Техникалық дақылдар

Майлы дақылдар

Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Apiales
Тұқымдасы: Apiaceae
Кіші тұқымдасы: Apioideae
Тайпасы: Coriandreae
Тегі: Coriandrum

Күнзе, кориандр (лат. Coriandrum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Жерорта т. маңында кездесетін 2 түрі белгілі. Қазақстанда қолдан өсірілетін 1 түрі – мәдени күнзе (С. satіvum) бар. Оның биіктігі 30 – 70 см, тамыры жіңішке, жіпше иретіліп жатады. Сабағы қатпарланған. Төменгі жапырақтары тұтас немесе үшке бөлінген, ал жоғарғылары – қауырсынды тілімденген. Тостағанша жапырақшалары үш бұрышты тісті, күлтелері ақ түсті, екі қалақты. Гүлдері дара жынысты, 10 – 15 гүлі бірігіп, шатырша гүлшоғырын құрайды. Шатыршалары 4 – 5 сәулелі. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі шар тәрізді домалақ. Жас бұтағын дәм-татымдық ретінде (кинза) тағамға қосады. Күнзенің жемісінің құрамында 1,18% эфир майы бар. Жемісін қайнатқаннан кейін эфир майының құрамында 18%-дай жоғары сапалы май пайда болады, оны сабын қайнатуда пайдаланылады. Майын бөліп алғаннан кейінгі күнжарасы құнарлы мал азығы ретінде малға беріледі.

 

Техникалық дақылдар

 

Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Malvales
Тұқымдасы: Құлқайырлар
Кіші тұқымдасы: Malvoideae
Тайпасы: Malveae
Тегі: Althaea

 

Жалбызтікен (алтей)- құлқайыр тұқымдас цилиндр пішінді 150 сантиметрге дейін бойлай өсетін сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тік орналасқан жуан әрі қысқа тамырынан көптеген жанама тамырлар тарайды. Сабақтары тамырдан тікелей өсіп шығатындықтан, жуан тамырдың жоғары жағы тармақталып, әрбір сабақтың түбінде жұлым-жұлым ұйысқан түктер болады. Ұзындығы әр түрлі (2,5-15 см) сағақты, ара тісті жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақтарының екі жағын біркелкі қысқа түк қаптайды. Дәрілік жалбызтікен маусым - қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері қысқа сағақты, әрбір жапырақты қолтығында топтасып орналасады, 15- 20 жемісшеден қүралған жемістері болады. Бұл өсімдікті Қазақстанның барлық аумағынан: ылғалды, батпақты жерлерден, көл маңынан, тау етектері мен өзен жағалауынан, егістік жерлерден кездестіре аламыз.

Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген өсімдіктерді ғана емес, өзге де жабайы өсімдіктерді аялап, қорғай білу - спарыз. Бірде-бір өсімдіктің қалай болса солай жұлынып қалуын болдырмау - адамзат тіршілігі мен рухани байлығын сақтап қалу екенін үнемі есте ұстау керек. Өсімдіктің қадір-қасиетін қазақ халқықсы түсінген. Не бір даналық сөздерді халқымыз өсімдіктерге бағыштаған. Өндірістің әр саласына шикізат беруге арнайы өсірілетін өсімдіктер техникалық дақылдар деп аталады. Олардан өндірілетін өнімдерге байланысты техникалық өсімдіктер май алынатын, тоқыма үшін пайдаланылатын, крахмал алынатын,каучук, қант алынатын дақылдарға жіктеледі. Сондай-ақ илік, бояу және дәрілік өсімдіктер де болады. Соған қоса техникалық дақылдардың тағамдық, сәндік, азық-түліктік, мал-азықтық қасиеттері болатынын да ескеруіміз қажет. Адамның денсаулығын сақтауда дәрілік өсімдіктердің маңызы зор. Қазақстанда өсетін өсімдіктердің 500-ге тарта түрі дәрілік өсімдіктер. Аталған дақылдардың кейбірі улы болуы да мүмкін.