Араңыз: Ярошевский М.Г. Логика: ғылымның дамуы және ғылыми мектеп // Ғылымдағы мектептер. М., 1977. с7.

Араңыз: Ғылымдағы мектептер. М., 1977.

Жаңа даму кезеңіне аяқ басумен әлеуметтік педагогика әлеуметтік педагогтарды – әлеуметтік сала мамандары корпусының өкілдерін даярлайтын білім беру кешені ретінде жаңа қасиеттерге ие бола беретін болады.

Сонымен бірге әлеуметтік педагогиканың дамуына әсер етулердің кереғар сипатын да байқамауға болмайды. Бір жағынан, әлеуметтік саланың функционалды маңыздылығының кеңеюі, соның түрлі секторында қызмет ететін адамдардың санының көбеюі, социумның өзінің жақсаруға, «адам болуға» деген объективті сұранымы әлеуметтік педагогиканың социумның барлық институттарына әсер ету спектрін кеңеюі мен тереңдетілуін көздейді. Енді бір жағынан, өзінің социумның дамуына тигізетін әсері бойынша кем түспейтін субъективті (адами) фактор, яғни оның әлеуметтік-педагогикалық практикамен байланысты бөлігі әлеуметтік педагогиканың даму шарттарын өзгертеді.

«Әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарына қатысты жағдай алаңдатпай қоймауда, мұнысы осы стандарттардың шеңберінде мамандарды даярлауға байланысты әлеуметтік-педагогикалық практикаға ықпалын тигізуде және ұзақ жылдар бойы ықпалын тигізіп отырады. Әлеуметтік педагогиканың әлеуетін институттық (тек қана білім беру мекемелері) және объектілік (дамуында әлеуметтік проблемалар бар балалар) тұрғыдан шектеуге деген талпыныс байқалуда. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әлеуметтік саланың әртүрлі секторлары мен қоғамның тіршілік қызметінің өзге салаларына таралу процесі тоқтауда. Мамандар тұтастай әлеуметтік педагогиканың және әлеуметтік педагог мамандығының беделінің төмендеп бара жатқанын атауда 1.

Әлеуметтік педагогиканың тек балалардың проблемаларына ғана бағытталуы Ресей Қарулы Күштері мен РФ Федеральдық шекаралық қызметінің жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік педагогтар жүйесінің жойылуына әкеп соқтырды.

Әрине, бұл кереғарлық әлеуметтік педагогиканың өзге бірқатар кереғарлықтарының арасында оның дамуының табиғи механизмі ретінде шығуда.

Араңыз: Штинова Г.Н. Әлеуметтік педагогиканың түрлі тұжырымдамаларына салыстырмалы талдау // Әлеуметтік-педагогикалық қызмет: проблемалары мен перспективалары: Ғыл.-практ. конф. материалдары. Самара, 2002. 45 б.

 

Әлеуметтік-педагогикалық білім мен соның көрсетіліп отырған практикасының дамуындағы алаңдататын беталыстармен қатар жағымды беталыстар да орын алуда. Олар есепке алып отыру үшін, әлеуметтік педагогиканың жағымды дамуын қамтамасыз ету үшін негізгі үш шартты жүзеге асыру қажет. Бірінші шарты - әлеуметтік педагогиканың кейінгі даму жылдары жинақталған әлеуметтік-педагогикалық білімді түрлі формасында есепке алу, мұқият талдау, жүйеге келтіру, жіктеу, топтастыру және суреттеу. Тағы да айта кетейік, жаңа даму кезеңінің ең маңызды міндеті жинақтаған әлеуметтік-педагогикалық білімді сақтап қалу болып табылады.

Екінші шарты - әлеуметтік педагогика саласындағы жетекші мамандардың көзқарастарының принципиалды өзгешеліктерінен, әсіресе әлеуметтік саланың түрлі секторларында әкімшілік шешімдер қабылдауға іс-жүзінде әсер ететін өзгешеліктерінен ымыраларды іздеу. Өзге көзқарастарды жоққа шығарып және тек қана бір корпоративтік ғылыми мектепті жақтау ғылыми білімнің монополиялануына әкеп соқтырады, бұл ғыылмның даму тарихынан белгілі болғандай ешқандай жақсылыққа әкелмейді, бұл әлеуметтік практикадағы деформацияларға және соған қызмет көрсететін ғылымның тоқырауына әкеп соқтырады.

