Семей полигонының зардабы

09 Қыркүйек 2013, 11:15 Қарап шығу: 2099 Түсiнiктер: 0

Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болған Семей полигонында қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін, Алматы облысы мамандандырылған күзет қызмет басқармасының Қапшағай қаласы полиция ротасының қызметкерлері Семей полигоны жабылу күніне орай, Қапшағай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Вижуновпен кездесіп, қазақ жеріне алапат қайғы-қасірет әкелген полигон зардабы туралы телефильмді тамашалады.

 

Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болған Семей полигонында қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін, Алматы облысы мамандандырылған күзет қызмет басқармасының Қапшағай қаласы полиция ротасының қызметкерлері Семей полигоны жабылу күніне орай, Қапшағай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Вижуновпен кездесіп, қазақ жеріне алапат қайғы-қасірет әкелген полигон зардабы туралы телефильмді тамашалады.

-КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млнга жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді, -деді Сергей Владимирович Семей полигонының орасан зор қасіретін әңгімелеп берд берді.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетінде немесе әуе кеңістігінде жасалды.

Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.
Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөнінде КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды.

Сол уақытқа дейін үнсіз келген халық бір дауыстан «Ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын!» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды.

Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы 1991 жылдың 28 тамызында арнайы Жарлық шығарды.
Сөйтіп, қазақ халқы өз мақсатына жетті. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Кездесу барысында С. Вижунов төмендегідей дәйекті келтіре кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің 2012 жылғы бұйрығы бойынша зардап шегушілердің тізімін жасап жатқан Семейдегі радиациалық медицина және экология институтының қызметкері Шолпан Жақыпованың айтуынша, "тізімге алудағы басты мақсат – тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсету". Бүгінге дейін полигоннан зардап шеккен 260 мың адам тізімге енген. Кейінгі кездері басқа қалалар мен облыстарға көшіп кеткен Семей өңірінің бұрынғы тұрғындары есепке алынып бітпеген. Яғни, Семей полигонының зардабы қазақ жерін әлі кезіп жүр. (http://baq.kz/kk/regional_media/post/39196)

Заман ДӘУІРҰЛЫ.

 

1 Невада-Семей қозғалысындағы О.Сүлейменовтың қызметі