V.4. Әлеуметтік педагогтарды әр түрлі жағдайдағы іс әрекетке дайындау 1 страница

V.4.1. Адам құқығын қорғау мен қалпына келтіру бойынша іс әрекетке дайындау

V.4.2. Социумның әр түрлі іс әрекетке дайындығы

V.4.3. Әлеуметтік инфрақұрылымның әр түрлі институттарында кәсіби іс әрекет қызметтерін жүзеге асыруға дайындау

V.4.4. Әлеуметтік орта мамандарымен өзара әрекеттестікке дайындау

V.4.5. Діндар азаматтармен жұмысқа дайындық

V.4.6. Социумның әр түрлерінде нақтылы жағдайларда отбасылармен жұмысқа дайындық

V.4.7. Қауіп тобындағы азаматтармен жұмысқа дайындық

V.4.8. Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмысқа дайындық

V.4.9. Әр түрлі жас категорияларындағы азаматтармен жұмысқа дайындық

V.4.10. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктермен жұмысқа дайындық

V.4.11. Социумдағы мемлекеттік құрылымдармен жұмысқа дайындық

V.4.12. Әкімшілік территориялық бірлік шеңберінде ведомстаралық өзара ықпалдастықты ұйымдастыру жұмысына дайындық

V.4.13. Жайлаудың ақпараттық орта іс әрекетіне дайындық

V.4.14. Кәсіби іс әрекетте компьютерлік технологияларды қолдануға дайындық

V.4.15. Социумдағы кәсіби іс әрекеттердің стресстік жағдайларына психологиялық тұрақтылықтың қалыптасуы

 

Келтірілген ғылыми зертте бағыттарының тізімі әлеуметтік педагогиканың ғылыми мәселелік аймағын қалыптастыратын болғанымен де толығымен аяқталды деп айтуға болмайды. Әрине, әлеуметтік педагогиканың ғылыми мәселелік аймағын нақтылау, бағыттарды пысықтау көр уақытты талап ететін ғылыми өңдеулердің маңызды міндеті болып табылады.

Әлеуметтік педагогиканың алдында қазіргі кезде толық көлемде сипаттау мүмкін емес ғылыми мәселелердің бірқатарын шешу міндеті тұр. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогикада қолданылуы мүмкін В.М.Полонский ұсынған ғылыми мәселелерді жіктеу әдісі де бар. Ол ғылыми және тәжірибелік іс әрекеттерді сәтті орындау үшін тұтынушылардың әр түрлі топтары мұқтаж талаптан ақпаратқа тәуелді мәселенің төрт типін бөліп көрсетеді. Олар ақпараттық, тұжырымдамалық, квалиметриялық және ұйымдастырушылық әдістемелік мәселелер.

Әлеуметтік педагогиканың ақпараттық мәселелері қандай да бір мәселелерді авторлар қалай қарастырды деген сұраққа жауап іздеуге бағытталған. Ақпараттық мәселелер теориялық немесе тәжірибелік мәселелерді шешуге қызығушылық танытқан тұлғалар осы мәселенің қалай және қайда шешімі табылғаны туралы ақпараттары жоқ. Шын мәнінде, бұл ақпарат мамандар зерттеп, жарияланып қойған, бірақ әр түрлі себептер бойынша тұтынушылардың белгілі тобына қол жетімсіз болып қалған. Ақпараттық мәселелер ғылыми зерттеулерді емес, аналитикалық талда, ғылыми баяндамалар мен мақалалар, библиографиялық және анықтамалық тізімдер күйіндегі ғылыми шолулар жасайды. Ақпараттық жұмыстар зерттеушіге зерттеудің мүмкін болатын шешу жолдары мен бағыттарын көрсетеді.

Тұжырымдамалық мәселелер әлеуметтік педагогиканың өзара байланысқан әр түрлі факторлар мен құбылыстарды анықтаумен, оның дамуының жетекші бағдарларын айқындаумен, ғылыми зерттеулерде басшылыққа алынатын теориялық тұжырымдамаларды қалыптастырумен байланысты.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта әлеуметтік педагогиканың дамуы «әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім беру Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес келе бастады. Басқаша айтқанда, мәселелердің шешімі өмір қарама қайшылықтарын талдау нәтижелерінен , адам мен әлеуметтік ортаның өзара байланысы мәселелерін зерттеумен емес, жоғары оқу орындары қызметкерлері арасында құжат негативті бағалануына қарамастан белгілі бір құжаттардың пункттеріне сүйене отырып табылады.

Әдіснамалық және теориялық деңгейлерде әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық мәселелерін өңдеу үнемі қысқартылып отыр. Бұл бұрынғыдай ғылыми жұмыстардың қайталануына алып келеді.

Квалиметриялық мәселелер әлеуметтік педагогикалық іс әрекеттің сапасы мен тиімділігін және әлеуметтік ортаның әлеуметтік педагогикалық институттарының үлгісін құрастыру, нақтылы бір ситуацияларда әлеуметтік педагогикалық технологияларды қолдану бағасын өлшеумен байланысты. Квалиметриялық мәселелерді шешуде социумдағы әлеуметтік педагогикалық үрдістер мен олардың қатысушыларының іс әрекетін сипаттауға болатын диагностика мен өлшеудің дұрыс тәсілдерін іздеуде қиыншылық тудырады. Бұл мәселелердің шешімін табу әлеуметтік педагогикалық квалиметрияны қолдануға тәуелді.

Әлеуметтік педагогиканың ұйымдастырушылық әдістемелік мәселелердің кең таралуы ғалымдардың қандай да бір мәселенің шешімін құралдармен әдістердің көмегімен табумен байланысты. Бұл мәселелер сонымен қатар, ағымдық немесе өзектілік сипатта болады және даму мәселелерін қозғамайды.

Әрине, әр түрлі типтегі мәселелердің сәйкестігі ең алдымен әлеуметтік педагогиканың ерекшелігіне тәуелді. Алайда ғылыми мәселелердің топтастырылуы әлеуметтік педагогикада негізгі ғылыми бағыттарды қалыптастыруға, оның даму үрдістерін анықтауға мүмкіндік береді.

Ғылыми зерттеулердің басқа критерилері үш негізгі топқа: ретроспективті, перспективті және прогностикалық деп бөлінуі мүмкін. Олардың барлығы бір бірімен тығыз байланысты және бір бірінен тәуелсіз жүре алмайды.

Ғылыми зерттеулердің перспективті бағыттарының тобы әлеуметтік педагогикалық білім алуға, әлеуметтік ортада әлеуметтік педагогикалық іс әрекет тұжырымдамасын, теориясы мен технологиясын өңдеуге зерттеушілерді бағдарлаумен байланысты. Осы мәселе бойынша диссертациялы жұмыстар мен монографиялық әдебиеттердің талдауы әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретінде экстенсивті даму кезеңі толығымен аяқталды деп сенімді айтуға мүмкіндік береді. Оның дамуының жаңа кезеңінің басталуы әлеуметтік педагогтардың кәсіби іс әрекетімен, білім беру кешенінде оларды дайындаумен байланысты. Сонымен қатар, перспективті білім әзірше жалпы түрде сипатталуы мүмкін.

Ғылыми зерттеулердің прагностикалық бағыттары тобы әлеуметтік педагогика дамуының негізгі үрдістерінің сипатталуымен байланысты. Бұл топтардың бағыты зерттеушілерді әлеуметтік педагогиканы ғылыми пән ретінде прогнстикалық үлгіні басшылыққа алуға бағдарлайды. Осы топ шеңберінде зерттеуді ұйымдастыру үшін әлеуметтік педагогиканың негізгі үрдістері төмендегідей:

· Ғылыми қайта құру іс әрекеті (әлеуметтік педагогика тәжірибелік іс әрекеттің саласы ретінде);

· Ғылыми білім беру іс әрекеті (әлеуметтік педагогика білім беру кешені ретінде)

· Ғылыми танымдық іс әрекет (әлеуметтік педагогика ғылыми пән ретінде).

