Эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу алгоритмдері

1. МСАК медициналық ұйымдарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтамасыз ету алгоритмі:
1) аумақта және ғимаратта кіреберісте тиісті көрсеткіштері бар «сүзгілер» ұйымдастыру және жабдықтау;
2) ЖРВИ, ТТА, АЖРИ және тұмау белгілері бар адамдар арнайы бөлінген бөлмеге оқшауланады, содан соң сүзгінің мейірбикесі дәрігерді шақырады;
3) дәрігер қарағаннан кейін сүзгі мейірбикесі дәрігердің нұсқауын орындайды (зерттеуге жағындыны алады, инъекциялар жасайды және басқалары) және пациент одан әрі амбулаториялық емдеуге немесе стационарға жіберіледі;
4) келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу;
5) қосымша телефондар орнату және тұмауға күдігі бар және ауыр, орташа ауыр түрде өтетін ЖРВИ-мен ауыратын науқастарға консультациялық көмек көрсету және оларды ауруханаға жатқызу үшін автокөлікті бөлу;
6) үйге шақыртуға қызмет көрсету үшін жағдайлар жасау (қосымша автокөлік, жанар-жағармай материалы, тіркеу орнының ауысымдық жұмысын ұйымдастыру, 7 күнге еңбекке жарамсыздық парақтарын беру және басқалары);
7) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларының (пневмониялар) белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйге шақыртуларды күн сайын патронажды, уақтылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз ету арқылы бірінші кезекте қызмет көрсету;
8) ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде медициналық ұйымдардағы жұмыс күнінің уақытын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұзарту;
9) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмониялар) бар амбулаториялық науқастарды емдеу үшін вирусқа қарсы препараттардың қорын құру;
10) әрбір 3 сағат сайын бетперделерді ауыстыру есебімен, қолданылған жеке гигиена заттарын уақтылы кәдеге жарату арқылы қызметкерлерді бір рет қолданылатын бетперделермен қамтамасыз ету. Көп рет қолданылатын бетперделерді пайдалануға және бір рет қолданылатын бетперделерді қайтадан пайдалануға жол берілмейді;
11) адамдар бар кезінде ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылғыларды пайдалану;
12) санитариялық тораптарды сұйық сабыны бар дозаторлармен, электр кептіргіштермен немесе бір рет қолданылатын қағаз майлықтармен, қолданылған бетперделер мен майлықтарды жинауға арналған педалі бар қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету;
13) медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде +18оС температуралық режимді қамтамасыз ету;
14) тұмауға күдікті науқастардан материалды уақтылы (ауырған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей) алуды, «салқындату тізбегі» талаптарын сақтай отырып, үлгілерді уақытша сақтауды және вирусологиялық зертханаларға тасымалдауды қамтамасыз ету;
15) тұмауға күдігі бар науқастардан материал алу үшін шығыс материалдары мен көліктік орталардың қорын жасау және 7 күннен асырмай температуралық режимді сақтай отырып, көліктік ортаны уақытша сақтауды қамтамасыз ету;
16) пациенттер болатын жерлерде ЖРВИ мен тұмаудың профилактикасы туралы көрнекі ақпаратты орналастыру (стендтер, брошюралар, үнпарақтар, плакаттар, тұмаудың профилактикасы жөнінде бейнематериалдар көрсету және басқалары).
