Азақстан суретшілерінің өмірі мен шығармалары

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды өнер шығармаларымен таныстыруда суретшілер өмірі мен шығрмашылығымен таныстырудың көркемдік білім беріп, олардың өнертанымдарын қалыптастырудағы орнын тану орынды.

Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Қастеевтың шығармашылыға ерекше орын алады.Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы республика көлеміне кеңінен таныс. Ол өзінің сапалы өмірін Отанының көркем образын жасауға арнаған. Ә. Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек етті.Ә. Қастеевтің шығармашылығысы мен өмірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол 1924 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып іні қарындастарын өсіруге апасына көмек көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған. Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә,Қастеевтің таланты Қазан ревалюциясынан кейін бағаланып ол Алматы қаласына суретші Н. Т. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді. Суретшінің алғашқы шығармалары 30 жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті», «Автопортрет» шығармалары осы кезде жазылды. Бұл шығармалар суретшінің әртүрлі жұмыс кезеңінде жұмыс аралығында салған тақырыптары мен тапсырыстарының бейнелері болады. Суретші бұл картиналарды кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы киіз үй, жан-жануар, қазан-ошақ және тағы басқа қоршаған табиғатты қосып көрсетеді. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің турксиб шығармасы көпшілікке танымал шығарма. Картинада сол кезеңдегі ерекше бір құбылыс Түркістан – Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналады. Картинада қазақтың сары даласы темір жолмен келе жатқан паровоз және оны күтіп тұрған адамдар көрінісі бейнеленген. Ә. Қастеев тақырыптың суреттермен қатар табиғат көрінісін бейнелейтін пейзаждар сарғап суреттер. «Тау пезажы», «Медеу келбеті» картиналары осыларға қосылады.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі ерекше тұлға Қ.Т.Телжанов. Қанапия Темірболатұлы Телжанов 1927 жылы 1 майда Омбы облысы Байқұдық аулында туылған, қазақ кескіндемешісі , Қазақстанның халық суретшісі (1961), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967).

1947-53 жылдары Ленинградтағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында М. И. Авиловтан білім алып көркемөнерге оқыды. 1953-58 жылдары Алматы көркемсурет учелищесінде сабақ берді.

1965-68 жылдары Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, хатшысы, 1973 жылдан Қазақстан Мемлекеттік Өнер музейінің директоры, қызметтерін атқарды.

Қазақтың профессионал мүсін өнерін қалыптастырушылардың бірі Хакімжан Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы, Октябрь селосында туған. Оған 1969 жылы Қазақстанның Халық суретшісі атағы берілді. 1960 жылдан бастап Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1951 жылы Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан 1966 жылға дейін Алматы қөркемсурет училищесінде ұстаз болды. 1985 жылдан қазақ мемлекеттік өнер академиясында ұстаздық етеді.

1950-60 жылдары «Бала Жамбыл», «Амангелді Иманов», «Құрманғазы», «Сәкен Сейфуллин», «Шоқан Уәлиханов» атты тарихи тұлғалардың мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің жан дүниесін ашуға, психологизмге бейімділігін танытты.

Х. Наурызбаев 60-80 жылдар арасында ақын М. Хакімжанованың, еңбек ері К. Дөнентаеваның, батыр қыз М. Мәметованың, еңбек ері Ы. Жақаевтің мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің сыртқы тұлғасын ішкі жан дүниесімен тығыз байланыста көрсете білді.

Елуінші жылдары қазақ суретшілерінің шығармалары бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің тұрақты экспозициясына айнала бастады. Бұл кезде көптеген қазақ суретшілері Россиядағы көркемсурет институттарын бітіріп келіп Қазақстан суретшілерінің қатары профессионал ұлттық кадрлармен толыға түсті. Солардың бірі Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген өнер қайраткері Молдахмет Кенбаев.

Суретші М.Кенбаев картиналары қазақтың ұлттық ерекшеліктерін кең көлемде көрсеткен ерекше туындылар. М. Кенбаев шығармалары Москвадағы Третьянов галереясында, Ташкенттегі Шығыс халықтары өнерінің музейінде, және қазақ бейнелеу өнері музейінде сақтаулы. Бұл өнердегі құбылыс ретінде суретші шығармаларының биік деңгейін көрсетеді.

М. Кенбаев 1925 жылы Қостанай облысы, Жангельдин ауданында шаруа семьясында дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте жетім қалып, 1931-1941 жылдары балалар үйінде тәрбиеленді. Ол сурет салумен жас шағынан айналысты. 1938 жылы республикалық балалардың көркемсурет көрмесіне оның суреттері алғаш рет қойылады.

М. Кенбаев 1941 жылы Алматының театралды-көркемсурет учелищесінің кескіндеме бөліміне оқуға түсіп, — кескіндеме профессоры А. М. Черкаскийден, өнерге еңбек сіңірген қайраткер Л. П. Леонтьевтен дәріс алады. Мұнда ол «Суретші» деген тақырыпқа дипломды жұмыс жазады.

1951 жылдан бастап М. Кенбаев өз білімін Москвадағы В. И. Суриков атындағы көркемсурет институтына түсіп жалғастырады. Бұл институтты бітірерде М. Кенбаев «Жангельдин отряды» деген тақырыпқа диплом жұмысын жазған.

Суретші М. Кенбаевтың тақырыптық картиналары қазақ даласымен тығыз байланысты болып келеді. Суретші «Әңгіме» (1957), «Қашағанды ұстау» (1967), «Сары-Арқа», «Құрманғазы», «Киіз басушылар» атты картиналарында кейіпкерлер образын жасаумен қатар, қазақ баласының өзіндік ерекшеліктерін ашуға баса көңіл бөледі.

Суретші М. Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі – «Асауды ұстау» картинасы. Картина қазақ жігіттерінің батылдығы мен шеберлік өнерінің шексіздігін көрсететін көркем туынды. Көлденеңінен сызылыңқы етіп алынған картина форматы, қазақ даласының кеңдігін, адамдардың болашаққа қарай ұмтылысын символды түрде көрсетеді. Суретшінің «Асауды ұстау» картинасы Москвадағы Мемлекеттік Третьяков галереясындағы кеңес өнері көрмесіне қойылған.

М. Кенбаевтың озық туындыларының бірі – қазақ халқының даңқты сазгері Құрманғазы бейнесін көрсететін «Сары-Арқа» картинасы. 1958 жылы Құрманғазы образын жасауға арналған жабық конкурста осы картина үшін М. Кенбаев бірінші сыйлықты жеңіп алды. Картинада ат жетектеген Құрманғазының бейнесі көрсетілген. Шығарма бояулары қоңыр, сары, қызғыш түстердің жиынтығына біріктірілген. Картинаның «Сарыарқа» деп аталуы Құрманғазының даңқты – Сарыарқа күйінің сарынымен байланысты. М. Кенбаев бұл картинаны жазу барысында ақын Хамит Ерғалиевпен жиі пікірлесіп, оның «Құрманғазы» поэмасының мазмұнымен танысты. Сонымен қатар бұл жұмысты жазу кезеңдерінде ғалым, зерттеуші әрі композитор Ахмет Жұбанов мұқият бақылау жасап, пайдалы кеңестер беріп отырған.

С. Мәмбеев 1970-80 жылдары қазақ халқының өткені мен бүгінгісін көрсететін сериялық суреттер салды. Шығармаларының көпшілігі қазақтың көркемсурет музейінде сақтаулы. Суретші шығармашылығы уақытында лайықты бағаланып Еңбек Қызыл Ту және Құрымет Белгісі ордендерімен марапатталған.[4.15]

азақстанның халық суретшісі (1980), Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер (1965) Евгений Матвеевич Сидоркин Ресейдегі Киров облысының Лебятье селосында 1930 жылы 5 шілдеде дүниеге келіп, 1982 жылы 3 қыркүйекте Алматы қаласында қайтыс болған.

