Көшбасшы имиджіне сипаттама беріңіз

Көшбасшылық деген (ағ.leader – жетекші, алғашқы, алдынғы) – белгілі бір топтағы беделі жоғары, өзгелерге әсер ету мүмкіндігі бар басқарушы тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам көшбасшы ретінде танылады. Көшбасшыға алғырлық,ақылдылық, қажырлылық,ұйымдастырушылық, жауапкершілік , іскерлік т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән.

Жастар арасындағы көшбасшы үшін өзінің сөздері мен әрекеттерінде сенімді, қызықты болуы шарт. Жасөспірімнің негізгі құндылықтарының бірі - уақытты қызықты өткізу. Қарым-қатынас, кей кезде ешқандай мақсат көздемейтін, карым-қатынас процессі мақсат ретінде танылады. Сол коммуникациялар кезінде жас жігіттер мен бойжеткендер құрдастарынан өз маңыздылығын растап, өз статусын анықтайды. Олар үшін қолдау өте маңызды, себебі, көптігінде өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптаспаған. Олардың құндылықтар жүйесі жиі бұқаралық ақпарат құралдарының, интернеттің, құрдастары мен ұқсағысы келген адамдармен араласу әсерімен қалыптастырылған.

Көшбасшының негізгі қасиеттерінің бірі, тек қана жастар арасында ғана емес, бизнесте және өзгелердің алдында болу. Сәннің жаңа үлгілерін, жаңалықтарды білу, өзгелерге жетімсіз ақпараттардан хабардар болу. Яғни, үлкен білгірлік, ақпараттың үлкен көлеміне ие болу қажет. Ақпаратқа ие болу – ресурс, осы ресурсты ие болушы адам өзгелерге әсер етуі мүмкін. Көшбасшы қай жерден, және қандай ресурс алу керектігін біледі. Осындай ақпараттың жеткіліксіздігін жастардың көпшілігі өзінің ойларымен толықтырады. Олар бір-бірімен өз өмірінің құрастырылып, жасанған немесе мүлде болмаған сәттерімен бөліседі, және айтқаны өз ортасында жеңіл қабылданады. Сонымен, жасөспірімнің көшбасшылық қасиеті қиялдарын шындыққа теңеп, басқаларға жеткізу еркіндігімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жастар арасындағы көшбасшы өз ойларын нақты ақиақтпен толықтыруы қажет. Сонда көшбасшыға деген сенім тез өседі.

Жастар арасындағы көшбасшының тағы да бір қасиеті – қалыптыдан тыс, түпнұсқалы, ортодоксалды болу, стандартты ойларды нұсқадағыдай емес жеткізу. Өз ойларын басқа бір, қызықты, шоғал әрекеттер арқасында жеткізу және өзгелерді осы ойларды жүзеге асыруға ынталандыру. Осындай жастар арасындағы көшбасшының бойында батыл болу, көрініс табады. Осы қасиеттерге ие көшбасшыларға сенеді, оларға ұмтылып, артынан ереді.

Көшбасшы адамдарды артынан ерту үшін, өзгелерге әсер ету үшін, өнеге болу үшін белгілі тұлғалық қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Біздің жастар арасынан шыққан көшбасшылар - мыңдаған адамдардың жүрегінде намыс алауын лапылдатқан ұл-қыздарымыз қаншама, бесіктен белі жаңа шыққан, үйлерінде өнегелі тәрбие алған, өзгелерге еліктеу нысаны болған жастарымыз әр-уақытта да жеріміз, еліміз, жұртым деп алға талпынып, есімдері тарихта мәңгі сақталған. Қазір де белсенділік танытатын жастарымыз мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыста, қоғамда, саясатта өздерін көрсетеді. Сонда көшбасшы болу тек белгілі бір адамдардың қолынан келеді ме, немесе көшбасшылік генмен берілетін қасиет пе деген сұрақ туады.

