Ең мүмкін болатын диагноз қандай? 3 страница

 

#917

*!Қант диабетінің диагностикалық критерийі ретінде гликирленген гемоглобиннің (%) қандай көрсеткіші қолданылады :

 

*≥2,5

*≥3,5

*≥4,5

*≥5,5

*+≥6,5

 

#918

*!Венозды плазмадағы глюкоза деңгейінің қандай құрамы қант диабетіне сәйкес:

 

*+ашқарынға ≥ 7,0 ммоль/л, 2 сағаттан соң ≥11,1 ммоль/л

*ашқарынға ≥6,1 және ˂7,0 ммоль/л, 2 сағаттан соң ˂7,8 ммоль/л

*ашқарынға˂7,0 ммоль/л, 2 сағаттан соң ≥7,8 және ˂11,1 ммоль/л

*ашқарынға˂ 6,7 ммоль/л, 2 сағаттан соң ≥11,1 ммоль/л

*ашқарынға˂ 6,0 ммоль/л, 2 сағаттан соң ˂7,8 ммоль/л

 

#919

*!ЕҢ дұрыс тұжырым:

 

*Қант диабеті тек зертханалық анықталған глюкоза деңгейі негізінде бекітіледі

*Жедел метаболикалық декомпенсациямен күмәнсіз гипергликемия жағдайында қант*диабеті қойылады

*Қант диабет тек айқын клиникалық симптомдар болған жағдайда қойылады

*Қант диабеті арнайы диабеттің асқынулары болған жағдайда қолданылады

*+Келесі күндерінде қайталап анықталған гликемия арқылы қант диабет диагнозын*дәлелде

 

#920

*!Төменде берілген асқынулардың қайсысы диабеттік макроангиопатияға жатады?

 

*нефропатия

*ретинопатия

*кардиопатия

*перифериялық нейропатия

*+аяқтардың ангиопатиясы

 

#921

*!Төменде берілгендердің қайсысы қант диабеті 2 тип патогенезінің негізін құрайды:

 

*эндокринопатии

*дәрілік диабет

*+инсулинорезистенттілік

*инсулин әсерінің генетикалық дефектісі

*абсолютті инсулиндік жетіспеушілік

 

#922

*!Диабеттік кетоацидоздың ЕҢ басты факторы болып табылады:

 

*гиперволемия

*гиперинсулинизм

*тіндердің оттегілік ашығуы

*+инсулин жеткіліксіздігі және глюкагон гиперсекрециясы

*жасуша ішінде калий иондарның артық жиналуы

 

#923

*!Төменде берілген көздік симптомдардың қайсысын анықтау тиреогенді бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі туралы мәлімет береді

 

*Грефе

*Жоффруа

*+Еллинек

*Розенбах

*Дельримпль

 

#924

*!ТТГ рецепторына антиденелердің жоғары титрінің анықталуы төменде берілгендердің қайсысына ЕҢ тән:

 

*струмит

*жеделдеу тиреоидит

*фиброзды тиреоидит

*аутоиммунды тиреоидит

*+жайылмалы уытты жемсау

 

#925

*!Төменде берілген сүйек өзгерістерінің бірі Иценко-Кушинг ауруына ЕҢ тән:

 

*+сүйектердің остеопорозы

*субпериостальды эрозиялар

*сүйек тініне метастаздар

*фиброзды-кистозды остит

*остеокластикалық остеолиз

 

#926

*!Біріншілік гипокортицизм үшін көмірсу алмасуының қандай күйі ЕҢ тән болып табылады:

 

*+гипогликемия

*нормогликемия

*қант диабет

*ашқарынға гликемияның бұзылысы

*глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы

 

*Эндокринология*2*90*2*

 

#927

*!45 жастағы ер кісі әсіресе күннің соңында күшейетін үдемелі әлсіздікке, шаршағыштыққа, кеуде бөлігіндегі терінің қараюына, құсуға, басының ауруына шағымданады. Тағамына қосымша ас тұзын қосады. Өзін соңғы бір жыл көлемінде аурумын деп санайды. Айтуынша, 8 жыл бұрын қызылшамен ауырған. ЖҚА: салыстырмалы лимфоцитоз, эозинофилия. Кортизол деңгейі – 250 нмоль/л. (қалыпты жағдайда 200-700 нмоль/л), АКТГ- 28 (қалыпты <22 пмоль/л).

