Дєріс . Пісіру өндірісінің жалпы сипаттамасы. Пісіру жапсарын алудың физикалық негізі. Пісіру тәсілдерінің сыныпталуы.

Пісірудің физикалық мәні. Пісіру деп молекулааралық және атомаралық байланыс күштерін пайдаланып металл бөліктерін ажырамайтын етіп біріктіру ісамалын айтады. Аталған күштердің өзара әрекеттесуі үшін жалғанатын металдардың атомдарының ара қашықтығы 10-8 см шамасында болуы керек, демек өзара қашықтығы металдардың кристалл торларының параметріне сәйкес болуы қажет. Атомдар мен молекулаларының осындай ара кашықтығын қамтамасыз ету үшін, пісірілетін жадығат беттері балқу жылысалқындығынан аса қыздырып, балқыған жадығат қатаю /кристалдану/ негізін де біртұтас қалыптасады. Немесе пісірілетін жадығаттар пластикалық күйге дейін қыздырылып олар жарақтылық қысу күші әсерінен өте тығыз түйістірілуі қажет. Бұл процесті қыздырусыз салқындай тек жарақтылық күш әсерімен іске асыруға болады.

Пісіру тәсілдерінің топтастырылуы. Осы кездегі пісіру тәсілдерінің негізгі екі ерекшелігі бойыша топтастырады: металдың пісіру кезіндегі күйі мен пісірілетін жапсарларын кыздыру үшін қолданылатын энергия түріне қарай. Алғашқы нышанына қарай балқытып және қысыммен пісіру болып бөлінеді.

Балқытып пісіруде біріктірілетін детальдардың жиектері, оны негізгі металл деп атайды және қосымша металдарды балқу жылысалқындығынан асыра қыздырып ортақ сұйық металл жасалады. Кыздыру тоқтатылғаннан кейін ванна суып кристалдану нәтижесін де пісіру жігі қалыптасады да, пісірілген жік және оның аумағы әдеттегі жылысалқындыққа дейін салқындайды. Кысыммен пісіруде пісірілетін металл беттері пластикалық күйге, тіпті балқу жылысалқындығына жуық деңгейге қыздырылып оған қосымша жарақтылық күш түсіріледі. Қорғасын, алюминий, мыс, т.б. созымталдығы жоғары металдарды қыздырмай қысыммен-ақ пісіруге болады. Қыздыруға қажетті энергия түріне қарай пісіру тәсілдері мынадай топтарға бөлінеді: электрмен, химиялық, жарақтылық және сәулелі.

Бұлардың арасында ең бастысы болып металды қыздыруға электр тогын пайдаланатын электрмен пісіру тәсілі саналады. Электр энергиясының жылу энергиясына айналу принциптеріне сәйкес электрмен пісірудің, мынадай негізгі түрлері болады: доғалы, түйістіріп пісіру, индукциялы, плазмалы. Пісірудің химиялық тәсілі тобына газды және термитті пісіру жатады. Бұл тәсілдердегі металды қыздыру мақсатында газ не қатты күйіндегі әр түрлі заттардың тотығуының экзотермиялық реакцияларының жылуын пайдалану арқылы қыздырылады. Пісірудің жарақтылық тәсілдеріне: көрікпен, қыздырмай қысыммен, қопарылыспен, ультрадыбыспен, ал пісірудің сәулілі тәсілі тобына электронды-сәулелі, лазер сәулесімен, гелиопісіру немесе күн сәулелермен пісірулер жатады. Пісіру тәсілдерінің ең басты маңыздылары электр доғасымен түйістіріп және газбен пісіру болып табылады.

Машина жасау саласында металды пісірудің маңызы мен болашағы. Осы кезде металдарды пісіру, металды қысым арқылы құю және кесу арқылы өңдеу сияқты, металдан әр түрлі конструкциялар мен бұйымдар жасауда негізгі кәсіпілімдік ісамал болып саналады. Жаңа зауыттар мен кәсіпорындарын салуда, темір жол вагондары мен цестерналар жасауда, домна және мартен пештерін құруда /монтаждауда/, мүнай және газ құбырларын, көпір салуда, машина мен жабдықтардың тозған және сынған бөлшектерін қалпына келтіруде пісірудің маңызы зор. Бұл тәсіл ауыр конструкцияларды, металлургия, машина жасау өндірісінің күрделі жабдықтарын т.б. пісіру арқылы өңдегенде үлкен экономикалық нәтиже береді.

Пісірудің жаңа тәсілдері.

Пісірудің жаңа тәсілдеріне мыналар жатады:

суық күйде қысыммен пісіру;

үйкеліс арқылы пісіру;

ультрадыбыспен пісіру;

жоғары жиілікті токпен пісіру;

плазмалы электр доғасымен пісіру;

вакуумда электрон шоғымен пісіру;

вакуумда диффузиялық пісіру;

қопарылыс арқылы пісіру;

лазермен пісіру;

атом энергиясымен пісіру.

Дєріс . Пісірудің термиялық сыныбы. Пісірудің механикалық сыныбы. Тәсілдері және ерекшеліктері. Металдар мен қорытпаларды дәнекерлеу.

Доғалық пісірудің негізгі түрлері