Дәріс Әлеуметтік педагогиканың дамуының негізгі парадигмалары.

 

Ғылымның бүгінгі күннің практикалық талаптарына

үнемі сәйкес келе бермейтін өз даму заңдары бар. Ғалым өз

заманының жауы бола алмайды, сондай-ақ, ол тек сол заманда

ғана бола алмайды. Ол алда болуы тиіс, әйтпесе ол тек

шенеунік қана бола алады. Қазіргі замансыз - ол қиялшыл,

болашақсыз – ол топас.

Иван Ефремов

Еліміздегі адамдар өмірі түбірімен өзгерді деген пікірмен таласудың реті жоқ. Барлық деңгейде өмірдің алуан түрлі жақтарын: нақты бір адамның жеке өмір сүру қызметінен бастап, қоғамның әлеуметтік негізіне дейін толық түрде өзгеріске түсіре отырып, өзгерістер жалыны шарпыды. Адамдардың әлеуметтік қызметтерін көп жағдайда анықтайтын институттар оралмасқа кетті: КОКП, комсомол, пионер ұйымдары, т.б. адамдарға әлеуметтік әсер ететін ұйымдық құрылымдар жойылды, көптеген онжылдықтар бойына кәсіпкерлер жинаған оңды тәжірибелер жоғалды.

Қасиетті орын бос болмайды... Жаңа Қазақстанның әлеуметтік өмірін ұйымдастыруда жаңа шешімдер қажет болды. Әдеттегідей, халық шығармашылығы қайнады, адамдар арасында әлеуметтік байланыстардың жаңа үлгілері (ведомстволық және ведомствоаралық, федералдық және муниципиалдық, т.б.) пайда болды. Қоғамтану және адамтану ғылымдары саласында ғылыми ұсыныстарға деген сұраныс анағұрлым өсті.

Осығанға дейінгі қоғамдық құрылыс шеңберінде дамып келген әлеуметтік-гуманитарлық пәндер салмақты мазмұндық дағдарысқа ұшырады. Көптеген ғылымдар негіздемесі мен зерттеулеріне сүйене отырып қалыптасқан қоғамдық дамудың заңдылықтары жоғалды; әдеттегі формалар, бағыттар мен енгізу жолдары туралы кеңестер нәтижесіз болып қалды. Бірқатар ғылыми пәндер қазіргі Ресейдің және өзіне тән құндылықтық дағдарысқа толы әлеуметтік өмірдің жаңа құрылғысы айқындаған шақыруларға жауап бере алмай қалды.

Алайда адам мен қоғамды зерттеумен айналысқан көптеген ғылымдар мен ғылыми пәндердің теориялық білімдердің идеологиялық толықтырылуынан тәуелсіз мықты әдіснамасы болды. Бұл әдіснама көптеген ғылымдар мен пәндерде сақталып, өзінің жаңа салалары, бөлімдері, бағыттары қалыптасып, басқа жағдайларда дами бастаған негізгі діңгек болды.

Педагогикалық ғылым да идеологиялық «толтырғышы» болуына байланысты белгілі бір дағдарыс жағдайында қалды. Көптеген жылдар бойы зерттеліп, жұмыстарында қолданылып келген сол әдеттегі ғылыми педагогика жаңа жағдайдағы адамдармен жұмыс істеу үшін даяр кеңестерді бірден беруге шамасы келмеді. Оның себептері белгілі: кез-келген ғылым қашанда қоғамдық практикадағы қоғамдық практиканың ғылыми деректеріне сүйенетіні, содан соң ғана оның заңдылықтарын шығаратыны айқын. Ғылыми деректердің өзгерісі жағдайында ғылым заңдылықтары да (оның ішінде педагогика заңдылықтары) өзгеріске түседі. Осы жағдайларда оның сараптамалық, суреттеушілік және түсіндірмелік қызметтері де жүзеге асырылады.