Төменде берілген зерттеулердің қайсысы ЕҢ маңызды?

 

*инсулин

*+электролиттер

*катехоламиндер

*азотты қалдықтар

*шумақты фильтрация жылдамдығы

 

#928

*!Қабылдауда шөлдеуге, салмағының артуына, әлсіздікке шағымданған 53-жастағы ер кісіге ем тағайындалды. Биохимиялық анализде қандағы қант 6,2 ммоль/л. 3 күннен соң тағайындалған препарат фонында жиіленген сұйық нәжіс және іштегі ауру сезімі пайда болды. Дәрігер бұл жағдайды осы қабылдаған препараттың жанама әсерімен түсіндірді. Қай топтың препараттарын қабылдау аталған жанама әсерлерді шақыруы мүмкін?

 

*инсулиндер

*глинидтер

*тиазолидиндиондар

*+α-глюкозидаза тежегіштері

*сульфонилмочевина препараттары

 

#929

*!27 жастағы әйел денесінің жоғарғы бөлігінде майдың жиналуына, бұлшықеттік әлсіздікке, терісінің жұқаруына, іште және санында стриялардың пайда болуына, басының ауруына шағымдануына байланысты кіші дексаметазонды сынама жүргізу ұсынылды.

Аталған сынаманы жүргізуге ЕҢ басты мақсат қандай?

 

*Кушинг ауруы мен синдромы арасында дифференциальды диагностика

*екіншілік гипокортицизм мен СТГ-жетіспеушілікті ажырату

*+эндогенді артық кортизол продукциясын анықтау

*глюкозаға толеранттылықтың бұзылысының диагностикасы

*гипофиздің гонадотропты қорын бағалау

 

#930

*!32 жастағы әйел жүрек аймағындағы ауру сезіміне, жүрек қағуға, жүдеуге шағымданады.Қарап тексергенде: терісі ылғалды, саусақтардың треморы, ААҚ - 160/70 мм рт. ст., пульс – 130 соққы минутына. Зерттеу барысында: ТТГ 0,01 мед/л (0,4-4,0 мед/л), бос Т4 36 пмоль/л (10-23 пмоль/л).

Төменде көрсетілгендердің қайсысы аталған шағымдардың ЕҢ ықтимал себебі болып табылады;

 

*гипотиреоз

*+гипертиреоз

*гипокортицизм

*гиперкортицизм

*гиперальдостеронизм

 

#931

*!25 жастағы әйел мойын аймағындағы ыңғайсыз сезімге, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Көңіл-күйінің нашарлауын күйзеліспен байланыстырады. Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы - С. Терісі құрғақ, ұстағанда салқын. Қалқанша безі пальпацияда 2 дәрежелі үлкейген, тығыз, біркелкі емес, ауыру сезімсіз. Пульс - 60 соққы минутына, АҚҚ - 110/70 мм.с.б.б.. Қан анализі: НВ - 104 г/л, эр- 3,8 мың., СОЭ - 10 мм/сағ. ТТГ 16 (0,4-4,0).

Берілген аурулардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*фиброзды тиреоидит

*қалқанша безінің рагы

*жеделдеу тиреоидит, гипотиреоз фазасы

*+аутоиммунды тиреоидит, біріншілік гипотиреоз

*2 дәрежелі эндемиялық жемсау, біріншілік гипотиреоз

 

#932

*!43 жасар әйел жүрек қағу, қатты бас ауруы, лоқсу, тершеңдік, дірілдеу, АҚ 200/100 мм сын.бағ. дейін көтерілуімен жүретін ұстамаларға шағымданып түсті. Аталған шағымдар шамамен бір жыл бұрын басталған. Соңғы уақыттарда олар жиілеп, ұзара бастаған. Седативті және гипотензивті препараттар оң әсерін бермейді. Ұстама аралық уақыттарда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. АҚ қалыпты.

Диагнозды нақтылау үшін қай көрсеткішті анықтау ЕҢ тиімдірек?

 

*+метанефриндерді

*альдостерон

*гликемия

*кортизол

*тироксин

 

#933

*!46 жасар әйел жүрек қағу, қатты бас ауруы, лоқсу, тершеңдік, дірілдеу, АҚ 200/100 мм сын.бағ. деййін көтерілуімен жүретін ұстамаларға шағымданып түсті. Аталған шағымдар шамамен бір жыл бұрын басталған. Соңғы уақыттарда олар жиілеп, ұзара бастаған. Седативті және гипотензивті препараттар оң әсерін бермейді. Ұстама аралық уақыттарда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. АҚ қалыпты.

ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

 

*климактериялық кардиопатия

*нейроциркуляторлы дистония

*жүректің ишемиялық ауруы

*гипертониялық ауру

*+феохромоцитома

 

#934

*!28 жасар әйел айқын әлсіздікке, шаршағыштыққа, денесінің ашық жерлері мен жанасу орындарының күшейген пигментациясына, тұзды тағамдарға құштарлығының артуына шағымданады. 4 жыл бұрын өкпенің ошақты туберкулезімен ауырып, тубдиспансерде тіркеуде тұрған. Қарап тексергенде арықтау, терісі гиперпигментацияланған, қызыл иек шырыш қабатында, алақан жүлгелерінде қарайған дақтар бар, буындары қарайған, жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс-78 рет минутына. АҚ -90/60 мм сын.бағ.

ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

 

*гранулематозды артериит

*гипофизарлы жеткіліксіздік

*миелодиспластикалық синдром

*+бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі

*диссеминироленген өкпе туберкулезі

 

#935

*!34 жасар әйел бұлшықет әлсіздігіне, бас ауруына, көру нашарлауына, құлағының шуылдауына, салмағының майдың біркелкісіз кеуденің жоғарғы бөлігіне көп жиналуымен дене салмағының артуына шағымданады. Қарап тексергенде: артық салмақты, беті дөңгелек ай тәрізді, қызыл, іші үлкен, аяқ-қолдары арық. Терісі мрамор тәрізді сәл құрғақ. Іш және сан терісінде күңгірт-көкшіл түсті стриялары бар. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс-72 рет минутына. АҚ-165/100 мм сын.бағ.

Диагнозды нақтылау үшін қай бездің МРТ зерттеуі ЕҢ тиімдірек?

 

*эпифиз

*+гипофиз

*аналық бездер

*қалқанша безі

*ұйқы безі

 

#936

*!17 жасар жас қыз дене салмағының артуына, қатты бас ауруына шағымданады. Сан, іш, кеуде бездері терісінде жалпақ күңгірт стрялар бар. АҚ - 140/90 мм сын.бағ. КТ: бүйрек үсті безінің екі жақты гиперплазиясы. Қандағы кортизол сағат 8.00-де -1060 нг/л (норма 260-720 нг/л), сағат 14.00 -1250 нг/л.

ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

 

*карциноидты синдром

*+Иценко-Кушинг ауруы

*Иценко-Кушинг синдромы

*гипофиз инцинденталомасы

*толық емес гипопитуитаризм

 

#937

*!42 жасар әйел майлы «бүкірдің» пайда болуына, беті мен ішінде артық май жиналуына, созылу сызықтарының пайда болуы мен бас ауруына шағымданады. Аталған жағымдарының пайда болуын жарты жыл бұрынғы көлік апатымен байланыстырады.

Көрсетілген зерттеулердің қайсысын жүргізу ЕҢ тиімдірек?

 

*нейросонография

*эластосонография

*электроэнцефалография

*+бас ми МРТ

*брахиоцефалды тамырлар УДДГ

 

#938

*!43 жасар әйел майлы «бүкірдің» пайда болуына, беті мен ішінде артық май жиналуына, созылу сызықтарының пайда болуы мен бас ауруына шағымданады. Аталған жағымдарының пайда болуын жарты жыл бұрынғы көлік апатымен байланыстырады

Көрсетілген гормондардың қайсысын тексеру ЕҢ тиімдірек?

 

*тироксин

*эстрадиол

*тестостерон

*+кортизол

*адреналин

 

#939

*!44 жасар әйел майлы «бүкірдің» пайда болуына, беті мен ішінде артық май жиналуына, созылу сызықтарының пайда болуы мен бас ауруына шағымданады. Аталған жағымдарының пайда болуын жарты жыл бұрынғы көлік апатымен байланыстырады. Тексеру барысында қандағы кортизол деңгейі - 850 нмоль/л (норма 50-450 нмоль/л) екені анықталды.

Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық сынаманы жүргізу ЕҢ тиімдірек?

