Дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары. Тарихилық және саясилық тұғырлары.

Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары

Педагог жұмысына қажет түсініктер шеңберіне ең белгісіз, көп мағыналы және талас пікір тудыратындар ішінде «әдіснама»ұғымы бар.

Көмескілік әдіснаманың анықтамасынан басталады. Бұл білім берудің нақтылы қажеттілігінен және оның даму тенденцияларынан емес, бір мағынада түсінілмейтін жалпы филасофиялық негіздерден туындайды. «Әдіснама» адам санасындағы бір абстрактылы, идеологиялық және әкімшілік құжаттардан, философиялық мәтіндерден алынған өмірден алыс сілтемелерге әкелетін, педагогикамен жалпы, педагогикалық теория және практикамен жеке алғанда әлсіз байланыстағы сөз.

Бұл – бастауы педагогика аумағынан тысқары жатқан түсініспеушілік. Қаралу деңгейне қарай әдіснаманы әр түрлі түсінеді. Кең мағынада оны теориялық және практикалық әрекетті құрудың ұстанымдары мен тәсілдері жүйесі, сондай – ақ, бұл жүйе туралы ілім. Басқаша, тағы да кең мағынадағы анықтамасы бойынша – бұл ғылыми таным мен әлемді қайта құру әдісі туралы ілім. Қазіргі әдебиетте ғылыми-зерттеу әрекетін құрудың ұстанымдары, түрлері және тәсілдері туралы ілім ретіндегі ғылыми танымның әдіснамасы туралы сөз болып отыр. Әдіснама туралы пайдаланулардың анық болмауы педагогика ғылымының ерекшеліктерін ескермей, біресе бірін, тағы бірде басқа анықтамаларын педагогикалық болмысқа көшіруден туындап отыр.

Философиялық, әкімшілік және әсіресе әдіснамалық түрлі ұғымдардың араласуы бұдан бұрынғы он жылдықтарда кеңестік зерттеуші педагогтарға жоғарыдағы биліктегілердің нұсқауларын «ғылымиландырумен» айналысуға тура келуінен болды, себебі тек кейбіреулер ғана мұндай нұсқауларға қайсыбір дәрежеде қарсы тұра алды. Сондықтан да педагогтардың біздің ғылымның әдіснамалық және теориялық мәселелеріне ерекше қызығушылығы болмады, осыдан, әдеттегідей, педагогикалық зерттеулердің сапасы төмен болып қала берді.

Бірақ осының бәріне қарамастан соңғы онжылдықта әдіснама мәнді дамуға ие болды. Ең алдымен, оның зертеушіге көмектесу, зерттеу жұмысы саласындағы арнайы іскерліктерін қалыптастыру бағыттылығы күшейді. Сонымен, әдіснама нормативтік бағыт алуда, оның маңызды міндеті зерттеу жұмысын әдіснамалық қамтамасыз ету. Практика жүзінде бұның қалай екенін қарайық. Ғылымның осы саласындағы өзгерістердің сипатын түсіну үшін ғылыми таным әдіснамасы дамуының жалпы барысын қарастыру қажет. Өткен ғасырдың өзінде зерттеуші алған нәтижесін өзі негіздеуі керек еді. Одан бұл нәтиженің білімінң осы саласында қабылданған ережеге сай екенін және оның ғылымының кеңірек жүйесіне қалай енетіні көрсетілуі талап етілді. Қазіргі уақытта бұл зерттеу іске асырылмай тұрғанда негізделуі қажет. Зерттеуші негізгі сүйенетін қағидаларды, зерттеу логикасын, болашақтағы нәтижені және бұл нәтиженің алу тәсілін белгілеу керек.

Әдіснаманың әдіснамалық білімнің жалпы жүйесіндегі орнын анықтау үшін, әдіснаманың бірнеше деңгейлерін ажырату қажет. Олардың алғашқысының мазмұны – философиялық білімдер. Екінші дейгей – жалпы ғылымилық әдіснама. Үшінші деңгей – нақты пәнде, м ысалы, педагогикада қолданылатын зерттеудің әдістерінің ұстанымдарының және тәсілдерінің жиынтығы. Арнайы ғылымның осы саладағы ғылыми танымға тән мәселелерді сондай-ақ алдыңғы деңгейге қатысты, мысалы, жүйелілік тұрғыда, немесе модельдеуді педагогикаға қолдану сияқты сұрақтарды да қамтиды.

Әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа да зерттеулерді жүргізу мүмкін емес.

Мұндай сауаттылық мазмұнына әдіснамалық рефлексия ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетіні әдіснамалық мәдениетті меңгертеді.

Бірақ әдіснамалық мәдениет тек ғылыми қызметкерге ғана тән емес. Жалпы алғанда, әдіснамалық мәдениет – қажетті бөлігі рефлекция болатын әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау мәдениеті. Мұндай мәдениет ғылымға қалай керек болса, практикаға сондай қажет. Педагогикалық үрдістегі ойлау актісі бұл үрдістегі мәселелерді шешуге бағытталған және бұл жерде рефлекциясыз, яғни өз әрекеті туралы пайымдаусыз мүмкін болмайды.

Ғылым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық – біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал, екіншісі оларды пайдаланады.

Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз – ол пеадгогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу.Мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және негіздеме құрастыру; педагогикалық міндеттерді сезіну; даярлау және оны шығармашылықпен шешу, әдістемелік рефлексия. Бұл құрамдас бөліктер мұғалімнің кәсіби әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оның шығармашылық тұлғасын сиапаттайды.

