Алюминий қорытпалары

Машина жасауда қолданылатын алюминий қорытпалары құйылатын және деформацияланатын болып екіге бөлінеді. Құйылатын алюминий қорытпаларын фасонды құйма алуға қолданады. Бұл қорытпалардың сұйықтық аққыштығы жақсы және отыруы аз. Құрамында 5-тен 14% Si бар қорытпа силумин деп ата-лады. Оның құрылымы сс-қатты ерітінді мен эвтектикадан (11,6% Si) тұрады. Силумин құрамында эвтектика көп болған сайын, құю қасиеті жақсара түседі. Силуминнің беріктігін арттыру үшін оны натриймен модификациялайды.

Модификацияланған силуминнің (АЛ2) беріктік шегі ав= 180 МПа, ав = 9 Мпа және S = 5%. Силуминдер кұрамында натрийден басқа магний мен марганец болады.

Силуминдер АЛ әріптерімен және ретті сандармен (нөмірмен) АЛ2, АЛЗ, АЛ13, АЛ19 және т.б. таңбаланады.

АЛ7, АЛ19 қорытпаларының механикалык қасиеттері жоғары және кесумен жақсы өңделеді, ал құю қасиеті нашар. Бұл қорытпалар ылғалды, атмосферада жұмыс істейтін құймалар алуға қолданылады. Олардың термиялық өңдеуі 430°С температурасын-да майда суытып шынықтырудан тұрады. АЛІ, АЛ20 қорытпалары поршень және цилиндр калпакшаларын жасауға қолданылады. Поршеньдер 525°С шынықтырылады.

Деформацияланатын алюминий қорытпалары қолдануға шы-бықтар, табақтар, сымдар, фольгалар және т.б. түрінде түседі. Бұл қорытпалар термиялық өңдеу арқылы бекитін және бекімейтін бо-лып екіге бөлінеді. Бекітетін термиялық өңдеуге шынықтыру жата-ды.

Термиялық өңдеумен бекімейтін қорытпалардың беріктігін магний мен марганец қосу арқылы арттырады. Алюминийдің магниймен қорытпасы Амг, ал марганецпен қорытпасы Амц деп белгіленеді. Құрамындағы марганец пен магнийдің орташа пайыздық мөлшері санмен көрсетіледі. Мысалы, АМгЗ, АМгб. Магний қорытпа беріктігін 3 есе арттырса, марганец тот басуга төзімділігін арттырады.

Бұл қорытпалар, қүбырлар, азот және басқа қышқылдар құюға арналған астаулар жасауға қолданылады.

Термиялық өңдеумен бекитін ең көп тараған қорытпаларға дюралюминий жатады. Дюралюминий деп алюминийдің мыспен, марганецпен, магниймен қорытпасын айтады.

Дюралюминийге ДІ, ДІП, Д16, Д18, Д19, Д19Л маркалы қорытпалар жатады. Олардың беріктігін арттыру үшін, 500°С тем-пературада суда шынықтыру қажет. Сапасы жоғары дюралюминий маркасының аяғында А әрпі қосылады, Мысалы, Д 16 А.

Шыңдау қорытпаларына шыңдаумен, қалыптаумен бөлшектер алынатын қорытпалар жатады. Бұл қорытпаларды АК әріптерімен және санмен таңбалайды. Мысалы, АКІ, АК5, АК6, АК8, мүн-дағы 1,5, 6,8 сандары қорытпа нөмірін көрсетеді. 100°С жұмыс жағдайында АКІ, АК5, АК6, АК8 маркалы қорытпалар, ал 300°С шамасында АКЗ және АК4 қорытпалары қолданылады. Термиялық өңдеуі 520°С суда шынықтырудан тұрады.

Антифрикциялық қорытпалар.Антифрикциялық қррытпалар сырғанау мойынтіректерін жасауға қолданылады. Бұл қорытпалардың үйкеліс коэффициент^ қаттылығы төмен, жылу өткізгіштігі мен соққы тұтқырлығы жоғары болуы кажет. Мүны камтамасыз ету үшін, оның құрылымы басқа фазаның қатты кристалдары бар жұмсақ негізден түруы қажет.

Антифрикциялық қорытпа ретінде арнайы қола, баббиттер және ұнтақты мойынтірек қорытпалары колданылады. Олардың күрылымында жұмсақ негіз бен қатты косындылар болады.

Баббиттер қалайылы, қорғасынды, кальцийлі болады. Қалайылы баббиттерге Б83, Б89 маркалы қорытпалар, қорғасындыға Б16, Б6, кальцийліге БКА жатады. Б83 баббит құрамына 83% Sn, 11% Sb және 6% Си кіреді. Б83, Б89 соқкы күштеріне жақсы карсы түра ала-ды және үйкеліс коэффициентінің мөлшері 0,005 (майменен) тең, сондықтан оларды турбина, дизель, электр козғалтқыштарының және т.б. қажалмайтын мойынтіректерін жасауға колданады. Бұлардан басқа Б16 және БКА баббиттерінен мойынтірек жасай-ды, бірақ олардың тот басуға және тозуға төзімділігі нашарлау, Б16 баббиті құрамына 16% Sn, 16% Sb, 2% Си қалғаны - корғасын, ал БК11 - 1% Ca, 0,8% Na, 0,2% Al, калганы - қорғасын, БК2 - 0,5% Ca, 0645 Na, 2% Sn, 0,05% Mg калганы - Pb кіреді.

Кальцийлі баббиттер теміржол көлігінде қолданылады. Кальцийлі баббит тез тотықтанады. Егер оған қалайы қосса, онда оның тотығуы азаяды. Қалайылы қоладан жоғары қысымда жұмыс істейтін мойынтіректер жасап шығарылады. Мойынтірек кұрылымының жұмсақ бөлігі тез тозып, ол жерде май жиналса, қатты бөлігін калыпты майлап, үйкеліс коэффициенте азайтады. Мойынтіректің қатты бөлігіне білік тіреледі. Бұндай қорытпаға Бр ОС8-12 маркасы жатады, құрамына 8% Sn, 12% Pb кіреді.

Қорғасынды қоладан (БрС-30 құрамында 70% Си және 30% РЬ) маңызды мойынтіректер жасалады.

Алюминий қорытпалары іштен жанатын моторлардың мойын-тіректерін жасауға қолданылады. Бұл қорытпалардың жоғары тем-пературада жылу өткізгіштігі мен механикалық қасиеті жақсы. Мойынтірек жасауға АОЗ-1, А09-2, АСМ және тағы басқа маркалы қорытпалар қолданылады.

Негізгі әдебиеттер [1] (3, бет 77 – 100); [2] (бет 51 – 72); [3] (бет 16 – 75); [4] (, бет 99 – 109).

Ұсынылған әдебиеттер: [6] (бет 158 – 169).