Арқандарды есептеу және таңдау

Көтерім ыдысын дәйектеу және таңдау

Көтерімнің жұмыс кестесі және көтерім ыдысының түріне байланысты жылдық өнімділік бойынша (Аж) көтерім қондырғысының сағаттық өнімділігі (Qсағ) анықталады.

Екі скипті көтерім үшін сағаттық өнімділік

 

(1)

 

мұндағы С – қор коэффициенті, ауысым бойынша жүктің біркелкі келмеуін, дайындық - қорытынды әрекеттерге кеткен уақытты және жоспардан тыс ауысым ішіндегі тоқтауларды ескереді. С=1,25÷1,4; В-жылдағы жұмыстық күндер саны, бескүндік жұмыс аптасында В=250, алты күндікте – В=300; t – тәуліктегі көтерімнің жұмыс уақыты, сағ.

Технологиялық жобалау нормаларында сәйкес жұмыс сағаттарының саны, екі ауысымды жұмыста 14 сағат, үш ауысымда – 18 сағат деп қабылданады.Бір скиптің жүккөтергіштігі екіскипті көтерімде тік шахталар үшін келесі формулалармен анықталады:

- көпарқанды көтерімде

 

(3)

 

мұндағы Нк – көтерім биіктігі,м.

 

(4)

 

мұндағы Нш - өндірілетін жазықтыққа дейінгі шахта тереңдігі,м;

- қабылдау бункерінің биіктігі (20-30) м; - скипті тиеу үшін жазықтықтан төмен түсіру тереңдігі (15-20) м. Көпарқанды көтерім үшін үлкен мәндері қабылданады.

Көтерім түріне және пайдалы қазынды қасиеттеріне байланысты көтерім ыдысының сәйкес келетін түрін қабылдайды.

Көп арқанды көтерім үшін, сондай-ақ ұсақталғанда құндылығын жоғалтатын пайдалы қазындыларды тасымалдағанда, аударылмайтын СН және СНМ тектес скиптер қабылданады.

Жоғары ылғалдылықты және құрамында сазы көп пайдалы қазындыларды бірарқанды көтеріммен көтерген кезде СО тектес аударылатын скиптерді қолданған ұтымды, олардың жүккөтергіштігі 15 т-ға дейін.

Кеніштер үшін кен мен жыныс тығыздықтарының әртүрлі болуына байланысты скип маркасын таңдау келесі ретте жүргізіледі:

- Скипке қажет көлем анықталады:

 

(5)

мұндағы = / =2000/1400=1428кг/м3 - қопсытылған кен (жыныс) тығыздығы, кг/м3; - кеннің (жыныстың) массивтегі тығыздығы, кг/м3; -кеннің (жыныстың) қопсу коэффициенті 1,4-1,6 аралығында қабылданады.

- Есептік бойынша кестеден жуық көлемді скип таңдалады.

Таңдалған скип СНМ17-188-1,8

- Скиптің нақтылы жүккөтергіштігі анықталады, ол бұдан арғы есептеулерге қатысады.

(6)

 

мұндағы - скипті толтыру коэффициенті – 0,9-0,95; - қабылданған стандартты скиптің геометриялық көлемі, м3; - қабылданған стандартты скиптің пайдалы көлемі, м3.

 

Арқандарды есептеу және таңдау

Көтерім қондырғысының бас арқанын есептеу арқанның өз салмағын ескере статикалық салмақ бойынша атқарылады.

Арқанға түсетін ақырғы салмақ

 

, (7)

 

мұндағы - ақырғы салмақ массасы, кг; - скиптегі пайдалы қазындының не жыныстың массасы, немесе вагонетканың жүкпен бірге салмағы, немесе клеттегі адамдар салмағы, кг; - көтерім ыдысының салмағы, кг.

Арқанның салбырау ұзындығы

 

, (8)

 

мұндағы - діңнің ұзындығы, бірарқанды көтерімде 30-40м – деп, және қөпарқанды көтерімде 80-100 м деп қабылданады; және - (4) формулаға қара.

