Сайлау алдындағы бағдарлама

Портфолио

Мәмбет Ержан Еркінұлы

Курс студенті

Резюме

Аты-жөні: Мәмбет Ержан Еркінұлы

Туған күні: 05.08.1997жыл

Туған жері: ОҚО, Арыс қаласы, Е.Шерімұлы 4

Тұрғылықты жері: Алматы қаласы, Шагабудинова 140

Ұялы телефоны: 8 747 839 43 38

e-mail: Mega.Erjan.97@mail.com

Мақсатым: Жалпы Медицина факультетінің белсенді студенттері қатарында болып, факультетімізді дамытуға үлес қосу, факультет ұжымы мен студенттер арасында алтын көпір болатын, студенттерге тиімді, әр студенттердің кез-келген сұрағына жауап бере алатын, студенттердің құқықтары мен міндеттерін қорғайтын, факультетіміздің әр студенттінін бойында патриоттық, білім мен ғылымға ынталандыра алатын Жалпы Медицина Факультеті Студенттік Деканатын құру

 

Сайлау алдындағы бағдарлама

 

СТУДЕНТТІК ДЕКАНАТ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ.

1) Оқу үрдісінде студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған үздіксіз ұйымдастыру, үйлестіру және әкімшілік жұмысын жүргізу – студенттік деканаттың басты мақсаты.

2) Студенттік деканаттың орындайтын міндеттері.

• студенттер өткеретін әлеуметтік сұраулар, сауалнамалар арқылы оқу үрдісінің сапасы туралы студенттер пікірін тұрақты бақылау жұмысын ұйымдастыру;

• факультеттегі оқу және еңбек тәртібінің жоғары деңгейін, тәртіп пен ұйымшылдықты қолдап, ұстап тұру;

• студенттердің құқықтары мен міндеттерін таныту, талас, жанжал тудыратын мәселелерді шешуге қатысу;

• студенттердің ғылыми және кәсіби мүдделерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыратын ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;

• тиімді ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге, студенттердің ғылыми ізденістерін жүргізу дағдыларын дамытуға әрекеттес болу;

• әлеуметтік серіктестік принципін дамыту, студенттермен ПОҚ сондай-ақ Университет әкімшілігі арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу;

• факультет деңгейінде сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімді әдістерін әзірлеу:

СТУДЕНТТІК ДЕКАНАТ ҚҰРЫЛЫМЫ.

1) Студенттік деканат тиесілі факультет деканат құрылымына енеді және тиесілі факультеттің деканына тікелей бағынады.

2) Студенттік деканат құрамына студенттік декан (әріде СД), студенттік декан орынбасарлары енеді;

СТУДЕНТТІК ДЕКАНАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ:

1) Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде жалпы нормативтік құжаттарды басшылыққа алады. Студенттік деканат мына негізгі функцияларын орындайды:

• студенттік деканат жұмысын жоспарлау, ағымдағы және келешекке арналған жоспарларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;

• СД орынбасарларымен апта сайын жиналыс өткізу;

• Студенттер проблемаларын білу және оны шешуге ат салысу, зерделеу үшін тиесілі бағам топтарының старосталарымен ай сайын жиналыс өткізу;

• Студенттік деканат қызметін Университет құрылымдық бөлімдерімен, қоғамдық студенттік емес ұйымдарымен үйлестіру, Қазақстандағы сондай ақ шет елдегі басқа ЖОО факультеттермен оқу-білім, ғылым салаларындағы байланысты қолдау;

• Факультетте студенттер мүдделеріне қатысы бар талас және пікір қақтығысын тудыратын жағдайларды шешу;

• Студенттік деканат жұмысы туралы есепті тапсыру;

• Білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау тәсілдерін, оқу-әдістемелік материалдарының, оқулықтар, тест және т.б. сапасын талқылау;

• Студенттердің оқу кестесімен оқыту сапасымен, емтиханды өткізу ретімен қанағаттану деңгейін зерделеу;

• Студенттерге кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктерін, оқу үрдісін ұйымдастыру Ережелерін, бағамнан бағамға көшіруге арналған GHA және т.б. түсіндіру;

• Мамандарды дайындау сапасын арттыру мақсатында оқу үрдісін жетілдіруді діттеген ұсыныстарды енгізу;

• Факультет студенттерінің сабаққа деген үлгерімін және қатысуын бақылау, тиесілі жазалау және марапаттау амалдарын қабылдау мақсатымен тиесілі факультет деканына ақпаратты табыс ету;

• Университеттегі оқу тәртібін және Ішкі тәртіп Ережесін қадағалау;

• Оқу үрдісінде орын алатын өзгерістер, өткерілетін конкурстар, конференциялар, гранттар және т.б. туралы студенттерге жедел түрде ақпарат жеткізу;

• студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын ұйымдастыру

• Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша студенттердің оқу карточкаларын, олардың сынақ кітапшаларын ресімдеу жұмысына қатысу;

• Мерзімімен медициналық тексерістен өтуді; санитарлық кітапшаны ұстау қалпын бақылау;

• Оқу үрдісінің мүдделі мәселелері бойынша студенттермен түсініктеме шараларын өткеру; тиесілі ақпараттық ілмелерде, факультет, университет интернет сайтына оқу, ғылымға қатысы бар ақпаратты және құжаттарды орнықтыру;

• СД және оның орынбасарлары студенттерге қатысы бар тәртіп-құқық, жатақханаға орналастыру, Президент степендиясын, Университет Ректоры степендиясын бөлетін, академиялық ұтқырлыққа студенттерді таңдап алатын комиссия жұмысына сондай-ақ басқа да тиесілі факультет студенттерінің мүдделеріне қатысы бар жұмысшы топтары құрамына СД және орынбасарлары енеді.

Жоғары да көрсетілген құзыреттіліктер мен міндеттерді ескере отырып, 2016-2017 оқу жылына жаңа жоспарларды ұсынамын.

Жаңа жоспарларды ұсынбас бұрын, болашақтағы іс шараларды айтпас бұрын, өткенге шолу жасайық.

2013 жылы алғаш рет «Студенттік Деканат» құрылып, өз қызметін жүргізуді бастап кетті. «Қандай дүниелер болды? болып жатыр? және болады?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, дұрыс сараптай отырып, үлкен нәтижеге келеміз деген сенімдемін.

«Студенттік Деканаттың»