Араңыз: Балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы: Ресей Федерациясы Білім беру министрлігінің әдістемелік хаты. М., 1995.

2 Қараңыз: Жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты. Мектеп түлектерін «031300 - әлеуметтік педагогика» мамандығы (біліктілігі - әлеуметтік педагог, кәсіби білім берудің үшінші деңгейі) бойынша даярлау мазмұнының міндетті минимумы мен деңгейіне қатысты мемлекет талаптары. Бекітілген сәттен бастап күшіне енеді. М., 1994; Жоғарғы білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты. Мектеп түлектерін «0314 - әлеуметтік педагогика» (кәсіби білім берудің негізгі деңгейі) бойынша даярлау мазмұнының міндетті минимумы мен деңгейіне қатысты мемлекет талаптары 2001 ж. 1 қырк. бастап стандарт күшіне енгізілгенге дейін уақытша талаптар ретінде қолданылады. М., 1997; Жоғарғы білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты. «031300 - Әлеуметтік педагогика» мамандығы»

 

Мұндай қадам «әлеуметтік педагогика» ғылыми саласына қатысты институттың әлеуметтік педагогиканың теориясын әзірлеуші ретіндегі функцияларының қайсыбір тарылуына әкелді. 1999 жылы институт академиялық типіндегі ғылыми-білім беру мекемесі ретінде мемлекеттік аккредитациялауды өтті. Институттың жанынан докторантура мен аспирантура құрылды, бұл алдыңғы кезеңдерде жинақтаған әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік-педагогикалық қызметтің практикасын ғылыми тұрғыдан талдау жұмысына кірісуге мүмкіндік берді. 1996 жылы институтта 13.00.06 - «тәрбиенің теориясы мен әдістемесі (әлеуметтік тәрбие)» және 13.00.08 - «кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертацияны қорғау бойынша диссертациялық кеңес құрылды1.

2002 жылдан бастап әлеуметтік педагогиканың төртінші даму кезеңі – кәсібилендіру кезеңібасталды 2.

Әлеуметтік-педагогикалық қызметті кәсібилендіру, әлеуметтік сала мамандарын даярлау мәселелеріне алдыңғы жылдарда да көңіл бөлініп отырғанына қарамастан ғылыми-педагогикалық мамандардың оқу-әдістемелік және тәжірибелік-эксперименттік материалы жеткілікті болмаған. Мұндай материал негізінен әлеуметтік педагогиканың екінші және үшінші даму кезеңдерінде жинақталды.

Төртінші кезеңнің жаңадан ғана басталуына байланысты оның негізгі сипаттамаларын тек болжамалы нұсқада ғана көрсетуге болады. Мынадай болжамдар жасауға болады: яғни әлеуметтік педагогикада мамандарды белгілі бір сала бойынша мамандандыру күшейеді, олар барған сайын тар бағыттағы мамандар ретінде даярланатын болады; әлеуметтік педагогика бойынша оқулықтар мен оқу құралдары практикаға көбірек бағытталып отыратын болады; әлеуметтік-педагогикалық қызметті технологияландыруға деген қызығушылық артады3; әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлердің ғылыми зерттеулері мен жұмыс тәжірибесінің байланысы анағұрлым берік болады; ғылыми зерттеулер (бұрынғыдай) экстенсивті емес, қарқынды сипатқа ие болады.

 

Жылы ты РБА Әлеуметтік жұмыс педагогикасы институтының диссертациялық кеңесі келесі мамандықтар бойынша диссертацияларды қорғауға арнап қабылдау құқығына ие болды: 13.00.01 - «жалпы педагогика»; 13.00.02 - «оқыту мен тәрбиенің теориясы мен әдістемесі (әлеуметтік жұмыста)», 13.00.08 - «кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі».

Автор педагогикалық ғылымдарының докторы Л.Е. Никитинаға осы материалды әзірлеуде кеңес беріп және көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді.

Араңыз, мысалы: Әлеуметтік педагог жұмысының әдістемесі мен технологиясы / М.А. Галагузова, Л.В. Мардахаевтың ред.. М., 2002; Селевко Г.К., Селевко А.Г. Әлеуметтік-тәрбиелеу технологиялары. М., 2002; Шакурова М.В. Әлеуметтік педагог жұмысының әдістемесі мен технологиясы, М.

Зерттеу жұмыстары мен жобаларының сапасы көбінесе мамандардың өз ұйымдарының жинақтаған тәжірибесін қолданудың, алдыңғы даму кезеңдерінде қол жеткізген нәтижелерді меңгеру, оларды жүйеге келтіру, топтастыру, әлеуметтік педагогиканың объектілік-тақырыптық саласында қалыптасып келе жатқан ғылыми білім жүйесіне кірігу дәрежесімен белгіленіп отыратын болады. Әңгіме ғалымдардың, зерттеушілердің, практикалық қызметкерлердің ғылыми білімді қалыптастыру мамандарының ондаған жылдар ішінде жүргізген мақсатқа лайықты жұмысында көрсетілген әлеуметтік педагогика негіздерін есепке алып отыруы жайында болып отыр.

