Анкилоздаушы спондилоартрит

Жедел ревматикалық қызба

*Жүйелі қызыл жегі

*Жүйелі склеродермия

*+Реактивті артрит

 

#1176

Йел адам, 36 жаста, сол жақ тізе буынындағы қатты ауру сезіміне, оның аймағындағы терінің қызаруына, ісінуіне, қозғалыстың шектелуіне,кіші дәретке ауру сезімммен баруына, көзінің қызаруына, алақанының құрғауына шағымданады. Сұрастырып анықталды: бір ай бұрын таныс гинеколокта емделді. Рентгенограммада илеосакралды буын бір жақты сакроилеит ЭТЖ 35мм/сағ. Хламидияға ИФА оң.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз?

*+Реактивті артрит

Жедел ревматикалық қызба

*Жүйелі қызыл жегі

*Жүйелі склеродермия

Анкилоздаушы спондилоартрит

#1177

Ер адам, 25 жаста. Сол тізе буынының қатты ауыруы және ісінуіне,терісініңқызаруына, ісінуіне, олардағы қозғалыстың шектелуінешағымданды. Сұрастырып анықталды: 1 ай бұрын уретерит диагнозымен таныс урологында емделген.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

*+Реактивті артрит

Жедел ревматикалық қызба

*Жүйелі қызыл жегі

*Жүйелі склеродермия

Анкилоздаушы спондилоартрит

#1178

*!Науқас К. 32 жаста, дәрігерге бел және сегізкөз аймағында түннің 2 жартысында күшейіп, таңертең, спортпен шұғылданған соң басылатын ауыру сезіміне, бөксе аймағында ауыру сезімі, бел омыртқасы бөлігінде қозғалысы тығыз және қиын, ахил сіңірі бекінген аймақтағы ауыру сезімі, көзде құм тұрғандай сезім, тез шаршағыштыққа шағымданды. Анамнезінде 10 жыл бойы ауырады. Офтальмологта консультацияда болды. Диагнозы алдыңғы увеит. Қарап тексергенде: бел лордозы тегістелген, бел аймағының бұлшық еттері жиырылуы, бел омыртқасы және сегізкөз аймағында белсенді қозғалыс шектелген. Симптом:Томайер,Кушелевский, Шобер+1,0см.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

 

*Реактивті артрит

Жедел ревматикалық қызба

*Жүйелі қызыл жегі

*Жүйелі склеродермия

*+Анкилоздаушы спондилоартрит

#1179

*!Науқас А. 36 жаста. Кеуде омыртқасының қозғалысы шектелуіне және ауыру сезіміне, таңертең 2 сағатқа созылатын бел аймағындағы ауыру сезімі, жалпы әлсіздікке шағымданды. Анамнезінде 5 жыл ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық.Қалпы енжар. Дене бітімі нормостеник. Салмағы 45кг. Тері түсі қалыпты. Алақаны ылғалды, салқын. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған.Перифериялық ісік жоқ. Буындары деформацияланбаған. Кеуде омыртқасы аймағында қозғалысы айқын шектелген. Науқас қиындықпен терең дем алады.Симптомдар: Томайер - , Кушелевский -, Шобер+1см. ЭТЖ 30 мм/сағ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

 

*Ревматоидты артрит

*Реактивті артрит

*Жедел ревматоидты қызба

*+Анкилоздаушы спондилоартрит

*Жүйелі қызыл жегі

 

#1180

*!Науқас Қостанай қаласының терапия бөліміне омыртқадағы ауыру сезіміне, көбіне бел аймағының, қозғалысы шектелген, ағаш тірңздң омыртқа, дене температурасы жоғарылаған, жүдеген. Өзін 8 жыл аурумын деп санайды. Жоғары ісері бар жылытушы процедурамен емделген. Дене бітімі нормостеник. Салмағы 50 кг. Терісінің түсі қалыпты. Буындары деформацияланбаған. Кеуде омыртқасы аймағында қозғалысы айқын шектелген. Науқас қиындықпен бүйіріне бұрылады. Симптомдар: Томайер - , Шобер оң. СРБ оң. ЭТЖ10 мм/сағ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

 

*Ревматоидты артрит

*Реактивті артрит

*Жедел ревматоидты қызба

*Жүйелі қызыл жегі

*+Анкилоздаушы спондилоартрит

 

 

#1181

*!Ер адам, 36 жаста. Кеуде омыртқасының қозғалысы шектелуіне және ауыру сезіміне, таңертең 1 сағатқа созылатын бел аймағындағы ауыру сезімі, жалпы әлсіздікке шағымданды. Анамнезінде 5 жыл ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Қалпы енжар. Дене бітімі нормостеник. Салмағы 45кг. Тері түсі қалыпты. Алақаны ылғалды, салқын. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған.Перифериялық ісік жоқ. Буындары деформацияланбаған. Кеуде омыртқасы аймағында қозғалысы айқын шектелген. Науқас қиындықпен терең дем алады.Симптомдар: Томайер -, Кушелевский -, Шобер+1см. ЭТЖ 30 мм/сағ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

 

*Ревматоидты артрит

*Реактивті артрит

*Жедел ревматоидты қызба

*+Анкилоздаушы спондилоартрит

*Жүйелі қызыл жегі

 

#1182

*!Ер адам, 34 жаста, тез қозғалғанда бел, иықжәне мойын буындарының, омыртқасының біртіндеп күшейетін ауыру сезімі мазалайды. Ауру суықтанудан басталды. Қарап тексергенде: ості өсіндіні, илеосакралды буындарды пальпациялағанда ауырсыну сезімі, бел омыртқасының сегментарлы ригидтілігі, жақын орналасқан бұлшықеттердің атрофиясы байқалды. Рентгенограммада: омыртқалар остеопорозы, екіжақты сакроилеит. Қан анализінде:Лейк- ,ЭТЖ-37 мм.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

 

*Ревматоидты артрит

*Реактивті артрит

*Жедел ревматоидты қызба

*+Анкилоздаушы спондилоартрит

*Жүйелі қызыл жегі

 

#1183

*!Ер адам 35 жаста, 10 жыл бойы білезік буыны мен омыртқаның төменгі бөлігінде біртіндеп күшейетін ауырсыну сезімі, қозғалысының шектелуі мазалайды.Остеохондроздан, содан соң ревматоидты артриттен емделген, қысқа мерзімді әсер берген. Офтальмологта иридоциклитпен қарауда болған. Қан анализінде: ЭТЖ 27мм/сағ. Рентгенограммада:

Екіжақты периартикулярлы склероздану, сакроилеит.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

 

*Ревматоидты артрит

*Реактивті артрит

*Жедел ревматоидты қызба

*+Анкилоздаушы спондилоартрит

*Жүйелі қызыл жегі

 

#1184

*!Остеопороздың рентгенологиялық белгілері қай ауруға тән:

 

*+Ревматоидты артрит

*Септикалық артрит

*Гонококкты артрит

*Подагралық артрит

*Дерматомиозит

 

#1185

*!Әйел адам, 75 жаста. Жамбас-сан буыны аймағының ауырсыну сезіміне шағымданды. Анамнезінде: сан мойыны сол жағы сынуы. Денситометрияда остеопороз. Т критерий қаншаға тең:

 

*-1,5 стандартты әкету.

