Химия, биология, биология 9 сынып

Ж.

«Химия, биология және география пәндерінің өзара сабақтастығы»

Шебер сынып

Химия, биология, биология 9 сынып

Сабақтың тақырыбы:Тұздар гидролизінің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың түрі: интегралды сабақ

Мақсаты: Оқушыларға тұздар гидролизі туралы түсінік қалыптастырып, гидролиздің табиғаттағы, халық шаруашылығындағы және адам өміріндегі маңызын айқындау

Міндеттері:

-Тұздардың ортасын анықтап, тұздар гидролизінің реакция теңдеулерін жаза білу. Тұздардың құрамы, химиялық қасиеттері туралы білімдерін тереңдету.

-Гидролиздің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын білу және химия, биология, география пәндеріндегі тұздар гидролизінің байланысын ашу.

-Ойлау қабілеттерін дамытып, логикалық қорытынды жасауға үйрену.

Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар:

Ерігіштік кестесі, сынауықтар орналасқан штатив, индикаторлар, темір(ІІІ) хлориді, натрий карбонаты, натрий хлориді, тұз қышқылы, натрий гироксиді ерітінділері, дист. су. Биологиялық және геограграфиялық бейнесуреттер

Сабақ барысы:

І топқа бөлу

 

ІІ Ой толғау

(сандарды анықтау және мағынасын ашу- география және биология бойынша қызықты сұрақтар)

Миға шабуыл.

Оқушыларға өткен материал бойынша сұрақтар:

-Күшті негіздерді атаңдар?

-Қандай әлсіз негіздерді білесіңдер?

-Қандай күшті қышқылдар білесіңдер?

-Әлсіз қышқылдардың формулаларын айтыңдар.

-Қандай иондар қышқылдық және сілтілік орта көрсетеді?

-Қауіпсіздік техникасының ережелерін есімізге түсіреміз.

Есеп: Зат мөлшері 5 моль темір(ІІІ) хлориді натрий карбонатымен әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасын есептеңдер.

Есептің берілгенін, реакция теңдеуін жазып, ерігіштік кестесінен темір (ІІІ) карбонатыны тұнбаға түсе ме, түспей ме қараңдар, темір (ІІІ) карбонаты ерітінді де болмайды екен, яғни тұнба түзілген жоқ, қандай зат тұнбаға түсетінін білу үшін тәжірибе жасаймыз, темір(ІІІ) хлориді мен натрий карбонатын әрекеттестіреміз. Тәжірибе нәтижесінде қоңыр түсті тұнба және газ түзілді.Түзілген темір(ІІІ) карбонаты сумен бірден әрекеттесіп темір(ІІІ) гидроксиді және СО2 түзіледі, сумен тұздың арасында реакция жүрді яғни гидролиз үрдісі болды. «Гидро» грек тілінен қазақша қалай аударылады? «Лизис» биологиядан ерітемін деген мағынаны білдіреді. Сонымен біз бүгінгі сабақта нені қарастырамыз?

Кейбір тұздар мен судың арасындағы алмасу реакциясын тұздар гидролизі дейді

Оқушылардың алдында ҒеСІ3, Na2CO3, NaСІ тұздарының және НСІ,

NaОН ерітінділері, индикаторлар лакмус және фенолфталейн берілген.

Тапсырма 1НСІ жәнеNaОН ерітінділеріне индикаторды тамызып түстерінің өзгеруіне көңіл аударамыз.

Тапсырма2ҒеСІ3 құрамын анықтап, ерітіндісіне бірнеше тамшы лакмус индикаторын тамызып, түсіне көңіл аударыңдар, тұздың ортасы қандай болатынын анықтап, үлгі бойынша реакция теңдеуін жазып, қорытынды шығарамыз.

Тапсырма 3Na2СО3 құрамын анықтап, ерітіндісіне бірнеше тамшы фенолфталейн ерітіндісін тамызып, түсіне көңіл аударыңдар, тұздың ортасы қандай болатынын анықтап, үлгі бойынша реакция теңдеуін жазып, қорытынды шығарамыз.

Тапсырма 4NaСІ құрамын анықтап ерітіндісіне бірнеше тамшы фенолфталейн ерітіндісін тамызып, түсіне көңіл аударыңдар тұздың ортасы қандай болатынын анықтап, үлгі бойынша реакция теңдеуін жазып, қорытынды шығарамыз.

Тақтаға шығып тұздар гидролизін эксперимент нәтижесі арқылы түсіндіру.

