Туберкулез ауруын зертханалық анықтау туралы

 

232. Зертханалық қызметтің құрылымы МСАК және ТҚҰ зертханаларының жүйесінен тұрады және олар атқаратын міндеті мен қызметтеріне сәйкес үш деңгейге бөлінеді:
1) I деңгей – МСАК жүйесі мен ТҚҰ перифериялық/шеткі аймақтағы (аудандық) зертханалар;
2) II деңгей – ТҚҰ облыстық/аймақтық зертханалар;
3) III деңгей, ұлттық – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Туберкулез мәселелерінің Ұлттық орталығындағы Ұлттық референс-зертхана (бұдан әрі – ҰРЗ).
233. I деңгейдегі зертханалар:
Аудандық деңгейдегі зертханалар жүйесі бактериоскопиялық зертханалар мен себу орындарынан құрылған. Аудандық деңгейдегі зертханалардың негізгі міндеттері:
жағынды микроскопиясы;
Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасына себу;
зертханалық тексерулердің сапасын сырттай бағалау жүйесіне қатысу.
234. II деңгейдегі зертханалар:
II деңгейдегі бактериологиялық зертханалар – бұл облыстық, аймақтық және қалалық ТҚҰ зертханалары. II деңгейдегі зертханалардың міндеттеріне I деңгейдегі зертханалардың барлық міндеттері мен қызметтері жатады және оған қосымша:
I деңгейдегі зертханалардың жұмыс сапасын сырттай бағалау;
I деңгейдегі зертханалар үшін мамандарды даярлау;
I деңгейдегі зертханаларға қажетті шығын материалдары, реагенттер мен жабдықтардың жылдық мөлшерін анықтау;
қатты және сұйық қоректік орталарда культуральдық зерттеулер жүргізу;
қатты және сұйық қоректік орталарда ТМБ штаммдарының ДСТ жүргізу;
молекулалы-генетикалық технологиялардың (GenoTypeMTB®DR, Xpert MTB/RIF) көмегімен туберкулезді жедел анықтау;
I деңгейдегі бактериологиялық зертханаларға бақылау жүргізу.
235. III деңгейдегі зертхана:
ҰРЗ негізгі міндеттері мен қызметтері:
I және II деңгейдегі зертханалардың жұмысын ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес үйлестіру;
бактериологиялық зерттеулер жүргізу;
ҚР зертханалар жүйесінің жұмыс сапасын сырттай бақылауды қамтамасыз ету;
жүргізілген зерттеулер бойынша есеп беру мәліметтеріне сараптама жасау;
қажетті зертханалық жабдықтардың тізімін спецификацияларға сәйкес құрастырып, негіздеу;
микробиологиялық зерттеулердің сапасын сырттай бағалау мәселесі бойынша супранациональді референс-зертханамен өзара әрекеттесу;
ғылыми-практикалық және операциялық зерттеулер жүргізу;
туберкулез бойынша зертханалық зерттеу жобаларына сараптама жасау;
Қазақстан Репсубликасы Денсаулық сақтау Министрлігіне клиникалық-диагностикалық зертханалардың туберкулезді анықтау бойынша қызметін жетілдіру мақсатында ұсыныс жасау және сараптамалық қорытынды беру;
зертхана қызметкерлерін оқыту;
ТҚҰ зертханаларындағы қызметкерлердің біліктілік деңгейін бақылау (біліктілігін арттыру, мамандарды дайындай және қайта дайындау);
I және II деңгейдегі бактериологиялық зертханаларға бақылау жүргізу;
зертханалық тексерулер бойынша, Қазақстан Республикасы аумағында таралған ТМБ штаммдарының дәрілерге төзімділігінің деңгейі туралы ақпаратты тұрақты түрде жинап, статистикалық мәліметтерге сараптама жасау;
нормативті және әдістемелік құжаттарды, есепке алу-есеп беру үлгілерін сараптау және әзірлеу;
микробиологиялық зерттеулердің сапасын зертханаішілік бақылауды жүйелі түрде жүргізу және әдістерін жетілдіру;
туберкулез ауруын анықтаудың жаңа зертханалық әдістерін дайындау, сынау және тәжірибеде қолданысқа енгізу.
236. Туберкулез ауруын зертханалық дәлелдеу материалды алған уақыттан бастап зертханаға жеткізген уақыт ұзақтығына және ем санаты мен емделу мерзіміне байланысты осы Нұсқаулыққа «Диагностика (өкпелік түрі, ҚТБ+); патологиялық материал < 4 күн» атты 15-қосымшадағы зерттеу алгоритміне сәйкес жүргізіледі.
237. Туберкулез ауруын анықтау алгоритмі (өкпелік түрі, ҚТБ+) қақырық жиналғаннан кейін 4 тәулік ішінде зертханаға жеткізілген жағдайда төмендегілерден тұрады:
диагностика қақырық жағындысының микроскопиясынан басталады (3 үлгі);