*-1,0 стандартты әкету.

*0 стандартты әкету.

*-0,5 стандартты әкету.

*+– 4,2 стандартты әкету.

 

#1186

*!Әйел адам, 55 жаста. Бел омыртқа аймағының ауырсыну сезіміне шағымданды. Ерте менопауза. Денситометрияда остеопения. Т критерий қаншаға тең:

 

*-3,5 стандартты әкету.

*+-1,0 стандартты әкету.

*3,0 стандартты әкету.

*-4,5 стандартты әкету.

*–4,0 стандартты әкету.

 

#1187

*!Науқас жүйелі қызыл жегі ауруымен ұзақ уақыт бойы патогенетикалық терапия қабылдайды. Остеопороздың қай түрінің дамуын болжауға болады?

 

*Синилді

*+Глюкокортикостероидты

*Ювенилді

*Идеопатикалық

*Постравматикалық

 

#1188

*!Ер адам, 44 жаста. Автобус жүргізушісі. Ревматолог қабылдауында білезік буындарының ауыру сезімі және ісінуіне, фотосенсибилизацияға, жүрек тұсының ауыру сезіміне, бас сақинасы типті бас ауыру, дене қызуы -қа дейін көтерілуіне, шаштың түсуіне, афтозды стоматитке шағымданды. Қарап тексергенде: жақтарында- эритематозды дерматит, бетінің, аяқтарының ісінуі, жүрек тоны бәсеңдеген, жүрек ұшында систолалық шу. Жалпы қан анализінде:эритроцит- , ЭТЖ – 50 мм/сағ, тәуліктік протеинурия – 4,0 г., креатинин – 160 мкмоль/л.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

 

*Жүйелі склеродермия

*Дерматомиозит

*Ревматоидты артрит

*+Жүйелі қызыл жегі

*Жедел гломерулонефрит

 

#1189

*!Әйел адам, 27 жаста, кәрі жілік-білезік буынының ауырсынуы, ісінуі, қозғалысының шектелуіне шағымданды, бел аймағының ауырсыну сезіміне, қатты таңдайда ауырсынусыз жаралар, жүдеу, шаштың түсуі, субфебрильді температураға шағымданды. Қарап тексергенде: лимфоаденопатия, алопеция, хейлит, кардит, бетте «көбелек». Антинуклеарлы антидене оң, нативты ДНҚ-ға антидене оң. ЭТЖ-35мм/сағ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

 

*Ревматоидты артрит

*Жүйелі склеродермия

*Ревматикалыққызба

*+Жүйелі қызыл жегі

*Түйінді периартериит

 

#1190

*!Науқас Р. 30 жаста. Ревматолог қабылдауында беті, декольте аймағында эритематозды бөртпе, білезік, тізе буындарының ауыру сезімі және ісінуіне, қозғалысының шектелуіне, шаштың түсуіне, жүрек соғысының жиілеуіне, субфебрильді температураға шағымданды. Қарап тексергенде: бетте эритематозды бөртпе, лимфоаденопатия, алопеция, кардит. ЖҚА: ЭТЖ-40мм/сағ. СРБ оң. Антинуклеарлы антидене, ДНҚ-ға нативті антидене титрі жоғары.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

 

*+Жүйелі қызыл жегі

*Ревматоидты артрит

*Түйінді периартериит

*Жүйелі склеродермия

*Идиопатикалық дерматомиозит

 

#1191

*!Әйелде 3 апта бойы буындағы ауру сезімі, қызба, бетте фотосезімтал бөртпелер пайда болды. Зерттелгенде антинуклеарлы фактордың титрі жоғарылаған.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

 

*Қызамық

*Жүйелі склеродермия

*Дерматомиозит

*+Жүйелі қызыл жегі

*Ревматикалық қызба

 

#1192

*!Әйел 26 жаста, қол саусақтарының ұсақ буындарының ауыруына және ісінуіне шағымданады, бетінің қызаруына, жүрек қағуына, әлсіздікке, арықтауға, ауыз қуысында жаралардың пайда болуына шағымданады. Босанғаннан кейін 3 айдан соң ауыра бастады. Қарап тексергенде – фаланга аралық буындарды палпациялаған кезде ауру сезімі бар, бетінде «көбелек» және «декольте» аймағында гиперемия. Жүрек тондары тұйықталған, жүректің соғу жиілігі минутына 150 рет. Жалпы қан анализі – эритроциттер – , түсті көрсеткіш – 0,86, лейкоциттер – , ЭТЖ– 48 мм/с.

Қандай диагноз сәйкес келеді?

 

*Жүйелі склеродермия

*Дерматомиозит

*Түйінді периартериит

*+Жүйелі қызыл жегі

*Ревматикалық емес миокардит

 

#1193

*!Әйел 27 жаста, барлық денесіне жайылған ісінуге, саусақтарының ұсақ буындарының айқын ауру сезіміне, сәл физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, жүрек аймағындағы жүрек қағуларға, құрғақ жөтелге, шаштарының түсуіне, арықтауға, дене температурасының жоғарылауына шағымданады. Ауырғанына 7 күн болды. Қарап тексергенде: өкпенің төменгі бөліктерінде әлсіреген везикулярлы тыныс, жүректің жиырылу жиілігі минутына 120 рет. Бетінің ісінуі, саусақтарының ұсақ буындарын пальпациялаған кезде ауру сезімнің болуы. Жалпы қан анализінде - лейкоциттер – , ЭТЖ – 62 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде – белок 3,4 г/л, эритроциттер - 7-8 көру алаңында, лейкоциттер - 4-5 көру алаңында. Антинуклеарлы фактор оң.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсет:

 

*Жедел гломерулонефрит

*Жедел пиелонефрит

*Бүйрек амилоидозы

*+Люпус-нефрит

*Зәр тас ауруы

 

#1194

*!Әйел, 44 жаста, саусақ буындарының ауру сезімі мен құрысуға, күн сәулесінің астында жүріп қалғаннан кейін дененің ашық жерлерінің қызаруына шағымданады. Қарап тексергенде: бет сүйегінде - эритематозды дерамит, бетінде және аяқтарында ісінулер, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі. Жалпы қан анализінде - эритроциттер- , ЭТЖ – 40 мм/сағ, тәуліктік протеинурия – 3,58 г., қан креатинині – 133 мкмоль/л.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсет:

 

*Жүйелі склеродермия

*Дерматомиозит

*Ревматоидты артрит

*+Жүйелі қызыл жегі

*Жедел гломерулонефрит

 

#1195

*!Әйел 32 жаста, шынтақ (лучезапястных) буынының қимыл әрекетінің қиындауына, ісінуіне және ұшпалы ауру сезіміне, арықтауға, субфебрильді температураға шағымданады. Қарап тексергенде: лимфоаденопатия, алопеция, хейлит, кардит, бетінде «көбелек» байқалады. Оң антинуклеарлы антиденелер, нативті ДНК-ға антиденелер.ЭТЖ – 46 мм/сағ.

