Дәріс тақырыбы. Электродтардың қаптамасының сапасына қойылатын талаптар. Қаптаманың ылғалдылығын анықтау.

Таза типыл болат плитаға электродтың еркін құлау кезінде қаптама қтраму керек келесі биіктіктерден:

1 м – электродтардың диаметрі 4 мм–ден кем болғанда;

0,5 м – электродтардың диаметрі 4 мм не оданда астам болса.

Жасап шығарушы заводпен тұтынушының келісімі бойынша диаметрі 5 мм–ден астам электродтар үшін сынау биіктігі 0,3 м–ге дейін төмендетілу мүмкін.

Аса қалың қаптамалы электродтар үшін құлау биіктігі электродтардың нақты маркаларының паспортымен немесе техникалық жағдайлармен (ТУ) белгіленеді.

Сынау кезінде электродтың қапталған бөлігінің ұзындығының 5%–тіне дейін қаптаманың жалпы ұзындығының жарыма–жарты шетінеулер мүмкін болып есептелінеді.

Дайын болған электродтардың ұзындығы және өлшеу аспаптарсыз сыртқы көрінісі мұқият тексеріледі. Электродтардың ұзындығы, қаптамадан таза шетін, ауысу бөлігінің ұзындығын, соғылған жерлердін ұзындығын, сызаттар мен жарықтардың және қаптама бетіндегі торлы шытынау бөліктердің ұзындығын 1 мм дәлділікпен өлшеу қажет.

Электродтардың қисықтығын, сырықтың қаптамадан таза шетінің ұзақтылығын, рискалар мен батырылулардың тереңдігін, қияңқылардың (задиры) биіктігін және қаптама бетіндегі кеуектердің өлшемдерін 0,1 мм дәлділікпен өлшейді. Қаптама бетінің кедірбұдырлығын эталонды үлгімен салыстыра тексереді.

Қаптаманың қалыңдығының айырмашылығын, бір біріне шеңбер бойымен 120°–қа және ұзындығы бойынша 50-100 мм–ге жылжытылған, электродтың үш жерінде анықтайды. Әр орындағы өлшеулерді, 7–ші суреттегі нобай бойынша, 0,01 дәлділікпен микрометрмен жүргізеді.

Қаптама қалыңдығының айырмашылығын тексері жұмыстарын, қажетті өлшеу дәлділігін қамтамасыз ететін, басқа әдістермен немесе арнаулы аспаптармен (магнитті, сиымдылықты және т.б.) жүргізуге болады.

Қаптаманың қалындық беріктігін тексеру нәтижелерін бағалауы сыналған электродтарды сырт жағынан қарау және пайда болған қаптама шетінеулерді1 мм дәлділікпен өлшеу арқылы жүргізіледі.

1 - электрод қаптамасы; 2 - электрод сырығы

Сурет 7 - Электрод қаптамасының өлшемдерін анықтау

 

Электрод қаптамасының ылғалдылығын анықтау. Қаптамадағы ылғалдың мөлшерін әр бақыланатын электродтан алынған қаптаманы белгілі бір температурада тұрақты массаға дейін жеткізу арқылы анықтайды. Қыздыру температуралар келесі:

400±10°С - негзді қаптама үшін;

180±10°С - қышқылды және рутил қаптамалар үшін;

110±5° С - целлюлозалы қаптама үшін.

Қаптамлардың басқа түрлеріне, соның ішінде аралас және құрамында целлюлоза бар қышқылды және рутил қаптамалар үшін, қаптаманы қыздыру температурасы электродтың нақты маркасының паспортында немесе техникалық жағдайларда (ТУ) белгіленген мәліметтер бойынша алынады.

Қаптамадағы ылғалдың мөлшерін процентпен 0,1 %–тік дәлдікпен есептейді.

Қаптама массасын 0,01 г дәлдікпен өлшеу арқылы анықтайды. Қаптамадағы ылғалдың мөлшерін, қажетті дәлдікті қамтамасыз ететін, басқа да әдістермен анықтауға болады.

Қаптама массасының коэффициентін процентпен 0,1%–тік дәлдікпен есептейді.

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. [Т2,83-86]

Бақылау сұрақтары:

1.Электрод қаптамасының сапасына қандай талаптар қойылады?

2. Қаптама сапасын қалай тексереді?

3. Қаптаманың ылғалдылығын қалай анықтайды?

4. Қыздыру температуралар қандай болады?

5. Қаптама массасын қандай дәлдікпен анықтайды?