азақстан метрология институты.

Бүгінгі күнде Республикада метрологиялық қызмет «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы №1342 қаулысымен Қазақстан Республикасының Индустрия және Сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі «ҚазМетрИН» РМК) құрылды және халықаралық талаптарға сай өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология жөніндегі техникалық (эталондық) базаны және нормативтік құжаттардың үйлесімділігін жетілдіру,осы салада мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мақсаттарды орындау ьүшін Қазақстан Республикасындағы метрология бойынша жалғыз институт болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығын іске асыру шегінде республикада болып жатқан экономикалық өзгерістер,метрология қызметінің техникалық негізін-республиканың эталондық базасын тиісті деңгейде ұстап тұру арқылы қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін тасымалдау қадамдарын жүзеге асыруды қажет етеді.

Республиканың эталондық базасы эканомиканы метрологиялық камтамасыз ету жүйесінің орталықтандырылған элементі болып табылады.Эталондық базаның даму деңгейі түпкі қорытындыда барлық техникалық өлшемдердің деңгейі мен дамуын анықтайды.

Метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастық жұмысы екі халықаралық және төрт өңірлік ұйымдар шеңберінде жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдар:

· Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы(ХЗМҰ);

Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы (ХЗМҰ) 1955 жылы 12 қарашада Парижде құрылды. Бүгінде ХЗМҰ құрамында толық 59 ел және корреспондент мүше 50 ел бар.

Қызметтің негізгі мақсаты-өлшем қүралдарын қолданумен және өлшем құралдарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырумен байланысты туындаған техникалық және әкімшілік проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастық.

Негізгі міндеттері:

· Заңанамалық метрологияның жалпы қағидаттарын айқындау;

· Оларды біріздендіру мақсатында заңнамалық метрологияның халықаралық маңызды мәселелерін зерделеу;

· Мүше мемлекеттер тану үшін өлшем құралдарына қажетті сипаттамаларды және қойылатын талаптарды айқындау мен оларды халықаралық практикада қолдану;

· Өлшем құраладаын қолдану және бақылаумен байланысты үлгілік заңдар мен ережелерді әзірлеу;

· Оларды қолдану үшін қажетті түсіндірмелері бар әртүрлі мемлекеттерде қолданылатын өлшем құралдары және оларды қолдану туралы нормативтік құжаттарды аудару және басу.

Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап ХЗМҰ-дың толық құқылы мүшесі болып табылады.(«халықаралық заңнамалық метрология жөніндегі ұйымға кіру туралы» Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 сәуірдегі қаулысы) Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының ХЗМҰ комитетіне мүше болып табылады.

ХЗМҰ мүшелік қазақстанға метрология саласындағы халықаралық нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысуға, республиканың өлшем құралдарын сынау нәтижелерін және метрологиялық қызметті шетелдерде тану үшін негіз құруға мүмкінік береді.

· Шама мен салмақ бойынша бас конференция(ШСБК);

Шама мен салмақ бойынша бас конференция(ШСБК) 1875 жылы 20 мамырда Парижде 17 мемлекет үкіметтерінің уәкілетті өкілдері «Метрлік конвенцияға» қол қою нәтижесінде құрылды. Қазіргі кезде ШСБК-нің құрамында толық құқықты мүше 51 ел,қауымдасқан мүше -20 ел бар. Негізгі міндеттері:

· Шама бірліктерінің біріңғай халықаралық жүйесін,олардың айқындамалары мен шығарушылық әдістерін құру және ұстау;

· Шама бірліктерінің халықаралық эталондарын құру және жетілдіру;

· Өлшем салаларында ғылыми зерттеулер,жаңа дәлдігі жоғары халықаралық эталондарды жасау;

· Ұлттық метрологиялық институттарда сақаталатын ұлттық эталондардың баламалық деңгейін белгілеу.

Қазақстан Республикасы Шама мен салмақ жөніндегі бас конференцияға (ШСБК) қауымдасқан мүше ретінде 2005 жылғы 14 қыркүйекте кірді(қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 мамырдағы №557 қаулысы).

2006 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті мен шама және салмақ халықаралық бюросының арасында «ұлттық өлшем эталондарын және ұлттық метрология институттары беретін калибрлеу және өлшемдердің сертификаттары) өзара тану туралы келісімге қол (CGPM-MRA)қойылды.Қол қойылған келісім Қазақстанға шама бірліктерін эталондарын халықаралық айыруға қатысуға және республиканың өлшем және калибрлеу мүмкіндіктерін халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.