Алайда кез-келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да, прогностикалық қызмет бар, ал оның жүзеге асу нәтижелері ХХ-ғасырдың 80-ші жылдарында сұранысқа ие болмай қалды. Өкінішке орай, бұл қызмет біраз шетке шығарылып, прогностикалық ғылыми зерттеулер ысырылып қалды, арнайы лабораториялар жойылып, мамандар саны қысқартылып, ғылыми мақалалар саны күрт азайып кетті, т.с.с.

Қоғамның жаңа әлеуметтік ортасының жедел шақыруларына жауап бере алмағанына қарамастан, педагогика ғылымы өзінің әдіснамалық іргетасына сүйене отырып, өмірге жаңа әлеуметтік педагогиканы алып келді. Әрине, оның пайда болуына негіз болған іс-әрекеттің жаңа түрлерінің ең үздік үлгілері болды. Егер бұрынырақта қоғамдағы адам өмірі мен қызметін ұйымдастырумен байланысты қызметтің бір бөлігін басқа мамандықтар атқарып келсе, қазір әлеуметтік педагогикалық әрекет әлеуметтік қызметкердің, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік ортаның әртүрлі секторларында мамандандырылған әлеуметтік педагогтардың кәсіби әсері шеңберінде жинақталады. Жаңа мамандықтар пайда болды, жаңа мамандықтар кадрларын даярлау басталды, ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттары ашылды. Осы және басқа да өзгерістерге үн қатқан педагогика ғылымының шеңберінде және әдіснамасы негізінде жаңа әлеуметтік педагогика пайда болды.

Әлеуметтік педагогиканың пайда болуы және алғашқы кездегі дамуы ерекшеліктерінің бірі өзінің сапалық жағдайларында бір уақытта дами бастағанында болды: (әлеуметтік) практикалық іс-әрекет саласы ретінде, білім беру кешені ретінде, ғылыми пән ретінде. Басқаша айтқанда, әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет ғылымнан кеңестер талап етіп, оны «қағаз бетінен» тікелей қолданды. Мамандар жаңа маман даярлауда әдебиеттер мен оқу курсына арналған материалдарды іздестірді. Он жылдан аса уақыт өткен соң осындай әдебиет сирек кездеседі, әрі үлкен сұранысқа ие болады.

Әрине, жаңа мамандық дамуының осындай динамикасы ғылыми пәнге де сәйкес талаптар қойды, ал әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтар даярлауға кіріскен ЖОО-лар санының күрт өсуі ғылыми әдістемелер және оқу құралдары мен материалдарды жедел жасап шығаруды талап етті.

Әлеуметтік педагогиканың дамуының тағы бір ерекшелігі оның әлеуметтік салалардың алуан түрлі секторларына кеңінен қолданысқа енуінен болды: білім беру, мәдениет пен өнер, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау және әскери қоғам, жастар қозғалысы, отбасы...

Осы секторлардағы әлеуметтік педагог қызметінің мазмұны көбінесе сәйкес келді, бірақ кейде формасы мен әдістері жағынан, жүзеге асыру жағдайларына байланысты біршама айырмашылықтары да болды. Әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік саланың басқа секторларымен өзара әрекеті оның осы сала туралы ғылымдармен өзара байланысына алып келмей қоймады. Осындай өзара әрекет нәтижесінде әлеуметтік-педагогикалық білімдердің басқа гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар, сондай-ақ, адам туралы ғылымдармен күрделі де мықты байланыстары қалыптасты. Педагогикалық ғылымдар саласынан әлеуметтік педагогика біртіндеп пәнаралық ғылыми салаға, пәнаралық ғылыми пәнге айналды. Ол әлеуметтік ғылым саласына айналды.

