Тағайындалуы және негiзгi талаптар

 

Бұрғылау сораптарына талаптар олардың тағайындауынан, сүйене шығады, орындайтын функцияларынан және пайдалану шарттарынан шығады. Талаптардың барлық жиынтығы, көрсеткіштері ретінде әдетте техникалық сипаттамасы, технологиялық параметрлері, сенімділік, монтаждау және демонтаждау, эргономикалық, қауіпсіздік, тасымалданғыштық көрсеткіштері алынатын, жеке көрсеткiштерге жатқызылуы мүмкін. Ол талаптар мыналар:

- сорап тиісті қуатты, қысымды жетiлдiруі және жеткiлiктi берудi қамтамасыз етуi керек;

- ерітінді берілуi бұрғылаудың барлық интервалдарында ұңғыманы тиімді жууды қамтамасыз ететiн реттелетiн шектерде болуы керек;

- сораптан шығатын жуу сұйықтығының жылдамдығы қысымның шамадан тыс лүпілін болдырмайтындай бірқалыпты болуы керек;

- сорап абразивтік және құрамында майы бар жегіделік-активтң жуу ерiтiндiлерiмен жұмыс істеу үшiн ыңғайлы болуы керек;

- қашау кезінде ерiтiндiнiң үздiксiз циркуляциясын қамтамасыз ету шартынан түйiндер және гидравликалық бөлiктiң бөлшектері жеткiлiктi шыдам мерзіміне ие болулары керек;

- сораптың гидравликалық бөлiгiне қызмет көрсету ыңғайлы болуы керек;

- сорап тасымалданғыш және жоғары монтаж дық қасиеттерге ие болуы керек;

- сораптың жұмысы кезінде шуылы және дiрiлдеуі рауалы шамалардың шектерiндегi болуы керек;

- сорапты пайдалану кезінде, негiзiнде шамадан тыс қысымды және қысым дiрiлдеуін мен лүпілін болдырмайтын, қауiпсiздiктiң нормасы сақталуы керек.

Сораптардың қолданыстағы құрылымдарында көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін жолдарды, тәсілдерді және техникалық шешiмдердi қарастырамыз.

Сораптың жетектік және пайдалы құаты, ең жоғарғы қысымы және берілуі МЕСТ 6031-81 регламенттелетін бұрғылау сораптарының негiзгi параметрлерiн құрайды.

Бұрғылау тереңдiгінiң өсуi, гидромониторлық саптамалы қашауларға өтуайдау қысымын және 1900 кВт-қа дейiн жететiн сораптың қуатын едәуiр өсіреді.

Бұрғылау сорабының ерітінді беруiн реттеу ауыстырылатын цилиндр төлкелер көмегімен немесе поршеньнің жүрiс санын өзгертумен iске асырылады.

Ерітіндіні бiрқалыпты беруге, негзінен төрт жұмыс камералы екі жақты әрекетті екі цилиндрлі және үш цилиндрлi бiржақты әрекетті, көп цилиндрлі сораптарды қолдануымен қол жеткізіледi. Қысым лүпілін қажетті шектерге дейін төмендетуге сораптың шығуында пневмокомпенсаторларды орнатымен қол жеткізіледі.

Гидравликалық бөліктің түйіндері (поршень, шток, цилиндр, клапан) жұмыс беттері беріктендіріліп, қоспаланған берiктiгi жоғары болаттардан жасалады. Көрcетiлген түйiндердiң шыдам мерзімі жұмыс жағдайларына, құрылымына тәуелді, орташа алғанда 100-ден 400 сағат аралығында болатынын ескеріп,оларды ауыстыру және орнату тез алынатын қақпақтар арқылы iске асырылады.

Тасымалдауға жарамдылығын жоғарылату мақсатында сораптардың құрылымы үздiксiз жетілдіріледi, олардың массасы және габариттері азаяды. Үш цилиндрлі сораптарға өту, берiктiгi жоғары материалдарды, тасымалдау қабілеті жоғары мойынтіректерді қолдану, сораптардың меншiктi массасын 25-30% азайтуға мүмкiндiк бердi.

Сораптың жұмысы кезінде шуылды және дiрiлдеудi төмендетуге, шығуында қысым лүпілін төмендетумен, енгізуде кавитацияны болдырмаумен, сондай-ақ енгізу және айдау магистральдарын артық бұрылыссыз жеткілікті өту қимасында жасаумен қол жеткізіледі. Заманауи үш цилиндрлi сораптардың кірісінде қосымша сораптар және пневмокомпенсаторлар орнатылған.

Бұрғылау сорабы қауiптілігі жоғары нысан болып табылады. Сондықтан жобалау, жасау, монтаждау, пайдалану және қызмет көрсету қауiсiздiк нормаларын және ережелерiн сақтаумен iске асырылуы керек. Оған берiктiк және төзімділік қорларының тиiстi коэффициенттерiн қамтамасыз етумен, шығару желісін сақтандырушы құрылымдармен және жайлы іске қосу құрылымдарымен жабдықтау жолымен шамадан тыс қысымның пайда болуын болдырмаумен қол жеткізіледі.

Негiзгiсi талаптар, белгілі пайдалану талаптары ескеріле, сораптың тағайындалуына және орындайтын функциясына сәйкестiк шартынан тiкелей шығады. Талаптарды қаталдандыру шамадан тыс шығындарға, ал әлсiрету - өз тағайындауына сораптың толық емес сәйкестiгiне әкелуі мүмкін.