Араңыз: Әлеуметтік педагогика: проблемалар, ізденулер, шешімдер. М., 1990.

♦ Ресейдің жоғары оқу орындарында «әлеуметтік педагогика» мамандығының ашылуы1;

♦ кадрларды мамандандырудың, әлеуметтік жұмыс мамандарын жұмыс орындарында, біліктілігін арттыру курстарында оқытудың сан алуан түрлерін дамыту; Ресейдің жоғары оқу орындарында әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерді даярлай бастау, педагогикалық жоғары оқу орындары мен университеттерде әлеуметтік педагогика кафедралары мен факультеттерін құру;

♦ Свердловск мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша тұңғыш оқу-әдістемелік бірлестігін құру2;

♦ орталық және аймақтық басылымдар мен журналдарда әлеуметтік педагогика бойынша мақалаларды, кітапшаларды, оқу-әдістемелік және оқу құралдарын жаппай түрде шығару;

♦ «Әлеуметтік жұмыс» журналын құру және тарату (сондай-ақ осы проблема бойынша жаңадан мамандандырылған журналдардың пайда болуы);

♦ үкіметтің «әлеуметтік педагог» деген жаңа мамандықты және аталмыш маманның бірінші біліктілік сипаттамасын бекітуі.

1989-1992 жылдары шешілген басты мәселелер мыналар болды:

♦ Ресей Федерациясында жаңа «әлеуметтік қызметкер», «әлеуметтік педагог», «әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман» мамандықтарының мотивациясын дамыту және бекіту3;

♦ Ресей Федерациясының әртүрлі аймақтарында социум мамандарын біріктіретін мемлекеттік емес, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды қалыптастыру;

Араңыз: «Әлеуметтік педагогика» мамандығының ашылуы туралы: КСРО Халыққа білім беру комитетінің 1990 ж. 8 тамызындағы бұйрығы // КСРО Халыққа білім беру комитетінің бюл. Сер. «Мектепке дейінгі тәрбие». 1990. № 12.

Араңыз: Свердловск мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша тұңғыш оқу-әдістемелік бірлестігін құру туралы: КСРО Халыққа білім беру комитетінің 1991 ж. тамызындағы бұйрығы // КСРО Халыққа білім беру комитетінің бюл. Сер. «Кәсіби білім беру». 1991. №11.

КСРО Халыққа білім беру комитеті Алқасының шешімі.

♦ әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс саласында дәстүрден тыс тұрғыларды қолдану және ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың инновациялық формаларын қалыптастыру;

♦ шетелдің әлеуметтік қызметкерлер ұйымдарымен ғылыми және ұйымдық байланыстар орнату, Ресейдің әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлер қауымдастығы (ӘЛПжҚҚ – БӘЛПҚ-ның мұрагері) Халықаралық әлеуметтік қызметкерлер федерациясының (IFSW) мүшелігіне қабылданды.

Әлеуметтік педагогиканы дамытудың негізгі қорытындылары диссертацияларда, монографияларда, әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогика бойынша халықаралық, жалпы ресейлік және аймақтық конференциялардың материалдарында көрсетілген болатын. Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмысты дамыту үшін елеулі оқиғаға «Ресейдегі әлеуметтік жұмыстың тарихи тамырлары, қазіргі замандағы проблемалары мен перспективалары» (1993 ж.) халықаралық семинары айналды!.

Дәл сол кезеңде В.Г. Бочарованың арнайы бағытталған диссертациялық зерттемесі қорғалады, және әлеуметтік педагогика бойынша алғашқы кітаптардың бірі шығады.

Үшінші кезең - әлеуметтік педагогикаға ғылыми-теориялық негіздеме беру кезеңі - 1993-2001 жылдар әлеуметтік-педагогикалық ғылым мен практиканың экстенсивті дамуымен сипатталды. Дамудың мұндай сипаты көптеген ғылыми зерттеулердің жүргізілуінен байқалды, олар негізінен әлеуметтік-педагогикалық практиканың проблемалық өрісін белгіледі. Бұл ретте проблемаға енудің тереңдігі мен толықтығы, оның қамтылу ауқымы, әлбетте, әртүрлі болып отырды.

Сол кезең ішінде (9 жыл) әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканың түрлі проблемалары бойынша 747 диссертация қорғалды; орташа жылдық коэффициент 83,0 құрады (алдыңғы кезеңдерде ол соған сәйкес 2,05 және 20,75 тең болатын). Оған қоса, әлеуметтік педагогиканың дамуының осы кезеңіне төмендегідей ерекшеліктер тән болатын.

Ресей мен шетелдегі әлеуметтік тәжірибені қорытатын тұңғыш материалдар жинағына осы семинардың қорытындылары бойынша әзірленген жинақ айналды. Қараңыз: Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасы: отандық және шетелдік тәжірибе. М., Тула, 1993ж.