Әлеуметтік педагогиканың ерекшеліктерінің бірі оның өзімен бір мезгілде пайда болған әлеуметтік жұмыс әрекетінің мазмұны жағынан ерекше жақындығы болып табылады. Бұл жақындық әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыстың өзара қатынасы туралы аяқталмайтын пікірталас туғызды. Пікірлер ауқымының алуан түрлілігі таңқаларлық болды. Мәселен, әлеуметтік педагогика әлеуметтік жұмыстың бір саласы деген тұжырым бір полюсте жатады. Оларға әлеуметтік педагогика да, әлеуметтік жұмыс та бір ғана нәрсе, айырмашылығы олардың қолданылу аясында: әлеуметтік педагог білім беру мекемелерінде қызмет етсе, әлеуметтік қызметкер әлеуметтік жұмыс жүйесінде жұмыс істейді деген тұжырым қиысады. «Әлеуметтік педагог» және «әлеуметтік қызметкер» «әлеуметтік жұмыс» атты жалпы мамандықтың модификациясы, ал әлеуметтік педагогика осы мамандықтың теориялық негізі болып табылады деген де көзқарас бар. «Бала дамуы мен тәрбиесі, оның әлеуметтік қалыптасуы барысында баламен байланысты әлеуметтік педагогтан әлеуметтік қызметкердің айырмашылығы оның қызмет ету нысаны әлеуметтік мәселесі бар кез келген жастағы адам бола алатындығы» деген күтпеген тұжырым болды;

«Әлеуметтік қызметкерлер өз клиенттерін қиын жағдайға душар болған және мәселелері бар ересектер топтарынан, ең алдымен кедейлік немесе кедейлену шегіндегі адамдар топтары, тәуекел отбасы тобынан, баспанасыз адамдар, бұрын сотталған, түрлі әлеуметтік көмек алатындар, соның ішінде жалғыз басты аналар немесе әкелер, АИВ (адамның иммундық тапшылық вирусы) инфекциясын жұқтырғандар, т.б.

Әлеуметтік педагогиканы оқыту бағыты педагогикалық дәстүрлер мен балалар мен жастармен жұмыс істеуге, мәселен жастармен жұмыс, балалар үйіндегі тәрбиеге бағытталған».

Басқа да көзқарастар арасынан әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс арасында адамдарға әсер ету сипаты және әсер етуді жүзеге асыру жағдайы бойынша үлкен айырмашылықтар бар деген тұжырым да бар.

Ресейде әлеуметтік педагогикаға қатынасты жасап шығаруда неміс коллегалардың айрықша әсері бар, олардың пікірінше, «әлеуметтік және әлеуметтік педагогикалық жұмыс қоғамдық көмектің бірегей қызметтік жүйесі ретінде қарастырылуы және түсінілуі тиіс. Біртұтас саланың әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогикаға бөлінуі жасанды шекара жүргізеді, ынтымақтаса қызмет етуді және әрі қарай дамуды қиындатады, ортақ әрекет жолына кедергі болып табылады. Бұл бөлу –тарихтың үлесі- кездейсоқ орын алған, бүгінгі күні ескірген немесе оншалықты әсер етпейтін себептер мен жағдайларға байланысты. Сондықтан бүгінгі күні осындай бөлуді жақтау да, негіздеу де ақылға сыймайды».

Ғылыми тұғырлардың әртүрлілігі әлеуметтік фактілерді кеңінен іздестіруге, әлеуметтік педагогикалық тәуелділіктерді зерттеуге, қарама-қарсылыққа дейін қайшылықтарға толы, шамамен, шартты түрде ғылыми, мифологиялық безендірілген, яғни аса субъективті қорытындылар мен ұсыныстарды жасап шығаруға алып келмей қоймайды.

Әлеуметтік философтардың тұжырымдауынша, кез келген ғылым (оның ішінде әлеуметтік педагогика да) танымдық үрдістің рационалды-логикалық және эмоционалдық-құндылықтық құрамдас бөліктері болып табылатын өзара болжау және өзара теріске шығаратын қарама-қарсылықтар бірлігінде дамиды. Егер алғашқы компоненттің даму нәтижесі, табиғатынан сыни және догмаға қарсы, дәлелденетін білім болса, танымның эмоцианалды-құндылықтық компоненті білімге деген догмалық сенімді тудыруға қабілетті. Бір жағынан, мұндай жол ғылымды дамытуға күшті стимул береді, ал екінші жағынан, зерттеуші өз көзқарасының дұрыстығына деген өз интуициясы, эмоциясы мен сеніміне негізделген догмалық құрылымның қалыптасуы үшін күші жағынан кем емес консервативті рычагы болады.

