Курстық жұмыс түсіндірме хатының мазмұны

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

БЕКІТЕМІН
«Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының меңгерушісі
 
___________ _Джунисбеков М.Ш.__
/қолы/ /аты-жөні/
«___»_____________20 __ ж.


 

Пакеті коммутацияланған сандық желілер» пәні бойынша 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының студенттері үшін курстық жұмысты орындауға арналған

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

Тараз 2014

 

 

Құрастырушылар: Исакулова Жанат Абдибеккызы________________

(аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі және жұмыс орны)

 

 

Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау Автоматика және телекоммуникация кафедрасының мәжілісінде қаралған және «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» студенттері үшін оқу процессінде қолдануға ұсынылған.

 

«____»______________20____ж. №____ Хаттамасы

 

Әдістемелік нұсқау Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультетінің ғылыми-әдістемелік бюросымен қаралған және бекітуге ұсынылған.

 

«____»______________20____ж. №____ Хаттамасы

 

 

КІРІСПЕ

 

Байланыс қауымның күшті қарқынмен дамып келе жатқан инфрақұрылым бөлігінің бірі болып табылады. Байланыстың дамуынсыз эконикалық факторлармен анықталып қойылған бүкіл әлемдік көлемде индустриалдыдан ақпараттық қауымқа өту мүмкін емес. Ішкі жанды ұлттық, сонымен қатар ақпараттық өнімнің өсуімен қызметтер еншісі арта түседі. Бұл өту процессі байланыс және ақпарат, сонымен қатар электроника, оптика және есептеуіш техникасында ғылыми-техникалық төңкеріс қызметтеріне сұраныстың өсуімен талап етілді. Өз кезегінде, ғылыми-техникалық төңкеріс ары қарай жаңа қызметтерді туындатып жатқан және соған келісімді сұранысы да өсіп жатқан жаңа телекоммуникациялық технологиялардың құрылуына алып келді.

Электрлік байланыс жүйесі қызметтерінде өзара әрекеттесетін адамдар арсында және қолданбалы процесстердің әртүрлі бөліктерінің арасындағы әмбебап құрылғы болып табылады. Көп тұтынушылар олардың орналасу орнынан және интелектуалды деңгейінен тәуелсіз электрлік байланыс тәсілімен тарату үшін ыңғайлы түрде өздеріне келтіре ақпаратпен алмаса алады.

Бүгін телекоммуникаия тәсілдері өте жылдам дамып келеді. Осыған радиоэлектронды компоненттер жасау технологияларының жетілуінен бастап, байланыс техникасы мен есептеуіш техника интегралдауымен аяқтай көптеген факторлар себепкер болады. Телекоммуникация тәсілдерін ақпаратты өңдеу және сақтау тәсілдерімен біріктіру адамның интеллектуалды мүмкіндігін көпдүркін арттыруға шақырылған ақпараттық қауымның техникалық негізін құрайды. Ақпараттық жүйелердің өзегі болатын байланыс жүйесі қазіргі кезге сай қауымның үлкен рөлін атқарады. Олар нақты уақыт масштабында әлемдік кеңістіктің кез келген нүктесінде тұрған тұтынушыға кез келген көлемде, кез келген мазмұнды ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді.

 

1.Курстық жұмыстың мақсаты мен орындау бойынша жалпы мағұлматтар

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты «Пакеті коммутацияланған сандық желілер» пәні бойынша алынған білімді кеңейтуге, жүйелеуге және бекітуге бағытталған, сонымен қатар техникалық есептерді шығаруда практикалық амалдарды қолдануға бағытталған.

Курстық жұмыс студенттердің творчествалық өзіндік жұмысының нәтижесі болуы тиіс.

 

Курстық жұмыстың мақсаты және берілгендері

Курстық жұмыстың мақсаты болып корпоративтік компьютерлік желі ұйымы табылады.

Курстық жұмыстың орындалуы «Пакеті коммутацияланған сандық желі» пәнін оқу барысында алынған білімді бекітуге, әртүрлі типті буындарынан құралатын Ethernet желісінің конфигурациясын таңдау дағдыларды алуға, хаттама жұмысымен танысуға бағытталған.

Курстық жұмыс корпоративті желілерді жобалау сұрақтарына арналған. Жұмыстың орындалу тізбегі және тапсырмаға түсініктемелер әдістемелік нұсқауда берілген. Түсіндірме қағаз ақ қағаздың әр бетінің бір ғана жағында (сызғышсыз) жазылады.

Курстық жұмыста шешімдерді қабылдайтын, түсініктеме үшін қажетті есептеулерді, функционалды сұлбаларды, кестелер мен сызбалырды орындайтын қажетті негіздеулер келтіріледі.

Курстық жұмыс түсіндірме хатының мазмұны

Түсіндірме хатта қажетті: курстық жұмыстың мақсатын негіздеу, бастапқы мәндермен сәйкес есептеулер жүргізу және нәтижесінде жасалынған жұмыс жайлы қорытынды жасау.