Ең ықтимал диагноз қандай?

 

*Ревматоидты артрит

*+Жүйелі қызыл жегі

*Ревматикалық қызба

*Жүйелі склеродермия

*Түйінді периартерит

 

#1196

*!Әйел 32 жаста, дәнекерлеуші. Дәрігер қабылдауында болып, шынтақ кәріжілік буынының қимыл әрекетінің қиындауына, ісінуіне және ауру сезіміне, шашының түсуіне, жүрек соғуының жиілеуіне, арықтауға, субфебрильді температураға шағымданады. Қарап тексергенде: лимфоаденопатия, алопеция, хейлит, кардит, бетінде «көбелек» байқалады. Оң антинуклеарлы антиденелер, нативті ДНК-ға антиденелер.ЭТЖ – 46 мм/сағ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсет:

 

*+Жүйелі қызыл жегі

*Ревматоидты артрит

*Түйінді периартерит

*Жүйелі склеродермия

*Ревматикалық қызба

 

#1197

*!Әйел К., 40 жаста, саусақ буынының, табанның ауру сезіміне, тоңғыштығына олардың суықта жансыздану сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: бетінде «жұлдыз» тәріздес қантамырлық тор. Саусақтары бүгу контрактурасында, аяқ және қол саусақтарында жаралар. Рейно синдромы. Өкпесінде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сырылдар бар. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, дұрыс ритмді. Жүректің соғу жиілігі – 80 рет минутына. Артериалды қан қысымы – 150/90 мм.с.б.б. Қанда: эритроциттер - , гемог-110 г/л, лейк- . ЭТЖ – 18 мм/сағ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

 

*Жүйелі қызыл жегі

*Ревматоидты артрит

*Түйінді периартерит

*+Жүйелі склеродермия

*Ревматикалық қызба

 

#1198

*!Саусақтардың контрактурасы, Рейно синдромы, микростомия, эзофагопатия, тері атрофиясы қай аурудың белгілері болып табылады:

 

*Ревматоидты артриттің

*Дераматомиозиттің

*+Жүйелі склеродермияның

*Микседеманың

*Мерездің (Сифилис)

 

#1199

*!45 жастағы әйелде саусақтарының некрозданған өзгерістеріне дейінгі Рейно синдромы байқалады, жұтынудың бұзылуы, өкпелік гипертензия, қол саусақтарын жұмудың қиындауы, саусақ аймағындағы терінің қалыңдауы, саусақ фалангаларының лизистенуінің нәтижесінде қысқаруы.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсет:

 

*Жүйелі қызыл жегі

*Ревматоидты артрит

*Түйінді периартериит

*+Жүйелі склеродермия

*Ревматикалық қызба

 

#1200

*!Әйел 28 жаста, кеуде аймағында, сол жақ балтыр мен сан жағындағы депигментацияның пайда болуына, жүрек аймағындағы ауру сезімге, сәл физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентікпеге, қол саусақтарының ісінуіне, полиартралгияларға, арықтауға шағымданады. Қарап тексергенде: бет және екі қол терісінің индурациясы, аяқ-қолдары ұстағанда суық, өкпесінің төменгі бөліктерінде қатаң тыныс, тыныс алған кезде – құрғақ ысқырықты сырылдар. ЭТЖ – 27 мм/с. Қан құрамында оксипролин деңгейінің жоғарылауы.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды таңда:

 

*Жүйелі қызыл жегіге

*+Жүйелі склеродермия

*Дерматомиозит

*Микседема

*Созылмалы гломерулонефрит

 

#1201

*!Әйел 29 жаста, балтыр, сан, екі қол терісінде депигментация байқады. Қарап тексергенде – оң жақ балтыр, сол жақ сан, иығында – гипопигментация, атрофиялар, тығыздалулар. Қол саусақтары ісінген, қиын бүгіледі, үстағанда суық. Қолтық асты аймағында «қылыш» тәріздес тыртық.

Ең ықтимал диагноз қандай?

 

*Жүйелі қызыл жегі

*+Жүйелі склеродермия

*Дерматомиозит

*Микседема

*Созылмалы гломерулонефрит

 

#1202

*!Әйелге 54 жас, ұзақ жылдар бойы жүйелі склеродермиямен ауырады. Соңғы аптада АҚҚ 180/110 мм.с.б.б. көтерілуіне шағымданды. Қан креатинині – 180 мкмоль/л, шумақтық фильтрация – 72 мл/мин. Жалпы зәр анализінде - белок 0,8 г/л, эритроциттер – 3-4 көру аймағында, цилиндрлер – 4-5 көру аймағында.

Науқаста қандай асқынудың дамуы МҮМКІН?

 

*Созылмалы пиелонефрит

*Созылмалы гломерулонефрит

*Нефротикалық синдром

*+Склеродермиялық бүйрек

*Бүйрек амилоидозы

 

#1203

*!Ер адам, 38 жаста, жарақаттан кейін қол және аяқ бұлшықеттерінде ауыру сезімі, әлсіздік пайда болды. 1 апта бұрын қабақтың ісінуі, бас және мойны күлгін түсті, аз күштемеге ентігу, дауысының өзгеруі, тамақпен кекіру. Қарап тексергенде: ісіну, иық белдеуінің, жамбастың бұлшық етінің ауырсынуы. ЖҚА: эритроциттер-5,0млн., гемоглобин-90г/л, лейкоциттер-8,2мың, ЭТЖ-58мм/сағ.

Ең ықтимал диагнозды көрсет:

 

*Жедел ревматикалық қызба

*Жүйелі склеродермия

*Жүйелі қызыл жегі

*Спецификалық емес аортоартериит

*+Идиопатиялық дерматомиозит

 

#1204

*!Әйел 27 жаста, бұлшықетінің кенеттен әлсіздігімен көрінетін арықтауға, миалгияға, қиын жұтынуға, қабақ терісінің ақшыл-көкке боялуы мен ісінуіне шағымданды. Қан анализінде – миоглобин мен креатининфосфокиназаның жоғарылауы.

Қандай диагнозға ТӘН?