 

*құрғақ тамақтанумен

*+дексаметазонмен

*инсулинмен

*клофелинмен

*адреналинмен

 

#940

*!38 жасар әйел майлы «бүкірдің» пайда болуына, беті мен ішінде артық май жиналуына, созылу сызықтарының пайда болуы мен бас ауруына шағымданады. Аталған жағымдарының пайда болуын жарты жыл бұрынғы көлік апатымен байланыстырады. Тексеру барысында қандағы кортизол деңгейі - 850 нмоль/л (норма 50-450 нмоль/л) екені анықталды. Гипофиздің МРТ-сы: Гипофиз аденомасы өлшемі 10 мм-ден асады. Супраселлярлы өсу.

Төменде берілген ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

 

*феохромоцитома

*пролактинома

*соматотропинома

*+кортикотропинома

*андростерома

 

#941

*!Дәрігерге 45 жасар әйел қызарумен, қорқу сезімімен, жүрек қағуымен, тершеңдіпен, ентігумен, іштегі ауру сезімімен жүретін АҚҚ-ының көтерілу ұстамаларына шағымданып қаралды. Ұстама ұзақтығы бірнеше минуттан сағаттарға дейін созылады. Ұстамадан кейін жағдайы жақсарады, бірак тершеңдік сақталады. Ұстамадан кейін полиурия байқалады. ЖҚА: гемоглобин-143 г/л, эритроцит- , лейкоцит , ЭТЖ-16 мм/сағ., глюкоза - 6,2 ммоль/л. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы- 1015, белок-теріс. Гликемиялық профилі: сағ 08.00-5,1 ммоль/л, сағ 11.00-6,4ммоль/л. Метанефриндер мен қандағы бос катехоламиндер концентрациясы 2 есе жоғары.

Қандай аспапты зерттеуді жүргізу ЕҢ тиімдірек?

 

*аналық бездер УДЗ

*омыртқа рентгені

*+бүйрек үсті безі КТ

*пункциялық биопсия

*электрокардиограмма

 

#942

*!Дәрігерге 45 жасар әйел қызарумен, қорқу сезімімен, жүрек қағуымен, тершеңдіпен, ентігумен, іштегі ауру сезімімен жүретін АҚҚ-ының көтерілу ұстамаларына шағымданып қаралды. Ұстама ұзақтығы бірнеше минуттан сағаттарға дейін созылады. Ұстамадан кейін жағдайы жақсарады, бірак тершеңдік сақталады. Ұстамадан кейін полиурия байқалады. ЖҚА: гемоглобин-143 г/л, эритроцит- , , лейкоцит , ЭТЖ-16 мм/сағ., глюкоза - 6,2 ммоль/л. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы- 1015, белок-теріс. Гликемиялық профилі: сағ 08.00-5,1 ммоль/л, сағ 11.00-6,4ммоль/л. Метанефриндер мен қандағы бос катехоламиндер концентрациясы 2 есе жоғары.

ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

 

*кортикоэстрома

*+феохромоцитома

*пролактинома

*соматотропинома

*андростерома

 

#943

*!67 жасар ер кісіні қабылдау бөліміне бұлшықеттерінің ауруымен, ентігумен ауыр халде жеткізілді. Анамнезінде – ЖИА, АГ. Метформин 1000 мг күніне 2 рет және глимепирид 2 мг 1 ррет қабылдайды. Соңғы уақыттарды аяқтарында ісік пайда болды.

ЕҢ алдымен қандай тексеру жүргізу тиімдірек?

 

*+қандағы лактатты

*зәрдегі глюкозаны

*қанды гематокритке

*зәрді кетон денелеріне

*қанды кетон денелеріне

#944

*!Ер кісі, 62 жаста. 12 жыл бұрын аузының құрғауы, шаршағыштық пайда болған. Гликемия деңгейі 8 ммоль/л жоғары болғандықтан метформин тағайындалған. Соңғы жыл көлемінде қосымша диабетон тағайындалған. Соңғы бір ай көлемінде 5 кг жүдеп, шөлдеу және полиурия дамыған. Өздігімен бақылау кезінде гликемия ашқарынға 15 ммоль/л.

Төменде берілгендердің қайсысын науқасқа тағайындау қажет?

 

*глинидтер

*глитазондар

*бигуанидтер

*+инсулин

*сульфонилмочевина

 

#945

*!60 жастағы әйелге, ертеректе ашқарынға гликемия 8,2 ммоль/л болғандықтан 8 жыл бойы метформин 1000 мг тәулігіне қабылдайды. Жақын күндерде жедел пневмониямен сырқаттанып қалды, нәтижесінде зәрінде ацетон анықталған.