Бірақ ғалым мен мұғалім арасында бұл ретте өтілмейтін жиек жоқ. Жалпы, екеуіне педагогика саласындағы интеллектуалдық міндеттерді шешу ортақ болып табылады, ал ол үшін мәселені көре білу және оны фактілік материалмен сәйкестендіру болжам жасау және оны іске асыру нәтижелерін ойластырып көру, егер осылай болса, не болар еді деп, міндеттерді шешу жолдарын бірізді қадамдарға бөле білу іскерліктері қажет. Бұл ретте мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің ең маңызды белгісі - өз жұмысын талдау және жетілдіру үшін ғылыми-педагогикалық білімдерді пайдаланып көруі және қолдана білуі. Әдіснамалық сауаттылық – бұл жемісті жұмыстың алғышарты. Мұғалім өзі педагогика ғылым мен практикасының қандай байланыста, бұл байланыста педагогтың орны қандай, оның практикалық жұмысында зерттеу әдістері қандай орын алады. Әдіснамалық мәдениеттің басқа элементеріне міндеттерді сезіну және оларды шығармашылықпен шешу, әдістемелік рефлекция (өз жұмысын ғылыми тұрғыдан ойластыра білу) және оқу-тәрбие үрдісін жобалай алу қажет.Егер әрбір педагогтың, зерттеушінің және практиктің жетістігі ретіндегі әдіснамалық мәдиниетті емес, бүкіл педагогиканың әдіснамасы деп аталатын ғылыми саланы алсақ (әдіснаманың үшінші деңгейі), ғалымдағы көп жылғы талқылаулардан, пікір таластардан және нақты зерттеулік жазбалардан соң, біз мынадай анықтаманы беруімізге болады: педагогиканың әдіснамасы дегеніміз – педагогиканың теориялық негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді алу тәсілдері мен зерттеу жұмысының сапасын бағалаудың бағдарламаларын логикасын және әдістерін негіздеудің ұстаныдары туралы білімдер жүйесі.

Тұтас алғанда ғылым сияқты ғылыми танымның бұл саласы екі қырынан көрінеді: білім жүйесі ретінде және ғылыми – зерттеу әрекеті жүйесі ретінде. Әрекеттің екі түрі бар - әдістамалық зерттеулер және зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз ету алынып отыр. Алғашқыларының міндеті-педагогика ғылымының практикамен байланысы түрінде даму заңдылықтары мен тенденцияларын ашу педагогикалық зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру, олардың ұғымдық құрамы мен әдістерін талдау. Зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз ету - әдістамалық білімдерді зерттеу бағдарламасын негіздеу мен оның сапасын бағалауға қолдану.

Мұғалім мен ғалым әдістамалық білімдерді әр түрлі қолданады. Мұғалім шын мәнінде зерттеу жұмысымен айналысқысы келсе, жоғарыда әңгімеленген әдіснамалық мәдиниет жеткіліксіз. Ғылыми жұмыспен оқыту және тәрбие практикасы –әрекеттің әр түрлеріне жатады.

Педагогика әдіснамасының пәні ретінде педагогикалық болмыспен оның педагогика ғылымындағы көрінісі арасындағы байланысы көрсетіледі. Бүгінгі таңда ғалымдар маңызды көптеген мынандай сұрақтарға жауап іздеуде: педагогика әдіснамасымен айналысу дегеніміз не? онымен кім айналысуы керек? педагогикалык зерттеуді қалай әдіснамамен қамтамасыз ету керек? педагогикалық зерттеу құрылымында ғылымнан практикаға өту жолдарын қалай іске асыруға болады?

Біздің ойымызша, зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз ету белгілі бір білімдер жиынтығын, яғни жалпы философилық, сонымен қатар зерттеудің бағдарламасын, оның қисыны мен әдістерін, сонымен қатар ғылыми жұмыстың сапасын бағалауды негіздейтін педагогика саласын колдануды білдіреді.

Бұл білімдер зерттеудің әдіснамалық рефлексия үрдісінде жүйеленеді және ықпалдасады. Сондықтан, зерттеудің әдістамалық негізін анықтауда ізденуші жалпы философиялық әдіснамаға, жалпы ғылыми әдістама мен зерттеу әдіснамасының нәтижесіне сүйенеді. Кеңірек тоқталып өтелік. Философиялық әдіснама, яғни ғылымның деңгейлік құрылысы мен танымның жалпы үрдістері педагогика ғылымдарының ұғымдық аппараттарына сай конструктивті-сыни қызметіне, педагогикалық зерттеудің құрылымы мен мазмүнына, олардың әдіснамалық іргетасының тең болуына, педагогикалык зерттедің нәтижесін әлемдік көзкарастар ролін атқарады.

Жалпығылымдық әдіснама(зерттеудің жалпығылымдық әдістамасы мен түрлері)қойылымдық-бағдарлы, немесе осы деңгейде зерттеудің түбегейлі бағытын қамтамасыз ету, оныңстратегиясы, оның нысанасы мен пәнін анықтау кұралының қызметін атқарады.

Педагогика саласында әдіснамалық зерттеудің нәтижесі болып, оның басқа да ғылымдармен байланысы туралы, педагогикалық факт туралы, педагогикалық теорияның қальптасуы туралы, жалпы және жеке құрастырылған педагогикалық зерттеулердегі педагогиканың нысаны мен пәні туралы, білім беру саласына байланысты ғылымның әдістері туралы білім саналады. Осындай зерттеулердің міндеті - педагогика ғылымындағы заңдылықтар мен тенденцияларды, оның практикамен байланысын, педагогикалық зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру үрдістерін айқындау, педагогиканың танымдық әдістері мен ұғымдық кұрылымын талдау.

Осы тұста нақты -ғылыми әдіснама педагогика ғылымына тән зерттеудің әдістер мен үрдістер жиынтығын талап етеді. Пәндік әдістеме -бұл белгілі бір ғылыми пәндерде қолданылыпжүрген, қандайда бір ғылым саласына кіретін немесе ғылымдар түйісінде пайда болған зерттеулер мен рәсімдердің (шарттар) әдістері мен үрдістерінің жиынтығы.

Зерттеушілер (Ю.К. Бабанский, В.И. Журавлев, Я.С. Турбовской және
т.б.) педагогиканың нысанасы ретінде макронысаналардағы философтар мен
«түйіскен» ғылымдар өкілдерінің ұсынып отырған әдістамалық тәсілдерді,
құрылымды-қызметтік тәсіл (социологиядан),кұрылымдық (лингвистикадан), жүйелі (жаратылыстанудан) тәсілдерді бейімдеу мен ендіруді ұсынады.