Аталмыш топ мәселелері бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: дамуыдң әр түрлі жағдайларында әлеуметтік педагогикалық іс әрекеттің қайта құрудың ғылыми сипатын қамтамасыз ету; тәжірибеде ғылым мен әлеуметтік педагогикалық тәжірибенің өзара байланысының жетекші роін жүзеге асыру; әр түрлі типтегі және дайындық деңгейлеріндегі білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагогтарды дайындау жүйесінің қажеттіліктерін сәйкестендіру.

Ретроспективті бағыт тобы ғалымдар мен практиктердің жинаған білім мазмұны негізінде материалдарды жүйелеу мен талдауға бағытталған. Бұл ғылым әдіснамасы көзқарасы негізінде ғылыми таным тұғыр. Алайда осы кезеңде алдыңғы буындағы ғалымдардың бай тәжірибесін зерттеп, жалпылау басты маңызға ие.

Осылайша, әлеуметтік педагогиканың ғылыми мәселелік аймағы негізгі ғылыми бағыттардың жүйелі жиынтығын құрайды. Бұл аймақ тек әлеуметтік тәжірибенің мәселелерін анықтап қана емес, әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретінде құрылымын қалыптастырады. Ол өз міндеттерімен әлеуметтік педагогикалық тәжірибеге әсер етеді. Ғылым мен тәжірибенің байланысы осылай жүзеге асадыӘлеуметтік педагогиканың әдіснамасы оның негізін, базалық сипатын анықтайды. Әдістеме негізінде әлеуметтік педагогиканың тұтастай және оның құрылымдық құрамдас бөліктерінің ғылыми бағытының мәні анықталады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасының өзекті проблемаларын зерттейді.

Әлеуметтік педагогиканың әдістемесін түсіну үшін мына мәселелерді қарастыру қажет:

- әдістеме және әлеуметтік педагогиканың әдістемесі ұғымдары;

- әлеуметтік педагогика әдістемесінің негіздері;

- субъект ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік педагогикалық болмыстың сапасын бағалау және таным әдістемесінің негіздері.

Әдіснамасының мәні туралы түрлі көзқарастар бар. Кейбір зерттеушілер әдістемені: теориялық қызметтің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары туралы; басқалары, - таным әдістерін қалыптастыру қағидалары мен рәсімдері және шындықты тану және қайта құру әдістерін қолдану туралы; үшіншісі – күрделі практикалық мәселелерді шешудің неғұрлым жалпы қағидаларының жиынтығы туралы; төртіншісі – теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың қағидалары мен тәсілдері жүйесі туралы, сондай-ақ, осы жүйе туралы; бесіншісі – ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бастапқы (негізгі) ерекшелігі, құрылымы, функциясы мен әдістері туралы ілім деп санайды.

«Әдіснама» терминінің мағынасы:

- танымның ғылыми әдісі туралы ілім;

- қандай ғылым болса да қолданылатын танымдық құралдар, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы;

- танымдық және қайта құрушы қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен қағидаларын зерттеуші құралдар, білім саласы болып түсініледі.

Тізбеде көрсетілгендей, әдістеме жөнінде бірыңғай көзқарас пен түсінік қалыптаспаған. Алайда, зерттеушілер, ең бастысы, әдістеме – нақтылы шындықты тану мен қайта құрудың базалық негізі деп біледі.

Педагогиканың белгілі әдіскері Володар Викторович Краевскийдің (1926-2010) тәсілдемесіне сүйенсек, «Әлеуметтік педагогика әдістемесі» ұғымына мынадай анықтама беруге болады. Бұл - әлеуметтік педагогикалық болмысты бейнелейтін әлеуметтік педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымдары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, осындай білімдерді алу және ғылыми әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің1 сапасын бағалау, логика мен әдістер, бағдарламаларды негіздеу қызметінің жүйесі.

