерттеу. 5. Копрограмма. 6. Сальмонелланы, шигелланы, ШПФ анықтау үшін қанды, нәжісті, зәрді бактериологиялық зерттеу. 7. Сальмонеллез бен дизентерияның антигенімен ТГАР. 8. RW қан тапсыру.
Салыстырмалыдиагноз жүргізу жоспары Жедел дизентерияның гастроэнтериттік түремен, тағамдық токсикоинфекциямен, салыстырмалы диагностика жүргізді.
Жалпы қан анализін интерпретациялау Солға ығысқан нейтрофильді лейкоцитоз, қанның қоюлануы,ЭТЖ жылдамдауы.
Жалпы зәр анализін интерпретациялау   Өзгерістер жоқ (көрсеткіштер қалыпты деңгейде)
Қорытынды диагноз негіздеу Сальмонеллез, гастроинтестинальді формасы, гастроэнтериттік түрі, орташа ауыр ағымы.
Алдағы ем тактикасын анықтау Алдағы ем тактикасын анықтады: дезинтоксикация, регидратациялық терапия, этиотропты терапия, бұзылған гомеостазды коррекциялау, диурезді калыптастыру. АҚҚ, ЖСЖ, дене қызуын, диурезді, ҚСҮ электролиттерді бақылау.
Емнің дұрыс тағайындалуы (базистік ем) Режим 1 Емдәм № 4 Тазалау клизмасы Асқазанды шаю
Емнің дұрыс тағайындалуы (этиотропты ем) Фурозолидон 0,1 х 4 рет №5  
Емнің дұрыс тағайындалуы (патогенетикалық ем) Регидрон 1л peros №3 Хлосоль 400,0 т/і Трисоль 400,0 т/і NaCl 0,9%-500,0 т/і Смекта 1 пор х 3 ркүніне №3 Дротaверин 2,0 мл т/і
Шұғыл хабарламаны беру Шұғыл хабарламаны берді
Қарым-қатынаста болғандарды анықтау Қарым қатынаста бірге болғандарды анықтады.  
Шығару критерилері Науқас декреттелген топқа жататынын, жұмысқа жіберу үшін нәжісті бактериологиялық себінді жүргізу қажеттігін және қорытынды анализдері теріс болғанда шығарылатынын анықтады бір рет ем аяқталған соң 3 күннен ерте емес.
Коммуникативты дағдыларды көрсете білу Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнатты. Медициналық манипуляция жүргізуде өзін толық сенімді ұстады.

Симуляцияға қажетті құралдар:

1.Тапсырма парағы,волонтер сценариі,бағалау критерилері.

2.Жалпы қан анализінің,жалпы зәр анализінің қорытындысы.

3.Фонендоскоп.

4.Термометр.

5.Секундомермен сағат.

6. Тонометр.

 

Қоршаған жағдай:

Қабылдау бөлімі

1.Үстел, 2 орындық, кушетка.

2.Сценарий бойынша:

Науқас кушеткада жатыр.

Құрастырушының аты-жөні: жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доцент қ.а. Садыкова А.М.

Кафедра мәжілісінде қарастырылды және мақұлданды, хаттама № 3 , «28» қыркүйек 2015 ж.