Бұрын педагогиканың әдіснамалық негізі болып (диалектикалық-материалистік философия, экономикалық ілім болып ғылыми коммунизм табылды. Марксизм-ленинизм ілімі,біріншіден,материалистік диалектика, теория мен таным педагогикалық зерттеулердің әдістамалық тәсілдерін, олардың стратегиясын, зерттеу тәсілдерін таңдауды және оныңсоңғы нәтижесін түсіндіріп, анықтап береді. Осыдан мынандай қорытынды шығады, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі болып философиялық әдіснама, әдіснамалық тәсілдер, зерттеудің әдістері мен педагогикалық зерттеу нәтижесінің маңыздылығын ашу болып саналады. Ізденушілер осы білімдерді қайдан алады?

Біріншіден, магистратурада «Философия және ғылымның әдістамасы», «Педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздері», «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері» және т.б. пәндер оқытылады.

Зерттеудің әдіснамалык негізін дұрыс құрастыруда бұл да аздық етеді. Біздің ойымызша, педагогикалық зерттеудіқ әдістамалық негізі философиялық заңдарды,категориялар мен принциптерді, материалистік диаклектиканың әдістерін оқып түсінуді қамтиды. Педагогика үшін философиялық әдістаманын маңыздылығын көрсету мақсатында, диалектика әдістері мен принциптерінің, заңдар мен категорияларының өзара байланысы сипатталған педагогикадағы әдістамалық ілімнің дамуының ақпаратты-бағдарлы алаңын дайындадық

Педагогикалық зерттеудің келесі әдіснамалық негізі ретінде педагогикадағы әдіснамалық тәсіл мен принциптер көрсетіледі.

Зерттеушілер «тәсіл» ұғымын оның әдіснамалық мағынасына қарай, зерттеудің түбегейлі әдіснамалық бағдары ретінде, зерттеу нысанасьш қарастыратын көз қарас ретінде, жалпы зерттеу стратегиясын басқаратын ұғым немесе принцип ретінде көрсетеді,

Қазіргі таңда екі әдіснамалық тәсіл белгіленіп отыр: жаратылыстану

ғылымы мен гуманитарлық ғылымдық әдіснама. Расында, педагогикалық әдебиеттерде көптеген көзқарастарды, дүние танымдар мен парадигмаларды сипаттайтын алпыстан астам әдіснамалық тәсілдер белгіленіп отыр. Әдіснамалық тәсілдердің (тұлғалық-бағдарлы, білімділік, тұтастық, жүйелік, синергетикалық) көптігін көрсетіп отыр. Әзірше осы аталған тәсілдерді біз ұсынып отырған: мега-, макро, микро- келесі әдістамалық тәсілдер иерархиясына жатқызуға болады. Талдау деректері көрсеткендей, әдіснамалық принциптер «әдіснамалық тәсіл» ұғымы аркылы қарастырылады. Әдіснамалық принциптер мен тәсілдерді жеке қарастыру нұсқалары да бар, «Әдіснамалық тәсіл» мен» әдіснамалық принцип» ұғьмдарының сәйкес келуі де жиі кездеседі. Біздің ойымызша, әдіснамалық принциптер белгілі бір әдіснамалық тәсілдердің құрамына енеді, өйткені әдіснамалык принципке қарағанда әдіснамалық тәсіл кең көлемді ұғым, Бұл ұғымның растығын педагогика оқулығының авторларының соңғы жариялымдарынан таныса аласыздар.

Жоғарыда көрсетілген қисындар бойынша, зерттеудегі педагогика феноменінің мазмұны мен маңыздылығынан шығатын әдіснамалық тәсіл мен әдіснамалық принциптерді педагогикалық зерттеудің әдістамалық негізінің кұрылымына енгізуді дұрыс деп санаймыз.

Бүгінгі күні шеттілді білім берудің қазіргі теориясы мен әдістамасы, оның әдістамалық ұстанымдары, шеттілді білім берудің негізделген әдіснамалық тұжырымдамасы-»» осы тұжырымдаманы жүзеге асыратын тегеурін ретіндегі өзіндік әдістемелік принциптер жаңаша түсіндірілуде.

Әдістамалық оқу құралдарында зерттеудің қисынын құрастыруға (мәселе -тақырыпқа – пән - болжам - міндеттер) басты назар аударылады, бірақ та әдістамалық негізі ретіндегі оның ғылыми ақпаратының негізгі компоненті жоқ.

Соңғы уақытта педагогикадан жазылған диссертациялардың сапасын бағалауға арналған басылымдарда олардың әдістамалық сараптамасына сипаттамалар берілген. Ғалымдардың анықтауы бойынша, әдіснамалық сараптамалар казіргі ғылыми тұжырымдамаларда қалыптасқан ғылымның даму жағдайынан туындайтын, зерттеу жұмысының нысанасын, ғылыми ізденістің негізгі бағыттарын, зерттеудің тірек ұстанымдарын белгілеуге мүмкіндік туғызады . Сондықтан, әдісамалық сараптама зерттеу мәселесінің өзектілігін, оның тақырыбын, нысанасы мен пәні негіздеуде, яғни мамандығына сәйкес өз зерттеуінің зерттеудің мәселелік кеңістігіндегі «орнын табу» кезеңінде қажет. Бұл жағдайда әдістамалық негіз зерттеу тақырыбының өзектілігін негіздеудегі жауапкершілікті көтереді, яғни философиялық әдіснама, педагогикалық әдіснаманың, сонымен қатар барлық зерттеу үрдісіндегі зерттеудің міндеттері шешу принциптерінің, әдіснамалық тәсілдерінің өте айқын емес көрінісі болып қалады.

Келтірілген ойлардан кейін педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізін құрастырудың қисынды тізбегі туындайды: мәселенің өзектілігі - тақырып – нысана- пән - мақсат - болжам - міндеттер - жетекші идея - әдістамалық негіз.

Біздің ойымызша, белгілі тақырып бойыншазерттеудің өзектілігі ретінде зерттеудің бөлімін жазудың әдістерін ашу керек.

Жариялым беттерінде педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізіне қатысты диссерттантарға айтылған көптеген сындар кездеседі. Мысалы, В.И. Журавлев өзінің «Педагогика в системе наук о человеке» монографиясының (1990 г) «От догматизма к творческой опоре педагогики на истины философии» бөлімінде: философияны қолдануда догматизм мен формализмнің жаркын көрінісі ретінде педагогтардың кандидаттық диссертациясында үйреншікті формуларар көрсетіледі. Кез келген диссертациялық зерттеудің авторефераттарында «Біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі философия болып табылады... » деген сөз жолдарын оқисыз.

Біз бұл сыншымен келісеміз, өйткені бізге қазіргі таңда материалистік диалектиканың категорияларын ой елегінен өткізіп, онын педагогикалық болмысты қайта кұруы мен бағалаудың негізін салудағы әсерін қадағалауымыз керек. Ғалымдар материалистік категориялар арасынан бірлі-жарым, ерекше, жалпылама, қажеттілік пен кездейсоқтық, мазмұн мен түр, маңыздылық пен құбылыс категорияларын атайды.

Әдіснамалық негіз өзіне зерттеу қүбылысын талдауға объективті ыңғай тауып, одан шығатын білім берудің теориясы мен практикасына үсыныстар мен қортындылар жасап, алынған нәтиженің ғылымы құндылығы мен дәлелділігі шынайы ғылыммен қамтамасыз ететін автордың зерттеу тұжырымдамасы мен көзқарас сипаттамасын енгізеді.

Әдіснамалық негізді жеткілікті анықтау үшін әдіснамалық дәлелдеу жүргізіледі. Ю.К. Бабанскийдің пайымдауы бойынша, дидактикалық зерттеудің әдіснамалық дәлелденуі автордың тұжырымдамасының қоғамдық-саяси негізінен, қабылданған педагогикалық мәселелерге сыни көзқарастан, зерттеу тұжырымдамасының философиялық негізін ашудан (мәселені тарихи-қисынды талдауы, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оныңсипаттамасына тұтастай жақындау жолдары, осы аталған педагогикалық құбылыстардың даму көзі болып табылатын жетекші қарама-қайшылықтарды айқындау, зерттеліп жатқан педагогикалық құбылыстар мен үрдістерге қатысты заңды байланыстарды айқындаудың әдістамалық сипаттамасынан), аталған педагогикалық тұжырымдаманың (әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық, кибернетикалық және т.б.) негізінде жатқан аралас ғылымдар деректерінен тұруы керек, Осыдан барып, педагогикалык зерттеудің әдістамалық дәлелілен қисынды тізбек шығады: педагогикалық (тарихи-педагогикалық) фактілерге, құбылыстар мен үрдістерді зерттеуге нақты әдістамалық тәсілдерді анықтау сияқты қорытынды шығады.

-әдіснамалық үрдістерді нақтылау - зерттеу мәселесіне сыни көзқарас

-зерттеу мәселесінің (генезис және даму эволюциясы) тарихи қисынды талдауы

-зерттеу пәнінің жүйелі-құрылымдық талдануы (зерттеу пәнінің ғылым мен білім беру жүйесіндегі орнын, маңызын, құрылымын, мазмұнын аныктау, яғни жүйелі тәсіл бұл бірлікті ғылымның өзі тұратын бөлшектері мен элементтерді талдау аркылы, осы аталған байланыс жүйесінде олардың атқарған кызметі мен элементтері (құрылымы) арасындағы байланысы арқылы ашылады.

-зерттеу пәнінің сипаттамасына тұтастық тәсілі (Тұтастық ұғымы жүйелі және жинақы ұғымдарымен тығыз байланысты; тұтастық -нысананың ортадан және оның ішкі бірлігінен бүтін шығуын көрсететін философиялық тәртіптегі ұғым. Тұтастық нысананы өз бөлшектерінің өзара байланысы аркылы құрылған жаңа қасиеттерді қамтамасыз етіп, зерттеу үрдісінің дамуына жетектеуші зерттеу құбылысының ішкі қайшылықтарын ашуды, олардың жетістіктері мен заңдылықтарына сүйене отырып, зерттеу жүйесін педагогикамен аралас ғылымдар көзқарасы бойынша қарастыруда, жүйені басқаруда көптеген жан-жақты амалдармен қамтамасыз етеді.

Педагогикалық зерттеу үрдісінде айқындалған заңды байланыстар (яғни, зерттеу құбылысындағы байланыстардың арнайы талдауы: әмбебап, заңды, себеп-салдар, қызметтік) мүмкін нәтиженің жоғары жетістіктері негізінде заңдылықтарды ескере отырып, жаңа жүйені дайындап шығаруға мүмкіндік туғызады.

Көп кездерде педағогикалық зерттеулердің әдіснамалық негізі теориялық негізбен, дерек көздерімен тығыз өзара байланысымен сипатталады. Осының мысалы ретінде әдіснамалық негіздер мен теориялық негіздердің, зерттеу деректерінің, бастапқы әдіснамалық ұстанымдар мен теориялық негіздердің қалыпқа келтірілуінің үлгілерін келтірейік:

І.МЫСАЛ: А.Н. Ходусованыц «Мүгалімнің әдіснамалық мэдениетін қалыптастыру» (мамандыгы кәсіптік білім берудіц теориясы мен эдістері) диссертациясы.

Зерттеудің әдіснамалық негізі. Табиғатынан қиын, қарама-қайшы сипаттағы мұғалімнің әдістамалық мәдениетін орнату көптеген үрдістер жүйесіне: тарихи және қисынды, теориялық және эмпирикалық, тұлғаның тұтастығы, қызметі мен мәдениетіне сүйенеді. Зерттеудің әдіснамалык бағыты болып аксиологиялық, мәдениеттанымдық, герменевтикалық және синергетикалық тәсілдер есептелінеді.

 

Таным теориясы. Таным және оның түрлері. Гносеология. Негізгі ұстанымдар. Танымның заңдары мен заңдылықтары. Танымның табиғи негіздері.

2.Таным процесінің табиғаты. Практика – танымдық өлшемі. Таным процесіндегі ақиқат. Ғылыми таным теориясы.

3.Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері. Эсперимент және бақылау. Эмпириялық таным әдістері.

  1. Логикалық таным әдістері. Анализ-синтез. Тарихи-логикалық; абстрактілі- нақтылы; метафизикалық әдіс. Философиялық ұстанымдар.

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы жеке тұлғаның қоғамдық болмыс, еңбек пен мәдениет құндылықтары туралы білімдерді саналы түрде ұғынып, меңгеруімен анықталады. Ал бұл процесс адамның санасына, зейініне тікелей байланысты.