Осы уақытта қандай препарат ЕҢ бірінші кезекте көрсетілген?

 

*глинидтер

*+инсулин

*бигуанид

*глитазон

*сульфонилмочевина

 

#946

*!50 жастағы ер кісі емханаға аузының құрғауына, шаршағыштыққа, артық салмаққа, жоғары тәбетке шағымданып келді. Қарап тексеру кезінде ДСИ 34, терісі құрғақтау. Ашқарынға гликемия 7,2 ммоль/л. Зәрінде аглюкозурия, ацетон теріс.

Берілген науқасқа қандай препаратты тағайындау ЕҢ бірінші кезекте көрсетілген?

 

*инсулин

*гликлазид

*метформин

*глибенкламид

*тиазолидиндион

 

#947

*!58 жасар ер кісі ең алғаш рет жиіленген фурункулезге және аузының құрғауына байланысты дәрігерге шағымданғаннан бері соңғы бір жыл көлемінде өзін аурумын деп санайды. Дәрігер метформин 1000 мг/тәулігіне тағайындады. Қант деңгейін өзі анықтағанда 5,8-8,2 ммоль/л аралығында. Жақын күндерде науқасты төс артындағы қатты ауру сезімін мазалау себебімен жедел жәрдем шақырылып, реанимация бөліміне госпитализацияланды. Гликемия 12,5 ммоль/л.

Ары қарай науқасты жүргізудің қандай тактикасы ЕҢ оптимальды?

 

*емге глибенкламид қосу

*метформин мөлшерін жоғарлату

*метформин мөлшерін төмендету

*уақытша метформинді тоқтату

*+инсулинотерапия тағайындау

 

#948

*!Бір жыл бұрын 32 жастағы әйел кісі артық салмаққа, терісінің және аузының құрғауына байланысты емханаға шағымданып келген болатын. Дәрігер ашқарынға гликемия 7,5 ммоль/л және 13,3 ммоль/л болуына байланысты метформин 1000 мг кешке тағайындап, емдәм ұсынды. Қазіргі кезде жағдайы жақсы. Шағымдары жоқ. 5 кг жүдеген. Пациент жүктілікті жоспарлауда. Ашқарынға қант деңгейі 5,2 ммоль/л.

Жүктілік туындаған жағдайда төменде берілген терапия принциптерінің қайсысы ЕҢ қажетті ?

 

*метформин қабылдау

*+инсулинотерапия

*диетотерапия жеткілікті

*α-глюкозидаза тежегіштерін қабылдау

*сульфонилмочевина препараттарын қабылдау

 

#949

*!Сатылым жөніндегі менеджер 43 жаста ипотека алу мақсатында қарапайым медициналық тексерістен өткен. Анамнезінде қауіпті аурулары жоқ, ешқандай дәрілік препараттар қабылдамайды. Аптасына 2-3 литр сыра ішеді, темекі шекпейді. Анасында семіздік, АГ болған, әкесі 62 жаста миокард инфарктынен қайтыс болған. Тексеру барысында АҚ 150/95 сын.бағ, ДСИ 32 кг/ . Бел аумағы 113 см. Микроальбуминурияға тест оң.

Төменде берілген жағдайлардың қайсысының дамуы ЕҢ ықтимал?

 

*нефротикалық синдром

*гипертоникалық ауру

*+метаболикалық синдром

*жүректің ишемиялық ауруы

*алиментарлы семіздік

 

#950

*!Сатылым жөніндегі менеджер 43 жаста ипотека алу мақсатында қарапайым медициналық тексерістен өткен. Анамнезінде қауіпті аурулары жоқ, ешқандай дәрілік препараттар қабылдамайды. Аптасына 2-3 литр сыра ішеді, темекі шекпейді. Анасында семіздік, АГ болған, әкесі 62 жаста миокард инфарктынен қайтыс болған. Тексеру барысында АҚ 150/95 сын.бағ, ДСИ 32 кг/ . Бел аумағы 113 см. Микроальбуминурияға тест оң.

Осы науқасқа қандай тексеріс әдісін ЕҢ бірінші кезекте жүргізіледі?

