Леуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық құрылымы

Ғылыми білімді әдіснамалық талдаудың логикалық-гнесеологиялық деңгейінде (біз ұсынған үшінші тұжырымдамада) білімнің ғылымтанушылық мазмұнын зерттейтін теорияның танымдық функциясы қолданылады. Аталған деңгей әлеуметтік педагогиканың логикалық құрылымын, оның пәні мен нысанын, мақсаттары мен міндеттерін, ұғымдық терминологиялық аппаратын, т.б. тану және өзгертумен байланысты әдіснамалық білімнен тұрады.

Әлеуметтік-педагогикалық нысанды әдіснамалық талдаудың аталған деңгейінде алынған білім ғылымтанушылық тұғыр арқылы ғылымитанушылық негіздерді қалыптастырады, таным мен өзгерістің субъектісіне білімнің инвариантты элементтері жиынтығын береді (1033 сызбасында көрсетілген). Ғылымитанушылық білімнің жалпы сипаттамасына талдау жасайық, кейін әлеуметтік педагогикаға қатысты мазмұнын қарастырамыз.

Ғылым – шындықтың объективті білімін өңдеу мен теориялық жүйелеу қызметі болып табылатын адам іс-әрекетінің саласы. «Ғылым» термині ғылыми білімнің жеке салаларын анықтауда қолданылады. Ғылымитаным – ғылымнығ дамуы мен қызмет ету заңдылықтарын, ғылыми іс-әрекеттің құрылымы мен динамикасын, қоғамның материалдық және рухани өмірінің барлық салалары және басқа әлеуметтік институттармен ғылымның байланысын қарастыратын зерттеу саласы.

Ғылым объектісі ретінде танымдық және практикалық іс-әрекет барысында субъектіге қарсы тұратын шынайы шындықтың өмір сүруінің кез келген формасы немесе бөлігін айтуға болады (зат, дене, орта, үдеріс, құбылыс, құрылым, байланыс, қатынас, ерекшелік және т.б. және оның кез келген комбинациясы немесе кешені). Нысанды таңдаудың әдіснамалық негізі әлеуметтік педагогикада субъектівті және волюнтаристік іс әрекетті ескеру барысында тадалған тақырып шеңберінде қабылданатын зерттеудің немесе өзгерістің көлемін шектеуге сүйенеді.

 

Әдіснамалық тұғыр Білім инвариативтері және олардың бірізділігі Білім қызметі
Ғылымитынмдық Нысан Пән Карегория мен терминдер Мақсаттар Міндеттер Логикалық-гнесеологиялық (ғылымитанымдық) негіздері

 

10 сызба. Әдіснамалық талдаудың логикалық-гнесеологиялық деңгейінде әлеуметтік педагогиканың ғылыми білімінің құрылымы

 

Нысан ретінде (кең мағынада) әлеуметтік практиканың субъектісімен өзара байланысты бөлігі саналады; нысан толық формада әлеуметтік педагогикаға тән қырлар, практиканың байланыстары мен қатынастарынан тұрады. Нысанды таңдау әлеуметтік педагогиканың негізгі мәселелерін шешу үшін оның ішіндегі қырлар немесе құбылыстардың жеткілікті зерттелуіне негізделеді. Көптеген мамандардың ойынша кез келген нысан жүйе, үдеріс, іс-әрекет сияқты оның элементтерімен тұтастықта толық бейнелене алады.

Сонымен қатар, кең мағынада түсіндірілетін әлеуметтік педагогиканың нысанынан басқа әлеуметтік-педагогикалық зерттеу нысаны, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет нысаны, әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретіндегі нысаны, әлеуметтік педагогиканың білім беру кешені ретіндегі нысаны (олар айтарлықтай ерекшеленеді) бөлінетіндігін ойдан шығармай керек. Нысанның басты белгісі, негізгі мазмұны ретінде оның құрамында әлеумметтік-педагогикалық байланыстар мен қатынастарды бейнелеу болып табылады. Іс-әрекетті оның ғылыми-танымдық, ғылыми-өзгермелі, ғылыми-білім берушілік сияқты әр түрлерімен байланыста қарастыру өте жалпы болып келеді. Іс-әрекеттің түрлері әлеуметтік педагогиканың әр түрлі сапалық күйлерді, әр түрлі нысандар мен басқа да білімнің инвариантын шарттастырады. Осылайша, мысалы, әлеуметтік педагогикада өзгермелі әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет нысаны, танымдық әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет нысаны, білім беру іс-әрекеті нысаны туралы қорытындылар толықтай негізделген.