Келісімнің негізгі мақсаттары:

· Ұлттық эталондардың баламалық деңгейлерін белгілеу;

· Ұлттық метрология институттары беретін калибрлеу және өлшем сертификаттарын өзара тану;

· Үкіметті және басқа да әкімшілік органдарды халықаралық сауда,ғылыми-техникалық ынтымақтастық және нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қатысты барынша кең уағдаластықтар үшін сенімді техникалық база болады.

Өңірлік ұйымдар:

· Стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес-МАҚ;

Стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес(МАҚ) –Тәуелсіз елдер достастығының (ТМД) стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі келісілген саясатты қалыптастыру және жүргізу жөніндегі үкіметаралық орган.

МАК 1992 жылғы 12 наурыздағы «стандарттау,метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы келісімге» стандарттау,метрология және сертификаттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру,көрсетілге қызмет салаларындағы негізгі мағыттарды айқындау үшін құрылды.

МАК-тың негізгі функциялары:

· Стандарттау саласындағы қызметтердің басым бағыттарын әзірлеу;

· Халықаралық стандарттардың жобаларын бекітуге ұсыну;

· Стандарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларды жүргізудің шығыстар сметасын қарау мен қабылдау.

МАК ИСО-мен,халықаралық электрлік техникалык комиссиямен,Стандарттау жөніндегі Еуропа комисссымен және стандарттау,метрология және аккредиттеу жөніндегі басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтасады.

Метрология саласындағы жұмыстары метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комитет жүзеге асырады,оның негзігі функциялары:

· Үкіметаралық келісімдерді және өлшем бірліктерін қамтамасыз етуге қатыста МАК шешімдерін іске асыру жөніндегі ұлттық органдардың қызметін үйлестіру;

· Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және олардың МАК қабылдаған ұсынымдарды әзірлеу;

· Мемлекетаралық эталондарды жіне үлгілік өлшем құралдарын,заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің мемлекетаралық стандарттарының үлгілерін жасау және пайдалану бағдарламалары, физикалық константтар мен заттар материалдардың қасиеттері туралы стандарттар анықтамасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру;

· Ұлттық түпкілікті эталондарға айыру жүргізудің мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеуді және өлшем құралдарын салыстырып,тексеруді ұйымдастыру;

· МАК-тың басқа да ғылыми техникалық комиссияларымен,ТМД мемлекетаралық кеңестерінің салалық жұмыс комиссияларымен өзара іс-қимыл жасау.

Метрологиялық қызмет бөлігінде Қазақстан Республикасын МАК кеңесінің мәжілістеріне,МетрҒТК жұмысына,өлшемдердің белгісіздігін бағалау және бұзбайтын бақылау жөніндегі жұмыс топтарының қызметіне қатысады.

· Мемлекеттік метрология мекемелерінің Еуро-Азия ынтымақтастығы-КООМЕТ;

Мемлекеттік метрологиялық Мекемелердің Еуро-Азиялық Ынтымақтастығы (КООМЕТ) 1991 жылы маусымда Варшава қаласында «Ынтымақтастық меморандумына» қол қойылғаннан кейін құрылды.Бүгінде 14 ел КООМЕТ метрология мекемесінің мүшесі болып табылады,олар:Беларуссия,Болгария,Германия(қауымдасқан мүше), Қазақстан, Куба,ҚХДР(қауымдасқан мүше), Литва,Молдова, Польша,Россия, Румыния, Словакия, Украина және Өзбекстан.

КООМЕТ-тегі ынтымақтастық мына салаларды жүзеге асырылады:өлшем бірліктерінің эталондары,заңнамалық метрология,аккредиттеу және сапа менеджментінің жүйесі,ақпарат және оқыту.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары:

· Шамалардың біркелкілігі,өлшемдердің бірлігі мен олардың нәтижелерінің талап етілетін дәлдігі мәселелерін тиімді шешуге жәрдемдесу;

· Ұлттық экономикалардың ынтымақтастығын дамытуға және халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу;

· Еуроазия мемлекеттерінің метрологиялық қызметтерінің жұмыстарын өңірлердің осыған ұқсас қызметтерінің жұмысына жақындату,жекелей алғанда EUROMET,EA,WELMEC,APMP т.б ұйымдармен өзара мүдделікке қарай ынытымақтасу.

Негізгі міндеттер:

· Эталондардың өзара сәйкестігіне,оларды метрологиялық бақылау аспаптары мен әдістеріне қойылатын талаптардың келісушілігіне қол жеткізу;

· Метрологиялық қызмет нәтижелерін куәландыратын ұлттық сертификаттардың баламалығын тану;

· Метрологиялық қызметтер мен олардың бағыттарының жай-күйі туралы ақпаратпен алмасу;

· Метрологиялық тақырыптарды бірлесіп әзірлеу;

· Метрологиялық өзара қызметтер көрсетуге жәрдемдесу.

Қазақстан КООМЕТ-ке 1998 жылдық қарашасында кірді.КООМЕТ-қатысу жөніндегі жұмысты «ҚазИнМетр» РМК жүзеге асырады. Институттың мамандары КООМЕТ-тің 13 техникалық комитеттері мен кіші комитеттерінің жұмысына қатысады.

· Стандарттау жөніндегі өңіраралық қауымдастық-СӨҚ

Стандарттау жөніндегі өңіраралық қауымдастық (СӨҚ) Анкара қаласында 2005 жылғы 9-11 қыркүйекте өткен халықаралықұ конференцияның шешімі нәтижесінде 1991 жылдың қыркүйегінде құрылды.СӨҚ-ке 18 ел кіреді,олардың ішінде Адыгей,Албания,Әзірбайжан, Башқұртстан, Дағыстан,Грузия,Кабардино-Балкария,Қазақстан, Қырғызстан,Краснодар, Солтүстік

 

Кирпдің Түрік республикасы,Манголия,Молдава,Өзбекстан ,Тәжікстан,Татарстан,Туркия және Түркіменстан .

СӨҚ қызметінің негізгі мақсаттары :

· Тауарлар мен және қызметтермен алмасуды қамтамасыз ету үшін СӨҚ мүшелерінің арасындағы метрологияны дамыту;

· Зияткерлік ,ғылыми,техникалық және экономикалық қызмет саласында ынтымақтастық ты дамыту;

· Мамандардың біліктілігін арттыру және бірлескен оқу бағдарламалрын әзірлеу.

Қазақстан СӨҚ-ке 1992 жылы кірді.СӨҚ Бас Кеңесінің Қазақстаннан техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның басшысы мүше болып табылады. «КазИнМетр» РМК www.kazinmetr.kz СӨҚ БК техникалық комитеттері мен кіші комитеттерінің жұмысына қатысады.

· Метрология,аккредиттеу,стандарттау және сапа жөніндегі Орталық-Азия ынтымақтастығы-МКС-С ОАЫ

Метрология, аккредиттеу,стандарттау және сапа жөніндегі Орталық-Азия ынтымақтастығы(МАСОАЫ)2003 жылы 4 елдің стандарттау және метрология жөніндегі уәкілетті органдардың өкілдері «Метрология,аккредиттеу,стандарттау және сапажөніндегі Орталық-Азия ынтымақтастығын құру туралы келі сім» жасағаннан к ейін 2003 жылы құрылды .Қазіргі кезде Қазақстан,Қырғызстан,Өзбекстан және Тәжікстан МАС-С ОАЫ мүшелері болып табылады.

МАС-С ОАЫ қызметінің негізгі мақсаттары:

· МАС-С ОАЫ-ның метрология , аккредиттеу,стандарттау және сапа саласындағы жобаларын үйлестіру ;

· Метрология саласындағы МАС-С ОАЫ мүшелері арасындағы өлшемде р ; нәтижелерін бақылау бөлігіндегі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;

· Ресурстар мен қызметтер туралы ақпарат беру;

· МАС-С ОАЫ өңірлерінде метрология , аккредиттеу,стандарттау және сапа саласындағы қызметтер көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастық

· МАС-С ОАЫ өңірінде ұлттық эталондарға ; заңнамалқ метрология саласында қызметтердің бақыланушылығын дамытуға қолдау көрсетуге арналған ынтымақтастық;

· Эталондарды ,өлшем құралдарын және стандарттық үлгілердегі өңірлік айыруды ұйымдастыру ;

· МАС-С ОАЫ шеңберінде метрология , аккредиттеу,стандарттау және сапа мәселелері юойынша тренингтерді ұйымдастыру қызметін үйлестіру және метрология , аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға қатысуға жәрдемдесу;

· МАС-С ОАЫ елдерінде метрология , аккредиттеу,стандарттау және сапа саласындағы байланыс жүйелерін жетілдіру және ақпаратпен алмасу;

· ИСО900,ИСО14000 бойынша МАС-С ОАЫ өңірлерінде консалтингтік қызметтерді дамыту.

МАС-С ОАЫ -ның метрология жөнгіндегі техникалық комитетінің негізгі функциялары

· Заңнамалық метрология саласында келісілген саясатты жүргізу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастыру

 

· МБМВ эталондарының бақыланушылығын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық эталондарға айыру және өлшем құралдарының салыстырып,тексеру жүргізудің рәсімдері мен бағдарламаларын қалыптастыруды ұйымдастыру

 

· Ұлттық эталондық базаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру

 

· Метрология мәселелеріне қатысты МАС-С оАЫ шешімдерін іске асыру жөнінде ұлттық органдардың қызметін үйлестіру

 

· Метрология жөніндегі сарапшыларды оқыту үшін бағдарламалар дайындау

 

· Метрология жөніндегі халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу

МАС-С ОАЫ-та Қазақстан РЕспубликасының Индустрия және сауда министрлігінң Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасын білдіреді.

 

 

Лекция -6-7

Негізгі 6 физикалық өлшем бірлік

Ұзындықтың бірлігі-метрдің эталоны.18ғ соңында алғаш метрлік жүйе енгізілгенде алғашқы метр эталоны қабылданды.Метр 1 метр ретінде Париж меридинанынң 20 миллионнан бір бөлігі қабылданды. 1799ж доғасының бір бөлігін өлшеу нәтижесінде негізделіп платинадан метрдің эталоны жасалынды. Ол этаолн Францияның ұлттық архивіне сақтауға берілді.Сқңынан бұл эталон Архив эталоны деп аталады. Архив мерінің ені 25мм,қалыңдығы 4мм-ге жуық,ұштарының арасы 1 м сызғыш түрінде жасалады.Бұл эталон ұзындығы 102см,көлденең қимасының пішіні Х тәріздес платина-иридий қоспасынвн жасалған таяқша.Мұндай эталонның 31 данасы жасалып, оның 6 этаоны 1889жылы Бас Конференциясының шешімімен метрдің прототипі болып қабылданады.Қалған 30 эталон басқа мемлекеттерге таратылады.

Платина-ирийдан жасалған эталонның дәлдігі 0,1-0,2мм аспады.Ғылым мен техниканың тез дамуы метр эталонының дәл болуын талап етті.Мералар мен таразылардың 11 Бас конференциясында 1960 жылы метр эталонының жаңа үлгісін қабылдады.Метр эталоны ретінде криптон-86-ның вакуумдағы 2Р10 және 5d5 деңгейлер арасындағы өтулер кезіндегі шыққан сәуленің толқын ұзындығы 1650763,73-ке көбейткенде шығатын сан алынады.

Масссаның бірлігі-килограмның эталоны.

Алғаш метрлік жүйе енді енгізіле бастағанда масса мен салмақтың арасында ешқандай айырмашылвқ болған жоқ.Сондықтан ,ең бірінші килограмның эталоны салмақ эталоны аталған болатын.1889 жылы өткен мералар мен таразылардың Бас конференциясында масса мен салмақтың күш айырмашылығы көрсетіліп, қабылданған килограмның эталогны масса эталоны ретінде анықталды.Қазіргі кезде/12 килограмның бірінші эталоны Мәскеуде Д.И.Менделеев атындағы метрология ғылыми-зерттеу институтында сақтаулы.Кейінгі кезде массаның өлшем бірлігі ретінде атом бөлшкетерінің тұрақты массаларына негізделген эталон жобалары зерттелуде.

УАҚЫТ бірлігі-Секундтың эталоны.

 

 

Лекция 8

Эталондар

Эталон-деп физикалық шамалардың бірліктерін жағыртып,сақтап және тұтынушыларға беріп отыруды қамтамасыз ететін ,белгілі тәртіппен бекітілген өлшеу құралын айтады.

Эталондар өздерінің өлшеу дәлдігі,қолдану қызме ті бойынша бірнееше топқа бөлінеді.Егер эталон шаманың бірлігін мемлекет көлемінде ең жоғарғы дәлдікпен жаңартса,онда ол бірінші эталон деп аталады.Метрологиялық тәжірибеде бірінші эталондардың көшірмесі болып табылатын екінші эталондар кеңінен қолданылады.Қолдану қызметі жағынан екінші эталон көшірме-эталон,салыстырмалы-эталон,куәгер-эталон және жұмыс эталондары болып бөлінеді.

Көшірме эталон бірліктерді сақтап ,оларды қажет жағдайда жұмыс эталондарына беріп отыру үшін пайдаланылады.Салыстыру этаоны өзара салыстыра алмайтын екі эталонды бір-бірімен салыстыру үшін қажет.Куәгер –эталон мемлекттік эталон сынып немесе жоғалып қалғанда,оны қайтадан жасау үшін қолданылады.

Екінші эталондар жасалыну құрылымы жағынан мынадай эталондарға бөлінеді:

-өлшеу құралдары кешені

-жеке-дара эталондар

-топ эталондар

-эталондар жиыны

Жеке дара эталоны бір ғана мерадан ,өлшеу қондырғысынан тұрады.

Топ эталондар бір типтес мералар жиынтығынан құралады .Бірнеше өлшеу құралдарынаан тұратын бұл топ бәрі қосылып бір ғана біорлікті жаңғыртады және сақтайды.

Мералар жұмыс мералары болып табылады, олар техникалық өлшеулер үшін қолданылады.

Өлшеу түрлендіргіші- деп беруге әрі қарай түрлендіруге , өзгертуге, өңдеуге және сақтауға ыңғайлы, бірақ бақылаушыға тікелей білінбейтін пішіндегі өлшеу мәліметін шығаратын өлшеу құралдарын айтады. Егер түрлендіру нәтижесінде физикалық шаманың табиғаты өзгермесе, ал түрлендіру функциясы сызықты болса, онда түрлендіргіш аумағы түрлендіргіш немесе күшейткіш деп аталады.

Өлшегіш приборларға- бақылаушыға қабылдауға ыңғайлы пішінді физикалық шамаларды тіркейтін өлшеу құралдары жатады. Өлшегіш приборлардың ең көп тараған түрі тікелей әсер етуші приборлар. Оларға манометрлердің кейбір түрлері, термометрлер, амперметрлер жатады.

Компораторлар- біртекті шамалар мераларын немесе бірнеше өлшеу приборларының көрсеткішін өзара салыстыру мақсатында қолданылатын өлшеу құралдары болып табылады. Мұндай өлшеулер кезінде негізгі өлшеуіш құралдарына қосымша бақылағыш өлшегіш құралдар қолданылады. Олардың негізгі міндеті өлшеу процесіне әсер ететін сыртқы немесе ішкі технологиялық процестің әсерін қадағалап отыру.

 

 

Лекция 9

Өлшеу құралдарының мелекеттік реестрі

Өлшеу құралдарның мемлекеттік реестрі мемлекеттік сынақтан өткен өлшеу құралдарны тіркеу және аттестатаудан өткен материалдар мен заттардың қасиеті және құрам үлгілерінің мемлекеттік стандартын, Мемлекеттік стандартпен бекітілген түрлеріне және ҚР аумағына эксплуатация мен өндірілуге жіберілгенде керек.

Реестр мынадай мақсаттарда жасалады:

- өлшеу құраладрын номенклатурасын рационалды қалыптастыру және мемлекеттік стандарт үлгілерін , жаңа түрдегі өлшеу құралдарын мезгілімен игеру;

- өндіріс пен шығаруға жіберілген, мемлекеттік стандарт үлгілерімен және өлшеу құралдары жайлы орталықтандырылған мемлекеттік ақпарат қоры мен бекітілген түрлердің үлгілерінің мемлекеттік стандарты мен өлшеу құралдарын есепке алу;

