Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері

Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

• Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) - негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.

• Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы - ғылыми - техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру.Бұл бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімнің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру,құрал - жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б. жатады.

• Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері - нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері - жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.

• Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды, механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері- өндірістегі негізгі корлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі қаржылардың көлемі, құрылыс - монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.

• Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.

• Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады.Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемін өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгелінеді.

• Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқыльі өндірістен алынатын пайданың көлемін табу және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.

• Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер көрсетіледі - айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету, кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым – қатынасы, негізгі өндіріс қорларын салу және қолдану, пайданы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды бөлімі - несие жоспары.

• Кәсіпорын ұжымының элеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, еңбек жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары қарастырылады.

• Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын минералдық ресурстарын және әуе бассейін сақтау мен дұрыс қолдану жатады.