Үшінші шарты – әлеуметтік саланы, оның барлық секторларын, соның ішінде басқару деңгейінде мамандандыру. Әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтарды даярлау көбінесе социум проблемаларының қазіргі уақыттағы түсініктеріне негізделумен ұйымдастырылып отырады, ал қазіргі студенттерге ертеңгі күннің жағдайларында жұмыс істеп отыруына тура келеді. Мұндай кереғарлық болжамдау саласының әртүрлі мамандарының күш-жігерін ықпалдастыру арқылы шешіліп отырады, ол үшін қазіргі мен келешектің міндеттерін шешуге деген кәсіби көзқарас қажет. Осылайша, әлеуметтік педагогиканы дамыту соған қатысы бар әркімнің қызметінле кәсіби шеберлікті (және соны арттырып отыруды) қажет етеді.

Осы негізгі үш шарттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ете алатын аса маңызды тетігіне әлеуметтік педагогтың кәсіби мәдениеті жатады, ол күнделікті әлеуметтік проблемаларды социумда шешіп, адамдардың өзара әрекеттесуінің сол не өзге проблемасы бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізіп, әлеуметтік сала не соның секторлары шеңберінде басқару шешімдерін қабылдап, білім беру кешенінің әртүрлі деңгейлерінде мамандар даярлаумен айналысады және т.б.

6-дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтанудың теориясының мазмұнын құрайтын ғылыми білімнің түпнұсқасы ретіндегі әлеуметтік педагогиканың нысанасы, пәні, мақсаты, міндеттері.

Әлеуметтік педагогиканың гносеологиялық негіздері (оның мазмұнын анықтайтын әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды танып-білу) ғылымтану ұстанымы тұрғысында гносеология деңгейінде әлеуметтік педагогиканың өз әдіснамасының аса маңызды құрамдас бөлігін білдіреді. Олар әлеуметтік педагогиканың өзінің мазмұнын ашатын теориялық білімді, оның бөлімдерін, факторларын, қайшылықтарын, үрдісі мен Әлеуметтік педагогиканың теориялық білімі - теорияның танымдық қызметін іске асыратын білім. Ол әлеуметтік-педагогикалық практиканың танымдық мәселелерінің алғышартын және зерттелуін, сондай-ақ, алған білімінің дұрыс болуы шартын қамтамасыз етеді.

Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогика жеткілікті түрде қайшылықты қалыптасқандықтан, өз кейпін оның парадигмасынан (мысалынан) тапты.

Әлеуметтік-педагогикалық практиканың түрлі жақтарын адам мен қоғам туралы ғылымдардың кешенінде көрсеткен ғылымдармен және ғылыми пәндермен әдіснамалық байланысының басымдығын бөліп көрсету оларды сыныптау үшін негіз болды.

Бірінші парадигма – педагогикалық. Оны бөліп алуға әлеуметтік педагогиканың жалпы педагогикалық ғылыммен тікелей әдіснамалық байланысын мойындау, оның орнын педагогика салаларының бірі ретінде анықтау негіз болды. Аталмыш білімнің қалыптасу тетігі – ұқсастық, яғни жалпы (тұтас) педагогиканың қасиеттері мен байланыстарын педагогикалық ғылымның бөліміне (бөлігіне) көшіру болмақ және бұл әлеуметтік педагогика болып саналады. Мысалы, педагогиканың қарастыратын пәні – тәрбие болса, әлеуметтік педагогиканың пәні – әлеуметтік тәрбие. Зерттеушілердің көбісі осы көзқарасты ұстанады.

Аталмыш парадигманың дамуында ғылымның дербес бөлімі – жеке тұлғаның әлеуметтік даму педагогикасы қалыптасты.

Алайда, жалпыны жекемен теңдестіру, педагогика мен әлеуметтік педагогика үшін ортақ байланыстарына назарды күшейтудің соңғысының ерекшелігін белгілеуге залал келтіретіндігі бұл парадигманы ғылыми тұрғыда алып қарағанда әрқашан да қисынды ете бермейді.

Екінші парадигма - әлеуметтік. Оны бөліп алудың негізі - әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік ғылыммен әдіснамалық байланысының артықшылығы болды. Оның қалыптасу тетігі - әлеуметтанудың жалпы қасиеттері мен байланыстарын әлеуметтік педагогикаға көшіру.

Әлеуметтік парадигма әлеуметтік педагогикада орта тәсілдемесін, әлеуметтік педагогиканы, әлеуметтік орта педагогикасын туғызды.

