Бочарова В.Г. Әлеуметтік шағын орта оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудың факторы ретінде: Пед.ғыл.докт.дисс. М.,1991ж.

Леуметтік педагогика: теориясы, әдістемесі, зерттеу тәжірибесі

Мазмұндық тұрғыда:

♦ ғылыми зерттеулердің проблематикасын тұтастай әлеуметтік педагогиканың проблемалық өрісін суреттеуге дейін кеңейту (адамды әртүрлі жағдайларда әлеуметтік тәрбиелеудің, әлеуметтік жұмыс педагогикасының, әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс тарихының, әдіснамасы мен теориясының, әлеуметтік орта педагогикасының, әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерге кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесінің проблемалары және т.б. зерттелген болатын; әлеуметтік-педагогикалық практиканың нақты проблемаларын зерттеу жұмыстары кең тарауға ие болды);

♦ әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретінде тақырыптық және мәселе-мақсаттық өрісіне дәл анықтама беру мақсатында перспективалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының проблематикасын болжамдық зерттеу және қалыптастыру 1;

♦ әлеуметтік педагогиканың даму парадигмаларын: педагогикалық, социологиялық, социология-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық парадигмаларын қалыптастыру мен ресімдеу 2;

♦ Білім беру министрлігімен жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап оқулықтар мен оқу құралдары ретінде ұсынған оқу құралдары мен дәріс курстарының пайда болуы3;

♦ түрлі социум институттарының әлеуметтік-педагогикалық қызметінің бұқаралық тәжірибесін аймақтық және муниципалды дара ерекшелігін ескерумен суреттеу;

♦ әлеуметтік-педагогикалық қызмет пен халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесін өзгеріп отырған Ресей жағдайларында қолданудың мүмкіндіктерін, бағыттары мен жолдарын және т.б. зерттеу.

Үшінші кезеңде әлеуметтік-педагогикалық кешенді зерттеуді ұйымдастырудың принциптері анағұрлым нақты түрде қалыптасты, олар тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда әлеуметтік педагогиканы дамытудың алдыңғы кезеңдерінде сыналған және қазіргі кезеңде де зерттеуді дәстүрден тыс түрде ұйымдастырудың негізі болып табылады.

 

Араңыз: Бочарова В.Г. , Липский И.А. Әлеуметтік педагогикадағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары. М., 2001.

Араңыз: Липский И.А. Әлеуметтік педагогиканы дамытудың ұғымдық аппараты мен парадигмалары:// Педагогика. 2001. № 10. С. 13-20.

Араңыз: Мудрик А.В. Әлеуметтік педагогика. М., 1999; Әлеуметтік педагогика / В А. Никитинаның ред., М., 2000; Әлеуметтік педагогика: Дәрістер курсы / М.А. Галагузованың жалпы ред.. М., 2000, және басқ.

 

Олардың арасында келесі принциптер кездеседі:

ғылыми бағдарламаны проблемалық-құрылымдалған түрде жинақтап топтастыру;

социум институттарының педагогикалық тұрғыдан мақсатқа лайықты қызметінің тиімді модельдерін (нұсқаларын) жобалық үлгілеу;

аймақтандыру, яғни жергілікті жерлерде аймақтық өкілдіктерді, эксперименттік базалар мен алаңшаларды біртіндеп қалыптастыру;

аймақтардағы ғылыми мекемелердің, жоғары оқу орындары мен эксперименттік-практикалық орталықтардың әлеуетіне сүйену;

зерттеу қызметінің (теориялық және қолданбалы сипаттағы), тәжірибелік-эксперименттік (практикалық) жұмыс және мамандарды (әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерді), білім беру мекемелерінің оқытушылары мен жоғары білікті мамандарды аймақтарға арнап кәсіби даярлаудың үйлесімді біртұтастығы;

зерттеулердің пәнаралық сипаты;

іздену шараларына түрлі ведомстволардың мемлекеттік мекемелерін, үкіметтік емес ұйымдары мен коммерциялық құрылымдарын қатыстырумен зерттеу жұмыстарын жүргізу;

әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс саласында ауқымды халықаралық ғылыми және шығармашылық байланыстарды пайдаланумен тұрақты түрде салыстыру зерттеулерін жүргізіп отыру;

баспа қызметін ұйымдастыру және оны қаржыландырудың дәстүрден тыс формаларын қолдану және т.б.1

Ұйымдастыру формаларын дамыту тұрғысында:

♦ Ресей білім беру академиясында Әлеуметтік педагогика орталығының құрылуы (1993 ж.). ӘЛПжҚҚ және РБА-ның жанынан Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс саласының мамандарын даярлау мен кәсіби дамытудың біліктілік комиссиясын құру;

♦ «Әлеуметтік педагогика» ӘБО РБА (1993-1995 жж.), «Әлеуметтік жұмыстың педагогикасы» (1996-1998 жж.), «Ауыл социумында білім беру жүйесін дамыту: ғылыми мен практиканы ықпалдастыру» (2000-2002 жж.) Ғылыми зерттеулердің кешенді бағдарламаларын ашу және оның бағдарламалық-мақсаттық құрылымын қалыптастыру;

 

Араңыз: Бочарова В.Г., Филонов Т.Н. Әлеуметтік педагогиканың қазіргі жағдайлардағы міндеттері мен оның даму перспективалары // Әлеуметтік жұмысқа үйрету. Бағдарламалар мен технологиялар. Ч. II. Әлеуметтік жұмыстың педагогикасы, М, 1997ж.

 

♦ РБА ӘБО (РБА ПӘЖИ) мен ӘЛПжҚҚ-ның Ресей Федерациясының аймақтағы ғылыми мектептерімен, субъектілерінің оқу мекемелерімен ұйымдастырушылық өзара байланыстарын орнатуы;

♦ ғылыми-зерттеу қызметін шаруашылық есеп келісімшарттары мен бюджеттен тыс қаржыландыру жүйесінің негізінде дамыту;

♦ «Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша Жоғары білім берудің мемлекеттік стандартын әзірлеу және әртүрлі социум институттарында жұмыс істейтін мамандарды даярлау жүйесін қалыптастыру1;

♦ «әлеуметтік педагог» және «әлеуметтік қызметкер» деген жаңа мамандықтардың стандарттарын құру және жетілдіру2;

♦ әлеуметтік педагогиканың салыстырмалы түрде дербес бағыттарын зерттеу мен дамытуға күш жұмсаған танылған көшбасшылармен (ғылыми мектептермен) ғылыми қауымдастықтардың пайда болуы;

♦ Ресейдің әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің одан арғы дамуы, мысалы, Әлеуметтік жұмыс мектептері оқытушыларының қауымдастығын құру (В.А. Фокин) және т.б.

Осы кезеңде Әлеуметтік педагогика орталығы РБА-ның Әлеуметтік жұмыс педагогикасының институты етіп қайта құрылған болатын (1997 ж.), бұл ғылыми зерттеулердің объектілі-тақырыптық өрісін анағұрлым дәл түрде (алайда тиянақты емес) белгіледі.3