егер қақырық микроскопиясының нәтижелері оң болса, құрамында ең көп мөлшерде ҚТБ анықталған үлгі тест жүргізу үшін таңдалып алынады. Материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 1 түтікке және сұйық қоректік ортасы бар (MGIT) 1 түтікке себіледі, сонымен қатар Geno Type®MTBDR plus немесе Xpert MTB/RIF (Хайн-тест болмаған жағдайларды) жасалады. Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика (өкпелік түрі, ҚТБ+); патологиялық материал < 4 күн» атты 15-қосымшаға (№ 1 схемаға) сәйкес жүргізіледі.
238. Туберкулез ауруын анықтау алгоритмі (өкпелік түрі, ҚТБ-). Тестілеу үшін материалдың ең сапалы үлгісі таңдалады. Материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 1 түтікке және сұйық қоректік ортасы бар (MGIT) 1 түтікке себіледі де, Xpert MTB/RIF жүргізіледі. Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика (өкпелік түрі, ҚТБ-); патологиялық материал < 4 күн» атты 15-қосымшаға (№ 3 схемаға) сәйкес жүргізіледі.
239. Туберкулез ауруын анықтау алгоритмі (өкпелік түрі) қақырық жиналғаннан 4 тәулік асқан соң зертханаға жеткізілген жағдайда төмендегілерден тұрады:
диагностика қақырық жағындысының микроскопиясынан басталады (3 үлгі);
егер қақырық микроскопиясының нәтижелері оң болса, құрамында ең көп мөлшерде ҚТБ анықталған үлгі тест жүргізу үшін таңдалып алынады. Материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 2 түтікке себіледі, сонымен қатар Geno Type®MTBDR plus немесе Xpert MTB/RIF (Хайн-тест болмаған жағдайларды) жасалады. Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика (өкпелік түрі, ҚТБ+); патологиялық материал > 4 күн» атты 13-қосымшаға (№ 2 схемаға) сәйкес жүргізіледі;
егер қақырық микроскопиясының нәтижелері теріс болса, тестілеу үшін материалдың ең сапалы үлгісі таңдалады. Материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 1 түтікке себіледі де, Xpert MTB/RIF жүргізіледі. Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика (өкпелік түрі, ҚТБ-); патологиялық материал > 4 күн» атты 15-қосымшаға (№ 4 схемаға) сәйкес жүргізіледі.
240. Туберкулез ауруын анықтау алгоритмі (өкпеден тыс түрі) патологиялық материал жиналғаннан кейін 4 тәулік ішінде зертханаға жеткізілген жағдайда:
жағынды микроскопиясы жасалып;
материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 1 түтікке және сұйық қоректік ортасы бар (MGIT) 1 түтікке себіледі де, сонымен қатар Xpert MTB/RIF жүргізіледі. Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика, өкпеден тыс түрі» атты 15-қосымшаға № 5 схемаға сәйкес жүргізіледі.
241. Туберкулез ауруын анықтау алгоритмі (өкпеден тыс түрі) патологиялық материал жиналғаннан 4 тәулік асқан соң зертханаға жеткізілген жағдайда: жағынды микроскопиясы жасалып, материал Левенштейн-Йенсен қатты қоректік ортасы бар 2 түтікке себіледі және сонымен қатар Xpert MTB/RIF жүргізіледі. Бұдан әрі алгоритм қадамдары осы Нұсқаулыққа «Диагностика, өкпеден тыс түрі» атты 15-қосымшаға № 5 схемаға сәйкес жүргізіледі.
242. I санаттағы науқастардың емін бақылау алгоритмі осы Нұсқаулыққа 15-қосымшаға «1 санат емін бақылау» № 6,7,8 схемаға сәйкес жүргізіледі.
243. Микроскопиялық зерттеулер жүргізу әдістемесі осы Нұсқаулыққа 16-қосымшада келтірілген.
244. ТҚҰ туберкулез ауруын культуральдық әдістермен анықтау тәртібі осы Нұсқаулықтағы 17-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
245. ТҚҰ автоматтандырылған BАСТЕС MGIT-960 жүйесінде сұйық қоректік орталарды қолдана отырып туберкулез ауруын культуральдық әдістермен анықтау тәртібі осы Нұсқаулықтағы 18-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
246. Туберкулез ауруын және дәріге сезімталдықты анықтаудың молекулалы-генетикалық әдістерін (Geno Type ®MTBDR, Xpert MTB/RIF) қолдану тәртібі осы Нұсқаулыққа 19-қосымшада келтірілген.
247. Қышқылға төзімді микобактерияларды микроскопиялық анықтаудың сапасын бақылау осы Нұсқаулықтағы 20-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

 

Туберкулез бойынша профилактикалық
іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге
асыру жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша