Тістердің максималь күшсалмақпен иілуі кезіндегі беріктікке есептеу

Қалдық деформацияны, морт сынғыштықты болдырмауға қажет тістердің беріктігін максималь күшсалмақ әсері кезіндегі иілудің есептік және рауалы кернеулерін салыстыру арқылы анықтайды:

.

Есептік жергілікті кернеуді σFmax мына формула бойынша анықтайды, МПа:

(12.91)

(12.91) формуладағы есептеулерді жеңілдету үшін kFV, k, k, YFS, Yβ, Yε мәндерін төзімділікке есептеулерге арналған тәуелділіктерден алады ((12.64)-(12.69) қара), сондықтан мына тәуелділікті пайдалануға болады:

(12.92)

Бастапқы есептік күшсалмақ FFtmax, Н, немесе , Н·м ретінде, қайталау әсерлердің саны Nk<103, соққылық немесе бірқалыпты сипатты есептік қызмет мерзімі ішінде әрекет ететін күшсалмақтың максималь мәнін қабылдайды. мәнін эксперименталді, динамикалық есептеумен немесе салалық ұсыныстар бойынша анықтайды. Егер циклограммадағы жүктеуд σF есептеуде барлық сыртқы жүктемелердікөрсеткен болса, онда КА=1.

Рауалы кернеу FFPmax тісті доңғалақтардың жұптары үшін мына формула бойынша бөлек анықтайды, МПа:

(12.93)

Мұндағы Yx коэффициенттін анықтайтын формула:

Коэффициент YRSt=1және =1 қатынасын 12.19-кестеде көрсетілген шарттар үшін қабылдайды.

σFSt – максималь күшсалмақпен ию кезіндегі тістердің шектік кернеуі, МПа.

(12.94)

- максималды жүктемені айналдыру кезіндегі тістердің шекті кернеуі, МПа

, (12.94)

12.19-кестеге кірмейтін болаттардың маркалары мен жылулық өңдеу тәсілдері үшін шектік кернеуді жуықталған тәуелділіктер бойынша анықтауға рұқсат етіледі:

, (12.95)

- максималды күшсалмақпен ию кезіндегі тістердің шектік кернеуінің базалық мәні (МПа), болат маркасы мен термиялық және химия-термиялық өңдеулер әдісіне тәуелді 12.19-кесте бойынша қабылданады. 12.19-кестеде ретінде максималь жергілікті кернеулер түрінде өрнектелген, N әсерінің 1-ден 103 дейінгі қайталануы кезінде, тұрақты таңбалы соққылы жүктеумен сынақ негізінде белгіленген, цилиндрлік эволвентті доңғалақтар тістерінің сыртқы ілінісуіндегі тістердің шектік кернеулерінің орташаланған (медиандық) мәндеріқабылданған. Бұл мәндерді бірқалыпты жүктемелеу кезінде статикалық беріктікке және аз циклдік төзімділікке (циклдер саны N=102-103 болғанда) есептеу тістердің сынуына қарсы қосымша беріктік қорын қамтамасыз етеді.

YgSt – тістің өтпелік бетін ажарлаудың ықпалын ескеретін коэффициент. Жылу өңдеулерінен кейінгі ажарлауға ұшыраған тісті доңғалақтар үшін (тістердің ауыспалы бетімен бірге):

- ЖЖТ қыздырумен түйрей өте шынықтыруда және көлемдік шынықтыруда:

YgSt =0,95 (тісті ажарлаудың бастапқы режимінде)

YgSt =1,1 (ақырғы режимінде);

- шынықтырулы цементтеуде:

YgSt =1,1 (бастапқы режимінде);

YgSt =1,05 (ақырғы режимінде);

 

 

12.19-кесте

Максималь күшсалмақпен ию кезіндегі тістердің шектік кернеуінің

базалық мәні

Термиялық және химия-термиялық өңдеудің түрі Болат Тістердің қаттылығы , МПа    
Беттерде Негіздердегі өзекте
Цементтеу Қайтадан қыздырудан шынықтыру Құрамында 1% көп никелі бар қоспаланған 56...62НRСэ 56...60НRСэ 30...43НRСэ 27...32НRСэ
Тікелей қыздырудан Қоспаланған қалғандары 54...60НRСэ 30...43НRСэ
Нитроцементтеу(процесті автоматты реттеуімен) Тікелей қыздырудан шынықтыру Молибденмен қоспаланған 56...60НRСэ 32...45НRСэ
Нитроцементтеу Қоспаланған қалғандары 56...60НRСэ 27...45НRСэ
ЖЖТ қыздыру кезіндегі шынықтыру Өтпе беттерге дейінгі түйрей өте Бетінде Негіздердегі өзекте
Ойықтар түпте-рін қамтуымен түйрей өте Құрамында 1% көп никелі бар қоспаланған 48...52HRCЭ
Түйрей өте Қоспаланған қалғандары
ЖЖТ қыздыру кезіндегі шынықтыру Контуры бойынша Құрамында 1% көп никелі бар қоспаланған 48...54HRCЭ 24...30 HRCЭ
Қоспаланған қалғандары
Көлемдік шынықтыру Құрамында 1% көп никелі бар қоспаланған 48...52 HRCЭ
Қоспаланған қалғандары
Нормалау, жақсарту Қоспаланған және көміртектілі 200...350HB 6,5ННВ
             

 

- шынықтырулы нитроценменттеуде:

YgSt =0,9 (бастапқы режимінде);

YgSt =0,95 (ақырғы режимінде);

Ажарлау болмаған кезде YgSt =1,0

YdSt - деформациялық беріктенуді ескеретін коэффициент. Тістерінің өтпелік беті деформациялық беріктенген тісті доңғалақтар үшін:

- ажарланбағандарға YdSt=0,95,

- ажарланғандарға YdSt=1,0.

Деформациялық беріктену болмаған кезде YdSt=1,0.

YNmax – шыдам мерзімі коэффициентінің шектік мәні. Жоғарыда көрсетілгендіқара. NFE=NK=103 үшін:

qF = 6 кезінде YNmax = 4;

qF =9 кезінде YNmax = 2,5.

kSt - термиялық және химия-термиялық өңдеулердің әртүрлі нұсқаларымен тісті доңғалақтарды соққылы жүктемелеу және N 1-ден 103-не дейінгі жүктеулер саны кезіндегі, шектік кернеулердің арасындағы айырмашылықты ескеретін коэффициент.

qF = 6 кезінде kSt =1,3

qF =9 кезінде kSt =1,2

SFSt - беріктіктің қоры коэффициенті:

(12.96)

мұнда YZ – тісті доңғалақтың дайындамасын алу әдісін ескеретін коэффициент:

Шыңдалулар мен штампталғандар үшін YZ=1,

Прокаттар үшін YZ=0,9,

Құйма дайындамлар үшін YZ=0,8.

SY – қирамау ықтималдылығына тәуелді қор коэффициенті. Болат маркалары мен термиялық және химия-термиялық өңдеу әдістері үшін кестедегідей және қирамау ықтималдылығы 0,99 бойынша SY=1,75.