(постер қорғау)

 

Тұздар гидролизі теңдеулерін жазу үлгісі

  1. Тұздың сапалық құрамын анықтау

АІСІ3

/ \

AI(OH)3 HCI

әлсіз негіз күшті қышқыл қышқылдық орта

  1. Әлсіз электролиттің ионын судың құрамындағы ионмен әрекеттестіру

АІ3++ 3СІ- + НОН → АІОН2+ + 3СІ- + Н+

қышқылдық орта

  1. Қысқартылған иондық теңдеуге сәйкес молекулалық теңдеу жазу

АІСІ3 +НОН → АІОНСІ2 + НСІ

1.Тұздың сапалық құрамын анықтау

К2СО3

/ \

КOH Н2СО3

күшті негіз әлсіз қышқыл

негіздік орта

2.Әлсіз электролиттің ионын судың құрамындағы ионмен әрекеттестіру

+ + СО32-+ НОН → НСО3 - + 2К+ + ОН-

негіздік орта

3.Қысқартылған иондық теңдеуге сәйкес молекулалық теңдеу жазу

К2СО3 +НОН → КНСО3 + КОН

Есеп: Зат мөлшері 5 моль темір(ІІІ) хлориді натрий карбонатымен әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасын есептеңдер.

Тапсырма 1НСІ жәнеNaОН ерітінділеріне индикаторды тамызып түстерінің өзгеруіне көңіл аударамыз.

Тапсырма2ҒеСІ3 құрамын анықтап, ерітіндісіне бірнеше тамшы лакмус индикаторын тамызып, түсіне көңіл аударыңдар, тұздың ортасы қандай болатынын анықтап, үлгі бойынша реакция теңдеуін жазып, қорытынды шығарамыз.

Тапсырма 3Na2СО3 құрамын анықтап, ерітіндісіне бірнеше тамшы фенолфталейн ерітіндісін тамызып, түсіне көңіл аударыңдар, тұздың ортасы қандай болатынын анықтап, үлгі бойынша реакция теңдеуін жазып, қорытынды шығарамыз.

Тапсырма 4NaСІ құрамын анықтап ерітіндісіне бірнеше тамшы фенолфталейн ерітіндісін тамызып, түсіне көңіл аударыңдар, тұздың ортасы қандай болатынын анықтаңдар.

ІІІ Бағалау

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

· Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

· Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Оқушыны критериалды бағалау

Жалпы саны: 24

Қатысқаны: 24

«5» - 10 оқушы

«4»- 14 оқушы

Интегралды сабақтың нәтижесі:

Оқушылар теориялық білімдерін

іс жүзінде көрсетті;

Пәнаралық байланыс болды;

Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындады;

Критериалды бағалау бойынша

оқушылар өзін-өзі бағалады.

Бағалау айқын, әділ, нақты болды.

Орындаған мұғалімдер:Мамырканова Л.Н.

Сядыбекова Р.Қ.

Сейдазимова Д.М.

16.11.2016 жылы Астана қаласының №56 мектеп-лицейінде «Білім берудің инновациялық стратегиясы- мектебіміздің тұрақты даму факторы » тақырыбында өткен қалалық семинарда жаратылыстану пәндер бірлестігі өткізген шебер сыныпқа рефлексия.

«Химия, биология және география пәндерінің өзара сабақтастығы» атты шебер сыныпқа қала мектептерінен екі І деңгейлік курстан өткен мұғалімдер және бір география пәнінің мұғалімі қатысты.

Шебер сыныптың жалпы мақсаты оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін жаратылыстану пәндерінде тиімді пайдаланып, интегралды сабақ өткізу әдістерін және өздігінен реттелу тапсырмалар жүйесін құруды көрсету.

Сабақ барысында деңгейлік курстан өткен мұғалімдер Сядыбекова Р.К. және Сейдазимова Д.М. «Мозайка» әдісімен топқа бөлудің оңтайлы әдіс-тәсілдерін көрсетті (25,56,10 сандарының мағынасы). Тұздар гидролизімен байланысты «Ыстық орындық» ойыны бойынша биологиядан және географиядан қызықты сұрақтар қойып, пән байланыстылығын ашты. Қаттысушылар топқа бөлудің өте ұтымды шыққандығын айтып өтті.

Химия пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі Мамырканова Л.Н. тұздар гидролизін проблемалық есеп арқылы, эксперименттік есептерді шешу және тәжірибе жасау арқылы меңгертті. Сабақ барысында оқушылар тиімді жасалған тапсырмалар негізінде тақырыпты аша және меңгере алды. Қатысыушыларды оқушылардың өз бетімен тәжірибе жасап, қортыныдылай алуы қызықтырды.

І деңгейлі курстан өткен мұғалім Сейдазимова Д.М. критериалды бағалаудың оңтайлы, тиімді екендігін айтып өтті. Сабақ барысында қатысқан оқушылардың барлығы бағаланды. Әрі бағалау ашық, айқын және өзін-өзі бағалау болды.

Қатысушылар критериалды бағалау бойынша сұрақтар қойып, өздеріне кестені түсіріп алды.

Сабақ соңында қатысушы мұғалімдер мен сабақ өткізуші мұғалімдер «Ой бөлісу» шеңберіне тұрып, алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныс, тілектерін білдірді.

 

 

Сабақ барысынан үзінді

 

 

Рефлексия барысынан көрініс

 

Қатысушы мұғалімдер интегралды сабақ барысында ұтымды шыққан әдіс-тәсілдерді өз іс-тәжірибелеріне пайдаланатындықтарын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.