- өлшеу құралдарын елде қолдану туралы шет елдік әріптестерді керекті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Өлшеу құралдары реестрге метрологиялық аттестаттау жасау негізінде енеді. Өлшеу құралдарын аттестаттау бұл- өлшеу құралдарын реестрге енгізу, келген деректерді бар нұсқауға құжат беру және метрологиялық қасиеттерді анықтау үшін метрологиялық органмен жүргізілетін өлшеу құралдарын зерттеу. Метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі Мемстандарт ПРҚР 50,2,25-95 Өлшеу құралдарын мемлекттік аттестаттауды жүргізу тәртібі нормативті құжатымен келісіп анықталады. Осы құжатқа сәйкес ҚР аумағында белгіленген өлшеу құралдары түрін жарамды екені туралы метрологиялық сертификат берумен, ары қарай метрологиялық аттестаттау жүргізілетін , метрологиялық аттестаттау методикасы мен бағдарламасын жүргізуді бекіту мен жасау міндетті болып табылады. Бұл құжаттар жалпылама түрде келесідей болады:

1. Жалпы талаптар, өлшеу құралдарын қолдану аумағы, жұмыс істеу принципі мен тағайындау көрсетіледі;

2. Техникалық құжаттаманы қарастыру, құжат тізімі көрсетіледі- аттестатталатын өлшеу құралдары параметрлерін міндетті өлшеу құралдарын қолдану нұсқауы;

3. Эксперименталды зерттеулер, көбінесе кесте немесе суреттеумен көрсетіледі, онда метрологиялық зерттеулерді жүргізу әдістері тереңірек көрсетіледі;

4. Зерттеу нәтижелерін безендіру;

Метрологиялық аттестаттауға мыналар кіреді:

1. Куәлікте алынған нұсқаумен ӨҚ тарайтын метрологиялық мінездемеге сәйкес анықтау мен бекіту;

2. Тексеру кезінде бақылауға келетін ӨҚ метрологиялық мінездемелерінің тізімін бекіту;

3. Тексеру методикасын байқау;

 

Лекция 10

Сертификаттаудың негізгі түсінігі және түрлері

Латын тілінен аударғанда сертификаттау- «дұрыс жасалған» деп аударылады.Өнімнің «дұрыс жасалғанына» көз жеткізу үшін оның қандай талаптарға сәйкес келетінін білу керек.

Өнім – оны қолдану және болашақта жасау үшін жсалынады. Өнімнің ортақ өнімшендік тізбегінің өндіруші «бірінші жақ» болып табылады және де ол тұтынушының қажеттілігін қажеттілігін қанағаттандыратын өнім шығарады деп ойлайды.

«Екінші жақ» болып осы тізбекте, тұтынушы спалы өнімді тұтынуды қажет ететін тұтынушы болып табылады. Өнімнің болашағы тұтынушының баға беруіне байланысты.

«Үшнші жақ» болып, яғни атрибуты-тұтынушыға және өндірушіге мүлдем қатысы жоқ, орган немесе үшінші жақ болып табылады. Шетелдік тәжірибеде үшінші жақпен жүргізілетін зерттеудің нәтижесі анағұрлым дәлірек болып келеді.

 

мералар жұмыс мералары болып табылады, олар техникалық өлшеулер үшін қолданылады.

Өлшеу түрлендіргіші- деп беруге әрі қарай түрлендіруге , өзгертуге, өңдеуге және сақтауға ыңғайлы, бірақ бақылаушыға тікелей білінбейтін пішіндегі өлшеу мәліметін шығаратын өлшеу құралдарын айтады. Егер түрлендіру нәтижесінде физикалық шаманың табиғаты өзгермесе, ал түрлендіру функциясы сызықты болса, онда түрлендіргіш аумағы түрлендіргіш немесе күшейткіш деп аталады.

Өлшегіш приборларға- бақылаушыға қабылдауға ыңғайлы пішінді физикалық шамаларды тіркейтін өлшеу құралдары жатады. Өлшегіш приборлардың ең көп тараған түрі тікелей әсер етуші приборлар. Оларға манометрлердің кейбір түрлері, термометрлер, амперметрлер жатады.

Компораторлар- біртекті шамалар мераларын немесе бірнеше өлшеу приборларының көрсеткішін өзара салыстыру мақсатында қолданылатын өлшеу құралдары болып табылады. Мұндай өлшеулер кезінде негізгі өлшеуіш құралдарына қосымша бақылағыш өлшегіш құралдар қолданылады. Олардың негізгі міндеті өлшеу процесіне әсер ететін сыртқы немесе ішкі технологиялық процестің әсерін қадағалап отыру.