 

*Түйінді периартериит

*Жүйелі қызыл жегі

*Шегрен синдромы

*+Дерматомиозит

*Жүйелі склеродермия

 

#1205

*!20 жасар әйелде, босанудан кейін бұлшықетінде ауру сезімі, бұлшықеттік әлсіздік дамыды. Бір апта бұрын қабағының ісінуі, сәл жүктемеден кейін ентігу, даусының қарлығуы, тамақпен шашалу пайда бола бастады. Қарап тексергенде: ентігу, иық, сан бұлшықеттерінің ауырсынуы. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - , гемоглобин -110 г/л, лейкоциттер – , ЭТЖ – 66 мм/сағ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды таңда

 

*+Идиопатиялық дерматомиозит

*Жүйелі склеродермия

*Жүйелі қызыл жегі

*Ревматоидты артрит

*Жедел ревматикалық қызба

 

#1206

*!Әйел 19 жаста, айқын бұлшықеттік әлсіздікке шағымданады, ол тек өзгенің көмегімен ғана төсекке жата және тұра алады. Проксимальді фаланга аралық буындардың үстінде терінің экзематозды өзгерістері, беті мен қабағында көкшіл-қызыл дақтар байқалады.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды таңда:

 

*Миастения

*Фибромиалгия

*Дюшенбұлшықеттік дистрофиясы

*+Идиопатиялық дерматомиозит

*Жүйелі склеродермия

 

#1207

*!Әйел 38 жаста, айқын бұлшықеттік әлсіздікке, өзін өзі күте алмаушылыққа, беті мен іш аймағындағы эритематозды бөртпелерге шағымданады. Проксимальді фаланга аралық буындардың үстінде терінің экзематозды өзгерістері, қалыптыдан асатын КФК деңгейінің 80-ге дейін жоғарылауы, антинуклеарлы антиденелер анықталды.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

 

*+Идиопатиялық дерматомиозит

*Жедел ревматикалық қызба

*Ревматоидты артрит

*Жүйелі қызыл жиегі

*Жүйелі склеродермия

 

#1208

*!Әйел адам, 37 жаста, жұтынудың қиындауына, шашалуға, қол мен аяқтарының айқын бұлшықет әлсіздігіне, параорбитальды аймақта эритематозды ісіктің барына шағымданды. Қанда- креатининфосфокиназа титрі жоғарылаған, антинуклеарлы антиденелер.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

 

*+Идиопатиялық дерматомиозит

*Жүйелі склеродермия

*Жүйелі қызыл жиегі

*Ревматоидты артрит

*Жедел ревматикалық қызба

 

#1209

*!Әйел адам, 22 жаста, иықтарының, сандарының ауыру сезіміне, тәбетінің болмауына, субфебрильді температураға, жалпы әлсіздікке шағымданды. АҚ оң қолында 70/50мм/сағ. СРБ оң.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозын көрсет:

 

*Түйінді периартериит

*+Спецификалық емес аортоартериит

*Самай артерииті

*Эозинофильді васкулит

*Венгер гранулематозы

 

#1210

*!Науқас 72 жаста, айқын бас ауруына, көбіне самай бөлігінен бастап көзге таралады. Аяқ бұлшық етінің ауыру сезімі, қозғалысы шектелген, тәбеті төмендеген, дене массасының соңғы 2 айда 8 кг-ға төмендеуі.1 жыл бұрын қараша айының басында самай венасының ісінуі, бас ауруы, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, әлсіздік, дене температурасының 38,5 градусқа дейін жоғарлауы. Лабораторлы: Лейк 11,8, Нв 94 г/л, Тр 540, нейтроф-70,1%, ЭТЖПанченков б/ша 66мм/ч. РФ 26,3, СРБ 9,2+, АЦЦП- теріс

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсет:

 

*Дерматомиозит

*Жүйелі қызыл жегі

*Түйінді периартериит

*+Хортон ауруы

*Жүйелі склеродермия

 

#1211

*!Әйел адам, 22 жаста, аяқтарында ауырсынусыз пальпацияланбайтын ұсақ нүктелі петехиальді бөртпелердің барына, артралгияға шағымданды. Аяқтардың ишемиясы, ұюы, қызба байқалмайды. Жалпы зәр анализінде- эритроциттер 8-10 ккөру алаңында, ЭТЖ-14мм/сағ. Иммуноглобулин А деңгейі жоғарылаған.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

 

*Түйінді периартериит

*Вегенер гранулематозы

*Түйінді эритема

*Есекжем

*+Геморрагиялық васкулит

 

#1212

*!Ер адам, 50 жаста, ауыз қуысының, гениталийдің, терінің кілегей қабатының ауыратын жаралары, тұрақты әлсіздік, қызба, артралгия, көздің көруінің нашарлауы, артериялық қысымның жоғарылауы. Жалпы қан анализінде-лейкоциттер , эозинофилдер – 7 %, СОЭ 50 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде– белок 0,99 г/л, креатинин – 136 мкмоль/л, HBsAg оң, ПЦР HBV ДНК – оң. Антинуклеарлы антиденелер теріс.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

 

*Вегенер гранулематозы

*Түйінді периартериит

*Геморрагиялық васкулит

*Чарджа- Стросс синдромы

*+Бехчет ауруы

 

#1213

*!Ер кісі 29 жаста, балтыр бұлшықеттеріндегі ауру сезімге, аталық жыныс безінің ауырсынуына, аяқтарының жансыздануына, аяқ терісіндегі бөртпелерге, арықтауға, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: аяқтарының сезімталдығының бұзылуы, қолының терісінде папулонекротикалық бөртпелер. Артериальді қан қысымы 190/110 мм.с.б.б. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – , эозинофилдер – 17%, ЭТЖ 49 мм/сағ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?

 

*Дерматомиозит

*Жүйелі қызыл жегі

*Бюргер ауруы

*Такаясу ауруы

*+Түйінді периартериит

 

#1214

*!Ер кісі 45 жаста, тұрақты әлсіздікке, қызбаға, миалгия, артралгияға, ішіндегі ауру сезімге, артериальді қан қысымының жоғарылауына, көшпелі мононевриттерге шағымданды. В общем анализе крови – лейкоциты /л, эозинофилы – 15%, СОЭ 69 мм/ч. Жалпы зәр анализінде – белок 0,26 г/л, креатинин – 123 мкмоль/л, HBsAg оң, ПЦР HBV ДНК – оң. Абдоминальді ангиограмма жүргізген кезде көптеген микроаневризмалар ұсақ және орта калибрлі қантамырлардың окклюзиясы мен стенозы анықталды.

Төменде аталған диагноздардың қайсысына ТӘН?

 

*Вегенер гранулематозы

*+Түйінді периартериит

*Геморрагиялық васкулит

*Чарджа- Стросс синдромы

*Спецификалы емес аортоартериит

 

#1215

*!Әйел 36 жаста, аяқтарында ауырсыну сезімсіз пальпацияланбайтын ұсақ нүктелі петехиальді пурпура, артралгия анықталды. Қызба, арықтау, аяқтарында жансыздану мен ишемия байқамаған. Жалпы зәр анализінде – эритроциттер 10-12 көру аймағында, ЭТЖ – 12 мм/с. Иммуноглобулин А деңгейінің жоғарылауы.

