Тәрбие беру мақсаты – тәрбиелік қызметтің әдістері мен ұйымдық формаларын анықтайтын жобаланатын нәтижелері (5,95).

Ылыми зерттеу мақсаты» - құрылымның орталық элементі және зерттеудің маңызды методологиялық құралы, ол жұмыстың қорытынды нәтижесін, зерттеу объектісін көрсетіп тұр, осылайша процестің қалай құрылуына ерекше көңіл бөлуі және оның тұжырымына деген қатаң талаптары түсіндіріледі (4,49).

Психолого-педагогикалық зерттеудің мақсаты» - бұл мақсат құрастырушы қызметтің нәтижесі, өз кезегінде ол оқытушы мен оқушылар,яғни білім беру субъектілерінің қайта құрастырушы мақсатты бағытты қызметін жобалайды (3,58).

Рбір педагогикалық қызмет мақсаттарды құрастырудан басталады және оның қаншалықты жеткілікті болғанда ғана ақталады. Барлық зерттеушілер педагогикалық қызметтегі мақсатты ғылыми - педагогикалық зерттеудегі мақсаттан ажырата алмайды. Көптеген ізденушілер (әсіресе білім беру жүйесінің практикалық қызметкерлері) зерттеу мақсатын білім беру мақсатымен, оқытуды тәрбие берумен ауыстырады.

Азіргі заманғы педагогикалық теория жэне практикасында

ғалымдармен мақсат құруды ғылыми тұрғыдан келуі анықталды,

оқытушыларға технология, педагогикалық қызметтің мақсат құру механизмі,

Мақсаттар бұтағы» әдісін құрастыру және мақсат құрудың процессі іске

Асыру практикалық жолдары ұсынылады. И.П. Раченко мақұлдауы бойынша

Мақсаттар бұтағы әдісін құрастыру» оқытушыға әр түрлі деңгейдегі

Мақсаттарды талдау, жобалау және түзету мүмкіндігін жеңілдетеді, жоғары тұрған мақсаттарды төмендегілерге ауыстырып жаңарту, ал соңында оларды нақты жеке мақсаттарға ауыстыру. Мақсаттар бұтағы - ішкі және сыртқы мақсаттармен ұсынылған өзіндік сипаттағы мақсат құрудың модель технологиясы. Мұндағы ішкі мақсаттар белгілі бір міндеттер жиынтығымен ұсынылған мақсаттар жүйесі ретінде түсініледі, ал әрбір міндет – сұрақтар жиынтығы. Сыртқы мақсаттар - бұл ірі жүйелер мақсаттары, олар ішкі мақсаттар әрекетін бағыттайды және кейбір жағдайда шектейді, үлесін басты мақсатта шоғырландырады.

Ішкі мақсаттар талаптар мен құралдармен сәйкес түзетілуі керек (6,34). Осылайша, педагогикалық мақсат - педагогикалық шындықтың көрінісі мен нақты процесстер жаңарудың потенциалды резервтер мен білім беру идеалды қатар қою негізінде құралған болжам жасау нәтижесі (яғни, дамыған еркін шығармашылық сипаттағы сау-саламат адамның идеалы туралы әңгіме болып отыр). Осыдан зерттеудің тақырыбы мен мақсатының логикалық бірліктің методологиялық талаптары шығады.

Ғылымдардың айтуы бойынша (А.В. Клеменюк жэне басқалары), зерттеу мақсаты полифункционалды. Зерттеу мақсаты когнитивті, бағалаушы және болжамды қызметін атқарады (1 таблицаны қарау).