Бір метр бас арқанның есептік массасы келесідей анықталады;

 

(9)

мұндағы =(1600-2000)·106, Па – арқан сымы материалының үзілуге уақытша қарсылығы; n – бас арқандар саны; - арқанның шартты тығыздығы, кг/м3; =9400 – дөңгелек өрімді арқандар үшін; =9200 – үшқырлы өрімді және сопақша өрімді арқандар үшін; =8700 – жабық конструкциялы арқандар үшін; - арқандардың статикалық қор коэффициенті /4/.

ҚЕ – сәйкес бұл коэффициент келесілерден кем болмауға тиісті: - 9 еседен – адамдық бірарқанды көтерім үшін; 7,5 еседен – жүк адамдық бір арқанды көтерім үшін; 6,5 еседен – жүктік бірарқанды көтерім үшін; 8 – еседен – жүктік адамдық көпарқанды көтерім үшін; 7 еседен – жүктік көпарқанды көтерім үшін.

2,14-кесте бойынша есептік массадан үлкен, дөңгелек конструкциялы арқан таңдаймыз, көрсеткіштері төмендегідей:

- 1м арқан массасы – 7,4 кг;

- диаметрі – 45мм;

- барлық сымдардың үзілу тегеуріні,

Шахты тереңдігі 600 м-ден асқанда ҚЕ айнымалы беріктік қорын қолдануды ұсынады. Бұл ретте беріктік қоры арқанның өз салмағын ескергенде жүктік көтерімде 4,5 еседен және адамдық пен жүк адамдық көтерімде 5 еседен кем болмауға тиісті. Жәнеде арқанның барлық сымдарының қосынды үзілутегеуріннің арқан салмағын ескермегендегі ақырғы салмаққа қатынасы келесілерден кем болмауы керек: 13 еседен – адамдық бірарқанды көтерім үшін; 10 еседен жүк адамдық бірарқанды көтерім үшін; 8,6 еседен – жүктік бірарқанды көтерім үшін; 11,5 – еседен – адамдық және жүкадамдық көпарқанды көтерім үшін; 9,5 еседен – жүктік көпарқанды көтерім үшін.

Бас арқанның 1м-ің есептік массасы бойынша кестелерінен жуық үлкен массалы арқан таңдалады және сол үшін диаметр, 1м арқанның нақтылы массасы (m.г.к.ф) және арқанның барлық сымдарының сәйкес келетін қосынды үзілу тегеуріні (Qz) анықталады.

Таңдалған арқан нақтылы беріктік қорына тексерілуге тиісті

 

(10)

 

 

мұндағы - таңдалған арқанның , сәйкес мәніндегі барлық сымдарының қосынды үзілу тегеуріні, Н.

Егер < , болса, онда сол диаметрдегі, бірақ мәні жоғары арқан таңдалады.

Тереңдігі 800 м-ге дейінгі шахтылар үшін бірарқанды көтерім қондырғылары статикалық теңестірілмейді.

Көтерім биіктігі 600 м-ден асқанда бас арқанның ауырлық күші артады және көтерім жүйесінің айнымалы статикалық моменті өседі. Бұл қосқанда және тежегенде энергия шығынының өсуіне және көтерім қондырғысы ПӘК төмендеуіне соқтырады. Көтерім қондырғысының статикалық тепе-теңсіздігін жою үшін ақырғы теңестіруші арқан қыстырады. Теңестіргіш арқанды көтерімнің пайдалану сипатты бірқатар кемшіліктеріне байланысты, ақырғы арқанды қыстыруды, көтерім машинасының қозғалтқышының қуаты теңестірілген мен салыстырғанда 15% - ға өскенде, ал машина ПӘК-і 10% - дан аса төмендегенде, атқарған ұтымды. Ол қатынас болжарлы статикалық теңсіздік коэффициентінің мәнімен анықталады.


(11)

 

(13)

мұндағы К- шахталық кедергілер коэффициенті, шамамен скиптер үшін 1,15- ке тең деп, ал клеттер үшін 1- ге тең деп қабылданады.

болғанда статикалық теңестірілген жүйеге көшу керек.