Араңыз, мысалы: Гершунский Б.С, Никандров Н.Д. Педагогикадағы әдіснамалық білім. М., 1986. С. 29-31.

Біріншіден, бұл - әлеуметтік-педагогикалық практика өкілдерінің соның сан-алуан түрлі эмприкалық не ғылыми-эмпирикалық проблемаларын шешу бойынша ғылыми-зерттеу қызметі. Бұл жағдайда әдіснамалық білім зерттеулердің мақсаты болып табылмайды: ол солардың жанама өнімі ретінде шығып отырады және әлеуметтік педагогиканың әдіснамасы үшін абсолютті не салыстырмалы жаңалық белгілелеріне ие болмайды. Мұндай білім әдіснамаға қатысты өзінің дамуының төмен деңгейіне жатады.

Орын алу формасы бойынша ол зерттеушінің ұғынатын не яғына дейін ұғынбайтын ғылыми мақсаттарында, ол іріктеп отырған ғылыми тану әдістерінің жиынтығынан, қайта құру қызметінің стратегиясынан байқалып отырады. Мысалы, әлеуметтік педагогика жөніндегі ғылыми зерттеулерде авторлар олардың әдіснамалық негізін бөліп көрсетуде, выделяют их методологическую основу, әлеуметтік-педагогикалық практика құбылысын зерттеу кезінде қолданылып отыратын әдістерді, сондай-ақ оны қайта құру үшін қолданылатын әдістерді ұсынады, бұрында зерттеліп отырған проблеманың сол не өзге бөлігіне қатысты еңбек еткен авторлардың әдіснамалық және теориялық қағидаларын белгілейді, зерттеудің негізгі кезеңдерін, яғни әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды, процестерді, қызмет түрлері мен т.б. тану мен қайта құру жөніндегі ғылыми ой мен практикалық қызметтің қозғалысын суреттейді. Алғашқы дереккөзден алынған әдіснамалық білімді әрдайым автордың өзі түсіндірмелеп және суреттеп отырмауы да мүмкін, дегенмен бұл оның әлеуметтік педагогика үшін белгілі түрдегі құндылығы мен маңыздылығын ешқандай да жоққа шығармайды. Осы әдіснамалық білімді қолдану, әлеуметтік педагогиканың ғылыми айналымына әдіснамалық білім ретінде енгізуді әдіснамалық білімді әзірлеуге арнайы бағытталған ғалымдар жүзеге асырады.

Екіншіден, бұл - әлеуметтік педагогтардың әртүрлі үйлесімдегі теория-әдіснамалық проблемаларды әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу қызметі.

Теориялық және әдіснамалық проблемалардың арақатысы әртүрлі болып отыруы мүмкін, оның үстіне әдіснамалық білім әрдайым басым болып отырмауы мүмкін, дегенмен оны қалыптастыру мақсатын зерттеуші ұғынады, алдына қояды және оған практиканы қайта құру бойынша зерттеу мен мақсатқа лайықты жұмыс істеудің жалпы ғылыми және жалпы әдіснамалық әдістерін қолдану арқылы қол жеткізеді.

Cонымен, әлеуметтік педагогика бойынша ғылыми зерттеулерде түрлі әлеуметтік-педагогикалық құбылыстардың әдіснамалық, теориялық-әдіснамалық, теориялық, теория-әдістемелік, ғылыми педагогикалық, ұйымдастырушылық педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық және өзге негіздері сол не өзге дәрежеде әзірленген.

Үшіншіден, бұл әлеуметтік педагогтардың әлеуметтік педагогика шеңберінде ғылыми-зерттеу қызметінің ортақ негіздерін қалыптастыру бойынша жұмысы. Аталмыш жұмыс ғылыми-зерттеу қызметінің теориясын (не оның жекелеген элементтерін) әзірлеу арқылы әдіснамалық білім алуға бағытталған. Бұл қорытынды ғылыми-зерттеу қызметінің теориясын суреттейтін білімдердің жиынтығын әдіснамалық білімге, ал ғылыми-зерттеу қызметі теориясының өзін к внутренним теориям әдіснамасының әлеуметтік педагогика әдіснамасының ішкі теорияларына жатқызуға мүмкіндік береді.

Мұндай сонымен қатар әлеуметтік педагогиканың жеке теорияларын қалыптастыру жөніндегі ғылыми-зерттеу қызметі де жатады. Мысалы, қайсыбір мөлшерде жеке теорияларға негіздеме берілген: әлеуметтік педагогика тарихына, әлеуметтік жұмыс педагогикасына1, ауылдың әлеуметтік педагогикасына7), әлеуметтік орта педагогикасына8), шетелдің әлеуметтік педагогикасына9), мектептің әлеуметтік педагогикасына10), жанұяның әлеуметтік педагогикасына11), бос уақыттың әлеуметтік педагогикасына12) және кейбір өзге түрлері2.

Төртіншіден, бұл - әлеуметтік педагогиканың ғылымтануына жататын проблемалардың шешу бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы, олардың арасында ең алдымен аталмыш пәннің объектісі мен тақырыбын, міндеттері мен функцияларын, әдістері мен логикалық құрылымын анықтау және өзге де бірқатар міндеттер. Демек, теория түрінде ұйымдастырылған ғылымтану білімі де әлеуметтік педагогика әдіснамасы құрылымының бір бөлігін құрауда.

Бесіншіден, бұл – ілгері тәжірибені зерттеумен, қорытындылаумен және берумен3, теория мен практиканың байланыстарын қамтамасыз етумен, яғни ғылыми-қайта құру қызметінің әлеуметтік-педагогикалық теориясы түрінде ұйымдастырылуы мүмкін білімді әзірлеумен байланысты ғылыми-зерттеу қызметі (алдыңғылары тәрізді ол да әлеуметтік педагогика әдіснамасының құрылымына енеді)13).