Төменде аталған диагноздардың қайсысына ТӘН?

 

*Түйінді периартериит

*Вегенер гранулематозы

*Түйінді эритема

*Есекжем

*+Геморрагиялық васкулит

 

#1216

*!Әйелге 24 жас, ішінің оң жағының жансыздануына, қолын көтерген кезде басының айналуына, көру қабілетінің төмендеуіне, жүрегінде шаншып ауыру сезіміне шағымданды. Ангиография сол жақ иық және кәрі жілік артериясының стенозын анықтады. Қанда кардиолипинге антиденелер деңгейі жоғарылаған. Эхокардиографияда қолқалық қақпақша жетіспеушілігінің көріністері анықталды. ЭТЖ – 60 мм/сағ.

Төменде аталған диагноздардың қайсысына ТӘН?

 

*Дерматомиозит

*Жүйелі қызыл жегі

*Түйінді периартериит

*+Спецификалы емес аортоартериит

*Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы

 

 

#1217

*!Науқас 72 жаста, айқын бас ауруына,көбіне самай бөлігінен бастап көзге, жаққа таралады. Аяқ бұлшық етінің ауыру сезімі, қозғалысы шектелуімен, тәбеті төмендеген, жиі іш қату, дене массасының соңғы 3 айда 12 кг-ға төмендеуі.1 жыл бұрын қараша айының басында самай венасының ісінуі, бас ауруы, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, әлсіздік, дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарлауы. Лабораторлы:Лейк 12,6-12,56-11,9, Нв 120-94-91, Тр 540-544-550, нейтроф-70,1-73,7%, СОЭ Панченков б/ша 60-66-66мм/ч. РФ 26,26, СРБ 9,2+, АЦЦП- теріс

Ең ықтимал диагнозды көрсет:

 

*дерматомиозит

*жүйелі қызыл жегі

*түйінді периартериит

*+Хортон ауруы

*жүйелі склеродермия

 

#1218

*!Науқас Б., 48 жаста, инженер, іріңді бөлінісі бар тұмау, бас ауруы,әлсіздік, дене темпервтурасының дейін көтерілуі, ірі буыындардың ауыруы, аяқта геморрагиялық бөртпелер, жөтел, қан қақыруға шағымданды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, бозарған, дене массасы төмендеген, температура . Буындар өзгеріссіз. Өкпеде тыныс везикулярлы, оң жақ аксилярлы сызық бойымен ылғалды сырыл, тыныс алу жиілігі 28/мин. Жүрек тоны бәсеңдеген. АҚ 120/70ммс.б.б. Қанда Hb 48 г/л, лейк. – , СОЭ 65 мм/ч. Латекс-тест++. Реакция Ваалера-Розе 1:160.В моче: салыстырмалы тығыздығы 1010-1012, нәруыз 1,0 г/л, эр. 15-20 в п/зр, лейк. 2-3 көру алаңында. Рентгенологиялық зерттеуде: екі жақты жиірек өкпенің төменгі, ортаңғы бөліктерінде көптеген біріккен инфильтраттар анықталды. Олардың екеуі орталыңынан ыдыраған.

 

*Түйінді периартериит

*Эозинофильді васкулит

*Самай артериит

*Арнайы емес аортоартериит

*+Венгер гранулематозы

 

*Ревматология*3*57*1*

 

#1219

*!Жасөспірім, жасы 17-де, ауруханаға буындардың көшпелі ауруына, шамалы физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданып түсті. 2 апта бұрын іріңді баспамен ауырды. Қарап тексергенде: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары 2 см солға қарай ұлғайған, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шуыл. Сирақ-табан буындары ісінген, ұстағанда ауырады. Денеде ақшыл-қызыл cақина тәрізді бөртпелер.

Науқасқа тән ең ықтимал зерттеу?

 

*Жегілік жасушалар

*Ревматоидты фактор

*+Антистрептококкты антидене

*Креатинфосфокиназа

*Антинуклеарлы фактор

 

#1220

*!Жасөспірім, жасы 14-де, ауруханаға буындардың көшпелі ауруына, шамалы физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданып түсті. 2 апта бұрын іріңді баспамен ауырды. Қарап тексергенде: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары 2 см солға қарай ұлғайған, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шуыл. Сирақ-табан буындары ісінген, ұстағанда ауырады.

Берілген ауруға ең ықтимал этиологиялық факторды атаңыз?

 

*Көкіріңді таяқша

*Ішек таяқшасы

*Алтын стафилококк

*+А топтағы бета-гемолитикалық стрептококк

*Клебсиелла

 

#1221

*!Жас жігіт, 17 жаста, оң жақ тізе буындағы ауру сезіміне және ісінуіне, дене қызуының 37,6 градусқа көтерілуіне, денедегі бөртпелердің пайда болуына шағымдармен дәрігерге қаралды. Анамнезінен: 3 апта бұрын баспамен ауырды, баспадан кейін 2 аптадан соң жоғары айтылған шағымдар пайда болды. Қарап тексергенде: оң жақ тізе буынның артриті, кеуденің терісінде, алақанында қызыл түсті сақина тәрізді бөртпелер.

Берілеген ауруда тағайындалатын антибактериальді топ?

 

*Фторхинолондар

*Тетрациклиндер

*Сульфаниламидтар

*+Бензилпенициллиндер

*Аминогликозидтер

 

#1222

*!Жас жігіт, 17 жаста, оң жақ тізе буындағы ауру сезіміне және ісінуіне, дене қызуының 37,6 градусқа көтерілуіне, денедегі бөртпелердің пайда болуына шағымдармен дәрігерге қаралды. Анамнезінен: 3 апта бұрын баспамен ауырды, баспадан кейін 2 аптадан соң жоғары айтылған шағымдар пайда болды. Қарап тексергенде: оң жақ тізе буынның артриті, кеуденің терісінде, алақанында қызыл түсті сақина тәрізді бөртпелер.

Науқасқа жүргізілетін ең ықтимал зерттеу?

 

*Жегілік жасушалар

*Ревматоидты фактор

*+Антистрептококты антидене

*Креатинфосфокиназа

*Антинуклеарлы фактор

 

#1223

*!Қызбала, 16 жаста, тізе буындарының ауру сезіміне, ісінуіне, терідегі бөртпелерге, қызбаға, тамақтың жыбырлауына шағымданды. Қарап тексергенде: денеде – сақина тәрізді эритема, тізе буындарының ісінуі. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл, тахикардия. Артериалды қан қысымы 110/70 мм с.б.б.

ЕҢ ЛАЙЫҚТЫ қосымша зерттеу қандай?