Е. Сидоркин 1951жылы Қазандағы көркем сурет училищесін бітірді. 1951-52 жылдары Ригадағы көркемсурет училищесін академиясында оқыды. 1957 жылы Ленинградтың кескіндеме мүсін және архитектура институтын бітірді. 1957 жылдан бастап Е. Сидоркин Алматы қаласына жұмысқа орналасты. Осы жылдары суретші Е. Сидоркин, С.Михалковтың мысалдарына арнап автолитографияларды жасады. Е.Сидоркиннің бұл еңбектерін өзіндік қолтаңбасы бар дарынды график екендігін аңғартты.[15.125].

1967 жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған эскиздері бойынша көрме ұйымдастырылды. Суретші 1960-1979 жылдар аралығында «1916 жыл», «Ақындар даусы», «Ереуілшілер», «Жеңілгендер», «Маңғыстау мұнайшылары» атты триптихтарды «Қазақстан туралы поэма» панносын, бригадир П.Казакованың портреттерін жазды.

Ә.Сыдыхановтың шығармашылық еңбектері 1987 жылы Москва қаласында, 1979 жылы Польша мен Болгарияда өткен халықаралық көрмелерге қатысты. 1986 жылы «Шоқан Уалиханов» атты телевизиялық фильмді көркемдегені үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі тоқыма суретшісі, сәндік қолданбалы өнердің кәсіпқой суретшісі, қазақ гобеленінің негізін салушылардың бірі Қ.Тыныбеков болды. Құрас Тыныбеков – 1947 жылы 7 сәуірде қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы Амангелді атындағы колхозда дүниеге келді. Құрас Тыныбеков 1976 жылы КСРО суретшілер одағына мүшелікке қабылданды. Ол 1966 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1971 жылы Украинадағы Львов қаласындағы Мемлекеттік сәндік қолданбалы өнер институтын бітірді.

 

ОРЫТЫНДЫ

Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеушілік өнері 3-ші мыңжалдыққа парасаттылық және рухани толысқан түрде аяқ басты. Онда қазақтың көшпенділік мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген. Сол айтылған мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық құндылықтардың заман суретшілері дүниежүзі өнеріндегі әдептер және жаңа бағыттар арқылы, ХХ ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары арқылы өз шығармаларында ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде, инновациялар негізінде бір ғасыр бұрын пайда болған бүгінгі қазақ өнері рухани ерекшеліктерін жоғалтпау мен қатар, соған сай қайталанбас пластикалық өнер тілін қалыптастырды. Мүмкін сол себепті болар, нақты көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге, Қазақстан өнері танымал қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар: тұрмыстың экзистенциалдық мәселелерін қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе өмір сүруінің негізі; творчестволық көзқарастардың кең ауқымды болуы; ұлттық мәдени әдет-ғұрыптар , мұраларының шектеулілігі; дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде енуі. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы және ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы бейнелеу өнері мен мүсіншілігін күнделікті өмірдің табиғатпен үйлесімділігі туралы асықпай айтылатын әңгіме, адам мен Универсумының үздіксіз байланысының философиялық жалпыламасының көркемсуреттік таңбаға айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі күн, суретшілерінің шығармаларында жұмбақтық метафоралары және мән мен толықтырылады және сол арқылы жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын бүгінгі күндегі адам ой – санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер мен мазмұндар пайда болады, суретшінің өмірге деген махаббаты, оны түсінуге бағытталған мәңгілік ұмтылысы да қайталанбас түрде өмірге қайта келеді. [6.12].