 

*көз түбін тексеру

*электрокардиограмма

*+қант және холестерин

*гликирленген гемоглобин

*құрсақ ағзаларының УДЗ

 

 

#951

*!Сатылым жөніндегі менеджер 43 жаста ипотека алу мақсатында қарапайым медициналық тексерістен өткен. Анамнезінде қауіпті аурулары жоқ. Ешқандай дәрілік препараттар қабылдамайды. Аптасына 2-3 литр сыра ішеді, темекі шекпейді. Анасында семіздік, АГ болған, әкесі 62жаста миокард инфарктынен қайтыс болған. Тексеру барысында АҚ 150/95 сын.бағ, ИМТ 32 кг/ . Бел аумағы 113 см. Микроальбуминурияға тест оң. ЕҢ тиімді емдеу тактикасы ?

 

*психотерапия

*+дене массасын төмендету

*қауіп факторларына бақылау

*аорто-коронарлы шунттау

*медико-генетикалық консультация

 

#952

*!Әйел 57 жаста соңғы 2 жылда тиреостатикалық терапия қабылдаған. Науқастың айтуынша, препараттарды жүйелі түрде қабылдамайды, бақылау жасамаған. Соңғы аптада респираторлы ауру фонында артериалды гипертония, әлсіздік, терінің гиперпигментациясы байқала бастаған. Төменде көрсетілген тексерістердің біреуі ең бірінші кезекте жасалынуы қажет:

 

*жалпы қан анализы

*инсулинды анықтау

*өкпе рентгенографиясы

*+кортизолды анықтау

*қалқанша безінің пункционды биопсиясы

 

#953

*!Қыз 14 жаста ауруханага мойын аймағының ұлғаюымен, қозғыштық, жылағыштық, жүрек соғысының жиілеуі, салмақ тастау шағымымен түскен. Гипергидроз, айқын қызыл дермографизм байқалады.

Қалқанша безінің 2 ші дәрежелі улғаюы, экзофтальм анықталған.

Емдеудің қай бағыты ең дұрысы?

 

*седативті

*+тиреостатикалық

*жалпы нығайтқыш

*қантамыр кеңейіткіш

*дезинтоксикационды

 

#954

*!Қыз 14 жаста ауруханага мойын аймағының ұлғаюымен, қозғыштық, жылағыштық, жүрек соғысының жиілеуі, салмақ тастау шағымымен түскен. Гипергидроз, айқын қызыл дермографизм байқалады.

Қалқанша безінің 2 ші дәрежелі улғаюы, экзофтальм анықталған

Қандай күн тәртібі көрсетілген?

 

*еркін

*+төсектік

*жартылай төсектік

*қатаң төсектік

*емдеу-шынықтыру тобында сабақ

 

#955

*!Ер адам 47 жаста соңғы айда әйелі оң көзінің ұлғайғандығын байқаған. Дені сау және ешқандай шағымы жоқ. Сылақшы болып жұмыс жасайды. Аптасына бір рет 0,5 л сыра және 100 грамм арақ қабылдайды , сонымен қатар 20 сигарет күніне шегеді және ешқандай дәрілік препарат қаблдамайды. Гормональды зерттеуде ТТГ бөлінуінің төмендеуі және аздап бос тироксиннің концентрациясының 27 пмоль/л ға дейін жоғарылауы анықталды (қалыпты 12-25 пмоль/л).

Қосымша қандай зерттеу әдістерін жүргізуге болады?

 

*тиреоглобулин

*көз түбін анықтау

электрокардиограмма

*+ТТГ рецепторына антидене

*бос трийодтиронин

 

#956

*!Ер адам 47 жаста соңғы айда әйелі оң көзінің ұлғайғандығын байқаған. Дені сау және ешқандай шағымы жоқ. Сылақшы болып жұмыс жасайды. Аптасына бір рет 0,5 л сыра және 100 грамм арақ қабылдайды , сонымен қатар 20 сигарет күніне шегеді және ешқандай дәрілік препарат қаблдамайды. Гормональды зерттеуде ТТГ бөлінуінің төмендеуі және аздап бос тироксиннің концентрациясының 27 пмоль/л ға дейін жоғарылауы анықталды (қалыпты 12-25 пмоль/л)

Науқас үшін қандай кеңес маңызды?

 

*+шылым шегуды тоқтату

*витаминдерді қабылдау

*көру куштемесін азайту

*физикалық күштемені азайту

*алкоголь кабылдауды азайту

 

#957

*!Қыз бала 18 жаста ауруханага мойын аймағының ұлғаюымен, қозғыштық, жылағыштық, жүрек соғысының жиілеуі, салмақ тастау шағымымен түскен. Гипергидроз, айқын қызыл дермографизм байқалады.