Нақты мәселелерді шешуге қажетті нысан туралы білім нысанның жеке бөліктерінемақсатты түрде ғылыми әсер ету арқылы алынады, оны пән деп атайды. Ғылым пәні деп аталған зерттеуге сипаты мен ерекшеліктеріне ие таным үдерісінде нысаннан бөлініп алынған белгілі тұтастықты атауға болады.

Басқаша сөзбен айтқанда, гносеологиялық жоспар бойынша пән қарастыратын нысанның айтарлықтай ерекшеліктерін, байланыстарын, белгілерінің тасушысы болып табылады және нысанды ғылыми тану құралы ретінде қызмет етеді.

Логико-гносеологиялық деңгейдің инварианттық құрамындағы әдіснамалық білімге әлеуметтік-педагогикалық нысанда таным мен өзгертудің мақсаты жатады.

Мақсат – іс-әрекеттің болашақ нәтижесін және оны белгілі бір құралдар арқылы алуды сипаттайтынадамның саналы іс-әрекетінің элементтерінің бірі. Бұл жерде іс-әрекет мақсатты жүзеге асырудың, жоспар мен альтернативтілер ішінде оңтайлы таңдау жасаудың күрделі үдерісі ретінде көрінеді.

Осылайша, мақсат нысанды тану мен өзгертудің соңғы нәтижесінің субъективті бейнесі болып табылады және өзіндік ерекшеліктерге ие.

Біріншіден, мақсат барлық ауқытта нақты, яғни әлеуметтік педагогикада маман іс-әрекетінің абстрактылы нәтижесін емес, идеалдв ұсынылған мақсаттардың нәтижесін бейнелейді. Екіншіден, таным мен өзгерістің мақсаты әлеуметтік-педагогикалық үдеріс субъектісінің белсенділігінің құрылымдық элементі болып табылады, ол әлеуметтік педагогтың артықшылығы, құндылықтары, қажеттіліктеры, қызығушылықтары, мотивтеры, ұстанымдармен негізделеді. Үшіншіден, мақсат бір емес бірнеше критерийлері бойынша топталады, қажетті мақсатты таңдауда әдіснамалық нақтылықты талап етеді, нысанды тану мен өзгертуде әлеуметтік педагог объектівті таңдайды. Төртіншіден, мақсат мәселемен байланысты, мәселені дұрыс таңдау мақсатты нақны негіздеуге алып келеді. Және керісінше. Бесіншіден, мақсат мәселеге қатысты альтернативсіз, инвариантты. Ол қарама-қайшылықтан, әлеуметтк педагогтың қарама-қарсы элементтерінен тұрмайды. Сондықтан да іс-әрекеттің мақсатын дұрыс таңдау өте маңызды. Соңғысы, мақсат қою – субъектінің әдіснамалық іс-әрекеті үдерісі, бұл ғылыми білімнің аталған инвариантын логикалық-гносеологиялық деңгейінде әдіснамалық білімге жатқызуға негіздеме береді.

Соңғы жылдары нысанды тану мен өзгерту үдерісін басқарудың басты элементі ретінде мақсатты қолданудың орнықтылық тенденциясы көрініп келеді. Бұл әлеуметтік бағдарламалау саласында танымдық және өзгерістік іс-әрекетті ұйымдастырудың кешенді мақсатты бағдарламалары сияқты формаларының пайда болуына алып келді.

Өзара байланысқан әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешу арқылы қандай да бір мақсатқа жетуге болады. Осыған орай, әлеуметтік педагогиканы талдаудың логикалық-гносеологиялық деңгейінде міндет ғылыми білімнің инвариантты элементі болып табылады.

Мақсатқа жетуді қамтамасыздандыратын міндеттер өзара байланысқан болуы керек және әлуметтік педагогтың практикалық әрекеттері мен ғылыми ойының бірізділігінің болуы керек. Ортақ мақсатпен байланыспаған қарапайым міндеттер қойылған мақсатқа жетуге алып келуі ықтимал. Әлеуметтік педагог өзінің зерттеушілік және өзгертушілік іс-әрекетінде бөліп көрсеткен мақсатқа жету үшін қажетті міндеттердің саны мақсат бөлігінің санына сай келу керек, ал міндеттердің бірізділігі субъектінің жалпы мақсаттарындағы мақсат бөліктерінің ирархиялық өзара байланысына сай келу керек. Ғылымның міндеттері пән мен нысанды тану бағытындағы негізгі қызметтермен байланысты: әлеуметтік практиканың үдерістері мен құбылыстарын бейнелеу, түсіндіру, болжау қозғалысын білдіреді.

Осылайша, нысан, пән, мақсаттар, міндеттер ғылыми білімнің инварианттары болып табылады (инвариантта – сонымен бірге категориялар мен терминдер, олар төменде қарастылырады), әлеуметтік педагогиканың ғылыми білімінің мазмұнын құрайды, оған қандай да бір әлеуметтік-педагогикалық нысанның басқалармен байланысы туралы, оны тану мен өзгерту арасындағы өзара байланыс туралы білім және т.б. жатады. Бұл білімнің жиынтығы әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану теориясының мазмұнын құрайды.

Кез-келген ғылыми пән оны құрайтын бөліктерге (бөлім, теория) қатысты әр түрлі уақыттық, сандық және сапалық динамикасымен мазмұнды өсіруде қарама-қайшылықтар арқылы дамиды. Бұндай даму нәтижелерінің қарама-қайшылығы ғылымилар мен ғылыми пәндерде анық байқалады. Әлеуметтік педагогика қазіргі кезде қалыптастып келе жатқан ғылыми пән екендігін барлығы біледі, бірақ әлеуметтік-педагогикалық ойлар өзінің дамуында ежелгі дәуірден бастап бірнеше кезеңдерді басынан өткерді.

Ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, қоғамдық әдебиеттерді (монография, диссертация, оқулықтар, оқу құралдары, газет, журналдағы мақалалар) сонымен қатар, әлеуметтік-педагогикалық үдерістерді байқау әлеуметтік педагогика дамуының негізгі парадигмаларын анықтауға мүмкіндік берді. Қандай да бір парадигма шеңберінде логикалық-гносеологиялық деңгейінде әлеуметтік педагогикалық білім инвариантының мазмұны анықталады.

Парадигма – бұл зерттеушілік міндеттерді шешуде үлгі ретінде қабылданған теория (немесе мәселені шешу қою моделі).

Ғылым философиясында аталған ұғымды Г.Бергман нормативті әдіснаманы сипаттау үшін енгізген және ғылыми революциялар теориясын бейнелеген ұғымдар жүйесін ұсынған Т.Кун дамытты. Ұғымдар жүйесінің ішінде ең маңызды орын парадигмаға беріледі, яғни «ғылыми қоғамға белгілі бір уақыт аралығында мәселелерді қою мен оларды шешу моделін беретін барлығы мойындаған ғылыми жетістіктер».

Т.Кун бойныша парадигмаларды ауыстыру ғылыми ревоюцияны білдіреді. Сонымен бірге «парадигма» ұғымы ғылым теориясы мен тарихында ғылыми пәннің қалыптасу сипаттамасын бейнелеуге, ғылыми білімнің (парадигмаға дейінгі, яғни ғылыми қауымдастық мойындаған теория пайда болмаған кезең) қалыптасуының әр түрлі кезеңдерін сипаттауға қолданылады.

Дәстүрлі түрде парадигма ғылыми әдіснама ұғымы ретінде қарастырылады, бірақ әлеуметтік мәдени ортаныі көпөлшемділігі, қарама-қайшылығы, үнемі өзгерісі бір жағынан, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени тәжірибенің альтернативті тұжырымдамасын жасауды, екінші жағынан, олардың қатал әдіснамалық негізделуін талап етеді.

Бұл парадигмалық тұғырды әлеуметтік педагогтың күнделікті жұмыс аймағына ауыстыру мүмкіндігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Парадигмалық тұғыр әдіснама мен теория деңгейінде әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық тәжірибені түсіндіру үшін жаңа механизмдерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Парадигмалық білімді әр түрлі негіздеме бойвнша классификациялауға болады, олардың ішінде ең жалпыланғаны «жалпы» және «бірлік» диалектикасы.