Жоғарыда аталған парадигмалар таза күйінде сирек кездеседі. Көбінесе оларды араластырады, өйткені, басым түрде бір парадигма шеңберінде жұмыс істейтін зерттеушілер оның әлеуметтік педагогиканың біріктіруші, пәнаралық және ведомствоаралық сипатында жеткіліксіздігін сезінеді.

Үшінші парадигма - әлеуметтік-педагогикалық, дәстүрлі білімдердің ғылыми әлеуетін сақтай отырып, тұйықтығы мен шектеулілігін жеңеді, монопарадигмалық ойлауға тән көзқарас шегінен шығады және әлеуметтік педагогика шеңберінде ғылыми білімнің жаңа саласының басымдықпен дамуына ықпал етеді. Ол әлеуметтік орта жағдайында жеке тұлғаға тәрбиелік ықпалдарды біріктіреді және әлеуметтік педагогикада жеке тұлғалық-орталық тәсілдемені өмірде қолдануға шақырады. Осы парадигма негізінде әлеуметтік ортаның педагогикасы қалыптасты.

Төртінші парадигма - әлеуметтік-педагогикалық. Оны бөлудің негізі –басқа парадигмалардың (педагогикалық, әлеуметтану, әлеуметтік-педагогикалық) негізгі ережелерінің есебімен әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен және ғылыми пәндермен әдіснамалық байланыстарын зерттеу. Оларды зерттеушілер әлеуметтік-педагогикалық білімге оның құндылықтарына сәйкес енгізеді, әлеуметтік педагогикадан оларға лайықты орынды алып береді.

Аталмыш парадигма салыстырмалы түрде жеке тұлғалық-әлеуметтік-қызметтік – жаңа әдіснамалық тәсілдемені туғызады. Оның мәні – арнаулы ұйымдастырылған қызметтің ықпалымен социумның түрлі әлеуметтік-педагогикалық институттарында өтетін әлеуметтік үдерістердің үштұғырлығын мойындау болып табылады:

- жеке тұлғаның әлеуметтік дамуы;

- әлеуметтік тәрбие, адамды әлеуметке енгізу және оны әлеуметтік

сүйемелдеу;

- осы социумды әлеуметтік-педагогикалық қайта құру.

Әлеуметтік педагогиканың өзіндік парадигма негізінде дамуы оның мәні мен маңызын нақтылауға жағдай жасайды. Осылайша, әлеуметтік педагогика, біріншіден, адам мен қоғам жөніндегі ғылымның басқа салаларымен өзара әрекеттесуші педагогикалық ғылымның бөлігі, екіншіден, педагогикалық ғылымнан өсіп шыққан, онымен байланысын үзбеген әлеуметтік ғылымның саласы, үшіншіден, теория, практика және оқу пәні ретінде білімнің дербес саласы.

Әлеуметтік педагогика мына төмендегілермен байланысты практика болып табылады:

- адамның түрлі үдерістер (әлеуметтену, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік құрылу, әлеуметтік қалыптасу, әлеуметтік шынығу) шеңберінде әлеуметтік дамуы (қалыптасуы);

- педагогикалық әдістермен (ортаның педагогикалануы), соның ішінде, ауыл, қала, ірі қаланың әлеуметтік-педагогикалық инфроқұрылымын құрылымдау жолымен қайта құру;

- жеке тұлғаны әлеуметтік ортаға қосу және оны әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.

Бұл әлеуметтік педагогиканы басқа ғылымдардан ажыратуға мемкіндік береді және оның негізгі бөлімдерін ғылыми пән ретінде негіздейді.

Әлеуметтік педагогиканың дамуы және оның негізгі бөлімдерін анықтайтын базалық факторлар әлеуметтік-педагогикалық практиканың ахуалы мен дамуына елеулі түрде әсер ететін құбылыстар мен үдерістерді білдіреді. Олар желілік болып табылмайды. Олардың жүйесі өзінің жүйесі бар әрқайсысы әлеуметтік-педагогикалық практиканың сол немесе басқа «учаскелерінде» «жұмыс істейді» және әлеуметтік педагогиканың нақтылы бөлімдерінен, теорияларынан, бағыттарынан теориялық көрініс табады.

Әлеуметтік педагогикада адамды әлеуметтік тәрбиелеудің жалпы факторлары жеткілікті түрде талданды.