Әлеуметтік педагогика әдіснамасының ішкі мәні мынадай аса маңызды құрамдас бөліктерден тұрады:

- әлеуметтік-педагогикалық теориялардың негіздері мен құрылымдары, оларды танудың ұстанымдары мен тәсілдері туралы білімдер жүйесі;

- осындай білімдерді алу және ғылыми әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің сапасын бағалау, логика мен әдістер, бағдарламаларды негіздеу қызметінің жүйесі.

Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімінің негізгі белгілері мыналар болып табылады:

- нәтижесі теориялық-әдістемелік білімді құрайтын таным және қайта құру үдерістері арасындағы ерекше қайшылықты шешуге қатыстылығы. Әлеуметтік-педагогикалық практика нақтылы проблемаларды танып-білу пәні мен әдіс арасындағы қайшылықтарды анықтайды. Аталмыш белгі әлеуметтік педагогиканың «әдістемелік негіздерінің теориясын» қалыптастыру қажеттігіне негізделеді;

- екі үдерістің – танымдық және қайта құру, теориялық және практикалық қызметтің бірлігі және таным мен практиканың өзара байланыстылығы.

____________________________________________________________________________________________________________________

1 В.В.Краевский, Е.В.Бережнова. Методология педагогики новый этап:учеб.пособие для вузов. М.: «Академия» баспа орт., 2006. 18-б.

 

Әлеуметтік педагогика ғылыми-зерттеу (танымдық) және ғылыми-қайта құру (практикалық) қызметінің өзіндік теориясына ие. Бұл белгі әлеуметтік педагогиканы ғылыми пән (танымдық құрауыш), практикалық қызмет саласы (қайта құрушы құрауыш) және білім беру кешені (білімдік құрауыш) ретінде қарауға мүмкіндік береді.

Әдіснамалық білім - жалпы, ерекше және жекелеген әдістемелердің бірлігі әдіснамалық қағидасынан туындайтын жалпы (философиялық жалпығылыми әдіснама әдістеме); ерекше (педагогика әдіснама ) және жекелеген (әлеуметтік педагогика әдіснамасы) әдіснамалық білім болып сипатталады.

Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері әлеуметтік педагогика пайдаланатын басқа ғылымдардың білімдерін – жалпы және әлеуметтік психология, антропология, әлеуметтік құқық, әлеуметтік басқару, әлеуметтік ақпарат, әлеуметтік жұмыстар, валеология, экология және медицинаны қамтиды. Олардың және басқа ғылымдардың ережелері әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық құрылымына тікелей енеді және көбінесе әлеуметтік педагогиканың негіздерін анықтайды.

Әлеуметтік педагогика негіздерінің мағынасы:

- кең мағынасында - объектілік-пәндік саланың ерекшелігіне сәйкес әлеуметтік-педагогикалық практиканың танып-білу және қайта құру әдіснамасын, әдіснамалық бағдары мен негізгі бағыттарын, мазмұнын, ұйымдастырылуын анықтайтын қоғам мен адам туралы ғылымның негізгі ережелері;

- тар мағынасында - әлеуметтік педагогиканың оның танымдық және қайта құру қызметін (оның бөлімдерінде, пәндерінде, бағыттарында, ағымдарында т.б. шоғырланған теорияларды анықтайтын бастапқы ережелерін) анықтайтын және әлеуметтік педагогиканың нақтылы әлеуметтік-мәдени орталарда және т.б. әрбір нақтылы объектіге (үдеріске немесе құбылысқа) қолданылатын зерттеулерінің теориялық негіздерінің функцияларын орындайтын әлеуметтік педагогиканың іргелі ережелері.

Әлеуметтік педагогика әдіснамасының ішкі құрылымы оның мазмұнын көрсетеді және мыналарды қамтиды:

- ғылыми-зерттеу қызметі теориясы («ішінде сыртында» танымдық әдісі). Әлеуметтік-педагогикалық практиканың таным туралы білімі (әлеуметтік педагогика әдіснамасы) әлеуметтік педагогтың ғылыми-зерттеу қызметін және ғылыми танымдық үдерістің ұстанымдары мен мазмұнын, ұйымдастырылуын, логикалық құрылымын және үдерістерін зерттеу мен қалыптастыруды көздейді. Ол ғылыми зерттеуге сипаттама: проблема, тақырып, өзектілік, зерттеу объектісі, оның нысанасы, мақсаты, міндеті, жорамал, яғни ғылым және практика үшін маңызды әдіснамалық тізбе түрінде баяндалуы мүмкін;

- пәндік ғылымтану теориясы («өзіне» танымдық әдісі).

«Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану» деп аталатын әлеуметтік педагогика әдіснамасының зерттеумен айналысатын бөлігі - әлеуметтік-педагогикалық ғылым туралы білім. Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану ғылыми қызмет үдерістерінің тиімділігін көтеру мақсатындағы тұтас жүйе ретінде ғылымның қолданылу тәжірибесін кешенді түрде зерттеу және теориялық қорыту болып табылады.1 Ол ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың логикалық құрылымына, оның дамуы мен негізгі қызметтерін дамытуға және іске асыруға тереңдетілген талдау жасау үшін қажет:

 

______________________________________________________

1 В.И.Загвязинский. Методология и методика социально-педагогического исследования: книга для социальных педагогов и социальных работников. М., 1995. 282- б.

 

 

- әлеуметтік педагогикалық қызметтің ғылыми-қайта құру теориясы (әлеуметтік-педагогикалық қызмет әдістері). Әлеуметтік-педагогикалық практиканы қайта құру туралы білім, оған ғылыми білімдерді ендіру, практикалық қызметтегі инноватиканы, озық тәжірибені пайдалану жолымен өзінше ұйғарылған теория.

Әлеуметтік педагогика әдістемесінің негізін мынадай құрауыштар құрайды:

- әлеуметтік педагогиканың өзінің әдіснамасы - ғылымтану ұстанымы тұрғысында әлеуметтік педагогиканың мәнін тану деңгейі: гносеологиялық (әлеуметтік педагогикалық құбылыстарды тану); логикалық-гносеологиялық (таным логикасын танып-білу және технологиялық әлеуметтік педагогикалық шындықты қалай танып-білу);

- әлеуметтік педагогиканы танып-білу және қайта құру әдіснамасы – субъекті (әлеуметтік-педагогикалық тапсырысты анықтаушы мемлекеттің және әлеуметтік-педагогикалық қызметті және оны бағалауды атқаратын маманның) ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік педагогикалық болмыстың сапасын танып-білу және бағалау деңгейлері: аксиологиялық (әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды бағалау), дүниетанымдық (әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білуге, қайта құруға және бағалауға қажетті) және әдістемелік (әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу, қайта құру және бағалау технологияларын іске асыру тәсілдері) (3.1-сурет).

 

 


3.1 -сурет. Әлеуметтік педагогика әдіснамасының негіздері

Леуметтік педагогика әдіснамасының негіздері. Әлеуметтік педагогикадағы әдіснамалық білім: негізгі белгілері, қалыптасу көздері, өлшемдері.

 

Әлеуметтік педагогиканың гносеологиялық негіздері (оның мазмұнын анықтайтын әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды танып-білу) ғылымтану ұстанымы тұрғысында гносеология деңгейінде әлеуметтік педагогиканың өз әдіснамасының аса маңызды құрамдас бөлігін білдіреді. Олар әлеуметтік педагогиканың өзінің мазмұнын ашатын теориялық білімді, оның бөлімдерін, факторларын, қайшылықтарын, үрдісі мен заңдылықтарын, кеңістік өрісін анықтайды.

Әлеуметтік педагогиканың теориялық білімі - теорияның танымдық функциясын іске асыратын білім. Ол әлеуметтік-педагогикалық практиканың танымдық проблемаларының алғышартын және зерттелуін, сондай-ақ, алған білімінің дұрыс болуы шартын қамтамасыз етеді.

Ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогика жеткілікті түрде қайшылықты қалыптасқандықтан, өз кейпін оның парадигмасынан (мысалынан) тапты.