Жалпы парадигмаларға жалпығылыми түсіндірмелі сызбалар жатады, олар кейін әлеуметтік педагогиканың нысандық-пәндік аймағында трансформацияларып, арнайы парадигма ретінде қызмет етеді.

Әлеуметтік педагогиканың жалпы парадигмаларын анықтағанда жалпылық деңгейі бойынша олар гносеологиялық, дүниетанымдық, жалпығылыми болып бөлінетіндігін атап өткен дұрыс. Гносеологиялық парадигмалардың ішінде әлеуметтік жүйелер мен үдерістер дамуының диалектикалық-материалистік парадигмаларын бір жағынан, идеалистік парадигмасын екінші жағынан бөліп көрсетуге болады.

Әлеуметтік педагогиканың дүниетанымдық парадигмаларына Л.Е.Никитина әлеуметтік әрекеттің (М.Вебер, Т.Парсонс) теориясына, постиндустриалды қоғам (Д.Белл) теориясына, факторлар теориясының (мәдени артта қалушылық теориясы – У.Ф.Огборн, индустриалды өркениет теориясы – Р.Арон, У.Ростоу, экономикалық өркениет теориясы – К.Шепарда) қазіргі нұсқаларына, сонымен қатар элита теориясына (биологиялық – Р.Уильямс, Э.Богардус; психологиялық – Г.Джильберт, Б.Ф. Скиннер; психоаналитикалық неофрейдизм – Э.Эриксон; әлеуметтік-психологиялық – Э.Фромм, Г.Лассауэлл; технократтық – Дж. Бэрнхэм, Дж. Гэлбрейт, меритократияның ғылымикраттық тұжырымдамасы – Д.Белл, М.Янг, К.Штайнбаух, Г.Краух және басқалар) космополитизм теориясы (әлемдік азаматтық) және азаматтық қоғам, «органикалық өсу» теориясына (М.Месарович және Э.Пестель) және т.б. негізделген ережелерді жатқызады.

Өзіндік ерекшелігі бар әлеуметтік-педагогикалық парадигмалардың ішінде П.Наторп парадигмасын бөлуге болады, ол әлеуметтік педагогиканы халықтың мәдение деңгейін арттыру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін бағыттау интеграциясы ретінде қарастырды. Г.Ноль мен Г Беймердің парадигмасы бойынша әлеуметтік педагогика балаларға көмек, қорғау, кәмелетке толмағандардың бұзақылықтарын алдын-алуда әлеуметтік көмек ретінде қарастырды.

Осыған орай, парадигмалардың мазмұны ғана емес, әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретінде логикалық-гносеологиялық аппаратын қалыптастыруда олардың біреуін таңдауға да ерекше мән беріледі.

Әлеуметтік педагогикада танымдық және қайта өзгеретін іс-әрекеттің даму парадигмаларын бөлу үшін негіздеме болып адам және қоғам туралы ғылым кешенінде ғылым мен ғылыми пәндермен артық әдіснамалық байланыстарын бөлу болып табылады.

Әлеуметтік педагогика бойынша ғылыми зерттеулер шеңберінде бірнеше парадигмалардың болуы қалыпты, бірақ ғылыми пәннің жетілгендігінің белгісі болып табылмайды. Әлеуметтік педагогика ғылыми пән ретінде – ғылыми білімнің қалыптастып келе жатқан саласы, оның мазмұндық толықтығы, даму жолдары әлі нақыт анықталмаған. Әлеуметтік педагогиканың дамуында ортақ тенденциялардың анықтағы туралы айтуға болады, ол нысандық-пәндік аймағында ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша анықталады.

Әлеуметтік педагогика дамуында бірнеше парадигмалардың болуының жеткіліксіздігі олардың әр қайсысы жеке әдіснамалық тұғырды анықтайды, ал бұл әлеуметтік практиканың сәйкес аймағына әсер ету ерекшелігін, оны озгертудің бағыттарын негіздейді.

Полипарадигмалық тұғыр әлеуметтік педагогикада зерттеу бағыттары мен жолдарының әртүрлілігінің белгісі болатынын жобалауға болады, және бұл тұжырымдаманың шынайылығы мен өнімділігіне бәстесуге болмауды. Әлеуметтік педагогиканың құрылымдық-мазмұндық компонентін зерттеушілік негіздеу, тұтас ғылыми пән ретінде нысандық-пәндік және мақсат-міндеттік бағдары туралы сөз болған жағдайда басқа іс. Бұл жерде бірнеше парадигмалардың болуы ақталу ретінде қарастыруға болмайды, себебі әлеуметтік педагогиканың зерттеу мәселесіне әртүрлі ғалымдар тобы мен ғылыми мектептер көзқарасын ғана куәландырады. Бұл көзқарастар қандай да бір нақтылықпен әлеуметтік-педагогикалық практиканы бейнелейді.

