Тақырып 10: Тұлғаның психологиялық құрылымы. Тұлғаның типологиясы.

2. Сабақтың мақсаты: тақырыптың негізгіұғымдары «адам», «даралық», «жеке адам», «тұлға», «қажеттілік», «дүниегекөзқарас», т.б. бойынша студенттердің білімдерін бекіту. Қорғанысты тұлғаның қасиеті ретінде көрсету.

3. Оқыту міндеттері:

Студент білу керек:негізгіұғымдарды, терминдерді және өткен тақырыптар бойынша ұғымдарды білу. Тұлғаның бағыттылығының негізгі сипаттамасы. Э.Эриксон және З.Фрейд бойынша тулғаның даму ерекшеліктерін білу.

Студент істей білуі керек: Алған білімің тесті жағдаяттарды шешуге қолдана білуі және топпен құмыс істей білуі керек, психологиялық қорғаныс механизмі жайлы біліуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Психологиядағы тұлға түсінігі. Тұлғаның қоғамдық мәні. «адам», «даралық», «жеке адам», «тұлға» түсініктерінің арақатынасы.

2. Тұлғаның бағыттылығы. Бағыттылықтың негізгі сипаттамасы: «қажеттілік», «дүниегекөзқарас», «қызығушылық», «арман» т.б.

З. Тұлғаның қалыптасуы және дамуы. Э.Эриксон бойынша тулғаның даму кезеңдері.

4. Фрейдтің теориясы бойынша адам тұлғасының үш деңгейі: «Ол», «Мен», «Ең

жоғарғы-мен».

5. Тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмі.

5. Сабақты оқыту және өткізу әдістері:TBL

Жұмыс түрі Уақыт минутпен Бағалау түрі
1. Ұйымдастыру бөлімі  
2. Кіріспе жеке тестілеу 10%
3. Топтық тестілеу 20%
4. Практикалық жағдаяттарды топпен талдау  
5. Практикалық жағдаятты талдау, материалды бекіту 30%
6. Үзіліс  
7. Практикалық дағды 30%
8. Қортынды жеке тестілеу 10%
9. Кері байланыс  
10. Сабақты қортындылау  

6. Негізгі әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ. Жантану оқулығы : учебник / Қ. Жарықбаев. - Алматы, 2010. - 638 с. : ил.

2. Бап-Баба, С. Жантану негіздері [Текст] / С. Бап-Баба. - Алматы : Дәнекер, 2012. - 298 б

3. Көбекова, Ж. С. Психология негиздері [Текст] : учебник / К. Алишева. - Караганды :

ЖК Ақ Нұр, 2013 - 189 с.

4. Бап-Баба, Сәбет Балтаұлы. Жантану негіздері [Текст] / С. Б. Бап-Баба. - Алматы : Заң

әдебиеті, 2010. - 302 с

5. Көбекова, Ж. С. Психология негиздері [Текст] : учебник / К. Алишева. - Караганды :

ЖК Ақ Нұр, 2010. - 189 с.

Осымша әдебиеттер

1. Бап-Баба, С.Мың да бір тест жалпы психология бойынша [Жоғары оқу орындары

студенттеріне арналған тест жинағы] / С. Бап-Баба. - Алматы : Дарын, 2013. - 135 б.

2. Тертель А.Л. Психология. Курс лекций : учебное пособие / А. Л. Тертель. - М. :

"Проспект", 2010. - 247 с.

3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии : учебное пособие / С. Л. Рубинштейн. –

СПб : Питер, 2014. - 712 Середина Н.В. Основы медицинской психологии: общая,

клиническая, патопсихология : учебное пособие / Н. В. Середина, Д. А. Шкуренко. –

Ростов н/Д : Феникс, 2013. - 506 с.

4. Столяренко Л.Д. Психология : учебное пособие / Л. Д. Столяренко. - [б. м.] : Лидер,

2013. - 591 с.

7. Бақылау сұрақтары:

1. «Тұлға» деп кімді айтамыз?

Қызығудың физиологиялық негізі не?

2. Даралық дегеніміз:

3. Дара адам деп кімді айтамыз:

4. «Адам» атауына түсінік бер.

5. Құмарлық дегеніміз:

6. Персонализация дегеніміз не?

7. Идентификация дегеніміз не?

8. Ойлаған ойы мен істеген ісі бір –біріне сай келетін, көпшіл, ерік күші мол, қайсар бір сөзді, қоршаған ортаға икемді.

9. Бұл қай мінездің түрі?

10. Жеке адамның бағыт бағдары дегеніміз не?

11. Homo sapiens- (саналы адам) ретінде нақты адам, дамуының адамдық алғы шарттарының (нышандарының) бойына сіңірген жаратылыс туындысы:

12. Қызығуға ерік күш қосылса пайда болады:

13. Өз болашағын көрегендікпен тани білуге қажет адам қасиеттеріне кедергі болатын жан күйзелістері мен түңілулер:

14. Тұлғаның психологиялық қорғанысының бірі «көшіру» дегеніміз:

15. Тұлғаның психологиялық қорғанысының бірі «ығыстыру» дегеніміз:

16. Ниетке ерік күш қосылғанда пайда болатын адамның бағыт-бағдарының формасы:

17. Адамды өз танымы, принципі, қөзқарастарына орай әрекетке ықпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт бағдардың ең жоғарғы формасы:

18. Икемі кем, қарама- қарсылықты мінез дегеніміз:

19. Әлеуметтік қатынастар субъекті ретінде әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам сипатталады:

20. Нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері:

21. Дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі:

22. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшілігінің бір көрінісі:

23. Адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі:

24. Айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туындайтын қызығу:

25. Адамның өзі қолы жетпейтін, бірақ аңсаған, басқа біреудің жақсы әдет-қылықтарын икемденуі:

26. Адамға соққы болатын жайттардың сана деңгейінен шегеріліп, басылуы:

27. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істеген ісі бір-біріне сай келеді.

28. Бұл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет- қылығы арасында келіспестік бола тұра, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды:

29. Қандайда болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжрибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам мұраты, бағыт-бағдары бар адам:

30. жаңа образдар жасау. Өзімізге ұнайтын келешекті бейнелеу, әзірге қол жетпес , бірақ келешкте орындалса деген адамның өмірлік мүддесін қанағаттандыруға қажет зат, не әрекет:

31. Түрткі дегеніміз:

32. Тұлғаның бағытылығы дегеніміз:

33. Адамды әрекетке келтіруші күш:

34. Адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты:

35. Тек өкілі санасындаөзін басқа адамдармен, тіпті бүкіл адамдар қауымы, қоғаммен теңдестіру, ұқсастыру сезімінің қалыптасуы

36. Бағыт-бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келетін мінез:

37. Адамның баста өз әліне қарамай, күрделі іске ұрынып, кейін бітпесін білген соң, оған деген әрекетін оңай жұмысқа бұра салуы:

38. Адамды қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат еленбейді, қабылданбайды: