I Cтратегиялық даму түсінігі

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................4

I.Cтратегиялық даму түсінігі

1.1.Стратегиялық даму түсінігі, түрлері.........................................................6

1.2.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері

мен көрсеткіштері.......................................................................................9

II. «РЗА» Акционерлік қоғамның қызметін басқаруда стратегияны қалыптастыру жағдайын талдау

2.1. «РЗА» Акционерлік қоғамына жалпы сипаттама...................................11

2.2. «РЗА» Акционерлік қоғамының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің талдауы.......................................................................................13

2.3. «РЗА» АҚ –ның өндірістік мүмкіндіктерін SWOT талдауы «Асыл» АҚ-мен салыстыру....................................................................................................16

III. Кәсіпорын қызметін басқаруда тиімді стратегияны қалыптастыруды дамыту жолдары.

3.1.Кәсіпорынды дамыту жоспары..........................................................18

3.2. Фирма өсу жолының стратегиялары.......................................................24

 

Қорытынды..............................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................30

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен жоғары деңгейдің айырмашылығын көрсетеді. Оның көптеген анықтамалары бар. Мысалы: стратегия – дамудың жалпы бағыты, басқарудың жоғары деңгейіндегі шешімдерді талап ететін әлуетті қызмет. Стратегиялық басқару дегеніміз – ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы. Стратегиялық басқару – ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия – ол негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы.

Стратегиялық басқаруға өтудегі негізгі мақсат жоғары басқарудың көңілін өз мүддесіне аудару және онда болып жатқан үдерістерді реттеу. Қазіргі менеджментте стратегиялық және тактикалық аспектілерін атауға болады. Стратегиялық мәселелерге ұйымның мақсаты, оның негізгі әрекеттік түрлері мен бағыты, одақтастары мен қарсыластарын, өз артықшылықтарын анықтау жатады. Құжаттардың айналу технологиясы, өнімді тұтынушылармен жүргізілетін әрекеттерді тактикалық мәселелерге жатқызуға болады.

Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру стратегиялары).

Стратегиялық менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды: фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; фирманың сыртқы ортасын талдау; оның ішкі жағдайын талдау; фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау; әртараптандырылған фирманың портфелін талдау; оның ұйымдық құрылымын жобалау; компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету; стратегияны, құралымды және басқаруды жетілдіру.

Ұйымдастыру деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей; стратегиялық қожалық ету аймағының деңгейі; функционалдық деңгей: төменгі деңгейдегі менеджмент (оперативтік стратегия).

Қазақстан тәуелсіз дамуының 20 жылында айтарлықтай экономикалық өсуге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының нарықты экономикасын әлемдік қоғамдастық мойындады. Соңғы бірнеше жылдар ішінде орталық пен аймақтардың өзара қарым-қатынастарында басқарудың тиімді формаларын іздестіруде бірнеше өзгерістер болды. Осылайша кәсіпорынды дамытуды басқарудың міндеттерін шешу, тиімді экономикалық ортаны қалыптастыру мәселесін қарастыруға және кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ететін басқарушылықтың маңызды элементтерінің бірі болып стратегиялық басқару негізделеді.

Стратегияның негізгі мәні – бизнесті қоршаған ортаға бейімдеу. Тек осы жағдайға сәйкес болғанда ғана аман қалып және әрі жақсы дамуына мүмкіндің болады. Стратегияны үдеріс ретінде қарастыруға оның үш белгіленген сатылары дәлел болады: стратегиялық талдау, стратегиялық таңдау, стратегия мен менеджменттің іске асуы.

Стратегиялық талдаудың негізгі мақсаты ақпарат жинау. Бұл талдаудың ішкі және сыртқы екі кезеңі бар. Негізгі мақсаты талдаудың күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізіледі. Стратегиялық таңдау талдаудың нәтижелерін зерттеуден басталуы керек. Стратегия мен менеджментті іске асыру стратегиялық талдау мен таңдауға қарағанда әлдеқайда қиындау үдеріс.

Ең алдымен, ұзақ мерзiмдi перспективадағы кез келген кәсiпорынның табысты қызметi дұрыс стратегия, бiлiктi басшылық, бағалы қорлар, өткiзу нарықтарының бар болуынан, сонымен бiрге инвестициялық капиталға рұқсаттың мүмкiндiктерiне тәуелдi болады. Қазақстан үшiн ағымдағы мерзiмнiң өзектi мiндетi бұл – объективті факторлардан туындаған күрделі саяси, экономикалық жағдайларда экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Стратегиялық басқару теориясында да, күнделікті тәжірибеде де микродеңгей шешуші объект болады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, әрі қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Яғни басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек.

Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтғын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.

Айтылған мәселелер аясында кәсіпорынның дамун қамтамасыз ететін стратегиялық басқару механизмдеріне ықпал ететін анағұрлым тиімді іс-шараларды іздеу және негіздеу маңызды бола отырып зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері– кәсіпорынды басқаруда стратегияның қалыптасуы мен дамуының теориялық-әдістемелік негіздерін әзірлеу болып табылады.

Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:

- кәсіпорынды басқаруда стратегияның мәнін, маңызын және теориялық-әдістемелік негіздері мен ұстанымдарын зерттеу;

- кәсіпорындағы стратегияның дамыуының шетелдік тәжірибесін зерделеу;

Жұмыс құрылымы

Менің жұмысын 3 бөлімнен тұрады:

I Бөлімде кәсіпорыннның даму стратегиясына жалпы түсінік қарастырамын

II Бөлімде «РЗА» Акционерлік қоғамның қызметін басқаруда стратегияны қалыптастыру жағдайын талдау

III Бөлімде Кәсіпорын қызметін басқаруда тиімді стратегияны қалыптастыруды дамыту жолдарын қарастырамын

 

I Cтратегиялық даму түсінігі