2. Медициналық ұйымдарда (стационарлар, перзентханалар мен бөлімшелер) эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтамасыз ету алгоритмі:
1) ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде соматикалық бөлімшелердегі төсектерді инфекциялық ауруларға арналған төсек ретінде қайта бейіндеу жоспарын бекіту;
2) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмониялар) бар науқастарды емдеу үшін препараттардың, сондай-ақ дезинфекциялық препараттардың тізбесіне сәйкес дезинфекциялау құралдарының қорын жасау;
3) тұмауға және басқа да респираторлық вирустық инфекцияларға күдігі бар науқастардан уақтылы (ауырған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей) материал алуды, «салқындату тізбегі» талаптарын сақтай отырып, үлгілерді уақытша сақтауды және вирусологиялық зертханаларға тасымалдауды қамтамасыз ету;
4) тұмауға күдігі бар науқастардан материал алу үшін шығыс материалдары мен көліктік орталардың қорын жасау және 7 күннен асырмай температуралық режимді сақтай отырып, көліктік ортаны уақытша сақтауды қамтамасыз ету;
5) ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын бетперделер, халаттар, қолғаптар) қамтамасыз ету; әрбір 3 сағат сайын бетпердені ауыстыру есебімен қызметкерлерді бір рет қолданылатын бетперделермен қамтамасыз ету; олардың қайта қолданылуына және көп рет қолданылатын бетперделердің қолданылуына жол бермеу;
6) медициналық қызметкерлердің стационар бөлімшелерінде жүруін және шектеу іс-шараларын жүргізу кезінде келушілердің санын шектеу арқылы медициналық персонал үшін бетперде режимін енгізу;
7) медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде +18оС; босандыру блогының үй-жайларында кемінде +22оС температуралық режимді қамтамасыз ету;
8) палаталарды терезе ойықтары арқылы күніне кемінде 3 рет желдету;
9) ауаны зарарсыздандыруға арналған құрылғыларды пайдалану;
10) стационарда пациенттер мен қызметкерлер арасында тұмау жағдайларын ерте мерзімде белсенді түрде анықтауды ұйымдастыру;
11) ЖРВИ мен тұмауға күдігі бар пациенттерді жеке үй-жайларға немесе блоктарға (палаталар, бокстар, бөлімшелер, секциялар) оқшаулау;
12) тұмаумен ауруханаішілік сырқаттанушылық жағдайларын есепке алуды және тіркеуді жүргузі, тұмаудың белең алу себептерін тексеру және оны шоғырландыру бойынша шаралар қабылдау.
3. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтамасыз ету алгоритмі:
1) болмау себептерін анықтау және балалардың сырқаттану жағдайлары туралы аумақтық медициналық ұйымдарға хабарлау арқылы балалар мен қызметкерлердің күнделікті келуіне мониторинг жүргізу;
2) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтай отырып, жіті респираторлық аурулар белгілері бар оқушылар мен педагогтарды сабаққа жібермеу үшін әрбір ауысымның алдында таңертеңгілік сүзгі ұйымдастыру және жүргізу;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру объектілерінде, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтарында, интернат ұйымдарында, пансионаттарда, медреседе, баспаналарда сұрау, сырттай қарау, көрсеткіштері бойынша – қызу өлшеу арқылы әрбір ауысымдағы сабақ басталғанға дейін балалар мен жасөспірімдерге күнделікті сүзгі ұйымдастыру; әрбір қабатта немесе сыныпта ЖРВИ мен тұмауға күдігі бар балаларды уақтылы анықтау үшін санитариялық посттардың жұмысын ұйымдастыру;
4) таңертеңгілік сүзгіде анықталған ЖРВИ мен тұмаудың белгілері бар балаларды (қызметкерлерді) уақтылы сабақтан (жұмыстан) шеттетуді ұйымдастыру, медициналық пунктке немесе учаскелік дәрігерді үйге шақыру үшін үйге жіберу;
5) бір күннің ішінде ауырған балаларды ата-аналары келгенге дейін тиісті күтімді қамтамасыз ете отырып, изоляторға ауыстыруды ұйымдастыру;
6) шұғыл жағдайларда балаларды медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызу;
7) медициналық пункт пен изоляторларды қажетті медициналық жабдықпен және дәрі-дәрмекпен (термометрлер, қалақшалар, бетперделер, тұмауға қарсы препараттар) қамтамасыз ету;
8) үй-жайларда +18-тан +22оС-қа дейін температуралық режимді қамтамасыз ету;
9) ерекше бейінді үй-жайларды қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалану;
10) үзілістердің ұзақтығын 10 минуттан 15 минутқа дейін созу арқылы оқу кабинеттерінде; мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларды басқа үй-жайларға шығару кезінде желдету режимін күшейту;
11) санитариялық тораптарды сұйық сабынмен, бір рет қолданылатын сүлгілермен/сулықтармен қамтамасыз ету;
12) пайдаланылған бетперделер мен сулықтарды жинау үшін педальмен жарақталған қоқыс жәшіктерін орнату;
13) оқушыларға жеке гигиена ережелерін сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша тақырыптық диктанттар жаздыру;
14) ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде жаппай және ойын-сауық іс-шараларын өткізуді шектеу.

«Инфекциялық аурулардың
алдын алу бойынша санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына 4-қосымша