Әлеуметтік педагогика дамуының бірінші парадигмасы шартты түрде педагогикалық парадигма деп аталады. Әлеуметтік педагогиканың жалпы педагогикалық ғылыммен әдістемелік байланыстарын мойындау, әлеуметтік педагогиканы оның бір саласы ретінде орнын анықтау оны бөлудің негізі болып табылады. Әлеуметтік-педагогикалық парадигмалық білім қалыптастыру механизмі – аналогия, яғни жалпы педагогиканың (тұтас) байланыстары мен ерекшеліктерін педагогикалық ғылымның бөлігіне тасымалдау, бөлік ретінде әлеуметтік педагогика есептеледі.

Мысалы, жалпы көрініс бойынша педагогика адамдарды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қабылданады (сонымен қатар практикалық іс-әрекет). Жалпыдан бөлікке ерекшеліктерід тасымалдау логикасы бойынша әлеуметтік педагогиканың саласында жұмыс істейтін әр түрлі ғалымдар бұл ғылыми пәнді келесідей сипаттайды (мысалдар келтірейік).

А.В.Мудрик – «әлеуметтік педагогика білім бөлігі ретінде әлеуметтендіру контектстінде әлеуметтік тәрбиені зерттейді».

Ю.В.Василькова және Т.А. Василькова басқа авторларға сүйене отырып, «әлеуметтік педагогика мемлекеттік, муниципалды, қоғамдық, және жеке оқу орындарында тәрбие ммен білім беруді қарастырады».

М.А.Галагузова – «әлеуметтік педагогиканың нысаны мен пәніне оралайық. Оларды біз педагогикамен салыстыра отырып анықтаймыз, олардың ішінен мына жаңа ғылыми сала бөлінді. Педагогиканың зерттеу нысаны бала, ал пәні баланы тәрбиелеу мен білімдендіру заңдалықтары есептеледі. Олай болса, әлеуметтік педагогиканың нысаны да бала, ал пәні баланы әлеуметтенідру заңдылықтары есептеледі».

Осындай позицияда М.Ф.Черкасова да тұр, оның ойынша әлеуметтік педагогика даму үдерісіндегі баламен айналысады, әлеуметтік педагогтың міндеті баланы қоғамға интеграциялау, оның дамуы, тәрбиеленуі, білім алуы, кәсіби қалыптасуына көмек көрсету болып табылады.

Әлеуметтік педагогика дамуының педагогикалық парадигмасы педагогикалық ғылымның байланыстары мен ерекшеліктерін оның бөлігі – әлеуметтік педагогикаға тасымалдау арқылы қалыптасады. Бұл парадигманың кемшілігі жалпы және жеке өзара байланыстарының диалектикасының бұзылуы: ортақ нәрсе жекеде көрінеді.

Педагогикалық парадигмада әлеуметтік педагогиканың мазмұндық ерекшелігіне зиян келтіре отырып педагогика мен әлеуметтік педагогикаға ортақ байланыстар мен қатынастарға көңіл бөлінеді. Осыған орай әлеуметтік педагогикаға педагогикалық ғылымның дамуында болған кемшіліктер де автоматты түрде беріледі. Мысалы, көп уақыт бойы педагогика бала, мектептегі оқыту мен тәрбие туралы ғылым ретінде қаратырылды.Бүгінгі күні барлық педагог-зерттеушілер андрогогика (ересектер педагогикасы), және герогогиканы (қарттар педагогикасы) бөле отырып, педагогика объектісінің кеңеюіне көңіл бөледі, педагогикалық үдерістер тек білім беру орындарында ғана емес, социумда да қарастырылады, педагогикалық парадигмалардың шеңберінде жұмыс істейтін кейбір авторлар білім беру ұйымдарындағы балалардың мәселесіне бағдарланады.

Педагогикалық парадигманы жүзеге асыру парадигмасы түсінікті және табиғи – әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік институттардың