Егер ғылымның прогностикалық функциясын есепке алмай, әлеуметтік-педагогикалық тәуелділік заңдылықтарын танудың рационалдық-логикалық жолында тұрсақ, әлеуметтік педагогика ертерек пайда болған өзінің ғылыми мәселе ретінде қоюға шамасы келген мәселелерді шешуді туындата отырып, практиканың «соңынан еруге» мәжбүр болды. Бұл жағдайда әлеуметтік педагогика тек қалыптасқан практиканың айнадағы бейнесін көрсетіп, басқару шешімдерін қабылдауды түсіндіріп, оларды негізге алып, ақырында қоғамдық «тоқырау» кезеңіндегі ғылымның дамуын қайталайтын болады.

Егер танымның эмоционалдық-құндылықтық жолында тұрсақ, әлеуметтік педагогика өз мазмұнында жорамалдардың аңызға айналуы мен олардың шынайылығына деген сенімге үгіттеу сияқты догмалық бастаулардың күшеюіне алып келер еді. Танымның мұндай жолы әлеуметтік педагогиканың рационалдық-логикалық компоненттеріне әсер етпей қоя алмайды, олардың ғылыми танымына қарсы әрекет жасайды, догмалық сенімнің шынайы және қате элементтерін ашып көрсетеді. Алайда танымның рационалдық-логикалық жолы танымның әлеуметтік практикасының эмоционалдық-құндылықтық жолдарында туындаған жорамалдар мен шешімдердің ғылыми әдістерін сараптауды білдіреді. Эмоция, интуиция мен сенімге негізделген бұл жорамалдар мен шешімдер ғылыми сараптама барысында бекітілетіні табиғи нәрсе.

Әлеуметтік педагогиканың аңыздары туралы айталық. Әлеуметтік педагогиканың бүгінгі күні бар саласында емес, болуға міндетті саласында танымның эмоционалдық-құндылықтық деңгейінде пайда болған догмалық тұжырымдар (немесе ғылыми тұрғыдан бекітілмейінше, осылай атала тұрады) осылай аталады.

Бар нәрсені сараптауға жасалған кез келген ғылыми әрекет ұсынылған көптеген жорамалдар әлеуметтік практикада өз орнын таба бермейді, жекелеген зерттеушілердің пікірінше, олар болуға «тиісті» тәрізді. Осы сенім әлеуметтік педагогикада танымның эмоционалдық-құндылықтық жолына құрастырылған жорамал, ғылыми әдістермен тексерілген, және шынайы практикада көрінбейтін, бірақ тәрізі әлеуметтік үдерістерге тән сол немесе басқа жорамалдарды аңызға айналдырады.

Әрине, зерттеушінің эмоционалдық-құндылықтық жүйесін ешкім де «болдырмауға» шамасы келмейді, не болмаса оған қарсы келуге, әлдекімнің көзқарасымен субъективті келіспеушілік негізінде жоққа шығару мүмкін емес. Ешкім де аңыздандырылған жорамалдардың ғылыми зерттеу нәтижелерін «болдырмай» қоя алмайды. Олардың барлығы дәлелденген әрі шынайы болып шығатыны мүлдем дерек емес. Сонда әлеуметтік педагогика дамуының қайнар көзі ретінде қызмет ететін диалектикалық қарама-қайшылық айқын, бірақ оның түрлі салдары болуы мүмкін.

Теориялық пікірталас аясында бұл қарама-қайшылық, бір жағынан, ғылыми пән және білім беру кешені ретінде әлеуметтік педагогиканың мазмұнын байытуға алып келе алады (олар арқылы әлеуметтiк - педагогикалық тәжiрибенің арқасында өзара айырмашылықтары бар ғылыми теориялар, әдiстемелер, үлгiлер, технологиялар, т.с.с. пайда болады), ал екінші жағынан ғылыми көзқарастардың және ғылыми білімдер тенденцияларына қарсылығын күшейте алуы мүмкін.

Ғылыми зерттеулер аясында бұл қарама-қайшылық әлеуметтік педагогикада әртүрлі мектептердің пайда болуына алып келеді, мәселен, олардың бірінде әлеуметтік педагогикалық мәселелерді шешудің рационалдық-логикалық жолы басым түседі, келесісінде танымның эмоционалдық-құндылықтық жолы, өнімді адамның көз алдына елестету күшіне, сананың прогностикалық функцияларына негізделген. Ғылыми мектептерге өзара қарым-қатынаста болу қиынға түсетінін айту керек пе? Осы жерде зерттеушілердің әлеуметтік білімдердің жаңа саласында көзқарастарының алшақтығы жасырынып жатыр ма? Ғылыми мектептер қызметі аясында бұл қарама-қайшылық ғылыми шиеленіске алып келуі мүмкін, аңыздандырылған жорамалдарды қалыптастыратын және оларды ғылыми әдістермен тексеруге «батылы жететін» адамдар арасында, сондай- ақ, қорытындылары қисындық құрылымдарда құрылатын, эмоционалдық негізде құрылған, бірақ тексерілмеген дәлел, немесе бұл құрылымдардан мүлдем бас тарту, орнына алмастыру енгізбейтін адамдар арасында болатын шиеленістерге алып келуі мүмкін. Тұлғалық деңгейде осындай қарама- қайшылық әлеуметтік педагог көмегіне мұқтаж адам үшін жағымсыз салдар тудыруы мүмкін. Танымның нормативті–рационалдық тәсілдері мен әдістерін иррационалдық тәсілдер мен әдістермен алмастыру қате болған болар еді. Танымдық және практикалық жұмыстың әдістері мен тәсілдер арсеналын ерікті немесе еріксіз тарылту әлеуметтік педагогикалық әрекет мазмұнына қайшы келуі мүмкін. Ол адамға залал тигізу мүмкіндігі мен нәтижелердің субъективтік бұрмалануына әсер етеді1.

Соған қарамастан, диалектикалық қарама-қайшылықтардың салдарларының барлығы әлеуметтік педагогиканың даму көзі болып табылады. Осындай жағдайда ықпалды шара бар деп пайымдайтын әлеуметтік философтар дұрыс айтады: қоғамдық құндылықтардың өмір сүріп отырған жүйесін үнемі үздіксіз рационалдық-логикалық мағына беруге душар етеді. Осындай тұрғыдан қарау ғана ғылымды, оның ішінде әлеуметтік педагогиканы да сәнді діни ағымнан, қайта құру мүмкіндігін айтпағанның өзінде ешқандай түзетуге келмейтін догмадан тұратын көзсіз сенімнен алдын ала сақтап қала алады. Бұдан өзге, бұл құралдарды үнемі қолдану зерттеушілерге әлеуметтік практика мен ғылыми білімдердің екі тенденциясын да қолдануға мүмкіндік береді: дифференция мен интеграция. Ғылыми пән ретіндегі әлеуметтік педагогиканың қысқа мерзімдік өмір сүруі дүниеге көзқарастық позициясы мен ғылыми зерттеулер нәтижелері желпуішін тудырды. Бүгінгі күнгі ғалымдардың міндеті — алынған нәтижелерді сақтап қалу. Әлеуметтік педагогикалық практиканың түрлі жақтары туралы алынған қорытындыларға, әлеуметтік педагогикалық білімдерге ұқыпты қарау және ғылыми негізделген теорияға олардың ықпалдасуы зерттеушілердің ғылыми этикаға байланысты болып келеді. Олар бір біріне әртүрлі көзқарастар тұрғысынан өз көзқарастарын түсіндіріп, бірақ өздерінің ғылыми көзқарастарын қорғап тұрып алмай, алынған нәтижелерді біріктірулері керек. Бұл кітап әлеуметтік педагогика туралы рационалды-логикалық талдауға арналған. Ең бірінші мұнда әлеуметтік педагогиканың дүниеге көзқарастық негізін нақтылау үшін маңызы бар мәселелер сарапталады.