А.В.Мудрик 1 мыналарды бөліп көрсетеді:

- мегафакторлар ғарыш, ғаламшар, әлемге қатысты

- макрофакторлар – белгілі бір елдердің барлық тұрғындарын әлеуметтендіруге ықпал ететін ел, этнос, қоғам, мемлекет;

- мезафакторлар - адамдар тұратын елді мекендердің тұрғылықты жері мен тұрпаты (аймақ, ауыл, қала, кент) бойынша бөлінеді; ); бұқаралық байланыстың түрлі желілерінің (радио, теледидар т.б.) аудиториясына қарастылығы; субъективтік мәдениеттің түрлеріне қарастылығы;

_______________________________________________________________

1 А.В.Мудрик. Социальная педагогика. Учебник для вузов / под ред. В.А.Сластенина, 5-қос. бас., . М.: «Академия» басп. орт., 2005,10-11-б.

 

микрофакторлар – отбасы, үй-іші, құрбы-құрдастар топтары, тәрбиелеу мекемелері; түрлі қоғамдық, мемлекеттік, діни және жеке мекемелер, микросоциум.

Фактор автоматты түрде әсер етпейді, тек құбылыстың (үдерістің) әлеуетіне ықпал етудің келешегін анықтайды. Фактордың белсенділігі арту үшін, әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың дамуын қозғаушы күшке айналдыратын белгілі бір жағдайлардың болуы қажет.

Түрлі векторлы ықпалға ие факторлардың өзара әрекеті әлеуметтік педагогика қайшылықтарының туындауына жол ашады.

Әдіснамалық сипаттағы қайшылықтарға мыналар жатады:

- адамның жеке және әлеуметтік өмір тіршілігі арасында (нақ осы

қайшылық әлеуметтік педагогика үшін негізгі болып табылады);

- әлеуметтік-педагогикалық қызмет практикасы мен оны бейнелеп

көрсететін теория арасында;

- әлеуметтік педагогиканың іс жүзіндегі және мінсіз күйде болуға тиісті «учаскелері» арасында;

- динамикалы түрде дамушы әлеуметтік-педагогикалық практика мен әлеуметтік-педагогикалық кадрларды даярлау консерватизмі арасында;

- әлеуметтік-педагогикалық қызметті кәсібилендіру талаптары мен кадрларды даярлаудың төмен деңгейі арасында;

- әлеуметтік-педагогикалық қызметтің меммлекеттік және қоғамдық мемлекеттік емес жүйелері арасында;

Қандай болсын, қайшылықтарды шешудің бағыты әлеуметтік-педагогиканың үрдістерін сипаттайды.

Әлеуметтік-педагогикалық практиканың, әлеуметтік педагогика теориясы мен оның ғылыми білім беру кешенінің үрдістері айқындалуда.

Әлеуметтік педагогиканың тұрақты үрдісі үздіксіз байқала отырып, оның заңдылығына айналады. Өзінің мәніне қарай, ол үдерістің немесе құбылыстың байқалу жағдайынан объективті байланысты анықтайтын тұрақты үрдісті айғақтайды.

Әлеуметтік педагогика заңдылықтарының ішінде:

- әлеуметтік педагогика мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік саясатына, олардың өзара әрекетіне;

- әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігі мен сапасы білім берудің барлық деңгейіндегі тиісті мамандарды кәсіби даярлаудың сапасына;

- қоғамның әлеуметтік дамуы әлеуметтік-педагогикалық

инфрақұрылымның даму сапасы мен дәрежесіне тәуелділігі айқындалды.

Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы, оның әлеуметтенуі, топтың, олардың әлеуметтік-мәдени ортаның факторларымен байланысы үшін үдерістер мен құбылыстардың заңдылықтары ерекше ықпал етеді.

Кеңістікті өріс – бұл әлеуметтік педагогиканың кәсіби-практикалық ықпал ететін саласы (заңдылықтарды қолдану өрісі). Олар әлеуметтік фактордың жеке тұлғаның және адамдар тобының қалыптасуына әсер етуіне негізделген және оларға былайша ықпал етеді:

- мемлекеттік/федералдық/ деңгейде – адамды әлеуметтендіруге әлеуметтік тәрбиелеуге, әлеуметтік қалыптастыруға және халықтың түрлі тобының дамуына, әлеуметтік-педагогикалық саясатқа, әлеуметтік құқық, экономиканың әлеуметтік-педагогикалық аспектілеріне;

- аймақтық деңгейде - әлеуметтік-педагогикалық даму бағдарламасына, нақтылы аймақтың әлеуметтік-педагогикалық даму жоспарына, аймақтың экономикалық дамуын әлеуметтік-педагогикалық бағдарлауға;

