Кәсіпорын қызметін басқаруда стратегияны қалыптастырудың теориялық-әдістемелік негіздері

Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен жоғары деңгейдің айырмашылығын көрсетеді. Оның көптеген анықтамалары бар. Мысалы: стратегия – дамудың жалпы бағыты, басқарудың жоғары деңгейіндегі шешімдерді талап ететін әлуетті қызмет. Стратегиялық басқару дегеніміз – ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы. Стратегиялық басқару – ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия – ол негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы. Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру стратегиялары).

Стратегиялық менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды: фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; фирманың сыртқы ортасын талдау; оның ішкі жағдайын талдау; фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау; әртараптандырылған фирманың портфелін талдау; оның ұйымдық құрылымын жобалау; компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету; стратегияны, құралымды және басқаруды жетілдіру.

Ұйымдастыру деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей; стратегиялық қожалық ету аймағының деңгейі; функционалдық деңгей: төменгі деңгейдегі менеджмент (оперативтік стратегия).

 

 


1 сурет - Компания стратегиясының элементтері

 

 

Біздің көзқарасымыз бойынша, стратегия түпкі мақсаттардан ешқандай мәнге ие болмайды. Егер де мақсат түсініктері болмаса ешқандай стратегия және ешқандай стратегиялық жоспарлау көмектесе алмайды (немесе мақсатты таңдауда – метанияның бар болуы). Мақсаттарға әдетте пікір-талас барысында және болашақ компанияны бүгінгі күн жағдайымен талқылау арқылы қол жеткізуге болады.

SWOT – талдау (күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіп-қатер) бүгінгі күнмен түсінуге негізделіп жүргізілді.

Бірінші мүмкіндік – «қозғаушы күш» тәсілі, екіншісі –«пәндердің маңыздылығы» тәсілдерін қолдану. «Қосымша құн тізбегі» негізінде талдап, пайдалануға ешкім кедергі жасамайды. Нақты қажеттілікке құрылған барлық тәсілдер комбинациясын қолдануға болады.

Сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша, стратегия немесе көптеген басқа факторлар анықтамасына байланыссыз корпоративтік немесе бәсекелестік стратегияны таңдауға әсер ететін жауабын білуге тиіс сұрақтар бар (1-сурет):

 

 

Сыртқы орта жағдайында келесі параметрлер бар:

1. Нарықты сипаттайтын көрсеткіштер: өнімді тұтынушылар санының өсуі; мемлекеттік тапсырыстың кері қайту (төмендету) ролі; нарық көлемі; саудадағы ынталандыру мен тосқауылдар; өнімді тұтынуда болашақ тұрақсыздық деңгейі; өндіруші монополистер немесе тұтынушылар қызығушылығының алғы шарттары.

2. Сыртқы ортаның ғылыми-техникалық қызығушылығын сипаттайтын көрсеткіштер: өнім сапасының деңгейі; өнімді жаңарту дәрежесі.

3. Сыртқы ортаның қаржылық аспектісін сипаттайтын көрсеткіштер: валюта; инфляция; баға белгілеу.

Аталған көрсеткіштер кәсіпорынның даму стратегиясын салыстырмалы түрде құруда өзара қарым-қатынасы мен даму перспективасының жағдайын экономика-статистикалық бағалауға мүмкіндік береді.

Жүйеден шығу стратегиялық бағыттарды (сәйкес саласы бойынша кәсіпорынның даму жоспары: нарық, ғылыми-техникалық деңгей, қаржы, өндіріс) дайындау болып табылады.

Стратегиялық басқарудың этаптары:

1-этап. Сыртқы ортаны талдау.

2-этап. Ішкі мүмкіндіктерді бағалау.

3-этап. Негізгі стратегия мен стратегиялық баламаларды таңдау.

4-этап. Функционалдық стратегияны таңдау мен бағалау.

Қоршаған ортаны талдау барысында көп вариантты ситуациялар жоспарлау қолданылады және ол мыналардан тұрады: ішкі және сыртқы ортадағы жағдайларды болжау; кәсіпорынның болашақ дамуының әрбір ситуациясы үшін роль дайындалған.

Әдетте рольдің алдын-ала 3 түрі құрылады: әлдеқайда қолайлы (оптимистік); әлдеқайда қолайсыз (пессимистік); әлдеқайда ықтималды. Ситуациялық жоспарлау процесінде шешімдердің варианттылығы келесі басталған мезеттерге негізделеді: мақсаттың әртүрлі құрылымында; тәуекелділіктің әртүрлі дәрежесінде; ресурстарды бөлу барысында өзгешеліктерін табу; кепілді нәтижелер мен тәуекелділік қатынастарының бірдей еместігі.