Теориялық және статистикалық таралулардың сәйкестігін тексеру

 

Эмпирикалық және теориялық таралулардың графиктерін олардың сәйкес келуін анықтау мақсатымен визуалдық беттестіру олардың таралуларын тек субъективті бағалауға мүмкіндік береді. Сәйкес келушіліктің объективтік сипаттамасын тек қана ерекше статистикалық көрсеткіштер – келісім сынбағаларының көмегімен алуға болады.

Теориялық және статистикалық таралулардың сәйкестігі таралулардың шегі немесе деңгейін бекітетін келісім сынбағасымен бағаланады. Егер таралу қандай да бір белгіленген шектен асып кетсе, онда таралу сәйкестігі туралы гипотеза кері қайтарылады және керісінше.

Тәжірибеде бірнеше келісім сынбағаларын қолданады. Мысалы: Пирсон сынбағасы χ2 (хи-квадрат), Стьюдент, Колмогоров, Романовский, Ястремский сынбағалары және т.б.

Колмогоров сынбағасын қолдану кезінде таралу шамасы ретінде статистикалық және теориялық тарату функцияларының арасындағы айырма модулінің максималь мәнін қабылдайды.

(6.57)

ал статистикалық таралу функциясы былай анықталады

(6.58)

экспоненциалдық заң үшін теориялық таралу функциясы былай анықталады

(6.59)

қалыпты заң үшін:

(6.60)

Содан кейін мәнін анықтайды, мұндағы n – таңдау саны.

Әрі қарай 6.7-кесте бойынша үшін ықтималдылықты табады.

Егер ықтималдылық өте аз болса, теориялық және статистикалық таралулар сәйкестігі туралы гипотезаны қабылдамау ету керек. – ның салыстырмалы үлкен мәндерінде (0.8 және одан да көп) гипотеза қабылданады.

 

Кесте

0.0 1.000 0.6 0.864 1.1 0.178 1.6 0.012
0.1 1.000 0.7 0.711 1.2 0.112 1.7 0.006
0.2 1.000 0.8 0.544 1.3 0.068 1.8 0.003
0.3 1.000 0.9 0.393 1.4 0.040 1.9 0.002
0.4 0.997 1.0 0.270 1.5 0.022 2.0 0.001
0.5 0.964            

 

 

Күрделі техникалық жүйелердің сенімділігі

Жалпы мәліметтер

Күрделі техникалық жүйе деген ұғым сенімділік теориясында жүйенің (элементтердің) біртұтастылығы дегенді білдіреді. Бұл элементтер бағыты бойынша қолдану процесінде нақты тапсырманы орындау кезінде анықталған өзара іс-әрекет алгоритміне сәйкес функционалды немесе құрылымдық біріккен.

Көптеген жағдайларда күрделі техникалық жүйелердің сенімділігі төмен болады, бұл өз кезегінде тұтынушылар жағынан сенімнің жоғалуына, сыртқы нарықта бәсекелесу қабілетінің төмендеуіне, кепілдік кезеңінде істен шығуларды жоюға кететін шығынның көбеюіне алып келеді. Сонымен қатар бұл қауіпсіздіктің төмендеуіне алып келеді, жөндеу мен қосалқы бөлшектерге кететін материалдық шығын мен еңбек ресурстары шығыны артады, тоқтап қалу кезінде оның орнын толықтыратын машиналар паркін толықтыру қажеттілігі артады.

Күрделі техникалық жүйелерді сенімділікпен қамтамасыз ету бұйымның өмірлік циклының барлық сатыларын – «жобалау-жасап шығару-пайдалануды» қамтитын іс-шаралар кешенімен жүзеге асырылады. Негізінде сенімділік жобалау кезінде қарастырылады, жасап шығару кезінде қамтамасыз етіледі, пайдалану мен жөндеу кезінде қалпына келтіріледі және тұрақтандырылып тұрады.

Ұйымдастыру жұмыстарына сенімділікпен қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптар халықаралық стандарттарда шығарылған. Мысалы: IСО 900 ÷ IСО 904, IСО 8402, IСО/ТК 176 «Обеспечение качества» және ресейлік стандарттарда да шығарылған.