Функцияның аталуы Сипаттамасы
Когнитивті функция Қорытынды нәтижені болжау ретінде зерттеу мақсатының негізі болып: зерттеу мәселесінің жағдайына шолуды және шолудағы қорытындыларды орындау; мэселені шешуге бағытталған ғылыми ізденістің рационалды жолын таңдау; зерттеу пәнінің дәйектемесі; зерттеу міндетін құрастыру; керекті беталыс анықтау және жетілдіретін мәселе көлеміндегі теория жүзіндегі және эксперименталды зерттеудің кең етегі; зерттеу объектісі көлеміндегі қарастырылатын кұбылыстар топтамасын жасау; теория жүзіндегі алғы шарттарды, мүмкіндіктерді және зерттеу гипотезасын өзін құрастыру; зерттелетін объектінің моделін және зерттеу пәнінің моделін қүрастыру; зерттеу нәтижесі негізінде жалпы қорытындыларды, тұжырымдарды және ұйғарымдарды қалыптастыру; отчет немесе диссертацияны мазмұндау құрылымын жасау үшін табылады.
Бағалаушы функция Зерттеу мақсаты келесі баға берудің өлшемі қызметін атқарады: зерттеу мәселесінің жағдайына шолу дүрысытығы және толықтылығы ; зерттеу міндетінің қажеттілігі мен жеткіліктігі; теориялық зерттеудің қажетті мен тереңдігі; зерттеу бағадарламасының логикалығы мен толықтығы; зерттеу әдісінің дұрыстығы; жорамалданған қорытынды нәтижесі бойынша эксперименталды зерттеулер мен жетілдірілген теориялардың парапар дәрежесі; зерттеу объектінің мазмұнын ашатын жетілдірілген моделдер, топтамалар және логикалардың толықтылығы мен қарапайымдылығы; эксперименталды зерттеуді жүргізудегі тереңдігі, логикалығы және көлемінің қажетті және жеткіліктігі; жүргізілген зерттеу нәтижелерді қолданудағы рационалды аймағы мен мүмкіндігі.
Болжамды функция Зерттеу мақсаты зерттеу мәселесімен арақатынасында келесілерді анықтауға рұқсат береді: жүргізіл жатқан (немесе жүргізілген) зерттеудің мақсатын; оның ғылыми жаңалығын; практикалық маңыздылығын; зерттеудің өзін жүзеге |

Зерттеу міндеттерін анықтайтын әр түрлі тәсілдер бар. В.П. Давыдовтың бекітуі бойынша, бірінші міндет - зерттелетін объектінің мәнін, табиғатын, құрылымын анықтаумен, нақтылаумен, тереңдеумен, методологиялық деректемемен және т.с.с. байланысты; екінші міндет - зерттеу пәнінің нақты жағдайын талдаумен, оның дамуындағы динамикасы мен ішкі қайшылықтармен байланысты; үшінші - оның тәжірибелі тексерістің қайта жаңару әдістерімен байланысты; төртінші - зерттелетін құбылыстың, процестің тиімділігін, мүлтіксіздігін жоғарылату әдістері мен жолдарын анықтаумен, яғни жұмыстың қолданбалы аспектілерімен байланысты; бесінші — білім беру қызметкерлерінің әр түрлі категориялары үшін зерттелетін объектінің дамуын болжау немесе практикалық кепілдемелерді жетілідіру (2).В.И. Загвязинскийдің пікірінше, психологиялық- педагогикалық зерттеудегі міндеттердің 3 тобын атап өткен жөн. Ең жиі кездесетін бірінші тобы - тарихи - диагностикалық - тарих пен қазіргі заман мәселелерін зерттеумен, сондай-ак зерттеудің жалпы ғылыми және психологиялық-педагогикалық дәлелдемелерін, түсініктерін анықтау немесе нақтылаумен байланысты;екіншісі - теоретикалық-модельдік міндеттер тобы -қүрылымды, оның қызметтері мен түрлендіру әдістерін анықтау, ашумен байланысты үшіншісі – тәжірибелік- түрлендіруші міндеттер тобы-педагогикалық үрдістің, оның болжамды түрленуін тиімді ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін анықтау мен қолдану, сондай-ақ тәжірибелік ұсыныстарды даярлау (3).

В.М. Полонский педагогикалық зерттеудің міндеттерін анықтауда зерттеудің фасеттік классификациясын ұсынды. Бүл классификацияға сәйкес нақты ережелердің жиынтығы мен белгілер бойынша бөлудің қалыптасқан жүйесі негізінде көптеген нақты объектілерді топтарға ретеп бөлу тән (5,158). Фасет - қандай да бір белгі бойынша біріктірілген бірыңғай терминдер тобы (бөлу негіздемесінің сипаты) (5, 185 ).

Зерттеудің фасеттік классификациясы — объектілерді зерттеудің түрлі жақтарын сипаттайтын тәуелсіз квалификациялық топтамаларға бөлу. Әр фасетке білім саласындағы ғылыми жұмыстардың түрлі белгілерін сипаттайтын көптеген терминдер кіреді. Теоретикалық және тәжірибелік маңыздылығы тұрғысынан зерттеудің сипатын көрсететін қасиеттің төрт түрін бөліп көрсетуге болады (міндеттер, нәтижелер, адрес, басылым түрі ).