- қалалық /муниципалдық/ деңгейде - әлеуметтік педагогикалық қызметке, әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудың муниципалдық моделіне, әлеуметтік-педагогикалық бағдарлаудың экономикалық бағдарламасына;

- институционалдық деңгейде социум инфрақұрылымының нақтылы институтының әлеуметтік-педагогикалық қызметінің моделіне;

- ведомствоаралық, институтаралық және мекемеаралық деңгейлерде - әлеуметтік-педагогикалық қызметтің моделіне;

Адамның әлеуметтік қалыптасумен байланысты мынадай кеңістікті өрісті айқындайды:

- түрлі әлеуметтік салаларда тәрбиеленген адамның әлеуметтік қалыптасуы (отбасында, білім беру мекемелерінде, әлеуметтік мекемеде, арнаулы білім беру мекемесінде);

- түрлі топтардағы адамдарды әлеуметтік тәрбиелеу;

- орта мен адамның өзара әрекеті;

- адамға, адамдардың топтарына әлеуметтік-педагогикалық ықпал ету.

Әлеуметтік педагогиканың логикалық-гносеологиялық негіздері- әдіснамалық талдаудың ғылыми деңгейінде қалыптасатын, оның объектісін, пәнін, мақсатын, міндеті мен функциясын, сондай-ақ, негізгі категориясын анықтайтын білімді қамтиды.

Әлеуметтік педагогика практикалық қызмет саласын, ғылыми пән және білім беру кешенін қамтиды. Мұндай жүйелілік ғылыми танымның логикасымен, яғни практикадан - теорияға, ғылыми зерделеуге, одан мамандарды даярлауға ұласуына байланысты.

Практика ретінде әлеуметтік педагогика адамдардың әлеумет институттарының ғылымы – қайта құру қызметінің сипаты мен мазмұнын білдіреді. Оның объектісі адамның әлеуметтік ортамен өзара әрекеті, ал пәні – жеке тұлғаның әлеуметпен өзара әрекетте қалыптасуын анықтайтын құбылыстар мен үдерістердің жиынтығы болып табылады.

Ел аумағы шегінде әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекетке түсетін адамдар мынадай үш түрге бөлінеді:

- әлеуметтік-проблемалық;

- әлеуметтік-тұрақты;

- әлеуметтік-перспективалы.

Олардың әрқайсысының өзінің әлеуметтік-педагогикалық мақсаты бар: біріншісі үшін – туындаған әлеуметтік-педагогикалық мәселені жеңу бойынша тез арада әлеуметтік-педагогикалық жауап алу; екіншісі үшін – жеке тұлғаға ортаның жағымсыз әсерінің алдын алу және жою бойынша бағытталған қызмет; үшіншісі үшін - әлеуметтік даму және тәрбиелеу тиімділігін сақтау және кеңейту.

Мақсатына және ерекшеліктеріне сәйкес адамдардың топтары түрлі әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласына бөлінеді:

- денсаулық сақтау салалары (ауруханалар, психикалық ауруларға және нашақорларға арналған арнаулы ауруханалар, санаториялар);

- білім беру мекемелері (балабақшалар, мектептер, балалар үйі, жетімханалар, кәсіптік-техникалық училище, жоғары оқу орындары, қосымша білім беру мекемелері);

- халықты әлеуметтік қорғау мекемелері (әлеуметтік қарттар үйі, әлеуметтік-оңалту орталықтары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек беру орталықтары, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін оңалту орталықтары);

- ішкі істер органдары мекемелері (клубтар, отбасы және балаларға әлеуметтік көмек орталықтары, шығармашылық үйлері, демалыс үйлері, білім беру орталықтары, спорттық және тақырыптық лагерьлер, кәсіптік бағдар беру орталықтары, еңбекпен қамту орталықтары).

Практика ретіндегі әлеуметтік педагогиканың функцияларын былайша атап айтуға болады: бейімдеу, әлеуметтік-педагогикалық оңалту, жұмылдыру, толтыру, әлеуметтік-педагогикалық алдын алу, түзету, бақылау, насихаттау, ағарту. Бұл саланың міндеті әрбір нақтылы жағдайда әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды шешумен анықталады.

