Бірінші қасиет - зерттеудің міндеттері - жұмысты жоспарланған мақсаттардың нәтижелері тұрғысынан сипаттайды .

Ғалым дидактикадағы зерттеудің түрлі типтері үшін классификациялық белгілердің құрылымында міндеттерді келесі терминдер көмегімен белгілеуді ұсынады : талдау ; енгізу; айқындау; гипотеза; толықтыру; оқып білу; зерттеу; қолдану; нақтылау; жалпылау; деректеу; талқылау; сипаттау;

Анықтау; жаттау; бағалау ; дайындау; растау; бекіту; кұрастыру; тексеру; даму; қарастыру; жүйеге келтіру; жетілдіру; кұру; нақтылау; тұжырым; мінездеме (5,157).

Осы әдебиетті талдау арқылы әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласында зерттеудің негізгі мақсаттарының түрлері белгіленуде екені көрініп отыр. Орындалған педагогикалық зерттеулерді ұғыну мен олардың мақсаттары мен міндеттері бойынша жүйелеу республика ғалымдарының диссертациялық жұмыстарында, негізінен, педагогикалық фактінің, құбылыс пен процестің сипаттамасын анықтауға, жаңа педагогикалық феноменді сипаттауға, педагогикалық құбылыстардың жаңа табиғатын ашуға ( жақа терминдерді енгізу, т.б.),білім алушылардың жеке қасиеттерін қалыптастырудың методикасын дайындауға бағытталған мақсаттар қойылуда екенін байқауға болады. Дегенмен де, зерттеушілер педагогикалык құбылыстардың өзара байланысын айқындаудың , осы құбылыстардың нақты динамикасын зерттеудің, жалпылама заңдылықтарды анықтаудың, классификация,типология жасаудың (классификациясының теориясымен, концепциямен ара-қатынасы, түрлерін, типтерін, топтарын анықтау және айрықша белгілерін сипаттау, т.б.), нақтылықты айқындау үшін зерттеудің процедуралары мен методикасын дайындаудың, өлшеудің сенімділігінің, нәтижелерді қайта қарастыруды жеңілдетудің мақсатын сирек көрсетеді (1, 10-11).Сондай-ақ, құрылымы мен мазмұны бойынша кандидаттық және докторлық диссертация міндеттері бірыңғай және біртиптес, зерттеудің гипотезасы мен мақсатына қойылған міндеттердің сәйкессіздігі байқалады.

Демек, педагогикалық зерттеу мақсатының болжамы - қазіргі педагогикалық шындықты жаңа , болашаққа лайық түрлендірудің басқа да тиімді әдістері бар. Мұндай түрлендіру, әзірше көкейдегі нәтиже, зерттеу мақсатының болжамы болып табылады. Бұдан, әрине, зерттеудің түпкілікті мақсаты оқыту мен тәрбиелеуде нақты нәтижелерге жету жолында білім процесіндегі субъектілер қызметінің стратегиясын іске асыру екені айқындалып отыр.

Ізденушіге зерттеу мақсатын тұжырымдау ережесін мына түрде беруге болады: 1. Нақты түрде қарастыру қажет:

Зерттелетін мәселенің мәні мен оның қарама-қайшылықтарын; ғылыми
зерттеу арқылы шешілетін теоретикалық және (немесе) тәжірибелік
сипаттағы негізгі проблемалық сұрақтар;

Зерттелетін объектінің қызмет ету заңдылығы мен құрылымын түсіндіру
үшін қажет болуы мүмкін теоретикалық білімнің болуы;

Зерттеу ауқымының теоретикалық және (немесе) тәжірибелііс
дәйектемесін дайындауға қажетті негізгі жолдары мен көлемі.

Объектінің теоретикалық және (немесе) тәжіребелік жүргізуге қажетті
педагогикада қызмет ететін (немесе ғылымның объектісіне қатысты)
әдістер мен тәсілдер (4, 51).

Тақырыпты негіздеу мен зерттеудің мақсатын белгілеу ғылыми жұмыстың бірінші кезеңді орындау нәтижесі болып табылады. Зерттеудің тақырыбы мен мақсаты ғылыми жетекшімен келісілген болуы тиіс.

Зерттеудің тақырыбы мен мақсатының тұжырымында ұқсас 2 құрылымдық элемент бар : зерттеудің объектісі мен соңғы нәтиже. Мақсат үшінші элементтен де түрады (соңғы нәтижеге жету жолы ).3ерттеудің мақсаты - бүл ғылыми ізденудің соңғы немесе аралық нәтижелері туралы дәлелденген ұғым.

Іс жүзінде, мақсатта зерттеудің жалпы түйіні тұжырымдалады. Сондықтан да, ол қысқа, нақты әрі мағыналы тұжырымдалуы қажет. Әдетте, мақсатты анықтау зерттеушіге өзінің ғылыми жұмысының тақырыбын нақты бекітуге мүмкіндік береді.

Зерттеу логикасын қалыптастыру жолында зерттеуші-педагог мақсатқа жету үшін қажетті жеке зерттеушілік міндеттерді тұжырымдайды. Методологтардың кеңесі бойынша мұндай міндеттерді салыстырмалы аз, бес-алтыға дейін белгілеген дұрыс (тақырыптың мәні мен мазмұнына байланысты).

Ылыми ізденістің « бағытын », логикасы мен құрылымын анықтауға мүмкіндік беретіндей етіп міндеттер тізбегін құрастыру маңызды болып табылады.