Орталық Қазақстанның шикізаты

"Қазіргі таңда Қазақстан көптеген саланың басты шикізаты болып табылатын кварц кеніштірінің өлшеусіз қорына ие. Жоғары сапалы кварц шикізатының дәлелденген қоры 65 млн. тоннаны, ал кремний өндіруге жарамды кварциттер қоры 267 млн. тоннаны құрайды". Бұл туралы бүгін, 16-қыркүйекте "Mining World Central Asia 2004" тақырыбындағы Орталық Азия аймақтық халықаралық конференция барысында "БАСКО" компаниясының вице-президенті Вячеслав Костюченко хабарлады.

В.Костюченконың айтуынша, кварц қоры Қазақстанның бес аймағында табылған. Атап айтсақ, кварц шикізатының бағаланған қоры Батыс Қазақстанда 15 млн. тоннаны, Орталық Қазақстанда 35 млн. тоннаны, Оңтүстік Қазақстанда 40 млн. тоннаны, Шығыс Қазақстанда 5 млн. тоннаны, Солтүстік Қазақстанда 5 млн. тоннаны құрайды.

Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді.

Соғысқа дейінгі бесжылдар кезінде салынған құрылыстар: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын заводы, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе химия комбинаты, Қарағанды жылу және су электр станциялары, Өскемен құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары, Шымкент химия – фармацевтік заводы, Арал сульфат комбинаты іске қосылып, Теміртау синтетикалық каучук заводы, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Сөйтіп, Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгенін көрсетті.

Өлкеде болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды. Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтере бастады. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев (Атырау) балық – консерві, Алматы жеміс – консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорғандағы қант заводтары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.

 

 

Орытынды

Курстық жұмыстық жалпы қорыта айтқанда экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.

Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелі түрде құрады.

Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртарап тандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:

қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;

бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;

жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;

адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгісі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізаттты,соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады. 1999 жылдың қорытындысы бойынша, мұнайды экспорттаудан тек салық түрінде ғана мемлекеттік бюджетімізге 500 миллион АҚШ доллары шамасындағы қаржы түспей қалған. Мұндай көлемдегі қаржы республикалық бюджетіміздің төрттен бір бөлігіндей мөлшерін құрайды. Салық салынатын базаның кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.

Жер қайнауындағы табиғи байлықтарды өндірушілердің табыстары

әлемдік бағаға байланысты екенін ескере отырып,оларға салынатын табыс салығына прогрессивті ставканы енгізген дұрыс болар еді. Егер шикізаттың қалыптасқан бағасы орташа көрсеткіштен жоғары болып қалыптасса, онда осындай шикізатты экспорттаушы кәсіпкерлер бағаның артық мөлшеріндегідей пайызда қосымша табыс табады. Аталған кемшіліктерді жою үшін шикізатты өндірушілерге салынатын табыс салығының базасын кәсіпорынның ішкі пайда нормасынан шикізаттың сатылу уақытындағы қалыптасқан әлемдік бағасы мен шикізатты өндіру мен тасымалдауға кеткен шығындардың айырмасына ауыстыру керек. Кез келген шикізатты болсын, дайын өнімдерді болсын экспорттаушы кәсіпорындар сатылу бағасын жасалған келісім шарттарында төмендетіп жазып, табыс мөлшерін азайтып көрсетуі әбден мүмкін,ал белгілі бір уақытта қалыптасқан шикізат бағасын кемітіп көрсету мүмкін емес және оның дұрыстығын тексеру онша қиынға соқпайды. Сонымен қатар шикізаттың өзіндік құны мен тасымалдау шығынын анықтау көп жағдайда тұрақты болып қалады. Бұл арада экспорттаушы кәсіпорындардың келіспейтін жақтары орын алуы мүмкін, мәселен, Қазақстан шикізаты сапасының төмендігі. Әлемдік бағаның төмендеуіне қарамастан шикізатты экспорттау еліміз үшін маңызды болып қала берсе,онда өндіруші кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмек көрсету аса қажет. Салық салу жағынан шикізатты экспорттаушылар үшін көмекті табыс салығы ставкасын төмендеген сайын пропорционалды түрде табыс салығы ставкасын да азайту керек. Мұндай әрекет шикізатты өндірушілер мен экспорттаушылар үшін едәуір көмек болар еді. Сонымен, шикізатты экспорттаушыларға қолданылып келген үстеме пайдаға салынатын салықты алып тастап, бір ғана прогрессивті табыс салығын қолданған дұрыс болар еді. Осы аталған салық төлеушілер мен еліміздің экономикасында орын алып отырған монополиялық кәсіпорындарды теңестіріп қарауға болады. Өйткені монополиялық кәсіпорындар өз кезегінде үстеме пайда табу үшін өздерінің тауар немесе қызмет бағаларын қайта-қайта көбейтуге құштар болып отыр. Бағаның тұрақты жағдайда болуын ынталандыратын салықтың қажеттілігінде болып отыр. Кейбір экономикасы дамыған батыс елдерінде,тұрғындардың өміріне аса қажетті салалардағы кәсіпорындар үшін пайда нормасы мемлекет тарапынан 12% шамасында етіп қойылған. Яғни кәсіпорын осы нормадан артық тапқан табысын салық түрінде түгелдей мемлекет бюджетіне өткізуі тиіс. Қазақстан жағдайында халыққа комуналды қызметтер көрсетіп отырған жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін мемлекет тарапынан мұндай қысымдық көрсету көптеген қиыншылықтарға алып келуі мүмкін. Мысалы, инвестиция жасаған компания атанған саладан өз қаржысын алып, пайда, нормасы жоғары болатын салаға ауысып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан Қазақстан-дық кәсіпорындар үшін ішкі пайда нормасын инфляциалық пайызды ескере отырып, 20-25%-ға дейін көтеруге болады.