Ызанақты өсіру технологиясы

Қызанақ- көкөніс дақылдарының ішіндегі маңызды жемістік көкөніс өсімдігі ретінде, маңызды орын алады.ТМД елдерінде ол 370 мың гектар жерге отырғызылады.Орташа өнімі -150-170ц/га, қоғаулы жерде - 8-10кг/ . Қазақстанда қызанақ 25 мың гектардан артық жерге өсіріледі.2004 жылы үй маңайындағы жерлерде,қызынақ бүкіл егістіктің 72 ,3% қамтыса, қожалықтарындада -25,2%.Қызанақтың негізгі егістіктері - Оңтүстік Қазақстан,Алматы,Шығыс Қазақстанардың, Жамбыл және Қызылорда облыстарында.Ең жоғары өнімділік - Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында.

Қызанақтың отаны – Оңтүстік Америка. Мексикандықтардың ата тегі оны «томатель» деп ааған, осыдан қазіргі томат деген атауы пайда болған, ал итальяндықтар «помидор», яғни «алтын алма» деп қошеметтеген.Қызанақ көкөніс дақылы ретінде 1778 жылдан бастап белгілі.

Қызанақ - жылу сүйгіш өсімдік.Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз – 20-25°С ,түнде -12-15°С.Температура15°С төмендесе,қызанақ гүлдемейді. 10 градус өсуін тоқтатады, ал 1,5 градус опат болады.Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температурада зиянды.Температура 33°С жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 35 °С болғанда фотосинтез тоқталады, егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе,онда түйіні түсе бастайды.

Жарыққа қоятын талабы өте жоғары, көлеңкелі жерде нашар жемістенеді.Жылыжайда қыста әлсіз жарықта гүлдеуі өскін пайда болғаннан 80-85тәулік өткен соң ғана басталады,ал көктемдік дақыл ретінде өсіргенде 40-45 тәулікте гүлдейді.Ауаның ылғалдылығына жоғары болғанда өсімдік саңырауқұлақ ауруларына шалғынғыш келеді.

Қызанақты көшетпен өсіру.

Егер алғы дақылдардың – орам жапырақтың және қиярдың – танабына органикалық тыңайтқыш енгізілген болса, онда сүдігер көтергенде тек 4-4,5 ц суперфосфат және 1 ц хлорлы калий енгізіледі. Қызанақ 100 ц өніммен топырақтан 32 кг азот, 10 кг фосфор және 43 кг клий алып шығады. Егер өткен жылы көң енгізілмесе онда құнары кемдеу топыраққа, күзде жыртқанда гектарына шіріген көңнің 20-30 тоннасы енгізілгені дұрыс болады. Шірімеген көң өсінді мүшелердің - сабақтардың және жапырақтардың тым өсіп кетуіне әсер етеді де , жемісінің өніміне зиян келтіреді. Ерте көктемде ылғал жабу үшін тырмалауды екі ізбен жүргізеді , сосын қопсытады. Бұл арамшөптердің өсуін жеделдетеді. Пайда болған арамшөптерді жою үшін екінші культивацияны және тырмалауды көшет отырғызар алдында, 10-12 см тереңдікке жүргізіеді. Осы кезде гектарына 1-1,5 ц аммиак селитрасын қоса енгізеді.

Жинау және сақтау. Сұрыпты дұрыс таңдап алғанда, толық піскен жемістерін 20-25 шілдеде жинай бастайды,ал жаппай пісуі тамыздың екінші онкүндігінде жүреді. Егер қазақстанның оңтүстігінде қызғылт және қызыл

жемістерін жинаса, жергілікті жағдайда, сақтау кезінде жетілетін бурылын жинайды. Дәмдік сапасы бойынша олар өсімдікте піскеннен төменірек болса да кейінгілерінің пісуін тежемес үшін, оларда жинауға тура келеді. Бозқырауға дейін жинауды әрбір 3-4 тәулікте , ал бозқырау түсерде, барлық құбалана, ағара бастағандарын және жасылдарының ірісін жинап алады.

Жемістерді көлемі мен пісу деңгейіне қарай сұрыптайды және пісіп жетілуі үшін жылы құрғақ жайда сөрелерде екі үш қабат етіп орналастырады немесе жәшіктерге салады. Жеміс жәшіктерін қолданғанда, желдетуді жақсарта түсуі үшін әр қабаттың астына жұқа тақтайшалар келтіреді. Пісіп жетілдіру үшін булы жайды дайындауға болады. Оны топырақтан және қара шіріндіден тазалайды, ордың түбіне таза сабан төсейді де, оның үстіне жемістерді орналастырады.

Негізгі бөлім

2.1Қызынақтың зиянкестері

Шалғын көбелегі (Loxostege stіctіcalіs L.), қанкөбелек тұқымдасына жатады. Ол Қазақстанның батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарында кең тараған. Қанаттарының өрісі 18 — 26 мм, алдыңғысы сұрғылт, қызыл қоңыр қара жолақты, ал артқы қанаттары қоңыр сұрғылт болып келеді. Топырақты паналап қыстап шығатын жұлдызқұрттары көп қоректі, көбінесе шырынды, жұмсақ жапырақты өсімдіктерге (қант қызылшасы, күнбағыс, бұршақ, жоңышқа, жүгері, картоп, көкөністер мен бақша өнімдері және жусан) көп зиян келтіреді. Ол көктемде қуыршақтанып, мамыр — маусым айларында көбелекке айналады. Шалғын көбелегінің өмірі 15 — 20 күнге созылады.

Күресу шаралары: агротехникалық талаптарды қатаң сақтау.

 

1.сурет Шалғын көбелегі (Loxostege stіctіcalіs L.),

 

Колорадо қоңызы (Leptinotarsa decemlineata) – жапырақ жегі тұқымдасына жататын жәндік; картоп және т.б. алқа тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ұзындығы 9 – 11 мм, сопақтау келген, қанатының үсті қызғылт сары, он қара жолақты сызықтары (әр жағында 5-тен) бар. Жұмыртқаларының ұз. 2,4 мм, ұзынша-сопақтау. Дернәсілдерінің түсі қоңыр-қызыл, ұз. 15 мм-ге дейін жетеді. Колорадо қоңызы 1859 ж. Колорадо штатының (Солтстік Америка) картоп алқаптарында кездесе бастаған және осыған байланысты аталған. Солтүстік және Орталық Америкада, Түркияда, Батыс Африкада және Еуропаның (Ұлыбритания мен Скандинавия елдерінен басқа) көптеген елдеріне тараған. Бұрынғы КСРО республикаларында 1949 жылдан белгілі бола бастаған. Сол кезден бастап Орал тауы арқылы шығысқа қарай, оның ішінде Қазақстанның батыс, солтүстік, оңтүстік-шығысына, оңтүстігіннде таралған. Жылына 1 – 2, кейде 3 – 4 ұрпақ салады. Қоңыздары мен ірі дернәсілдері топырақта С-тан°қыстайды, кейбіреулері қайта қыстайды. Қоршаған орта температурасы 12 асқанда олар тіріледі. Қоңыздардың шығу кезеңі кейде 3 – 4 айға созылады. Қоңыздары мен дернәсілдері картоп, баклажан, қызанақ, т.б-дың жапырақтарын зақымдайды. Олар қорек іздегенде ұша бастайды (күніне 500 м-ге дейін). Жұмыртқаларын жапырақ астына 18 – 20-дан 2500-ге дейін салады. Дернәсілдері 16 – 24 күнде жетіледі. Картоптың қауіпті жауы, өнім түсімділігін төмендетеді.

Күресу шаралары: ішкі және сыртқы карантинді сақтау; терең деңгейдегі агротехника, картоп отырғызатын жерлерді дернәсілдер пайда бола бастағанда және жас қоңыздар шыға бастағанда химиялық препараттармен өңдейді.

 

 

2.сурет Колорадо қоңызы (Leptinotarsa decemlineata)

 

Ызылдақ қоңыздар (Carabidae) - ет қоректі қоңыздар тұқымдастары. Дене ұзындығы 1,2-90 мм. Денесі сопақшалау, мұрттары жіп тәрізді ұзын, аяқтары ұзын, жүгіруге бейімделген. Үстіңгі қанаттары бір-бірімен жалғасқан, қанаттары жақсы жетілмеген. Түсі қара, қоңыр, жылтыр, кейде әртүсті. Көпшілік түрлерінің жаман иіс шығаратын аналь тесігі жақсы жетілген. Әлемде 25 мың түрі белгілі, оның 2300-дейі ТМД аймағында таралаған. Көпшілік түрі топырақпен топырақ бетін мекендейді, жыртқыштар, топырақ омыртқасыздармен қоректенеді. Нағыз ызылдауық қоңыздар көптеген жәндіктер мен ұлуларды құртады. Кейбір түрлері, (Zabrus tenebrioides) бидайға, басқа өсімдіктерге кауіпті. Кейбір қоңыз дернәсілдері басқа қоңыз қауыршақтарының эктопаразиттері. Қоңыздар сыртқы өзгерістерге өте сезімтал, сондықтан олар табиғи биоиндикатор болып есептеледі. 19 түрі КСРО Қызыл кітабына енгізілген.

3.сурет Ызылдақ қоңыздар (Carabidae)

Жылыжай аққанаты–Trialeurodes vaporarium Wstw.(Homeptera отряды, Aleyrodidae тұқымдасы).Қиярды ,қызанақты, бұрышты,салат жапырақтарын,бүлдіргендерді және басқа өсімдіктерді зақымдайды.Ересек аққанаттының сары денесінің ұзындығы 1,5 мм дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады.Бір жастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз –ақ жылжымалы сатысы болып табылады. Ересек дернәсілдері ұзындығы 0,8-0,9 мм-ге дейін жетеді,ол ақшыл жасыл және қызыл көздері бар,үстін қысқа түктер басқан, денесінің шетінде 2 жіпшесі болады.

4.суретЖылыжай аққанаты–Trialeurodes vaporarium Wstw.(Homeptera отряды, Aleyrodidae тұқымдасы )