Сол сияқты айта кетерлік жайт, жеке тұлғаның құндылық іс-әрекет саласы, жеке тұлғаның құндылық бағдарын, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесін, жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасын және жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми - әдістемелік жүйесін қалыптастыруға қажетті іскерлік пен дағдылардың студенттердің бойынан көрініс табуымен анықталады.

Ал жеке тұлға дамуының мотивация саласы жеке тұлғаның құндылық бағдарын, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесін, жеке тұлғаның құндылық бағдарының педагогикалық диагностикасын және жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ғылыми-әдістемелік жүйесін меңгеруге қалыптастыруға деген ынта-ықылас пен қызығушылықтың пайда болуымен анықталады.

Адам психикасының айрықша ерекшелігі адамда сананың болуымен тікелей байланысты. Сана адамға тән нәрсе. Сана деп еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде қалыптасуында орын алатын психикалық әрекетті айтады. Адамда сана болу үшін ол өзін айналасындағы дүниеден ажырата біліп, сол дүниеге және өзінен басқа адамдарға қарым-қатынасын анықтап, өзінің кім екенін саналы түрде ажырата білуі керек. Сана әлеуметтік тұрмыстың, тарихи қоғам дамуының жемісі.

Адам белгілі нақты қоғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік еткендіктен, оның санасы қоғам тұрмысының ықпалында болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады.

Қоғамдық тәжірибенің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады. Сананы меңгеруші және оның иесі – жеке адам, жеке тұлға.

Оқу жұмысы мен белгілі бір білімдер жүйесін меңгеруде сана мен зейіннің маңызы өте зор. Оқушылар әрекетінің басты, жетекші түрі – оқудағы еңбек. Мұның өзі көп уақытты алып, зор ақыл-оймен ерік-жігерді талап етеді.

Оқу еңбегі, негізінен, интеллектуалды еңбек, ол оқу қызметіне қажетті рухани және моральдық қасиеттерді, мінез-құлықтың әдеттері мен дағдыларын қалыптастыруға елеулі әсер етеді. Оқу арқылы қоғам оқушыларға өзінің ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жеткіншек білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық іс-әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді, оларды жан-жақты біле түсуге мүмкіндік алады.

Білімді меңгеру ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.

Таным процесі туралы теориялық түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу теориясының алатын орны ерекше. Бұл теорияға сай объективті дүниені тану процесі адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстар бейнесінің ерекше процесі болып табылады.

Ғылым мен техниканың өсуіне қарай адам дамуының жетілуіне қажетті жаңа таным құралдары жасалуда, адамның әлі де танылмаған заттар мен құбылыстар дүниесін меңгеруін жеңілдететін зерттеудің барынша жетілген әдістері жасалуда.

Оқу процесі педагогтік күрделі құбылыс, оның көптеген айырмашылықтары мен ерекше белгілері бар.

Таным қызметінің мотивтеріндегі айырмашылық ғылыми және оқушы танымдарының салыстырмалылығына барынша елеулі ықпал жасайды. Ғылыми танымның міндеттері өмірден алынып, қоғам дамуының талаптарының туындайтыны белгілі. Мектеп оқушыларының таным мотивтері серпінді болуға тиіс. Білім шәкірттік танымға айналу үшін оқушының оқуға, білім алуға деген құштарлығы болуы керек.

Оқу, білім алу – адам жеке басының танымдық қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды.

Кез келген білімдерді меңгеру оқушыларға зор талап қояды. Өйткені, ұғыну - өте күрделі процесс. Ол біршене кезеңдерден тұрады, бірінші кезеңінде нені оқу керек, қалай оқып, қалай меңгеруі керектігі жайлы мағлұмат алады.

Бұдан кейін қабылданған білімді іс жүзінде орындап, оның келесі кезеңінде тұжырымдап, ұғынған нәрсені ойда ұстап тұру, яғни есте сақтау қабілетін қалыптастыру, соңғы кезде білімнің негізі болып саналатын зат, я болмаса құбылыс туралы белгілі ұғымды қалыптастырумен сипатталады.

Жаңа нарықтық қатынастардың өмірге келуіне байланысы оқушылардың танымдық әрекеттерін әлеуметтік маңызы бар өзекті мәселелерідің қатарына жатқызамыз. Себебі, қазіргі кезде қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер, жаңа әлеуметтік – экономикалық қатынастардың қалыптасуы біздің қоғамның әрбір мүшесі үшін маңызы зор құбылыс болып табылады.

Мектептің міндеті – оқушыларға құндылықтар жүйесін дарытудың процесі кезінде танымдық іскерлікті оқушының талабына сай қалыптастырып, олардың мектеп қабырғасында ғылыми танымның әдістемелері туралы мағлұмат алуларына жағдай жасап, осы бағытта оқұу-тәрбие процестерін ұйымдастыру.

Егер оқушылар жеке тұлғаның құндылық бағдарының мәнін маңыздылығын ұғынса, білсе, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, оның компоненттерінің маңыздылығын, жеке тұлғаның құндылық бағдарын меңгеруге қажетті іс-әрекеттердің маңыздылығын түсініп, соны меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушыларға өздерінің болашағы туралы, болашақ мамандығы туралы, бастапқы мағлұматтар алып, өз мүмкіндігі пайдалана білуіне, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуіне көмектеседі. Білімді меңгерудің басты көрсеткіштері оқушылардың алған білімдерін жалаң түрде қайталап айтып берулерімен анықталмайды, сол алған мазмұнына орай өз пікірлерін ортаға салып, ойларын ашық білдіруді, жалпы өзінің көзқарасын анық батыл түрде білдіріп, өз бағасын беруі болып табылады.

Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы тек құндылықтар туралы түсініктердің жиынтығымен ғана емес, сонымен брге белгілі бір объектіні немесе құбылысты құндылық ретінде ұғынумен де анықталады. Осы құндылықтар арқылы және солардың негізінде жеке тұлға өзін адамгершілік, өнегелі сапаларды таратушы санайды.

Құндылықтар теориясында жалпы адамзаттың моральдық интероризация процесінің мәнін жете ұғыну өте маңызды орын алады.