 

 

Лекция 11

Өлшеу құралдарының мелекеттік реестрі

Өлшеу құралдарның мемлекеттік реестрі мемлекеттік сынақтан өткен өлшеу құралдарны тіркеу және аттестатаудан өткен материалдар мен заттардың қасиеті және құрам үлгілерінің мемлекеттік стандартын, Мемлекеттік стандартпен бекітілген түрлеріне және ҚР аумағына эксплуатация мен өндірілуге жіберілгенде керек.

Реестр мынадай мақсаттарда жасалады:

- өлшеу құраладрын номенклатурасын рационалды қалыптастыру және мемлекеттік стандарт үлгілерін , жаңа түрдегі өлшеу құралдарын мезгілімен игеру;

- өндіріс пен шығаруға жіберілген, мемлекеттік стандарт үлгілерімен және өлшеу құралдары жайлы орталықтандырылған мемлекеттік ақпарат қоры мен бекітілген түрлердің үлгілерінің мемлекеттік стандарты мен өлшеу құралдарын есепке алу;

- өлшеу құралдарын елде қолдану туралы шет елдік әріптестерді керекті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Өлшеу құралдары реестрге метрологиялық аттестаттау жасау негізінде енеді. Өлшеу құралдарын аттестаттау бұл- өлшеу құралдарын реестрге енгізу, келген деректерді бар нұсқауға құжат беру және метрологиялық қасиеттерді анықтау үшін метрологиялық органмен жүргізілетін өлшеу құралдарын зерттеу. Метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі Мемстандарт ПРҚР 50,2,25-95 Өлшеу құралдарын мемлекттік аттестаттауды жүргізу тәртібі нормативті құжатымен келісіп анықталады. Осы құжатқа сәйкес ҚР аумағында белгіленген өлшеу құралдары түрін жарамды екені туралы метрологиялық сертификат берумен, ары қарай метрологиялық аттестаттау жүргізілетін , метрологиялық аттестаттау методикасы мен бағдарламасын жүргізуді бекіту мен жасау міндетті болып табылады. Бұл құжаттар жалпылама түрде келесідей болады:

5. Жалпы талаптар, өлшеу құралдарын қолдану аумағы, жұмыс істеу принципі мен тағайындау көрсетіледі;

6. Техникалық құжаттаманы қарастыру, құжат тізімі көрсетіледі- аттестатталатын өлшеу құралдары параметрлерін міндетті өлшеу құралдарын қолдану нұсқауы;

7. Эксперименталды зерттеулер, көбінесе кесте немесе суреттеумен көрсетіледі, онда метрологиялық зерттеулерді жүргізу әдістері тереңірек көрсетіледі;

8. Зерттеу нәтижелерін безендіру;

Метрологиялық аттестаттауға мыналар кіреді:

4. Куәлікте алынған нұсқаумен ӨҚ тарайтын метрологиялық мінездемеге сәйкес анықтау мен бекіту;

5. Тексеру кезінде бақылауға келетін ӨҚ метрологиялық мінездемелерінің тізімін бекіту;

6. Тексеру методикасын байқау;

 

Лекция 12

Сертификаттаудың негізгі түсінігі және түрлері

Латын тілінен аударғанда сертификаттау- «дұрыс жасалған» деп аударылады.Өнімнің «дұрыс жасалғанына» көз жеткізу үшін оның қандай талаптарға сәйкес келетінін білу керек.

Өнім – оны қолдану және болашақта жасау үшін жсалынады. Өнімнің ортақ өнімшендік тізбегінің өндіруші «бірінші жақ» болып табылады және де ол тұтынушының қажеттілігін қажеттілігін қанағаттандыратын өнім шығарады деп ойлайды.

«Екінші жақ» болып осы тізбекте, тұтынушы спалы өнімді тұтынуды қажет ететін тұтынушы болып табылады. Өнімнің болашағы тұтынушының баға беруіне байланысты.

«Үшнші жақ» болып, яғни атрибуты-тұтынушыға және өндірушіге мүлдем қатысы жоқ, орган немесе үшінші жақ болып табылады. Шетелдік тәжірибеде үшінші жақпен жүргізілетін зерттеудің нәтижесі анағұрлым дәлірек болып келеді.