Әлеуметтік-педагогикалық практиканың түрлі жақтарын адам мен қоғам туралы ғылымдардың кешенінде көрсеткен ғылымдармен және ғылыми пәндермен әдіснамалық байланысының басымдығын бөліп көрсету оларды сыныптау үшін негіз болды.

Бірінші парадигма – педагогикалық. Оны бөліп алуға әлеуметтік педагогиканың жалпы педагогикалық ғылыммен тікелей әдіснамалық байланысын мойындау, оның орнын педагогика салаларының бірі ретінде анықтау негіз болды. Аталмыш білімнің қалыптасу механизмі – ұқсастық, яғни жалпы (тұтас) педагогиканың қасиеттері мен байланыстарын педагогикалық ғылымның бөліміне (бөлігіне) көшіру болмақ және бұл әлеуметтік педагогика болып саналады. Мысалы, педагогиканың қарастыратын пәні – тәрбие болса, әлеуметтік педагогиканың пәні – әлеуметтік тәрбие. Зерттеушілердің көбісі осы көзқарасты ұстанады.

Аталмыш парадигманың дамуында ғылымның дербес бөлімі – жеке тұлғаның әлеуметтік даму педагогикасы қалыптасты.

Алайда, жалпыны жекемен теңдестіру, педагогика мен әлеуметтік педагогика үшін ортақ байланыстарына назарды күшейтудің соңғысының ерекшелігін белгілеуге залал келтіретіндігі бұл парадигманы ғылыми тұрғыда алып қарағанда әрқашан да қисынды ете бермейді.

Екінші парадигма - әлеуметтік. Оны бөліп алудың негізі - әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік ғылыммен әдістемелік байланысының артықшылығы болды. Оның қалыптасу механизмі - әлеуметтанудың жалпы қасиеттері мен байланыстарын әлеуметтік педагогикаға көшіру.

Әлеуметтік парадигма әлеуметтік педагогикада орта тәсілдемесін, әлеуметтік педагогиканы, әлеуметтік орта педагогикасын туғызды.

Жоғарыда аталған парадигмалар таза күйінде сирек кездеседі. Көбінесе оларды араластырады, өйткені, басым түрде бір парадигма шеңберінде жұмыс істейтін зерттеушілер оның әлеуметтік педагогиканың біріктіруші, пәнаралық және ведомствоаралық сипатында жеткіліксіздігін сезінеді.

Үшінші парадигма - әлеуметтік-педагогикалық, дәстүрлі білімдердің ғылыми әлеуетін сақтай отырып, тұйықтығы мен шектеулілігін жеңеді, монопарадигмалық ойлауға тән көзқарас шегінен шығады және әлеуметтік педагогика шеңберінде ғылыми білімнің жаңа саласының басымдықпен дамуына ықпал етеді. Ол әлеуметтік орта жағдайында жеке тұлғаға тәрбиелік ықпалдарды біріктіреді және әлеуметтік педагогикада жеке тұлғалық-орталық тәсілдемені өмірде қолдануға шақырады. Осы парадигма негізінде әлеуметтік ортаның педагогикасы қалыптасты.

Төртінші парадигма - әлеуметтік-педагогикалық. Оны бөлудің негізі –басқа парадигмалардың (педагогикалық, әлеуметтану, әлеуметтік-педагогикалық) негізгі ережелерінің есебімен әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен және ғылыми пәндермен әдіснамалық байланыстарын зерттеу. Оларды зерттеушілер әлеуметтік-педагогикалық білімге оның құндылықтарына сәйкес енгізеді, әлеуметтік педагогикадан оларға лайықты орынды алып береді.

Аталмыш парадигма салыстырмалы түрде жеке тұлғалық-әлеуметтік-қызметтік – жаңа әдіснамалық тәсілдемені туғызады. Оның мәні – арнаулы ұйымдастырылған қызметтің ықпалымен социумның түрлі әлеуметтік-педагогикалық институттарында өтетін әлеуметтік үдерістердің үштұғырлығын мойындау болып табылады:



/cgi-bin/footer.php"; ?>