Ғылыми пән ретіндегі әлеуметтік педагогика адамдардың және социум институттарының, мемлекет пен қоғамның ғылыми-танымдық қызметін көрсетеді. Ол педагогикалық ғылымның да және қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі осы заманғы әлеуметтік-гуманитарлық білімнің де дербес бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, оған тән мынадай сипаттық белгілерді атап көрсетуге болады: а) білімнің пәндік саласының тобы бойынша бұл – гуманитарлық ғылым; ә) білімнің мәнін көрсету тәсілі бойынша – феноменалистік; б) ойлау нысаны бойынша – эмпиристік.

Ғылыми пән ретінде әлеуметтік-педагогиканың объектісі – жеке тұлғаны оны практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызмет үшін танып-білудің және қайта құрудың пәндік саласы болған қоғаммен өзара әрекетінде әлеуметтік қалыптасуын анықтайтын құбылыстар мен үдерістердің жиынтығы болып табылады. Пәні - әлеуметтік-педагогикалық білімдер, жеке тұлға мен әлеуметтің өзара әрекетінің жалпы заңдылықтары.

Ғылыми пән ретінде әлеуметтік-педагогиканың мақсаты адам мен әлеуметтік ортаның өзара әрекетін үйлестіру бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуді ғылыми-педагогикалық негіздеу болып табылады. Осы мақсатқа жету ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың: аналитикалық талдау жасау, сипаттау, түсіндіру, бағдарлау, ұсыным жасау, танымдық, біріктіруші функцияларымен қамтамасыз етіледі.

Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың міндеттері мынадай топтарға біріктірілген:

- практикалық әлеуметтік-педагогикалық қызметті зерттеу: социумның, ондағы әлеуметтік қатынастардың, субъектілер мен социум институттарының әлеуметтік-педагогикалық қызметінің даму заңдылықтарын анықтау; қайшылықтарды іздеу және үдерістерді анықтау, оларды оның әрқилы түрлері мен тұрпаттарында, әлеуметтік орта салаларында және оларды талдаудың түрлі деңгейлерінде шешу; әлеуметтік педагог қызметінің қағидаларын, мазмұнын, тәсілдерін, әдістері мен нысандарын әзірлеу; бір түрлі немесе басқа түрлі әлеуметтің әлеуметтік институттар мен әлеуметтік қызметтерді құру және қолдануды ұйымдастырудың негіздерін және олардың өзара әрекет бағыттарын құрып, қалыптастыру; әлеуметтік педагогиканың бастауларын анықтау; шетелдердегі кадрлардың, ұйымдар мен институттардың әлеуметтік-педагогикалық қызметіне талдау жасау және тәжірибесін бағалау;

- әлеуметтік педагогиканың өзін дамыту: ғылымның әдіснамалық, теориялық-әдіснамалық және теориялық негіздерін құрып-қалыптастыру; ғылымтанудың әлеуметтік-педагогикалық мазмұнын (объектіні, пәнді, мақсаттарын, міндеттерін, қызметтерін, технологиялары мен әдістерін) анықтау; ғылыми білім саласы ретінде әлеуметтік педагогиканың процессуалдық, функционалдық, ғылыми-мазмұндық, ғылыми-пәндік құрылымын кешендеу; әлеуметтік педагогиканың технологиялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық практиканы ғылыми зерттеудің технологияларын және әдістерін жасау;

- әлеуметтік сала кадрларын даярлау үшін өзіндік білім беру кешенін теориялық негіздеу.

Білім беру кешені ретінде әлеуметтік-педагогика адамдар мен социум институттарының, мемлекет пен қоғамның ғылыми-білім беру қызметін көрсетеді.

Оның объектісі әлеуметтік сала мамандарын даярлаудың білім беру кешені болып табылады. Пәні – білім берудің түрлі деңгейіндегі кадрларды даярлау саласындағы ғылыми-теориялық (теориялық зерттеулердің нәтижелері) және ғылыми-эмпирикалық (әлеуметтік–білім беру қызметінің тәжірибесін қорытып-жинақтау нәтижелері) білімдер мен әлеуметтік-педагогикалық саладағы кәсіби қызмет бағыттары.

Білім беру кешені ретіндегі әлеуметтік педагогиканың мақсаты - әлеуметтік саланың кадрларын үздіксіз даярлау жүйесін құру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мамандар өздерінің кәсіби қызметінде қоғамның түрлі саласының адамдарымен жұмыс істейтін болады: әлеуметтік педагогтар-практиктер, әлеуметтік педагогтар-зерттеушілер (ізденушілер, аспиранттар мен докторанттар) және теоретиктер; осы білім беру кешенінің оқытушылары, студенттер мен тыңдаушылары.