Қорыта айтқанда, суретші өзінің ойы мен сезімін толық таныту жолында, тек қана өзіне қажеттілерін екшеп алуда, яки толық қанды тұтас образдарды жасау жолында ұзақ дайындықтан өтті. Ол барлық бейнелеу әдіс – тәсілдерін жете меңгере отырып, кенепке немесе ақ қағазға салған әрбір бояудың түрін жігерлендіруші қуатты күшті айналдыра білді. Ол бір мезгілде өнердің міндете – көзге көрінген нәрсенің бәрін жазып ала бермей, ең алдымен – шындықты дұрыс және терең түсіну, зат пен құбылыстың құпия сырларын жете ұғыну, сыртқы жалған көрініске құр еліктемей, оның ішкі әлемі, сезімін, ойын көре білу және оны бейнелеу өнерінің әр уақытта қолынан түспейтін, әрқашанда құлапта сақтайтын құралдармен дәл жеткізу қажеттігін жүрегімен ұғынды. Себебі, суретші алғашқы бояу жаққаннан-ақ, одан кейінгілерінде де салған суреттерін үнемі шындыққа жанаса ма және оған өзінің көзқарасы үйлесе ме деген жалғыз дара форманы тауып алғанға дейін кедергілергекездесе береді ғой. Суретшінің ойы мен сезімі заттың мәнісіне терең үңілген сайын, оның жеткен шегіне, сырт көрінісіне қанағаттануға тура келеді. Ал, егер салған туындысына көңілі толмай одан әрі іздене түссе, ілгері қарай жетілдіре берсе, тіпті жақсы, себебі іздену үстінде жоғын табады, машықтанады. Ал, болмысты творчестволық тұрғыдан меңгере берудің тіпті де шегі жоқ қой. Басқалардың творчестосынан үнемі үйреніп және қадағалап отыру суретшінің өзін-өзі сезінуіне және өз еңбегіне сырт көзбен қарай білуіне көмектеседі. Сондай-ақ, суретші өз өнерін басқалардың творчествосымен салыстыра бақылап, оны суреткердің қоғамдық міндетімен, мән-мағына туралы жалпы ұғыммен байланыстыра қарай алуы қажет.

Кең мағыналы «реализм» ұғымының шексіз кеңістігінде еркін қалыптап жүрген Қазақстан өнерінің санқырлығын айқын танытатын осы ерекшеліктер 3-ші мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның бейнелеу өнерінің шарықтауы туралы менің сенімімді қуаттайды. Бүгінгі танда Қазақстан өнері бірегей өркениетті ғарыш ретіндегі қазақ мәдениетініңсақталуы мен дамуындағы ұлы жасампаз қызметі атқарады және әлемдік мәдени кеңістікке енуіне жол ашады.

Қазақстан – территориялық, экономикалық және геосаяси жағынан өзге мемлекеттерге ұқсамайтын бірден-бір ерекше мемлекет. Оны қоршаған мемлекеттердің конфессиялық, экономикалық, саяси құрылымдары мүлдем әр басқа. Бұған келіп, республиканың өз ішіндегі әр түрлі ұлттыр мен ұлыстардың тілдік және ментальдық әр алуандығын қоссақ, мәдени дамудың жалпы мемлекеттік стратегиясын жасап шығу оңайға соқпасы белгілі. Ол үшін әр түрлі тілдік, діндік және тарихи-мәдени ерекшеліктерді мен заң ғылымының өкілдері де белсене араласуы қажет /40/.

ХХІ ғасырда бейнелеу өнері сияқты адам жайында айтудың осындай көне тәсілі қажет бола ма? Жердегі жаңа адамдардың суретшінің алдында ол бейнелеудің ұтымды формасын тапқанға дейін тапжылмай отырып күтуге уақыттары мен шыдамдары жете ме? Өмір сүре келе, көрерміз. Дегенмен, жақсы нәрсе текке кетпейді дегенге сенгің келеді және екі адам өмір мен өнер туралы достық рәуіштегі әңгімеде бір-біріне өздеріне сын көзбен қарауға мүмкіндік беретін де күндер туады: суретші ерекше түс белгісін табуды қажет ететін модель болса, модель суретші үшін шығармашылық пен өнердің мәнін түсіндірудің құралы.

Келесі онжылдық мәдениетіміздің қайта гүлдеп, жаңа қарқынмен қайта түлейтін онжылдығы болар деп сенеміз.