Көрнекті кеңес психолог- ғалымы А.Н.Леонтьев: «Мен өмірімде нені меңгердім, ал нені меңгере алмадым, соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым. Оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін маңыздылығы қандай …» деп, психология ғылымында «мән» және «маңыз» деген ұғымдардың түсініктемелерін зерттегн. Білімді меңгеру процесінде бағалау мен бағаның алатын орны ерекше. Себебі баға объективті қасиеттерді танып білулердің негізінде беріледі және бағалау өз алдына таным болып табылады. Мектеп іс-тәжірибесінде білімді формальды түрде, яғни ненмқұрайлы меңгеру жиі кездеседі. Оқушы ғылыми фактіні біле тұра, оны саналы түрде түсініп, ұғынбайды, ғылым оқушы үшін бұл жағдайда жеке тұлғалық мәнге ие болмайды, жай құбылыс ретінде қалып қояды. Білім мен оны саналы түрде сезінудің арасындағы мұндай алшақтық білімнің маңыздылығын, яғнт құнын түсіреді, білімнің маңыздылығы оның абстрактілі күйде болуының салдарынын пайда болады. Оқушы білімді жай, уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді. Ал егер де оқу әрекетін басқа іс-әрекеттермен (Шығармашылық, болжамдық, танымдық қарым-қатынас, бағалау) байланыстырса, онда «білсем», «маған керек», «маған қажет» сияқты мотивтерге ұласатыны сөзсіз

Оқушылардың құндылық бағдарының қалыптасуының жоғарғы деңгейден көрінуі олардың құндылық бағдарды қалыптастыруға, құндылық бағдарды анықтайтын білімдерді саналы түрде меңгеріп, ұғынуына байланысты. Сайып келгенде, мұндағы ең басты нәрсе білім болып табылады.

13-семинар. Әлеуметтік педагогикадағы таным әдісінің нәтижелік бөлімі.

 

Ғылыми әдіснамадағы дерек – шындық болмыстағы оқиғалар мен құбылыстар туралы эмпирикалық білімдерді тіркеуші сөйлемдер. Ғылым танушылардың пайымдауынша, ғылымдағы дерктерді бөліп алу, іріктеу мен тексеру міндетті түрде эмпирикалық танымдық әрекеттермен, яғни бақылау, өлшеу мен сынақтан өткізу әдістерімен байланысты, сондай-ақ ғылыми білімдердің қандай да бір жүйесімен байланысты.Зерттеушілер ғылымда деректі бөліп алуға, қолдануға тексеруге негіз болатын бірқатар өлшемдерді атап көрсетеді:

а) белгілі бір жағдайда деректі шығаруға болады;

б) әртүрлі тәсілдермен деректі тексеруге болады;

в) деректі одан әрі зерттеу, танымның жаңа құралдары еңбек құралдарын жасау үшін іс жүзінде қолдану мүмкіндігі;

г) ғылымда дерек идеалдандырудың ерекше болып табылады. Ол алғашқыда эмперикалық зерттеуге лайық тар салада белгілі болады.Содан соң соған ұқсас барлық қасиеттер, сипаттамалар мен құбылыстарды белгілі жағдайда дерек ретінде қарау ұсынылады. Ғалымдар деректер мен болжамдарды байланыста қарастырады.Олардың пікірінше, ғылымда болжам жасауға көп жағдайда ғылымға белгілі заңдар мен теориялардың көмегімен түсіндіруге келмейтін жаңа деректер пайда болғанда иек артады. Ғылымда жаңа деректер пайда болса, ғалымдар ең алдымен белгілі ғылыми білімдермен сәйкестендіруге тырысады.Сөйтіп, жаңа деректер ғана емес, соған қатысты білімдер жүйесі де тексеріліп нақтыланады. Ғалымдар көбінесе басқа жағдайдың орын алатынын жоққа шығармайды: жан-жақты зерттеуден кейін жаңа деректердің басқа салаға қатыстылығы мен басқа табиғи қырлары ашылады.Оны түсіндірудің басқа әдістерін іздеуге тура келеді.Осындай ізденістің басты құралы болжам болып табылады .

Деректің педагогикалық теорияның да өзегі болып табылатыны жалпыға белгілі. Соңғы уақытта ғылымдар құрылымында педагогикалық деректеме ілімі (фактология) маңызды орын алатын педагогикалық жүйелеу ілімінің мазмұнын айқындап, белгілеуде.Олардың анықтауынша, педагогикалық деректеме ілімі эмпирикалық деректерді сипаттау мен талдау туралы, нақты педагогикалық актілердің (әрекеттің) адамға – оның мінез-құлқына, қарым-қатынасына, құндылық бағыттарына ықпалы туралы білім жүйесі.

Кез-келген ғылыми зерттеу деректі жинау, жүйелеу мен жалпылауда басталады. Ғылыми деректі ғалымдар эмпирикалық және теориялық танымның өзара қатынасы аясында қарастырады. Ғылым әдіснамасында – ғылыми таным дегеніміз – процесс, яғни екі негізгі деңгейден – эмпирикалық және танымдық деңгейден тұратын дамушы білімдер жүйесі. Эмпирикалық деңгейде тірі табиғи шығармашылық басым болады, сондықтан зерттелуші нысан негізінен сезімдік таным арқылы қол жеткізілетін және ішкі қарым-қатынастарды бейнелейтін ішкі байланыстар мен көріністер арқылы бейнеленеді.Эмпирикалықтән басты белгілер – деректер жинау, оларды алғашқы жалпылау, бақыланған және сынақтан өткен мәліметтерді сипаттау, оларды жүйелеу, жіктеу және басқа да деректерді тіркеу әрекеті.

Эмпирикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталады, оларды салыстыру, өлшеу, бақылау, сынақтан өткізу, талдау, байқау әдістері мен құралдарының көмегімен меңгереді, ал олардың ең маңызды элементі дерек болып табылады (лат.-істелген, жүзеге асқан).