Әлеуметтік педагогиканың дамуының басталған кезеңінің аса күрделі мәселелерінің біріне әлеуметтік-педагогикалық практика мен ғылымның алдыңғы даму кезеңдерінде туындаған әлеуметтік-педагогикалық білімді (идеяларды; гипотезаларды, тұжырымдамаларды, тұғырларды және т.б.) сақтап қалу мәселесі айналатын болады.Әртүрлі ғылыми мектептердің арасындағы бірқатар теориялық кереғарлықтарға қарамастан бұл білім негізді, өзінің әрбір «кірпіші» өте бағалы болып табылатын іргетасты құрайды. Келешек заманның зерттеушілері әлеуметтік педагогиканың сол не өзге ережесінің маңыздылығына баға бере алатын болады. Алайда жаңа кезеңнің міндеті, әлеуметтік педагогика саласында қызмет етіп жүрген әркімнің міндеті – жинақтаған білімді сақтап қалу.

Түрлі ғылымдар мен ғылыми пәндердің туындау мен даму тарихы әлеуметтік педагогиканың қалыптасуының ұқсас заңдылықтары бар деп мәлімдеуге мүмкіндік береді. Осындай заңдылықтардың біріне соның ғылыми мектептерінің құрылуы, дамуы және нығайтылуы жатады 1.

Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелікке ие бола тұра барлығы үшін ортақ функцияларды атқарып отырады.

 

Араңыз: Извозчиков В.А., Потёмкин М.Н. Ғылыми мектептер және ғылыми ойдың мәнері: Оқу- әдіст. құралы. СПб., 1997; Ғалымның тұлғасы және жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуы: Реф. сб. (Отв. ред. А. А. Ализаде). Б.м. 1989.181 с; КСРО-дағы әдіснамалық тұжырымдамалар мен мектептер (1951-1991 жж.): Халықарал. Ғылымитану конф. материалдары (1992 ж. 22-24 қырк., Новосибирск қ.) Новосибирск; Ғалым мен ғылыми ұжымдар қызметінің проблемалары: Халықаралық жылдық журнал. СПб., 1999; Рахманова Ю.В. Жас ғалым тұлғасының қалыптасуы: Автореф. Әлеуметтану ғыл.канд.дис.... 1997, және басқ.

Мысалы, М.Г. Ярошевскийдің пікірінше, мектептер болмағанда құдыретті дәстүр – зерттеу өнерінің, ғылыми қауымдастықтың нормалары мен құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа берілуі үзілген болар еді1.

Ғылымтанушы ғалымдар В.Б. Гасилов, Ж.М. Добров, К А Ланге, И.И.Лапшин, С.Р. Микулинский, А.П. Огурцов, H.И. Родной, А.Н. Ткаченко, Ю.А.Храмов, M.Г.Ярошевский және басқ. пікірінше2, ғылыми мектеп оған сипаттама беруге мүмкіндік беретін бірқатар сәйкестендіру белгілеріне ие. Қазіргі уақытта әлеуметтік педагогикада мұндай ғылыми мектептер қалыптасып үлгерген деп сенімді түрде айтуға болады (Москва және Екатеринбург)

Әлеуметтік педагогиканың жаңа даму кезеңінің сипаттамаларын болжамдау әлеуметтік-педагогикалық практика жайлы жинақталған ғылыми білім олардың өзара әрекеттесуінің жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік береді деп болжам айтуға мүмкіндік береді. Бұл деңгей мынамен белгіленуде: сол не өзге түрінде көрсетілген теориялық зерттеулердің нәтижелері қазірдің өзінен бастап әлеуметтік-педагогикалық практиканы бастауда, ал бұдан арғы уақытта олар соған «жетекшілік етіп» отыратын болады, олар практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызметтің бағыттарын, мазмұнын, ұйымдастырылуы мен технологиясын белгілеп отыратын болады. Сонымен қатар, дәл осы әлеуметтік-педагогикалық практика өз саласындағы ғылыми зерттеулерге «тапсырысты» анағұрлым дәл түрде қалыптастырып, солардың тақырыбы болмаса да, негізгі проблемалары мен бағыттарын белгілеп отыратын болады.

Әлеуметтік педагогиканың басталған даму кезеңінің сипаттамаларының біріне оның тек қана педагогикалық білімнен тысқары шығуы айналады. Ол педагогикалық ғылымның соған күнделікті әлеуметтік практикамен байланысын қамтамасыз ететін бөлігіне айналып қана қоймай, сонымен қатар адам мен қоғамның өзара әрекеттесуін үйлесімді ету жолдарын зерттейтін дербес пәнаралық пәнге айналады.

Осылайша, әлеуметтік педагогика оның туындау мен қалыптасуының ауыр жағдайларына, әртүрлі мектеп өкілдерінің арасындағы толастамай жатқан ғылыми даулар мен келіспеушіліктеріне, әртүрлі дүниетанымдық қалыптасу негіздеріне қарамастан дамуын жалғастыруда. Ол педагогикалық ғылым шеңберінде пайда болған, барған сайын пәнаралық ғылым сипатына ие болып келе жатқан және әлеуметтік-педагогикалық практиканың дара бөлігін көрсететін салыстырмалы түрде дербес ғылыми пән ретінде шығуда.