*Ревматоидты фактор

*Нативті ДНК антиденелер

*+Антистрептолизин «О»

*Райт-Хеддельсон реакциясы

*С- реактивті белок

 

#1224

*!Ер адам, 40 жаста, аздаған жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, аяқтағы ісіктеріне, беттің қызаруына шағымданады. Бала кезінен созылмалы тонзилитпен ауырады. Қарап тексергенде: жүректің салыстырмалы тұйықталуы солға қарай, жоғары қарай ығысқан, ұшында диастолалық діріл. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон күшейген, ритмі дұрыс емес. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен ұлғайған, сирақтарда ісіктер байқалады.

Берілген ауруда тағайындалатын антибактериальді препараттар?

 

*Фторхинолондар

*Тетрациклиндер

*Сульфаниламидтар

*+Бензилпенициллиндер

*Аминогликозиттер

 

#1225

*!Ер адам, 56 жаста, дәрігерге ентігуге, аяқтардың ісінуіне шағымданып келді. Қарағанда жүректің салыстырмалы тұйықталуы төстің оң жақ қырынан 2,5 см сыртқа қарай ұлғайған, эпигастральді пульсациясы, IV тыңдау нүктесінде I тонның бәсеңдеуі және систолалық шуыл.

Ең ықтимал жүрек ақауы қандай?

 

*Аортальді жеткіліксіздігі

*Митральді жеткіліксіздігі

*Лютамбаше синдромы

*+Үшжармалы жеткіліксіздігі

*Қарыншааралық перденің кемістігі

 

#1226

*!Ер адам, 32 жаста, ұзақ уақыт бойы жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Қарағанда: жүректің салыстырмалы тұйықталудың сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1 см сыртқа қарай ұлғайған. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон бәсеңдеген және систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Жүректің жиырылу жиілігі – минутына 92 рет. Артериалды қан қысымы – 110/70 мм.с.б.

Жоғарыда берілгендер қай жүрек ақауына тән?

 

*аортальді жетіспеушілік

*өкпелік артерияның стенозы

*+митральді жетіспеушілік

*аортальді стеноз

*митральді стеноз

 

#1227

*!Кеуде ағзаларының рентгенографиясында аорталды стенозға тән:

 

*жүректің қалыпты өлшемі

*+сол жақ жүрекшенің ұлғаюы және сол жақ қарыншаның ұшылық томпаюы

*«тамшылы» жүрек

*«етіктер» сияқты жүректің конфигурациясы

*оң жақ жүрекшенің ұлғаюы

 

#1228

*!Митралды стенозы бар науқастарда ЕҢ жиі кездеседі:

 

*пароксизмалді жүрекшелік тахикардия

*жүрекшелердің тыпырлауы

*+жүрекшелердің фибрилляциясы (жыпылықтауы)

*толық атрио-вентрикулярлы бөгет

*қарыншалық экстрасистолия

 

#1229

*!Қайталмалы ревматикалық қызбадан кейін қанша уақыт өткен соң жүрекке операциялық шаралар жасауға болады?

 

*1 ай

*+3 ай

*6 ай

*12 ай

*2 жыл

 

#1230

*!Ер адам, 60 жаста, тізе, жілік-білезік және қолбасының ұсақ буындарының ауыруына шағымданады. Қарағанда: жілік-білезік және тізе буындарының ісінуі байқалады.Қозғалыстары шектелген. ЖҚА: ЭТЖ-35 мм/сағ. СРБ-оң. Ревматоидты фактор-оң. АЦЦП-оң. Білезік рентгенограммасында эпифизарлы остеопороз, буын саңылауы тарылған, аз мөлшердегі эрозиялар.

Қандай базисті препарат ең тиімді?

 

*купренил

*преднизолон

*хондроксид

*+метотрексат

*селл-септ

 

#1231

*!Әйел, ұстаз, 32 жаста, екі қолбасының ұсақ, екі жілік-білезік буындардағы және оң жақ тізе буынның ауру сезіміне және ісінуіне шағымаданады. Ауырғанына 3 жыл болды. Таңертеңгілік құрысу, ульнарлы девиация, созылмалы қабынулық сипаттағы ауру сезімі анықталды. Теріде бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, дыбысты. Ваалер-Роуз реакциясы 1:64, Райт-Хеддльсон реакциясы – теріс.

Науқасқа қандай зерттеу жүргізу қажет?

 

*Эхокардиография

*Ревматоидты фактор

*+Білезік рентгенографиясы

*С-реактивны белок

*Антинуклеарлы фактор

 

#1232

*!36 жастағы әйел, ревматоидты артритпен ауырады. Рентгенологияылқ зерттегенде буынмаңы остеопорозы, буын саңылауының тарылуы, бірен-сараң узуралар

Осы аталған өзгерістер қандай рентгенологиялық сатысына сәйкес?

 

*0 сатысы

*I сатысы

*+II сатысы

*III сатысы

*IV сатысы

 

#1233

*!Ревматоидты артрит кезінде қолбасының келесі өзгерулер сәйкес:

 

*+Ульнарлы девиация

*Бушар түйіндері

*Геберден түйіндері

*Тофустар

*Буынның осьтік зақымдалуы

 

#1234

*!25 жастағы әйел адам, қолбасы, жілік-білезік және шынтақ буындарының ауру сезіміне, 2 сағатқа созылатын таңғы құрысуына шағымданады. Қол буындарының ауруы және ісінуі 2 ай бұрын бала туғаннан кейін пайда болды. Әрі қарай жілік-білезік және шынтақ буындары қосылған. Науқас қолбастарын қыса алмайды, қолбастарының күші төмендеген, аталған буындардағы және тізе буындарда пассивті және белсенді қимылдар шектелген. Өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, дұрыс ритмді. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б.. Қолбастарының рентгенографиясында – буын маңындағы остопороз.

Ерте ревматоидты артрит диагностика кезіндегі ең ықтимал маркер?

 

*ревматоидты фактор

*+Антидене цикликалық цитруллинировалық пептид

*нейтрофильді лейкоцитоз

*анемия

*тромбоцитопения

 

#1235

*!Әйел, ұстаз, 32 жаста, екі қолбасының ұсақ, екі жілік-білезік буындардағы және оң жақ тізе буынның ауру сезіміне және ісінуіне шағымаданады. Ауырғанына 3 жыл болды. Таңертеңгілік құрысу, ульнарлы девиация, созылмалы қабынулық сипаттағы ауру сезімі анықталды. Теріде бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, дыбысты. Ваалер-Роуз реакциясы 1:64, Райт-Хеддльсон реакциясы – теріс.

Ең тиімді тағайындалатын базистік препарат?