«Дерек» ұғымы төмендегідей негізгі мәнді білдіреді:

1) шындықтың, объективті оқиғаның кейбір үзіндісі; объективті шындыққа қатысты нәтиежелер (шындық деректері), немесе сана мен таным саласына қатысты нәтиежелер(сана деректері);

 
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері - әдіснамалық бөлімнің басты ұғымы

Қазіргі уақытта педагогикалық зерттеулерге, білім жүйесі мекемелеріндегі тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Зерттеуші – педагогтің, педагогикалық ұжымның, эксперименттік алаңдардың ғылыми ізденісінің бағдарламалары мен әдістемелері жазылып даярлануда. Нақты мәселенің зерттелу жұмысының тәжірибесі жинақталуда. Ғалымдардың іргелі еңбектерінде (Л.В.Занков, Ю.К.Бабанский, М.Н.Скаткин, Я.Скалкова, В.И.Загвязинский, В.И.Журавлев, В.М.Полонский және т.б.) педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі кеңінен берілген. Дегенмен, осы уақытқа дейін ХХ ғасырдың екінші жартысында жан-жақты зерттелген, семинарларда талқыланғанмен де зерттеушінің әдіснамалық мәдениетіне енетін біліктіліктің мазмұны нақтыланбаған. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бағыттарын, тұжырымдамасын, әдістемесін анықтайтын ұғымдық-түсініктік терминологиялық аппараты жеткілікті деңгейде зерделенбеген.

Осы анықтау мәселесіне келгенде ізденушілердің көпшілігі бұның құрамына не кіретінін іздестіріп, тек зерттеудің ғылыми аппаратын үлгілерден алып жазып қоюмен шектелетін жәйттер де кездеседі. Ғылыми-зерттеу практикасында зерттеушілер “осы әдіснамалық негізді біз жасаймыз” деген пікірде болады да, солай жазады да. Ал шын мәнінде, зерттеуші зерттеуд ің әдіснамалық негізін тек анықтайды. Демек, әдіснамалық негізді әдебиеттен қарастырып өз тақырыбының мәніне, мазмұнына сай таңдап алады. Әдіснамалық негіздің құрылымына, біздің пайымдауымызша, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізінің алғашқы құрамдас бөлігі өз зерттеу пәнінің – философиялық заңдар, ұғымдардың және материалистік диалектиканың ұстанымдары мен әдістеріне қатысын ойластырады. Әдіснамалық негіздердің келесі бөліктеріне әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерттеудің тұжырымдамалық негізіне алынатын зерттеудің логикасы (зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің түсініктік аппараты, зерттеудің өлшемдік аппараты) енеді. Әрине, зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары зерттеудің ғылыми аппаратының құрамына да кіреді. Әдіснамалық тұғыр мен әдіснамалық ұстанымды бөліп көрсету себебіміз ізденушінің назарын ерекше аудару мақсатында болып отыр.

 


 

 

 

1 сурет - Зерттеудің әдіснамалық негізінің құрамы


Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі бағытындағы ізденістерде зерттеудің логикасы, зерттеу әдістері, нәтижелері, зерттеу сапасын бағалау мәселелері қарастырылып жүр. Ал енді әдіснамалық тұғырлар туралы білімдер жиынтығы әдіснамашы ғалымдардың еңбектерінде, түрлі ғылыми басылымдар, ғылыми-практикалық конференциялар, әдіснамалық семинарлар, интернет-конференциялар, пікірталастар, дөңгелек столдар, пікірталастар материалдарында көрініс тапқан.

Осы білімдерді жүйесі әдіснамалық тұғырлардың құрылымы мен мазмұны «Методология общей и этнической педагогики в логико-структурных схемах» (2005 ж.) атты оқу әдістемелік құралда «әдіснамалық ұстанымдар» 2.5., «әдіснамалық тұғырлар». 2.6. тармақшаларда берілген. Сонда зерттеудің әдіснамалық негізін сызба түрінде жобаласақ, төмендегідей үлгі шығады. 1-сурет.

Сонымен, әдіснамалық тұғырлар дегеніміз – қайсыбір педагогикалық мәселені зерттеудегі қолданылатын ұстанымдар, әдістер, тәсілдер жиынтығы. Әдіснамалық ұстанымдар деп педагогикалық жүйелерді зерттей отырып, өзгерткенде негізге алынатын қағидаларды айтады. Ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру ұстанымдары – жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар, жетекші идея, түпкі қағида. Ғылыми әдебиеттерде жалпы ғылымилық ұстанымдар қатарына объективтілікті, ғылымилықты, жүйелілікті, тарихилықты, сабақтастықты және т.б. жатқызады. Демек, тұғыр ұстанымға қарағанда кең ұғым. Бұл тұғырлар мен ұстанымдар барлық ғылымға тән. Сондықтан педагогикада аталмыш тұғырлар мен ұстанымдарды зерттелетін объектілердің мәніне сай қолданып, ізденушілер өз зерттеулерін ұйымдастырады. Нақты тұғыр бірнеше ұстанымдар арқылы іске аспақ. Бұл ретте әдіснама негізінен ғылыми әрекеттің логикасына қатысты түсіндіріледі. В.В.Краевскийдің анықтауынша, әдіснама – педагогика ғылымының жасалу зертханасы, сол әдіснама арқылы зерттеудің қазіргі талапқа сай екендігі көрсетіледі және ғылыми қызметкерлердің кәсіби деңгейі бағаланады. Ізденушілерге біз 2007 жылы «Тұран» баспасынан жарық көрген «Введение в методологию и методику педагогического исследования» атты оқу құралындағы әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерттеу логикасы, зерттеу әдістемесі туралы мысалдармен тереңдетіле берілген әдіснамалық білім мазмұнын ұстанамыз.

Сонымен, зерттеудің әдіснамалық негізін анықтау үшін әдіснамалық негіздеме жасау қажет. Оның мазмұнына: ізденушінің тұжырымдамасының философиялық негіздері, педагогикалық мәселелерге сын көзқарас, зерттеу тұжырымдамасының ғылыми негіздері (мәселені тарихи-логикалық талдау, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оның сипаттамасын тұтастық тұғырдан қарастыру, зерттелетін педагогикалық құбылыстың дамуының негізі болатын жетекші қайшылықтарды анықтау, осы үрдіске тән заңды байланыстарды ашу әдіснамасына сипаттама), осы педагогикалық тұжырымдама негізіндегі түрлі ғылыми қағидаларды талдау енеді. Осыдан біз педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздемесінің келесі логикалық тізбесін-алгоритмін қарастырамыз:

· педагогикалық дәйектерді, құбылыстырды және үдерістерді, зерттеуге қажет нақты әдіснамалық тұғырларды анықтау;

· әдіснамалық ұстанымдарды нақтылау;

· зерттеу мәселелеріне тарихи-логикалық талдау жасау;

· зерттеу пәнін сипаттауға тұтастық тұғырды пайдалану.