Жалпы көшбасшылық дегеніміз топтағы табиғи әлеуметтік-психологиялық процесс. Жеке тұлға беделінің топ мүшелерінің мінез-құлқына әсер етуі. Көшбасшы тек қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек қана көшбасшыдың айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді. Психологтар, әлеуметтанушылар XIX-шы ғасырдан бастап көшбасшылік тақырыбына зер салып, көшбасшы болу үшін қандай қасиеттер керек, көшбасшылықты қалай дамытуға болады, көшбасшылардыі қалай анықтаймыз деген саулдарға жауап беруге тырысты. Жалпы көшбасшылық барлық адамдарға тән қасиет, тұлғаның әлеуметтену процессіне байланысты адамның кейбір қасиеттері жақсы дамып, қалғандары орташа немесе төмен деңгейде дамиды. Сондықтан коммникативтілігі жоғары, адамсүйгіштігі мол, қайсар әрі жігерлі адамдар көбінесе көшбасшы болып табылады. Ал қоғамның өзегі – жастарды басқару тек жастардың қолында.

Әр түрлі әлеуметтік топтарға «қосылу» статусы жастар арасында маңызды. Сондықтан жас адамдармен бірігіп уақыт өткізу, қоршаған адамдардың қолдауымен іске қосылу маңызды. Қазіргі таңда ғаламтор желісіне деген қызығушылықтар бойынша қауымдастықтар, форумдар танымал. Кейбір топтар белгілі бағытқа ие. Мысалы, күрес бойынша спорт секциясындағы көшбасшы – ең мықтысы болса, ал жүгіруде ең жылдамы танылады. Себебі – жасөспірімдер үнемі күш салыстырады. Алайда, сол топтың ішіндегі жағдай контекст өзгерген жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін. Басқа бір қатысушы көшбасшы болып тағайындалады. Өкінішке орай, кейбір жасөспірім топтарының бағыты асоциалды. Егер де жасөспірімнің ең мықты, ең жақсы болуына мүмкіндігі болмаса, жағдай өзінен өзі тығырыққа тіреледі.

Жастар арасындағы өзіне назар аудару, өзге жағдайлар ортасында болуда – өзекті мәселе. Ол сыртқы көріністер арқылы жол табады. Мысалы: киім, шаш үлгісі, өзін топта ұстау және сөйлеу сипаттары. Жастар үшін киім сататын дүкендер өте көп. Ол белгілі статусты ұстануға және сән үлгілерінде өзін анықтауға көмектеседі. Көптеген жағдайларда жастар арасындағы көшбасшы өз сыртқы түрімен өзгелерге қарағанда ерекшеленеді. Ол өзін әдемі көрсеткісі келетін қыздар үшін маңызды болмақ.

Жас жігіт пен бойжеткен көшбасшылердың сыртқы айырмашылықтарын көрсетуге болады. Жігіттер дене бітімінің мықтылығымен ерекшеленеді, себебі олар өздерінің позициясын әрдайым дәлелдеу керек. Сенімді, кей жағдайда дөрекі мінез-құлық, дауыстың қатты шығуы ерлерге тән. Бойжеткендер арасындағы көшбасшылық өзіне назар аударуды қажет етеді, ол сәнді киім, шаш үлгісі және коммуникативтік дағдылар арқылы жүзеге асырылады. Физикалық тартымдылық та мыңызды рөлге ие.

Ұжымға байланысты көшбасшылық сыртқы қырларынан емес, ішкі қасиеттер мен ерекшеліктерінен көрініс табады.Мысалы, студенттер тобында карьера мен білім сияқты құндылықтар болса, көшбасшы сыртқы келбетіне қарай емес, белгілі білімдер мен дағдыларға байланысты.

Бір көзбен қарағанда өз артынан адамдарды ерту деген оңай іс емес, көшбасшы болып тумайды, көшбасшылер адамдарды өз еркімен ертпейді. Көшбасшылық – көп уақыт пен күш салуды қажет етеді.

Қорыта келе – көшбасшы болу үлкен жауапкершілікті көздейді, өз күшіне сенімді құзіреттілігі жоғары көшбасшылар ғана басшы қызмет атқара алады.