 

*купренил

*преднизолон

*хондроксид

*+лефлюнамид

*селл-септ

 

#1236

*!Әйел, 62 жаста, тігінші, қолбасының ұсақ буындардағы механикалық сипаттағы, жүктемеден кейін пайда болатын, жұмыс күннің соңына қарай ауру сезіміне, 30 минуттан кем созылатын таңғы құрысуға, дисталды фалангааралық аймақтағы ауру сезімсіз тығыздалған түзілістерге шағымданады. Қарап тексергенде: дисталды фалангааралық аймақтар қалындаған, олардың бүйір беттерінде қатты түйіндер сезіледі, өлшемдері бұрыштай. Қолбастарының рентгенограммасында: остеофитоз, буын саңылауы тарылған. Жалпы қан анализінде – ЭТЖ – 8 мм/сағ. Райт-Хедельсон реакциясы теріс.

Ең ықтимал қолданылатын препараттар?

 

*купренил

*преднизолон

*+глюкозамин

*метотрексат

*селл-септ

 

#1237

*!Әйел адам, 59 жаста, қолбастарының ұсақ буындары, тізе буындарының ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: мүшелер бойынша – өзгеріссіз. Дисталды фалангааралық буындарда тығыз, қозғалмайтын, ауру сезімсіз түйіндер сезіледі. Тізе буындары қалыңдаған, оларда крепитация анықталады, жазу қимылдары шектелген.

Науқасқа қандай зерттеу жүргізу қажет?

 

*Эхокардиография

*Ревматоидты фактор

*+Зақымдалған буындардың рентгенографиясы

*С-реактивны белок

*Антинуклеарлы фактор

 

#1238

*!Жүргізуші болып жұмыс істейтін 47 жасар ер адамда, оң жақ тізе буынындағы кешке қарай күшейетін ауру сезімі және ісінуі пайда болды; таңертең, ұзақ демалғаннан кейін қимылдап бастағанда науқас ауру сезімді сезеді, кейін ауру сезімі басылады және қайтадан кешке қарай пайда болады. Осы аталған буындағы ауру сезімі баспалдақпен түскенде де пайда болады. Қарап тексергенде: сол жақ тізе буынның ісінуі, пассивті және белсенді қимылдар ауру сезімді, қимылдағанда қытыр және крепитация. Буындардың рентгенографиясында буын саңылауының тарылуы және остеофиттер.

Берілген ауруда қай препараттарды буынішіне енгізген дұрыс?

*лорноксикам

*купренил

*пенициллин

*+дипроспан

*циклофосфан

 

#1239

*!Әйел адам, 56 жаста, сауыншы болып жұмыс істейді, қолбастарының ұсақ буындарының ауру сезіміне, ауру сезімі буындарды қимылдатқанда пайда болады, сонымен бірге түнде ауырады. 20 жыл бойы ауырады. Ауру біртіндеп басталды. Қарап тексергенде: қолбастардың дисталды фалангааралық буындары қалындаған, олардың бүйірінде өлшемдері бұршақтай қатты түйіндер сезіледі. Екі қолдың қолбастарының рентегнограммасында: остеофитоз және буын саңылауының тарылуы. Жалпы қан анализінде – өзгеріссіз.

Анықталған түйіндер қалай деп аталады?

 

*ревматоидты түйіндер

*ревматикалық түйіндер

*+Геберден түйіндері

*тофустар

*ұлғайған лимфатүйіндер

 

#1240

*!Ж есімді ер адам, 53 жаста, клиникаға оң жақ табанының І бақай буынындағы қатты ауру сезіміне, буынның ісінуіне, оның қызаруына, қызбаға шағымданып келді. Осындай ұстама 14 жыл бұрын болды, ол өз-өзімен 3 күн өткеннен кейін қайтты. ЖҚА-лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, зәр қышқылы -0,84 ммоль/л, ЖЗА-шамалы протенурия, ураттар+++

Науқасқа қандай зерттеу жүргізу қажет?

 

*Эхокардиография

*Ревматоидты фактор

*+Қандағы зәр қышқылы

*С-реактивны белок

*Антинуклеарлы фактор

 

#1241

*!Ер адам, 40 жаста, оң жақ табанның І табанфалангалық буындағы қатты ауру сезіміне, дене қызуының 39 градусқа жоғарлауына, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын шектен тыс ішімдікті қабылдаумен байланыстырады. Қарап тексергенде: науқас толықтау келген. Оң жақ табанның І табанфалангалық буыны ісінген, буын үстіндегі терісі қызарған, түлейді. Буындағы қимылдар кенеттен шектелген, қозғалғанда ауру сезімі ұлғаяды. Ішкі мүшелер бойынша патологиясыз.

Подаграның асқынуы үшін қандай фактор тән?

 

*+алкоголь, көп тамақ ішу

*салқын

*вакцинация

*инсоляция

*темекі тарту

#1242

*!53 жастағы ер адамда мейрамханадан қайтқаннан кейін түнде сол жақ табанның бақай аймағында қатты ауру сезімі пайда болды, температура С. Қарап тексергенде І табанфалангалық буындағы ісінуі, айналысындағы терісі айқын гиперемиясы байқалады. Саусақты тигізген кезде ауру сезімі күрт күшейеді.

Берілген жағдайда тағайындалатын препарат?

 

*+колхицин

*метотрексат

*Алтын препараттары

*делагил

*хондроитин сульфат

 

#1243

*!Ер адамда, 44 жаста, кешкі аста етті тағамды жегеннен кейін түнде сол жақ табанның І табанфалангалық буындағы қатты ауру сезімі пайда болды. 2 сағаттың ішінде буын ісінген, оның үстіндегі терісі қызыл – көкшіл түсті болды. Құлақ қалқанында қатты, ақшыл, пальпация кезінде аурусезімсіз төмпешіктер анықталады.

Осы ауруға тән клиникалық көрініс қандай?

 

*ксантомалар

*+тофустар

*Геберден түйіндері

*Бушар түйіндері

*ревматоидты түйіндер

 

#1244

*!Ер адам, 28 жаста. Оң жақ сирақ-табандағы және сол жақ тізе буындағы ауру сезіміне, ісінуіне, олардағы қозғалыстың шектелуіне, көздің қызаруы, кіші дәретке ауру сезімммен баруына шағымданады. Ауру біртіндеп басталды, 2 апта ішінде. Қарағанда: зақымдалған буындардың дефигурациясы және қызаруы. Табанның түлеуі. Терілік бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді.

Ауруды тудыратын ең ықтимал этиологиялық факторды атаңыз?

 

*Пневмококк

*Клебсиелла

*Трихомонада

*+Хламидия

*Хеликобактер

 

#1245

*!Ер адам, 28 жаста. Оң жақ сирақ-табандағы және сол жақ тізе буындағы ауру сезіміне, ісінуіне, олардағы қозғалыстың шектелуіне, көздің қызаруы, кіші дәретке ауру сезімммен баруына шағымданады. Ауру біртіндеп басталды, 2 апта ішінде. Қарағанда: зақымдалған буындардың дефигурациясы және қызаруы. Табанның түлеуі. Терілік бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді.

Науқасқа тән ең ықтимал симтомокомплексті атаңыз?