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі оның теориялық базасымен тығыз байланыста беріледі.

Демек, педагогикалық әдіснама дегеніміз – педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді жасаудың ұстанымдары, тұғырлары және тәсілдері туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу мен зерттеу жұмысының бағдарламасын, логикасын және әдістерін, сапсын бағалауды негіздеуге бағытталған әрекетінің жүйесі.

 

Педагог жұмысына қажет түсініктер шеңберіне ең белгісіз, көп мағыналы және талас пікір тудыратындар ішінде «әдіснама»ұғымы бар.

Көмескілік әдіснаманың анықтамасынан басталады. Бұл білім берудің нақтылы қажеттілігінен және оның даму тенденцияларынан емес, бір мағынада түсінілмейтін жалпы филасофиялық негіздерден туындайды. «Әдіснама» адам санасындағы бір абстрактылы, идеологиялық және әкімшілік құжаттардан, философиялық мәтіндерден алынған өмірден алыс сілтемелерге әкелетін, педагогикамен жалпы, педагогикалық теория және практикамен жеке алғанда әлсіз байланыстағы сөз.

Бұл – бастауы педагогика аумағынан тысқары жатқан түсініспеушілік. Қаралу деңгейне қарай әдіснаманы әр түрлі түсінеді. Кең мағынада оны теориялық және практикалық әрекетті құрудың ұстанымдары мен тәсілдері жүйесі, сондай – ақ, бұл жүйе туралы ілім. Басқаша, тағы да кең мағынадағы анықтамасы бойынша – бұл ғылыми таным мен әлемді қайта құру әдісі туралы ілім. Қазіргі әдебиетте ғылыми-зерттеу әрекетін құрудың ұстанымдары, түрлері және тәсілдері туралы ілім ретіндегі ғылыми танымның әдіснамасы туралы сөз болып отыр. Әдіснама туралы пайдаланулардың анық болмауы педагогика ғылымының ерекшеліктерін ескермей, біресе бірін, тағы бірде басқа анықтамаларын педагогикалық болмысқа көшіруден туындап отыр.

Философиялық, әкімшілік және әсіресе әдіснамалық түрлі ұғымдардың араласуы бұдан бұрынғы он жылдықтарда кеңестік зерттеуші педагогтарға жоғарыдағы биліктегілердің нұсқауларын «ғылымиландырумен» айналысуға тура келуінен болды, себебі тек кейбіреулер ғана мұндай нұсқауларға қайсыбір дәрежеде қарсы тұра алды. Сондықтан да педагогтардың біздің ғылымның әдіснамалық және теориялық мәселелеріне ерекше қызығушылығы болмады, осыдан, әдеттегідей, педагогикалық зерттеулердің сапасы төмен болып қала берді.

Бірақ осының бәріне қарамастан соңғы онжылдықта әдіснама мәнді дамуға ие болды. Ең алдымен, оның зертеушіге көмектесу, зерттеу жұмысы саласындағы арнайы іскерліктерін қалыптастыру бағыттылығы күшейді. Сонымен, әдіснама нормативтік бағыт алуда, оның маңызды міндеті зерттеу жұмысын әдіснамалық қамтамасыз ету. Практика жүзінде бұның қалай екенін қарайық. Ғылымның осы саласындағы өзгерістердің сипатын түсіну үшін ғылыми таным әдіснамасы дамуының жалпы барысын қарастыру қажет. Өткен ғасырдың өзінде зерттеуші алған нәтижесін өзі негіздеуі керек еді. Одан бұл нәтиженің білімінң осы саласында қабылданған ережеге сай екенін және оның ғылымының кеңірек жүйесіне қалай енетіні көрсетілуі талап етілді. Қазіргі уақытта бұл зерттеу іске асырылмай тұрғанда негізделуі қажет. Зерттеуші негізгі сүйенетін қағидаларды, зерттеу логикасын, болашақтағы нәтижені және бұл нәтиженің алу тәсілін белгілеу керек.

Әдіснаманың әдіснамалық білімнің жалпы жүйесіндегі орнын анықтау үшін, әдіснаманың бірнеше деңгейлерін ажырату қажет. Олардың алғашқысының мазмұны – философиялық білімдер. Екінші дейгей – жалпы ғылымилық әдіснама. Үшінші деңгей – нақты пәнде, м ысалы, педагогикада қолданылатын зерттеудің әдістерінің ұстанымдарының және тәсілдерінің жиынтығы. Арнайы ғылымның осы саладағы ғылыми танымға тән мәселелерді сондай-ақ алдыңғы деңгейге қатысты, мысалы, жүйелілік тұрғыда, немесе модельдеуді педагогикаға қолдану сияқты сұрақтарды да қамтиды.

Әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа да зерттеулерді жүргізу мүмкін емес.

Мұндай сауаттылық мазмұнына әдіснамалық рефлексия ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетіні әдіснамалық мәдениетті меңгертеді.

Бірақ әдіснамалық мәдениет тек ғылыми қызметкерге ғана тән емес. Жалпы алғанда, әдіснамалық мәдениет – қажетті бөлігі рефлекция болатын әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау мәдениеті. Мұндай мәдениет ғылымға қалай керек болса, практикаға сондай қажет. Педагогикалық үрдістегі ойлау актісі бұл үрдістегі мәселелерді шешуге бағытталған және бұл жерде рефлекциясыз, яғни өз әрекеті туралы пайымдаусыз мүмкін болмайды.

Ғылым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық – біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал, екіншісі оларды пайдаланады.

Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз – ол пеадгогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу.Мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және негіздеме құрастыру; педагогикалық міндеттерді сезіну; даярлау және оны шығармашылықпен шешу, әдістемелік рефлексия. Бұл құрамдас бөліктер мұғалімнің кәсіби әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оның шығармашылық тұлғасын сиапаттайды.