 

*кардит, артрит, Рейно синдромы

*пневмонит, артрит, нефрит

*хорея, лихорадка, артрит.

*сақиналы эритема, артрит ,перикардит

*+артрит, уретропростатит, конъюнктивит

 

#1246

*!Ер адам, 25 жаста, жүргізуші. Оң жақ сирақ-табандағы және сол жақ тізе буындағы ауру сезіміне, ісінуіне, олардағы қозғалыстың шектелуіне, көздің қызаруы, кіші дәретке ауру сезімммен баруына шағымданады. Ауру біртіндеп басталды, 2 апта ішінде. Қарағанда: зақымдалған буындардың дефигурациясы және қызаруы. Табанның түлеуі. Терілік бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді. Перифериялық ісіктер жоқ.

Берілген ауруға ең ықтимал антигеннің қандай тасушысы?

 

*HLA-жүйесінің В-20 антигені

*+HLA-жүйесінің В-27 антигені

*HLA-жүйесінің В-22 антигені

*HLA-жүйесінің В-26 антигені

*HLA-жүйесінің В-25 антигені

 

#1247

*!Ер адам, 25 жаста, жүргізуші. Оң жақ сирақ-табандағы және сол жақ тізе буындағы ауру сезіміне, ісінуіне, олардағы қозғалыстың шектелуіне, көздің қызаруы, кіші дәретке ауру сезімммен баруына шағымданады. Ауру біртіндеп басталды, 2 апта ішінде. Қарағанда: зақымдалған буындардың дефигурациясы және қызаруы. Табанның түлеуі. Терілік бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді.Перифериялық ісіктер жоқ.

Берілген ауруда зақымдалатын ең ықтимал буындар?

 

*Жілік-білезік

*Фалангаралық

*Аяқтың І саусағының буыны

*Тізе

*+Илеосакралды

 

#1248

*!Науқас З, 32 жаста, мойын омыртқа аймағында қозғалыстың шектелуіне, 2 сағатқа созылатн таңғы бел омыртқа аймағының ауруы мен құрысуына, жалпы әлсіздікке, жиі зәр шығаруға шағымданады. Анамнезінде: 8 жылдан бері ауырады. Жағдайы: орташа ауырлықта. Есі:анық, төсектегі жағдайы: пассивті, дене бітімі: нормостениялық. Салмағы 48кг. Денесінің терісі: алақаны ылғалды, ұстағанда суық. Перифериялық түйіндері ұлғаймаған. Перифериялық ісіктері жоқ. Буындары деформациясыз. Мойын омыртқа аймағында қозғалыс шектелген. Науқас қиыншылықпен мойнын бұрады. Симптомдар: Томайера-, Кушелевский-, Форестье-, Шобер-,+2,5cм.

Берілген ауруға ең ықтимал антигеннің қандай тасушысы?

 

*HLA-жүйесінің В-21 антигені

*HLA-жүйесінің В-25 антигені

*HLA-жүйесінің В-29 антигені

*+HLA-жүйесінің В-27антигені

*HLA-жүйесінің В-23 антигені

 

#1249

*!Науқас З, 32 жаста, мойын омыртқа аймағында қозғалыстың шектелуіне, 2 сағатқа созылатн таңғы бел омыртқа аймағының ауруы мен құрысуына, жалпы әлсіздікке, жиі зәр шығаруға шағымданады. Анамнезінде: 8 жылдан бері ауырады. Жағдайы: орташа ауырлықта. Есі:анық, төсектегі жағдайы: пассивті, дене бітімі: нормостениялық. Салмағы 48кг. Денесінің терісі: алақаны ылғалды, ұстағанда суық. Перифериялық түйіндері ұлғаймаған. Перифериялық ісіктері жоқ. Буындары деформациясыз. Мойын омыртқа аймағында қозғалыс шектелген. Науқас қиыншылықпен мойнын бұрады. Симптомдар: Томайера-, Кушелевский-, Форестье-, Шобер-,+2,5cм.

Берілген ауруда ең ықтимал зақымдалатын буындар?

 

*Алақан-фалангалық

*Дисталді фалангааралық

*Омыртқааралық

*+Илеосакралды буыны

*Тізе буындары

 

#1250

*!Науқас З, 32 жаста, мойын омыртқа аймағында қозғалыстың шектелуіне, 2 сағатқа созылатын таңғы бел омыртқа аймағының ауруы мен құрысуына, жалпы әлсіздікке, жиі зәр шығаруға шағымданады. Анамнезінде: 8 жылдан бері ауырады. Жағдайы: орташа ауырлықта. Есі:анық, төсектегі жағдайы: пассивті, дене бітімі: нормостениялық. Салмағы 48кг. Денесінің терісі: алақаны ылғалды, ұстағанда суық. Перифериялық түйіндері ұлғаймаған. Перифериялық ісіктері жоқ. Буындары деформациясыз. Мойын омыртқа аймағында қозғалыс шектелген. Науқас қиыншылықпен мойнын бұрады. Симптомдар: Томайера-, Кушелевский-, Форестье-, Шобер-,+2,5cм.

Науқасқа тағайындалатын ең ықтимал препарат?

 

*Фторхинолон

*Тетрациклин

*+Сульфасалазин

*Бензилпенициллин

*Аминогликозид

 

#1251

*!Науқас З, 32 жаста, мойын омыртқа аймағында қозғалыстың шектелуіне, 2 сағатқа созылатын таңғы бел омыртқа аймағының ауруы мен құрысуына, жалпы әлсіздікке, жиі зәр шығаруға шағымданады. Анамнезінде: 8 жылдан бері ауырады. Жағдайы: орташа ауырлықта. Есі:анық, төсектегі жағдайы: пассивті, дене бітімі: нормостениялық. Салмағы 48кг. Денесінің терісі: алақаны ылғалды, ұстағанда суық. Перифериялық түйіндері ұлғаймаған. Перифериялық ісіктері жоқ. Буындары деформациясыз. Мойын омыртқа аймағында қозғалыс шектелген. Науқас қиыншылықпен мойнын бұрады. Симптомдар: Томайера-, Кушелевский-, Форестье-, Шобер-,+2,5cм.

Науқасқа тағайындалатын ең ықтимал биологиялық препарат?

 

*Ритуксимаб

*Лефлюномид

*Деносумаб

*Бензилпенициллин

*+Инфликсимаб

 

#1252

*!П есімді әйел адам, 55 жаста, еден жуушы. екі қолбасының ұсақ, екі жілік-білезік буындардағы ауру сезіміне және ісінуіне шағымаданады. Ауырғанына 4 жыл болды. Таңертеңгілік құрысу 3 сағатқа созылады, ульнарлы девиация, созылмалы қабынулық сипаттағы ауру сезімі анықталды. Теріде бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, дыбысты. Ваалер-Роуз реакциясы 1:64, Райт-Хеддльсон реакциясы – теріс. ЭТЖ-45 мм/сағ.